Жаңалықтар

ІІІ БӨЛІМ

Жүрекке операция жасату соншалық қорқынышты ма? Бұл жүрегі ауыратындардың ең бірінші және ең басты сұрағы. Мен оларға былай деп жауап беремін: "Жоқ, қорқынышты емес. Өз басымда қорқыныштан гөрі қуаныш көп болды" Бұл шыным. Әлі есімде, мені қол арбаға салып, операция бөлмесіне апарғанда анестезиолог А. Белозеров былай деп сұраған: - Қалай, қорқынышты емес пе? - Жоқ, тіпті де қорқынышты емес, - деп жауап бердім оған. Тек қана старт алдындағы қобалжу ғана бар. - Бұдан кейін ол кісіге өтініш білдірдім. - Басымды кетеріп, сәл отыра тұруға рұқсат етіңізші. Операция бөлмесіне қарап отыру біртүрлі қызық. Ол рұқсат етті. Төңірегіме қарап, үн-түнсіз отырмын. Өте қарапайым, жап-жарық, кең белме. Енсіздеу екі стол тұр. Операция столдары дегендер осы. Олардың тарлығы соншалық, алғаш көргенде "апыр-ау, бұған адам қалай сиып жатады" деп ойлайсың. Бұлардың ұйықтау үшін жасалмағанын, енсіз столдардың хирургтарға тиімді болатынын соңыра білесің. Рефлекторлық шамдар, темірден жасалған дөңгелек орындықтар және кек-жасыл матамен жабылған бірнеше столдан басқа бұл бөлмеде ештеңе жоқ. - Мерзім бітті! - дейді Сан Саныч. - Уақыт өтіп барады, тезірек жатыңыз. Мен ол нұсқаған столға жаттым. Қорыққан жоқпын, тіпті көңілімде титтей де секем болсашы. Қорықпайтын себебім - бұл операцияның қандай болатынын және немен бітетінін мен жақсы білемін. Оның сәтті аяқталатынына еш күмәнім жоқ. Өйткені бұл институтта бұған дейін дәл осындай ондаған мың операциялар жасалған. Оның үстіне маған операция жасайтын адам әлемдегі кардиохирургтердің ішіндегі ең танымалы әрі шебері, елімізде жүрекке операция жасауды алғаш қолға алғандардың бірі Евгений Николаевич Мешалкиннің өзі. Ендеше менің қобалжитын жөнім жоқ. Мұнда жүрекке он мың операция жасалған! Еліміздегі бірде-бір клиника мұндай көрсеткішке жеткен емес. Тіпті, шет елдерде де мұндай клиникалар көп емес, мықтаса біреу немесе екеу ғана. Осынау он мың адамның басым көпшілігі операцияға келерде бәлендей қорқып, тайсақтаған жоқ десем өтірік болмас еді, олар хирургтың алтын пышағына сенді, үміттенді. Бұл олардың ең соңғы мүмкіндігі, ең соңғы үміті еді. Осынау ауыр сырқаттың азабы мен уайымы көптеген адамдардың қорқынышын біржола жоғалтып, жалтақтарды батыл, қорқақтарды батыр етіп жібереді. Сырқатынан оңалмайтындығына көзі жетсе де кейбір адам жасудың, күйрейкүйзелудің орнына өжеттеніп кетеді. Егер осындай кезде күдерінді үзіп болған болашағыңнан әлдебір үміт оты жылт етіп көрінсе, сол үміт шырағының бастау көзі түнек тұңғиықтың арғы жағасында болса да және оған жалғыз аяқсоқпақ арқылы ғана бара алатынынды біле тұра еш қорқыныш, күмәнсіз солай қарай ұмтылар едің. Мені бір кездерде жүрек сырқатымен ауырғандар және күні бүгінге дейін одан құтыла алмай жүргендер жақсы түсінеріне күмәнім жоқ. Жүрек сырқатының ауыр азабын, жан төзгісіз қиындығын былай түсіндіруге болар еді. Адам үшін мынау ұлан байтақ жердегі ең бағалы әрі тегін зат - ауа. Ол бәрімізге де жетеді, оны іздеудің, қара терге түсіп, өндіріп алудың қажеті жоқ. Тіпті оны қалауынша пайдалану үшін күш жұмсау да қажет емес. Әдетте адамдар арнайы қадағаламаса өздерінің дем алып, организмге аса қажетті газдарды жұтып тұрғанын аңғармайды. Яғни, ауамен тыныстау әрбір тірі организмнің қалыпты жұмыс қабілетін танытатын белгі. Ал ауру адамдар, әсіресе, жүрегі немесе тыныс мүшелері зақымданғандар мұны үлкен жұмыс көреді. Басқа адамдар ешқандай күш жүмсамай-ақ еркін пайдалана беретін тегін жатқан ен байлықты кәдеге жарату әлгіндей сырқатқа шалдыққандарға соншалық қиындыққа түседі. Олар сәл ғана шаршаса немесе аздап қуанып, ренжісе тынысы тарылып, алқынады да қалады. Тыныс алудың өзі бұлар үшін қияметтей қиын жұмыс. Жүрек сырқатына шалдыққандар әрқашан өздерінің қалай тыныс алатындықтарына құлақ түріп жүреді, олар хал-жағдайларының қандай екендігін өздерінің қалай тыныстайтындығына қарап біледі. Сондықтан да олар тыныс мүшелерінің бірқалыпты жұмыс істеуін барынша қадағалап отырады. Бірақ, тыныстың бірқалыптығын сақтау мүмкін емес, тіпті, дем алыс жиілігінің бұзыла бастағанын ауру адамның өзі де білмей қалуы мүмкін. Уақыт өткен сайын сырқат адамның күн тәртібін мұқият сақтамауының салдарынан, тіпті аз ғана дәрежеде режим бүзудың әсерінен және әр түрлі субъективті себептердің кесірінен зардабы зиянды ұстамалар пайда бола бастайды. Адамның тұла бойын қалтыратар, тынысын тарылтар ғаламат жөтелді қоздырар сұмырай ұстамалар - жүрек сырқатына шалдыққандардың жанынан қалмас серігі, ілесіп жүретін келеңкесі секілді. Міне, сондықтан да жүрегі ауыратын кез келген жан осынау қиямет азаптан құтылу үшін қорқақтамай кез келген қауіпті, қорқынышты операцияға бара береді. Операция жасату - соңғы мүмкіндік. Олардың бұдан басқа үміті жоқ. Рас, менің жағдайым анау айтқандай жаман да емес еді. Операцияға амалдың жоқтығынан бармаганым да анық. Дәл осылай ілініп-салынып, құр сүлдерімді сүйретіп, әлі де болса бірнеше жыл өмір сүретінімді білетінмін. Бірақ осы да өмір ме? Менің ел секілді тіршілік етуге толық қүқым бар ғой. Өткен жылы декабрь айында Алматыға кардиохирурггердің бүкіл одақтық мәжілісіне келген профессор Е. Мешалкин маған операция жасатуға кеңес берген-ді. Оның сеніммен айтқан сөздері мені үміггендіріп тастаған. Енді міне, бүгін, 23 январь күні маған операция жасалмақшы. Атақты профессорға деген сенімнің мықтылығынан ба, күдік қорқыныш дегендер менен ада. Керісінше, бойымды шешуші шайқасқа шығатын спортшыларда болатындай әлдебір қуанышты толғанысы мол сөзім билеп алды. Сонымен бірге менде журналистерге тән қызығушылықтың болғаны да рас. " Қалай болар екен, мен өзімді қалай сөзінер екенмін, кейін жазылып шыққан соң бүл туралы қалай жазу керек?" Осы секілді ойлар басымды шырмап алды. Қорқыныштың емес әрине, осындай толғанысты ойлардың әсерінен болар, ертесіне опсрация жасалатын адамдардың барлығына берілетін ұйқтатқыш дәрінің екі түйірін ішсем де мен таңғы сағат бесте оянып кеттім. Бір бөлмеде екі адамбыз. Көршім Александр Степанович Алфимов та алматылық, ол төтті ұйқтап жатыр. Ол мен секілді мазасызданбайды, өйткені операцияға ертед барады. Александр Степановичті мазалағым келмсгендіктен, шам жаққаным жоқ. Отты өте қатты жағатындықтан есікті ашып қоятынбыз. Дәлізде шам жанып тұр. Алакөлеңкеде отырып операция алдындағы соңғы әсерлерімді жаза бастадым. Институттың мен жатқан бөлмесінде медицина сестрасы болып істейтін Татьяна Тихоновна алты түйір преднизолон берген-ді. Бұл дәріні беретін себебі - жауапты сын - операцияның алдында организмнің барлық резервтерін оятып, белсенділігін күшейту керек. Енді қатып ұйқтап қалуға тиіспін. Тоғызға дейін үш сағаттан астам уақыт бар. Татьяна Тихоновна маған сөттілік тілеп, қоштасып кетіп қалды. Сағат сегізде орын орнына күндізгі кезекші, медициналық сестралар Таня мен Люда келеді. Мені қол арбаға салып, операция бөлмесіне апаратындар да осы екеуі. Етпетімнен түсіп жата кеттім. Көз алдымнан осы аурумен арпалысумен өткізген соңғы жылдарым мен айларым тізбектеліп өте бастады...
19.11.2013 08:55 2956

Жүрекке операция жасату соншалық қорқынышты ма? Бұл жүрегі ауыратындардың ең бірінші және ең басты сұрағы. Мен оларға былай деп жауап беремін:

"Жоқ, қорқынышты емес. Өз басымда қорқыныштан гөрі қуаныш көп болды" Бұл шыным. Әлі есімде, мені қол арбаға салып, операция бөлмесіне апарғанда анестезиолог А. Белозеров былай деп сұраған:

- Қалай, қорқынышты емес пе?

- Жоқ, тіпті де қорқынышты емес, - деп жауап бердім оған. Тек қана старт алдындағы қобалжу ғана бар. - Бұдан кейін ол кісіге өтініш білдірдім. - Басымды кетеріп, сәл отыра тұруға рұқсат етіңізші. Операция бөлмесіне қарап отыру біртүрлі қызық.

Ол рұқсат етті. Төңірегіме қарап, үн-түнсіз отырмын. Өте қарапайым, жап-жарық, кең белме. Енсіздеу екі стол тұр. Операция столдары дегендер осы. Олардың тарлығы соншалық, алғаш көргенде "апыр-ау, бұған адам қалай сиып жатады" деп ойлайсың. Бұлардың ұйықтау үшін жасалмағанын, енсіз столдардың хирургтарға тиімді болатынын соңыра білесің. Рефлекторлық шамдар, темірден жасалған дөңгелек орындықтар және кек-жасыл матамен жабылған бірнеше столдан басқа бұл бөлмеде ештеңе жоқ.

- Мерзім бітті! - дейді Сан Саныч. - Уақыт өтіп барады, тезірек жатыңыз.

Мен ол нұсқаған столға жаттым. Қорыққан жоқпын, тіпті көңілімде титтей де секем болсашы. Қорықпайтын себебім - бұл операцияның қандай болатынын және немен бітетінін мен жақсы білемін. Оның сәтті аяқталатынына еш күмәнім жоқ. Өйткені бұл институтта бұған дейін дәл осындай ондаған мың операциялар жасалған. Оның үстіне маған операция жасайтын адам әлемдегі кардиохирургтердің ішіндегі ең танымалы әрі шебері, елімізде жүрекке операция жасауды алғаш қолға алғандардың бірі Евгений Николаевич Мешалкиннің өзі. Ендеше менің қобалжитын жөнім жоқ.

Мұнда жүрекке он мың операция жасалған! Еліміздегі бірде-бір клиника мұндай көрсеткішке жеткен емес. Тіпті, шет елдерде де мұндай клиникалар көп емес, мықтаса біреу немесе екеу ғана. Осынау он мың адамның басым көпшілігі операцияға келерде бәлендей қорқып, тайсақтаған жоқ десем өтірік болмас еді, олар хирургтың алтын пышағына сенді, үміттенді. Бұл олардың ең соңғы мүмкіндігі, ең соңғы үміті еді. Осынау ауыр сырқаттың азабы мен уайымы көптеген адамдардың қорқынышын біржола жоғалтып, жалтақтарды батыл, қорқақтарды батыр етіп жібереді. Сырқатынан оңалмайтындығына көзі жетсе де кейбір адам жасудың, күйрейкүйзелудің орнына өжеттеніп кетеді. Егер осындай кезде күдерінді үзіп болған болашағыңнан әлдебір үміт оты жылт етіп көрінсе, сол үміт шырағының бастау көзі түнек тұңғиықтың арғы жағасында болса да және оған жалғыз аяқсоқпақ арқылы ғана бара алатынынды біле тұра еш қорқыныш, күмәнсіз солай қарай ұмтылар едің.

Мені бір кездерде жүрек сырқатымен ауырғандар және күні бүгінге дейін одан құтыла алмай жүргендер жақсы түсінеріне күмәнім жоқ. Жүрек сырқатының ауыр азабын,

жан төзгісіз қиындығын былай түсіндіруге болар еді. Адам үшін мынау ұлан байтақ жердегі ең бағалы әрі тегін зат - ауа. Ол бәрімізге де жетеді, оны іздеудің, қара терге түсіп, өндіріп алудың қажеті жоқ. Тіпті оны қалауынша пайдалану үшін күш жұмсау да қажет емес. Әдетте адамдар арнайы қадағаламаса өздерінің дем алып, организмге аса қажетті газдарды жұтып тұрғанын аңғармайды. Яғни, ауамен тыныстау әрбір тірі организмнің қалыпты жұмыс қабілетін танытатын белгі. Ал ауру адамдар, әсіресе, жүрегі немесе тыныс мүшелері зақымданғандар мұны үлкен жұмыс көреді. Басқа адамдар ешқандай күш жүмсамай-ақ еркін пайдалана беретін тегін жатқан ен байлықты кәдеге жарату әлгіндей сырқатқа шалдыққандарға соншалық қиындыққа түседі. Олар сәл ғана шаршаса немесе аздап қуанып, ренжісе тынысы тарылып, алқынады да қалады. Тыныс алудың өзі бұлар үшін қияметтей қиын жұмыс. Жүрек сырқатына шалдыққандар әрқашан өздерінің қалай тыныс алатындықтарына құлақ түріп жүреді, олар хал-жағдайларының қандай екендігін өздерінің қалай тыныстайтындығына қарап біледі. Сондықтан да олар тыныс мүшелерінің бірқалыпты жұмыс істеуін барынша қадағалап отырады. Бірақ, тыныстың бірқалыптығын сақтау мүмкін емес, тіпті, дем алыс жиілігінің бұзыла бастағанын ауру адамның өзі де білмей қалуы мүмкін. Уақыт өткен сайын сырқат адамның күн тәртібін мұқият сақтамауының салдарынан, тіпті аз ғана дәрежеде режим бүзудың әсерінен және әр түрлі субъективті себептердің кесірінен зардабы зиянды ұстамалар пайда бола бастайды. Адамның тұла бойын қалтыратар, тынысын тарылтар ғаламат жөтелді қоздырар сұмырай ұстамалар - жүрек сырқатына шалдыққандардың жанынан қалмас серігі, ілесіп жүретін келеңкесі секілді.

Міне, сондықтан да жүрегі ауыратын кез келген жан осынау қиямет азаптан құтылу үшін қорқақтамай кез келген қауіпті, қорқынышты операцияға бара береді. Операция жасату - соңғы мүмкіндік. Олардың бұдан басқа үміті жоқ.

Рас, менің жағдайым анау айтқандай жаман да емес еді. Операцияға амалдың жоқтығынан бармаганым да анық. Дәл осылай ілініп-салынып, құр сүлдерімді сүйретіп, әлі де болса бірнеше жыл өмір сүретінімді білетінмін. Бірақ осы да өмір ме? Менің ел секілді тіршілік етуге толық қүқым бар ғой. Өткен жылы декабрь айында Алматыға кардиохирурггердің бүкіл одақтық мәжілісіне келген профессор Е. Мешалкин маған операция жасатуға кеңес берген-ді. Оның сеніммен айтқан сөздері мені үміггендіріп тастаған. Енді міне, бүгін, 23 январь күні маған операция жасалмақшы. Атақты профессорға деген сенімнің мықтылығынан ба, күдік қорқыныш дегендер менен ада. Керісінше, бойымды шешуші шайқасқа шығатын спортшыларда болатындай әлдебір қуанышты толғанысы мол сөзім билеп алды. Сонымен бірге менде журналистерге тән қызығушылықтың болғаны да рас. " Қалай болар екен, мен өзімді қалай сөзінер екенмін, кейін жазылып шыққан соң бүл туралы қалай жазу керек?" Осы секілді ойлар басымды шырмап алды.

Қорқыныштың емес әрине, осындай толғанысты ойлардың әсерінен болар, ертесіне опсрация жасалатын адамдардың барлығына берілетін ұйқтатқыш дәрінің екі түйірін ішсем де мен таңғы сағат бесте оянып кеттім. Бір бөлмеде екі адамбыз. Көршім Александр Степанович Алфимов та алматылық, ол төтті ұйқтап жатыр. Ол мен секілді мазасызданбайды, өйткені операцияға ертед барады. Александр Степановичті мазалағым келмсгендіктен, шам жаққаным жоқ. Отты өте қатты жағатындықтан есікті ашып қоятынбыз. Дәлізде шам жанып тұр. Алакөлеңкеде отырып операция алдындағы соңғы әсерлерімді жаза бастадым.

Институттың мен жатқан бөлмесінде медицина сестрасы болып істейтін Татьяна Тихоновна алты түйір преднизолон берген-ді. Бұл дәріні беретін себебі - жауапты сын - операцияның алдында организмнің барлық резервтерін оятып, белсенділігін күшейту керек. Енді қатып ұйқтап қалуға тиіспін. Тоғызға дейін үш сағаттан астам уақыт бар. Татьяна Тихоновна маған сөттілік тілеп, қоштасып кетіп қалды. Сағат сегізде орын орнына күндізгі кезекші, медициналық сестралар Таня мен Люда келеді. Мені қол арбаға салып, операция бөлмесіне апаратындар да осы екеуі. Етпетімнен түсіп жата кеттім. Көз алдымнан осы аурумен арпалысумен өткізген соңғы жылдарым мен айларым тізбектеліп өте бастады...

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға