Жаңалықтар

VI БӨЛІМ

Соңыра маған операцияның қалай өткенін айтып берді. Ұйқтап кеткен уақытымнан бастап санағанда ол барлығы үш жарым сағатқа созылыпты. Ешқандай төтен жайт болмаған, көңілдегідей өткен секілді. Тромбоз ұшыраспағандықтан гипотермияның көмегіне сүйенбепті. Митральды клапанның тарыльш кеткен тесігін саусақтың көмегімен кеңіткен тәрізді. Клапанның қақпағын да түгелдей кальций жаба қоймаған екен, оның кішкене қақпағына суық тимеген, бәз қалпында сақталған. Клапанның тесігі керекті мөлшерге дейін кеңейтілген кезде күш түсіп ісініп кеткен өкпе артериясының аяқ астынан кернеуі төмендеп кетіпті. Демек мұның өзі менің жүрегімдегі жетімсіздіктің әлі бірінші дәрежелі екенін анықтап берді. Бұған дейін дәрігерлер жүрегімдегі жетімсіздікті екінші дәрежелі деп келген-ді. Сол жағымдағы кесілген жердің көлемі тым үлкен болғанына қарамастан (сол жақ қапталым түгелдей кесілген, 22 қатар тігіс түскен) небәрі 350 миллиметр ғана қан жоғалтыппын. Мұның 200 миллиметрі сол арада қайта құйылған көрінеді. Ауруларға арналған жеке кітапшаға менің операциядан соң 20 минуттан кейін оянғанымды жазыпты, бірақ өз басым мұны білмеймін. Білетінім - операциядан кейін аурулар жататын бөлмеде оянғаным. Бұл туралы репортажымның басында айттым. Жүрегіне операция жасалған адамдарды бірнеше күн еш қозғалыссыз шалқасынан жатқызып қоятын шығар деп ойлайтынмын. Бірақ керісінше болды да шықты. Бірінші күніақ кешкілік мені пункция жасау үшін тікейтіп отырғызып қойды. Содан соң ұп-ұзын әрі жуан инені қабырғаларымның арасынан бойлата сұғып, өкпе қабыршағына жиналған қанды ірінді сорғызып алды. Операциядан соң тікейіп отырудың керектігін мен кейін білдім. Мұның өзі өкпенің тез арада жөнге келуіне көп жәрдем береді екен және оны суыққа ұрынудан сақтандыратын көрінеді. Сондықтан да жаныңның қиналғанына қарамай өр түрлі резеңке ойыншықтарды үрлеуге, жатқан күйі немесе тікелей отырғанда қолынды әрі-бері қозғап, әр түрлі жаттығулар жасауға мәжбүрсің. Алғашқы әлетте біз медициналық сестралардың, санитаркалардың және аурулар "ат" деп атайтын төсектің аяқ жағына байланған жіптің көмегімен басымызды көтеріп жүрдік. Ол жіп шынында да тізгінге ұқсайтын еді. Екі тәуліктен кейін мені өз палатама алып келді, көп ретте операция жасалған адамдарды бір күннен соң-ақ бұрынғы орнына әкеле беретін. Тек қана ауыр науқастарды, АИКтің (жасанды түрде қан айналымды реттеп тұратын аппарат) квмегімен операция жасалған немесе гипөтермия жағдайындағы сырқаттарды ғана операциядан кейінгі бөлмеде бірнеше тәулік ұстайды. Операция жасалғаннан кейінгі 3-5 күннің қауіпті екені кім-кімге де белгілі болса керек. Тіпті суық тигізіп алудың салдарынан ауруын асқындырып алғандардың жағдайы он күннен кейін де ауырлап кетуі мүмкін. Мұның ақыры өлімге де барып тіреліп жатады. Әрине, мұндай фактілер сирек. Дегенмен адам үшін алғашқы 3-5 күн өте ауырға түседі. Егер кәмекші дәрілер болмаса адам соншалық азапқа, бәлкім, төзе де алмас еді. Алғашқы үш күн бойы әрбір үш сағат сайын маған промедол егіп жүрді. Бұдан кейін де мен біраз қиындықтарды бастан өткердім. Тек тоғызыншы күні ғана орнымнан тұруға рұқсат етті. Бірақ небәрі бір ғана минут тік тұруға шамам келді. Кенеттен басым айналып, мандайымды сүп-суық тер жауып кетті, екі тізем дірілдеп, балтырым тырысып қалды. Ал келесі күні көп күш жүмсамай-ақ бес минут тұрдым. Он бірінші күн болғанда төсектің басына сүйеніп, аяғымды әлтек-тәлтек басып, бір шеттегі су ағарға барып, жуынып, кері қайттым. Келесі күні дөлізге шығатындай дәрежеге жеттім. Инструментальды комиссуротомия және де басқадай операциялар жасалған адамдар тапжылмастан үш апта жатады екен. Ал мен үлкен хирургтың асқан шеберлігінің арқасында орнымнан тез тұрдым.
19.11.2013 08:58 2435

Соңыра маған операцияның қалай өткенін айтып берді. Ұйқтап кеткен уақытымнан бастап санағанда ол барлығы үш жарым сағатқа созылыпты. Ешқандай төтен жайт болмаған, көңілдегідей өткен секілді. Тромбоз ұшыраспағандықтан гипотермияның көмегіне сүйенбепті. Митральды клапанның тарыльш кеткен тесігін саусақтың көмегімен кеңіткен тәрізді. Клапанның қақпағын да түгелдей кальций жаба қоймаған екен, оның кішкене қақпағына суық тимеген, бәз қалпында сақталған. Клапанның тесігі керекті мөлшерге дейін кеңейтілген кезде күш түсіп ісініп кеткен өкпе артериясының аяқ астынан кернеуі төмендеп кетіпті. Демек мұның өзі менің жүрегімдегі жетімсіздіктің әлі бірінші дәрежелі екенін анықтап берді. Бұған дейін дәрігерлер жүрегімдегі жетімсіздікті екінші дәрежелі деп келген-ді. Сол жағымдағы кесілген жердің көлемі тым үлкен болғанына қарамастан (сол жақ қапталым түгелдей кесілген, 22 қатар тігіс түскен) небәрі 350 миллиметр ғана қан жоғалтыппын. Мұның 200 миллиметрі сол арада қайта құйылған көрінеді. Ауруларға арналған жеке кітапшаға менің операциядан соң 20 минуттан кейін оянғанымды жазыпты, бірақ өз басым мұны білмеймін. Білетінім - операциядан кейін аурулар жататын бөлмеде оянғаным. Бұл туралы репортажымның басында айттым.

Жүрегіне операция жасалған адамдарды бірнеше күн еш қозғалыссыз шалқасынан жатқызып қоятын шығар деп ойлайтынмын. Бірақ керісінше болды да шықты. Бірінші күніақ кешкілік мені пункция жасау үшін тікейтіп отырғызып қойды. Содан соң ұп-ұзын әрі жуан инені қабырғаларымның арасынан бойлата сұғып, өкпе қабыршағына жиналған қанды ірінді сорғызып алды. Операциядан соң тікейіп отырудың керектігін мен кейін білдім. Мұның өзі өкпенің тез арада жөнге келуіне көп жәрдем береді екен және оны суыққа ұрынудан сақтандыратын көрінеді. Сондықтан да жаныңның қиналғанына қарамай өр түрлі резеңке ойыншықтарды үрлеуге, жатқан күйі немесе тікелей отырғанда қолынды әрі-бері қозғап, әр түрлі жаттығулар жасауға мәжбүрсің.

Алғашқы әлетте біз медициналық сестралардың, санитаркалардың және аурулар "ат" деп атайтын төсектің аяқ жағына байланған жіптің көмегімен басымызды көтеріп жүрдік. Ол жіп шынында да тізгінге ұқсайтын еді.

Екі тәуліктен кейін мені өз палатама алып келді, көп ретте операция жасалған адамдарды бір күннен соң-ақ бұрынғы орнына әкеле беретін. Тек қана ауыр науқастарды, АИКтің (жасанды түрде қан айналымды реттеп тұратын аппарат) квмегімен операция жасалған немесе гипөтермия жағдайындағы сырқаттарды ғана операциядан кейінгі бөлмеде бірнеше тәулік ұстайды. Операция жасалғаннан кейінгі 3-5 күннің қауіпті екені кім-кімге де белгілі болса керек. Тіпті суық тигізіп алудың салдарынан ауруын асқындырып алғандардың жағдайы он күннен кейін де ауырлап кетуі мүмкін. Мұның ақыры өлімге де барып тіреліп жатады. Әрине, мұндай фактілер сирек. Дегенмен адам үшін алғашқы 3-5 күн өте ауырға түседі. Егер кәмекші дәрілер болмаса адам соншалық азапқа, бәлкім, төзе де алмас еді. Алғашқы үш күн бойы әрбір үш сағат сайын маған промедол егіп жүрді.

Бұдан кейін де мен біраз қиындықтарды бастан өткердім. Тек тоғызыншы күні ғана орнымнан тұруға рұқсат етті.

Бірақ небәрі бір ғана минут тік тұруға шамам келді. Кенеттен басым айналып, мандайымды сүп-суық тер жауып кетті, екі тізем дірілдеп, балтырым тырысып қалды. Ал келесі күні көп күш жүмсамай-ақ бес минут тұрдым. Он бірінші күн болғанда төсектің басына сүйеніп, аяғымды әлтек-тәлтек басып, бір шеттегі су ағарға барып, жуынып, кері қайттым. Келесі күні дөлізге шығатындай дәрежеге жеттім. Инструментальды комиссуротомия және де басқадай операциялар жасалған адамдар тапжылмастан үш апта жатады екен. Ал мен үлкен хирургтың асқан шеберлігінің арқасында орнымнан тез тұрдым.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға