Жаңалықтар

VII БӨЛІМ

"Асқан шебер", "орындау шеберлігі" деген сөздер әдетте музыканттарға ғана телінеді. Дәл осы анықтамаларды толқып, таусылмай-ақ Евгений Николаевич Мешалкинге де беруге болар еді. Бәрінен бұрын оның жаны соншалық нәзік, сонымен бірге есту қабілеті керемет. "Бүл кісі тамаша қобызшы болар еді" дейді білетін адамдар. Болашақ профессор сонау отызыншы жылдары инженерлік кәсіппен айналысқанмен ақыры келіп "алтын пышаққа" деген сүйіспеншілігі бәрін де жеңді. Ал есту қабілетінің кереметтігі жүрек шіркіннің жай құлақ естімес аса күрделі "симфониясын" дұрыс түсінуіне көп көмек жасайды. Мешалкиннің есту қабілетінің ғажаптығы сол - ол жүректегі шудың қайнар көзін және мінез-болмысын анықтауда өте сирек қателеседі. Мұны барлығы да мойындайды. Ал хирург ретінде ол өз ісінің хас шебері. Ұлы Паганини өз скрипкасын қалай меңгерсе, ол да "алтын пышағын" дәл сондай дәрежеде меңгерген. Мен мұны өз көзіммен көрдім. Клиникадан шығар қарсанда мен журналист ретінде бірнеше операцияға қатыстым. Евгений Николаевичтің қалыпты гипөтермия жағдайында тоғыз жасар Д. Пуревдорис деген баланың жүрек қалтқысын қалай тарылтып тіккенін көрдім. Операция бөлмесіне Мешалкин кірген кезде баланы профессордың көмекшілері "дайындап" та қойған еді, яғни, оның көкірек клеткасы ашылып, жүрек жалаңаштанған болатын. Евгений Николаевич қолқа коарктацияланып жатқан екінші столдың жанына келіп, аз уақыт кідіріп қалды, сосын аспай-саспай ақ халатын шеідті, қолын арнаулы ұнтақ пен мұқият жуды да, арнайы тазалықтан өткен көгілдіржасыл түсті халат пен қолқап киді. Бала жатқан столға тақау келіп, ол қалыптасқан дәстүр бойынша ассисенттерінің хабарламасын тындады. Ол кісінің киноаппараттардың дайындығын сұрауы мені қайран қалдырды. Операция столына жақын жерде тұрған кинопрожекторлары бар аппаратты және бейтаныс "кинооператорды" енді ғана байқадым. Профессор "кинооператор" екеуі аппараттың алдыңғы бөлігін мұқият тазаланған матамен орады да, оны столға жақындатып әкелді. Бұдан кейін кинооператор оның артқы жағындағы металл баспалдақ арқылы жоғары шығып, объективті операция столына туралай бастады. Ол осы арада лентасының аздығын да айтып үлгерді. - Жарайды, Юра, жылай берме, - деді профессор оны жұбатып. - Саған тағы бір қорабын берермін. Мен қайран қалдым. Кинооператор хирургтен пленка сұрап тұр! Және профессор оның ысырапқорлығын айтып, жай ғана налыс білдірді. Бұдан соң Мешалкин столдың жанына барды, баланың кеудесін жауып қойған матаны, дәке-жапқышты алып тастады да: "Мотор" деп бүйырды. Негізгі операция енді басталды. Кинокамера дамылсыз жұмыс істеп тұр, оның әлсіз ызылы үзілер емес. Мешалкин бейне бір режиссер секілді. Кенет ол операторға "тоқта" дегендей белгі берді, біраздан соң қайтадан "мотор" деп дауыстады. Мен мұның мәнісін кейін түсіндім.Ол жолы түрлі-түрлі оқулық фильмі түсірілген екен. Осы фильмнің көмегімен институт ғалымдары медицина қызметксрлерін өз еңбектерімен таныстырып, жергілікті жерлердегі кардиохирургтерге операция жасаудың жаңа тәсілдерін үйрететін көрінеді. Менің оператор деп жүргенім институттың ғылыми қызметкері Ю. Федин болып шықты. Ал институт директоры бұл жолы да әдеттегідей "режиссердің" міндетін атқарды. Міне, профессор бір ассистентінің көмегімен асығыс түрде іші бос күретамырдың жоғарғы тұсын қыса қойды, қан бармай қалған жүрекше көз алдымызда аз ғана бүлкілдеп тұрды да, қимыл-қыбырсыз тына қалды. Осы сәттен бастап окклюзия (жүректі уақытша тоқтату) басталды. Бұл миға жаңақан толқынын жібермеу арқылы жүзеге астырылады. Суытқан кезде организмдегі процестер бәсеңцейді, ал ми болса окклюзияға дейін жиналған оттегімен тыныстай береді. Дегенмен уақыт мұндай сәтте қатаң бақылауға алынады, бұл туралы әрбір 15 секунд сайын анестезиолог дауыстап хабарлап тұрады. Құлаққа ұрған танадай тып-тыныш бөлмеде оның даусы ерекше естіледі, мұның өзі басқаларды ширықтыра түсетіндей. - Он бес секунд! Отыз секунд!.. Операция басталғалы қырық бес секунд өтті! - дейді ол дауыстап. Бейне бір сағат механизміне қондырылған минаны залалсыздандырып жатқандай немесе ракета ұшырылғаннан соңғы уақыт есептеліп жатқандай күйге бөленесің. Жалпы алғанда операция бөлмесіндегі жағдай өте қарапайым, өзіміз кинофильмдерден көріп, хирургтер туралы жазылған кітаптардан оқығандай жан шошырлық атмосфера мұнда жоқ. Бұл күні мен екі бірдей операция бөлмесіне кіріп, төрт операцияны көзіммен көрдім. Қайсы бөлмеге кірсем де өздерін еркін ұстаған дәрігерлер мен медсестраларды көрдім, олар емін-еркін сөйлесіп, қауырт жұмыс істеп жатады. Операцияға қатыспас бұрын маған терапевт Скрибник былай деп ескерткен: "Сабырлы болыңыз, біздің операциялық бөлмелерімізде сіз ойлағандай жанығыс, жанталас жоқ. Біздікі де басқалардікі секілді жұмыс қой". Шынында да солай екен. Әрине, операция кезінде әр түрлі күлдіргі әңгімелер айтылмайды, әңгіме де басқа арнаға бұрылмайды. Операция жайына қайтып оралайық... Арнаулы инемен (шприц) жүректің қуыс-қуысында қалған қан сорғызылды, қан ұйып қалмау үшін оны гепаринмен араластырды. Сонан соң жаңағы тәсілмен оны қайтадан құяды, бірде-бір тамшы ысырап болмайды. Ісінген жүрек бірден босаңсып, босаған қапшыққа ұқсап қалады. Осы сәтте мен Мешалкин саусақтарының соншалық шеберлігіне тағы да қайран қалдым. Ол асыққан жоқ, тіпті Ю. Федин киноға түсіріп үлгерсін дегендей бірнеше рет тоқтады да. Бірақ соның есесіне бала жүрегінің ақауын небәрі төрт минуттың ішінде тарылтып, тігіп болды. Әдетте бүл іске көп уақыт кетеді екен.
19.11.2013 08:59 2974

"Асқан шебер", "орындау шеберлігі" деген сөздер әдетте музыканттарға ғана телінеді. Дәл осы анықтамаларды толқып, таусылмай-ақ Евгений Николаевич Мешалкинге де беруге болар еді. Бәрінен бұрын оның жаны соншалық нәзік, сонымен бірге есту қабілеті керемет. "Бүл кісі тамаша қобызшы болар еді" дейді білетін адамдар. Болашақ профессор сонау отызыншы жылдары инженерлік кәсіппен айналысқанмен ақыры келіп "алтын пышаққа" деген сүйіспеншілігі бәрін де жеңді. Ал есту қабілетінің кереметтігі жүрек шіркіннің жай құлақ естімес аса күрделі "симфониясын" дұрыс түсінуіне көп көмек жасайды. Мешалкиннің есту қабілетінің ғажаптығы сол - ол жүректегі шудың қайнар көзін және мінез-болмысын анықтауда өте сирек қателеседі. Мұны барлығы да мойындайды. Ал хирург ретінде ол өз ісінің хас шебері. Ұлы Паганини өз скрипкасын қалай меңгерсе, ол да "алтын пышағын" дәл сондай дәрежеде меңгерген. Мен мұны өз көзіммен көрдім.

Клиникадан шығар қарсанда мен журналист ретінде бірнеше операцияға қатыстым. Евгений Николаевичтің қалыпты гипөтермия жағдайында тоғыз жасар Д. Пуревдорис деген баланың жүрек қалтқысын қалай тарылтып тіккенін көрдім.

Операция бөлмесіне Мешалкин кірген кезде баланы профессордың көмекшілері "дайындап" та қойған еді, яғни, оның көкірек клеткасы ашылып, жүрек жалаңаштанған болатын. Евгений Николаевич қолқа коарктацияланып жатқан екінші столдың жанына келіп, аз уақыт кідіріп қалды, сосын аспай-саспай ақ халатын шеідті, қолын арнаулы ұнтақ

пен мұқият жуды да, арнайы тазалықтан өткен көгілдіржасыл түсті халат пен қолқап киді. Бала жатқан столға тақау келіп, ол қалыптасқан дәстүр бойынша ассисенттерінің хабарламасын тындады. Ол кісінің киноаппараттардың дайындығын сұрауы мені қайран қалдырды. Операция столына жақын жерде тұрған кинопрожекторлары бар аппаратты және бейтаныс "кинооператорды" енді ғана байқадым.

Профессор "кинооператор" екеуі аппараттың алдыңғы бөлігін мұқият тазаланған матамен орады да, оны столға жақындатып әкелді. Бұдан кейін кинооператор оның артқы жағындағы металл баспалдақ арқылы жоғары шығып, объективті операция столына туралай бастады. Ол осы арада лентасының аздығын да айтып үлгерді.

- Жарайды, Юра, жылай берме, - деді профессор оны жұбатып. - Саған тағы бір қорабын берермін.

Мен қайран қалдым. Кинооператор хирургтен пленка сұрап тұр! Және профессор оның ысырапқорлығын айтып, жай ғана налыс білдірді.

Бұдан соң Мешалкин столдың жанына барды, баланың кеудесін жауып қойған матаны, дәке-жапқышты алып тастады да: "Мотор" деп бүйырды. Негізгі операция енді басталды. Кинокамера дамылсыз жұмыс істеп тұр, оның әлсіз ызылы үзілер емес. Мешалкин бейне бір режиссер секілді. Кенет ол операторға "тоқта" дегендей белгі берді, біраздан соң қайтадан "мотор" деп дауыстады. Мен мұның мәнісін кейін түсіндім.Ол жолы түрлі-түрлі оқулық фильмі түсірілген екен. Осы фильмнің көмегімен институт ғалымдары медицина қызметксрлерін өз еңбектерімен таныстырып, жергілікті жерлердегі кардиохирургтерге операция жасаудың жаңа тәсілдерін үйрететін көрінеді. Менің оператор деп жүргенім институттың ғылыми қызметкері Ю. Федин болып шықты. Ал институт директоры бұл жолы да әдеттегідей "режиссердің" міндетін атқарды.

Міне, профессор бір ассистентінің көмегімен асығыс түрде іші бос күретамырдың жоғарғы тұсын қыса қойды, қан бармай қалған жүрекше көз алдымызда аз ғана бүлкілдеп тұрды да, қимыл-қыбырсыз тына қалды. Осы сәттен бастап окклюзия (жүректі уақытша тоқтату) басталды. Бұл миға жаңақан толқынын жібермеу арқылы жүзеге астырылады. Суытқан кезде организмдегі процестер бәсеңцейді, ал ми болса окклюзияға дейін жиналған оттегімен тыныстай береді. Дегенмен уақыт мұндай сәтте қатаң бақылауға алынады, бұл туралы әрбір 15 секунд сайын анестезиолог дауыстап хабарлап тұрады. Құлаққа ұрған танадай тып-тыныш бөлмеде оның даусы ерекше естіледі, мұның өзі басқаларды ширықтыра түсетіндей.

- Он бес секунд! Отыз секунд!.. Операция басталғалы қырық бес секунд өтті! - дейді ол дауыстап. Бейне бір сағат механизміне қондырылған минаны залалсыздандырып жатқандай немесе ракета ұшырылғаннан соңғы уақыт есептеліп жатқандай күйге бөленесің.

Жалпы алғанда операция бөлмесіндегі жағдай өте қарапайым, өзіміз кинофильмдерден көріп, хирургтер туралы жазылған кітаптардан оқығандай жан шошырлық атмосфера мұнда жоқ. Бұл күні мен екі бірдей операция бөлмесіне кіріп, төрт операцияны көзіммен көрдім. Қайсы бөлмеге кірсем де өздерін еркін ұстаған дәрігерлер мен медсестраларды көрдім, олар емін-еркін сөйлесіп, қауырт жұмыс істеп жатады. Операцияға қатыспас бұрын маған терапевт Скрибник былай деп ескерткен: "Сабырлы болыңыз, біздің операциялық бөлмелерімізде сіз ойлағандай жанығыс, жанталас жоқ. Біздікі де басқалардікі секілді жұмыс қой". Шынында да солай екен. Әрине, операция кезінде әр түрлі күлдіргі әңгімелер айтылмайды, әңгіме де басқа арнаға бұрылмайды.

Операция жайына қайтып оралайық... Арнаулы инемен (шприц) жүректің қуыс-қуысында қалған қан сорғызылды, қан ұйып қалмау үшін оны гепаринмен араластырды. Сонан соң жаңағы тәсілмен оны қайтадан құяды, бірде-бір тамшы ысырап болмайды. Ісінген жүрек бірден босаңсып, босаған қапшыққа ұқсап қалады. Осы сәтте мен Мешалкин саусақтарының соншалық шеберлігіне тағы да қайран қалдым. Ол асыққан жоқ, тіпті Ю. Федин киноға түсіріп үлгерсін дегендей бірнеше рет тоқтады да. Бірақ соның есесіне бала жүрегінің ақауын небәрі төрт минуттың ішінде тарылтып, тігіп болды. Әдетте бүл іске көп уақыт кетеді екен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға