Жаңалықтар

ІІ БӨЛІМ

Атар танды шалқамнан тапжылмай жатып қарсы алып жүргеніме, міне, алты ай болды. Осының өзі ғана мені шексіз қуанышқа бөлейді. Өмір шіркіннің дәмін татып, тамсанып үйренген жанға ол қандай қымбат десеңші. Иә, сондықтан да бұрынғыдай жан қинап жөтелмей, тып-тыныш шалқамнан жатқаныма тәубе деймін. Шынымды айтсам, бұған дейін дәл мұндай рақатқа боленген емеспін. Апыр-ау, шалқаңнан жайбарақат жатып, жөтелмей, демікпей кеуде кере еркін дем алу, тып-тыныш ұйықтау үлкен бақыт екен ғой. Ал, операцияға дейін мен тек қана оң кырымнан, көп ретте етпетімнен ғана жата алатынмын. Осы арқылы ғана ауыз жаптырмас жөтелден құтылатын едім. Операциядан кейін ес жиған сәтімді күні бүгінге дейін анық білемін. "Көзіңізді ашыңыз! Менің дауысымды естисің бе?" деген таныс үн құлағыма талып жеткен-ді. Әрең дегенде ауырлап кеткен кірпігімді қақтым, сонан соң жайлап көзімді аштым. Көзімнің алды бұп-бұлдыр, кенет әлдебір өте үлкен, адам таңқаларлық жарқ-жұрқ еткен дөңгелек заттың нобайын көрдім. Ол менің қарсы алдымда ілулі тұрған секілді, әлгі затты автомобильдің бір бүйіріне орнатылатын айнасына ұқсаттым, бірақ оған қарағанда тым үлкен. "Абайсызда құлап кетсе басып қалады-ау" деп қауіптендім. Үрейленіп көзімді кеңірек аштым, сөйтсем ол қозғалмалы рефлектор екен. Көзімді сол жағыма аударып, өзіме күлімсірей қарап тұрған анестезиолог Александр Александрович Белозеровтың жүзін көрдім. Мені операцияның алдында ұйықтатқан осы жігіт еді, енді міне, оятып тұр. "А, Сан Саныч!" деп қуана дауыстағым-ақ келеді. Апыр-ау, бұл не? Ернім қимылдайды, бірақ дауысым шықпайды. Бәлкім, құлағым бітіп қалған шығар. Мен оған кірпік қақпай қарап, жауап күттім. - Не дедіңіз? Қайталап айтыңызшы. Қаттырақ! Ал кәне! - деп мені қайрап қояды. Бар күшімді жинап, айқай салдым. - Сан Саныч, рақмет!.. - Дауысым болар-болмас қана естілді. Бейне бір жердің астынан шыққан үн секілді. Жаңағы үн көмейімнен емес, әлдеқайда тереңнен, асқазанымнан шыққан сынды... - Рақмет, Сан Саныч!.. Мен барлығыңызға... өте... өте қарыздармын, - деймін күбірлеп. - Евгений Николаевичке сөлем айтыңыз... Маргуновқа, Алкс,Гуяшовтарға - сәлемімді және алғысымды жеткізе көріңіз... Сан Саныч езу тартып, бас шұлғыды. Мен, әрине, дәл осы сәтте жаңылысып, адам күлерлік бірнәрселер айтқанымды білген жоқпын. Өйткені мен сәлем жолдаған хирургтердің барлығы да операцияның алдында ғана менімен сөйлескен және үш сағаттан астам уақыт олар тізе бүкпестен басымда тұрған. Алғыс білдірудің еш әбестігі жоқ, ал жанымнан осыдан аз ғана уақыт бұрын кеткен адамдарға сөлем айту күлкілі. Мұндай жайттар хирургтердің тәжірибесінде көп кездесе береді. Соңыра маған мынандай жайтты айтты. Зема деген кісі операциядан соң көзін ашып алып: "Айтыңдаршы, осы мен тірімін бе?" деп сұрапты. Ол кісіні білетінмін, ауруханадан жақында ғана шыққан. Ал бұрнағы жылы, хоккейден әлемдік біріншіліктің кезекті туры өтіп жатқанда бір жанкүйерге операция жасалыпты. Оның көзін ашқандағы бірінші сұрағы мынау болыпты: "Біздің жігіттер чехтармен қалай ойнады?" Сұрағына жақсы жауап алған ол табан астында ұйықтап қалып, іңір түскенше тапжылмай жатыпты. Құтқарушыларыма алғысымды білдіріп, сәлемімді айтқан соң ұйқтап қалыппын. Қанша ұйқтағанымды білмеймін,сергіп қалыппын, манағыдай емес, басым тың, тек қана денем ауыр, үстімнен әлдебір зілдей салмақ басып тұрғандай. Еш жерім ауырмайды, күшім жоқ. Мені сілейтіп тұрып сабап кеткен тәрізді, сүйегімнің бәрі быт-шыт болып сынғандай әсердемін, денемнің таяқ тимеген жері жоқ секідді. Тіпті, саусақ қимылдатар қауқар жоқ менде. Кенет хирургтың алтын пышағындай болып бір жарқын ой, жарқ етті. "Шалқамнан жатырмын! Шалқамнан!.. Біраз уақыттан бері жөтелмей шалқамнан жатырмын. Бұл операцияның алғашқы нәтижесі ғой!" Міне, сол күннен бері ұйқымнан оянған сайын шалқамнан жатқаныма кереметтей қуанамын. Бұл дені сау адамдар үшін үйреншікті жайт, ал мен секілді жандар үшін зор оқиға...
19.11.2013 08:54 2825

Атар танды шалқамнан тапжылмай жатып қарсы алып жүргеніме, міне, алты ай болды. Осының өзі ғана мені шексіз қуанышқа бөлейді. Өмір шіркіннің дәмін татып, тамсанып үйренген жанға ол қандай қымбат десеңші. Иә, сондықтан да бұрынғыдай жан қинап жөтелмей, тып-тыныш шалқамнан жатқаныма тәубе деймін. Шынымды айтсам, бұған дейін дәл мұндай рақатқа боленген емеспін. Апыр-ау, шалқаңнан жайбарақат жатып, жөтелмей, демікпей кеуде кере еркін дем алу, тып-тыныш ұйықтау үлкен бақыт екен ғой. Ал, операцияға дейін мен тек қана оң кырымнан, көп ретте етпетімнен ғана жата алатынмын. Осы арқылы ғана ауыз жаптырмас жөтелден құтылатын едім.

Операциядан кейін ес жиған сәтімді күні бүгінге дейін анық білемін. "Көзіңізді ашыңыз! Менің дауысымды естисің бе?" деген таныс үн құлағыма талып жеткен-ді. Әрең дегенде ауырлап кеткен кірпігімді қақтым, сонан соң жайлап көзімді аштым. Көзімнің алды бұп-бұлдыр, кенет әлдебір өте үлкен, адам таңқаларлық жарқ-жұрқ еткен дөңгелек заттың нобайын көрдім. Ол менің қарсы алдымда ілулі тұрған секілді, әлгі затты автомобильдің бір бүйіріне орнатылатын айнасына ұқсаттым, бірақ оған қарағанда тым үлкен. "Абайсызда құлап кетсе басып қалады-ау" деп қауіптендім. Үрейленіп көзімді кеңірек аштым, сөйтсем ол қозғалмалы рефлектор екен. Көзімді сол жағыма аударып, өзіме күлімсірей қарап тұрған анестезиолог Александр Александрович Белозеровтың жүзін көрдім. Мені операцияның алдында ұйықтатқан осы жігіт еді, енді міне, оятып тұр. "А, Сан Саныч!" деп қуана дауыстағым-ақ келеді. Апыр-ау, бұл не? Ернім қимылдайды, бірақ дауысым шықпайды. Бәлкім, құлағым бітіп қалған шығар. Мен оған кірпік қақпай қарап, жауап күттім.

- Не дедіңіз? Қайталап айтыңызшы. Қаттырақ! Ал кәне! - деп мені қайрап қояды. Бар күшімді жинап, айқай салдым.

- Сан Саныч, рақмет!.. - Дауысым болар-болмас қана естілді. Бейне бір жердің астынан шыққан үн секілді. Жаңағы үн көмейімнен емес, әлдеқайда тереңнен, асқазанымнан шыққан сынды... - Рақмет, Сан Саныч!.. Мен барлығыңызға... өте... өте қарыздармын, - деймін күбірлеп. - Евгений Николаевичке сөлем айтыңыз... Маргуновқа, Алкс,Гуяшовтарға - сәлемімді және алғысымды жеткізе көріңіз...

Сан Саныч езу тартып, бас шұлғыды. Мен, әрине, дәл осы сәтте жаңылысып, адам күлерлік бірнәрселер айтқанымды білген жоқпын. Өйткені мен сәлем жолдаған хирургтердің барлығы да операцияның алдында ғана менімен сөйлескен және үш сағаттан астам уақыт олар тізе бүкпестен басымда тұрған. Алғыс білдірудің еш әбестігі жоқ, ал жанымнан осыдан аз ғана уақыт бұрын кеткен адамдарға сөлем айту күлкілі. Мұндай жайттар хирургтердің тәжірибесінде көп кездесе береді. Соңыра маған мынандай жайтты айтты. Зема деген кісі операциядан соң көзін ашып алып: "Айтыңдаршы, осы мен тірімін бе?" деп сұрапты. Ол кісіні білетінмін, ауруханадан жақында ғана шыққан. Ал бұрнағы жылы, хоккейден әлемдік біріншіліктің кезекті туры өтіп жатқанда бір жанкүйерге операция жасалыпты. Оның көзін ашқандағы бірінші сұрағы мынау болыпты: "Біздің жігіттер чехтармен қалай ойнады?" Сұрағына жақсы жауап алған ол табан астында ұйықтап қалып, іңір түскенше тапжылмай жатыпты.

Құтқарушыларыма алғысымды білдіріп, сәлемімді айтқан соң ұйқтап қалыппын. Қанша ұйқтағанымды білмеймін,сергіп қалыппын, манағыдай емес, басым тың, тек қана денем ауыр, үстімнен әлдебір зілдей салмақ басып тұрғандай. Еш жерім ауырмайды, күшім жоқ. Мені сілейтіп тұрып сабап кеткен тәрізді, сүйегімнің бәрі быт-шыт болып сынғандай әсердемін, денемнің таяқ тимеген жері жоқ секідді. Тіпті, саусақ қимылдатар қауқар жоқ менде.

Кенет хирургтың алтын пышағындай болып бір жарқын ой, жарқ етті. "Шалқамнан жатырмын! Шалқамнан!.. Біраз уақыттан бері жөтелмей шалқамнан жатырмын. Бұл операцияның алғашқы нәтижесі ғой!" Міне, сол күннен бері ұйқымнан оянған сайын шалқамнан жатқаныма кереметтей қуанамын. Бұл дені сау адамдар үшін үйреншікті жайт, ал мен секілді жандар үшін зор оқиға...

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға