Жаңалықтар

ІІ БӨЛІМ

Бұл өзі жүз елу аттық қана күші бар, болат корпусты кішкентай теплоход. Кәлденеңі - он, ұзындығы - отыз Теңіз тамағы - теңізден өзенге шығатын жер қырық метрдей. Моторлы-балық аулау басқармасы мен Орал Каспий тресі оны теңіз үстіндегі кәсіпшілік жағдайын біліп отыру үшін қатынас құралы ретінде пайдаланады. Теплоходтың капитаны Василий Иванович Черкасов отыздан жаңа ғана асқан, тоғыз жылдық тәжірибесі бар теңізші. Оның орта бойлы шомбал тұлғасынан, орыстан гері татарға көбірек ұқсас қарақат көзді, қою қара қасты байсалды жүзінен, асықпай сөйлейтін құлаққа жағымды қоңыр үнінен, салмақты жүріс-тұрысынан - бәрінен де сабырлы адам екендігі, нені болса да байыппен, тап-тұйнақтай етіп ұқыпты істейтіндігі айқын көрініп тұрады. Сөзге сараң, көбінесе үндемей жүретін болғандықтан тымпиған тұйық адам тәрізді көрінетін. Ол жөнсіз қазымыр қаттылықты жаны сүймейтін, бірақ керек кезінде қатал да, талапшыл да бола алатын, артық сөзі, ағат әдеттері жоқ капитан еді. Мақтануды да, мақтауды да білмейтін. Басқа кейбір капитаңдар топтасып жинала қалғандарында, бастан кешкен нелер жайларды еспелей айтысып, желбуаз әңгімелерді гулетс соққанда бұл үнсіз ғана тындайды да отырады. Бейне оның басқалардай бастан кешірген қызықты оқиғалары да, айтар әңгімесі де жоқ секілді. Бірақ талайды көрген көкжал теңізшідей ештемеге де таңданыс білдірмейді. Кейде капитаңдардың басы қосыла қалған кездерде олардың ішінен кекмойын қуды көксеген бір-екеу табыла қалатын да, басқалары солардың ұсынысын қуаттап, көңілдірек отыру үшін біраз "тастап" та алатын. Черкасов бұл іске де нағыз "сопының" өзі еді. Ішпеуін былай қойғанның өзінде, ол темекі де тартпайтын. Капитаңдар қауымы оның бұндай оқшаулануын жақтырмайды. Черкасовтың елден ерекше тағы да бір қасиеті - оның теңізде болсын, жағада болсын желікпе батырлыққа бара қоймайтындығында. Мысалға, басқа капитаңдар жұрт көзіне шалыну үшін кемелерін жағаға немесе басқа тұсқа әкеп жақтырарда соған қарай тым қатты жүріспен туралай таяп кеп, шәлке тастар жер қалғанда ғана жалт бұрылып, жанаса бастайды. Ал Черкасов болса, әр уақытта да өте баяу жүріспен келіп, жайлап жанасады. Өйткені ол жоғарыдағыдай желікпе батылдықтың бірде болмаса бірде апатқа 1          Жақтыру - жағаға жанамалап тоқтау. 2          Шәлке - кемені жағаға не басқа кемеге тіркеп қоятын арқан ұшыратуы мүмкін екендіпне кәміл сенеді де, қажетсіз тәуекелге бармайды. Мінеки, осындай мінездеріне байланысты көптеген капитаңдар ол туралы "Қолынан түк келмейтін жасық адам, бұдан теңізші шықпас!"- дейтін. Осы бір пікірлерінің қате екеніне олардың осы көктемде көзі жеткен еді. Капитанның аға көмекшісі Тұсбай Ісмұхамбетов жиырма бес-жиырма алтылардағы жас жігіт. Оның теңіз толқынын кешкеніне сегіз жыл болған. Ал, "Отважныйға" келгеніне оншақты-ақ күн. Команда құрамында бүл екеуінен басқа сегіз адам бар. Олар: тұлғасы батырға біткен момын мінезді Олег Игнатьев, басынан қара телпегі түспейтін Гена Зугров (екеуі де бұлқыншы), аппаратын бәйгеге қосатын жүйріктей баптап, қай кезде қандай жағдайда болмасын хабарласпай қоймайтын радист Саша Гонсев, жайдары да қунақы мінезді механик Юра Зеленко, қыз тәрізді ұялшақ моторист Леша Смыкунов, аузыңнан сілекейіңізді шұбыртатын тәтті тағамдар әзірлейтін Шура апай, адамға көп жұғыса қоймайтын бұйығы Виктор Слита...
19.11.2013 09:11 2760

Бұл өзі жүз елу аттық қана күші бар, болат корпусты кішкентай теплоход. Кәлденеңі - он, ұзындығы - отыз Теңіз тамағы - теңізден өзенге шығатын жер қырық метрдей. Моторлы-балық аулау басқармасы мен Орал Каспий тресі оны теңіз үстіндегі кәсіпшілік жағдайын біліп отыру үшін қатынас құралы ретінде пайдаланады.

Теплоходтың капитаны Василий Иванович Черкасов отыздан жаңа ғана асқан, тоғыз жылдық тәжірибесі бар теңізші. Оның орта бойлы шомбал тұлғасынан, орыстан гері татарға көбірек ұқсас қарақат көзді, қою қара қасты байсалды жүзінен, асықпай сөйлейтін құлаққа жағымды қоңыр үнінен, салмақты жүріс-тұрысынан - бәрінен де сабырлы адам екендігі, нені болса да байыппен, тап-тұйнақтай етіп ұқыпты істейтіндігі айқын көрініп тұрады. Сөзге сараң, көбінесе үндемей жүретін болғандықтан тымпиған тұйық адам тәрізді көрінетін.

Ол жөнсіз қазымыр қаттылықты жаны сүймейтін, бірақ керек кезінде қатал да, талапшыл да бола алатын, артық сөзі, ағат әдеттері жоқ капитан еді. Мақтануды да, мақтауды да білмейтін. Басқа кейбір капитаңдар топтасып жинала қалғандарында, бастан кешкен нелер жайларды еспелей айтысып, желбуаз әңгімелерді гулетс соққанда бұл үнсіз ғана тындайды да отырады. Бейне оның басқалардай бастан кешірген қызықты оқиғалары да, айтар әңгімесі де жоқ секілді. Бірақ талайды көрген көкжал теңізшідей ештемеге де таңданыс білдірмейді.

Кейде капитаңдардың басы қосыла қалған кездерде олардың ішінен кекмойын қуды көксеген бір-екеу табыла қалатын да, басқалары солардың ұсынысын қуаттап, көңілдірек отыру үшін біраз "тастап" та алатын. Черкасов бұл іске де нағыз "сопының" өзі еді. Ішпеуін былай қойғанның өзінде, ол темекі де тартпайтын. Капитаңдар қауымы оның бұндай оқшаулануын жақтырмайды.

Черкасовтың елден ерекше тағы да бір қасиеті - оның теңізде болсын, жағада болсын желікпе батырлыққа бара қоймайтындығында. Мысалға, басқа капитаңдар жұрт көзіне шалыну үшін кемелерін жағаға немесе басқа тұсқа әкеп жақтырарда соған қарай тым қатты жүріспен туралай таяп кеп, шәлке тастар жер қалғанда ғана жалт бұрылып, жанаса бастайды. Ал Черкасов болса, әр уақытта да өте баяу жүріспен келіп, жайлап жанасады. Өйткені ол жоғарыдағыдай желікпе батылдықтың бірде болмаса бірде апатқа

1          Жақтыру - жағаға жанамалап тоқтау.

2          Шәлке - кемені жағаға не басқа кемеге тіркеп қоятын арқан ұшыратуы мүмкін екендіпне кәміл сенеді де, қажетсіз тәуекелге бармайды.

Мінеки, осындай мінездеріне байланысты көптеген капитаңдар ол туралы "Қолынан түк келмейтін жасық адам, бұдан теңізші шықпас!"- дейтін.

Осы бір пікірлерінің қате екеніне олардың осы көктемде көзі жеткен еді.

Капитанның аға көмекшісі Тұсбай Ісмұхамбетов жиырма бес-жиырма алтылардағы жас жігіт. Оның теңіз толқынын кешкеніне сегіз жыл болған. Ал, "Отважныйға" келгеніне оншақты-ақ күн. Команда құрамында бүл екеуінен басқа сегіз адам бар. Олар: тұлғасы батырға біткен момын мінезді Олег Игнатьев, басынан қара телпегі түспейтін Гена Зугров (екеуі де бұлқыншы), аппаратын бәйгеге қосатын жүйріктей баптап, қай кезде қандай жағдайда болмасын хабарласпай қоймайтын радист Саша Гонсев, жайдары да қунақы мінезді механик Юра Зеленко, қыз тәрізді ұялшақ моторист Леша Смыкунов, аузыңнан сілекейіңізді шұбыртатын тәтті тағамдар әзірлейтін Шура апай, адамға көп жұғыса қоймайтын бұйығы Виктор Слита...

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға