Жаңалықтар

І БӨЛІМ

Мәмбетке де кезек келді. Әлгінде ғана осының алдындағы ұрыста жеңіске жеткен боксшыға ду-ду қошемет көрсетіп, жағаға соққан теңіз толқынының шуылындай сарынмен гуілдеп тұрған репродуктордан хабаршы - төрешінің таныс даусы сампылдап қоя берді. - Рингке жартылай ауыр салмақтағы боксшылар Омашев пен Нұрханов шақырылады. Келесі жұптағы... Мәмбет орнынан тұрды да, есікке қарай екі аттап, артына бұрылды. Жігіттер де түгелдей көтеріліп, Мәмбетке байыптай қарап тұр екен. Ол ежелгі әдетінше оң қолын көтеріп, күлімсіреп қойды. Мұнысы: "Саспаңдар, бәрі де ойдағыдай болады!" дегені еді. Мыстай болып тотыққан денесі қоладан құйылғандай сом-сом, батырға біткен алып тұлғалы Степан алшаңдай басып, жанына келді де, дәкемен шандып тастаған жалпақ алақанымен арқасынан қағып: - Ну, Мамбет, ни пуха, ни пера! - деді өзінің зор денесіне сай емес жіңішке дауыспен. - Тек байқа, Нұрхановты мертіктіріп тастап жүрме! Үнсіз тұрған жігіттер біреу команда бергендей-ақ кенеттен жапатармағай шуылдап кетті. - Аяма, Мәмбет, ондай мақтаншақты. - Чемпиондардың қалай қимылдайтынын көрсетші өзіне! - Жағынан бес тиындық қара бақыр түсірмесең бәрі бір ырза болмаймын!.. Мәмбет жолдастарына қолын тағы бір бұлғады да, жеңіл қимылмен жүгіре басып шығып кетті. Қарсысына ринг орнатылған батыс трибуна жиналған халыққа лық толы екен. Тіпті, оңтүстік және солтүстік трибуналардың да жарым-жартысы жапырылған жұрт. Кешкі аспанның батыс жақтағы жұқалаң қызғылт арайы бірте-бірте сейіле келіп, сондай бір мөп-мөлдір, түпсіз тұңғиық көгілдір нұрға малынған бөлігінде жарқыраған жалғыз жұлдыз көрінеді. Сол жұлдыз Мәмбетке жымың, етіп, көз қысып қалғандай болды. Мәмбет тағы да қарады. Жұлдыз отты жанарын бір ашып, бір жұмып, қуақылана ойнап тұр. "Саспа, бауырым! Саспа, саспа!.." дейтін секілді. Жаңадан ғана жағылған қуатты прожектордың сәулесі әзірше күңгірттеу төрізді. Батып кеткен күннің алыстан үзіліп кетердей болып әрең жетіп тұрған әлсіз жарығын әлі де жеңе қоймапты. Рингке баратын жолдың екі жағына жарыла орналасқан қара-құрым көпшілік мұны көргенде жапырлай қол соғып және бір дуылдасып қалды. Міне, ол рингке де шықты. Жұрт тағы да қол соғып жатыр. Ол жан-жағына басын изеп, ізет білдірді. Шатырлаған шапалақ үндері кенет бұрынғыдан да күшейіп кетті: рингке Әлтай Нұрханов шығып келеді екен. Ол үстіне жамылған ала халатын секундантына беріп жатып Мәмбетке селқос қана бір қарап өтті. Сосын тез теріс айналып, табанын аяқ астында жатқан тақтайшадағы құрғақ балауызға үйкеп-үйкеп алды да, екі қолымен арқаннан ұстап секеңдей бастады. - Боксшыларды таныстырамын, - деді хабаршы алдымен микрофонды тық-тық шертіп қойып, - қызыл бұрышта спорт шебері Мәмбет Омашев! Алматы қаласының І-командасынан. Көк бұрышта - Әлтай Нұрханов, бірінші разряды бар. Қарағанды... Рингтегі төреші боксшыларды ортаға шақырды. Олар қол алысты. Енді екеуі де біріне-бірі байыптап көз жіберді, "Жараған аттай бабында екенсің, жігітім, көрерміз", - деп ойлады Мәмбет. Ал, Нұрханов көзқарасында баяғы бір тәкаппарлық бар. "Айтқаным - айтқан! Иманынды айта бер!" дейді оның түксиген қалың қабағы мен сыздана күлімсіреген кішкене көздері. Төреші екі қолын олардың арқасына салып тұрып, әдеттегідей отырған жұртқа естілмейтін әлдебірсыбырлар айтты да, өз бұрыштарына қайтарып жіберді. - Ал Мәмбет, өзің білесің ғой қалай қимылдауды, - Деді Омашевтің бапкері Шәріп Бекбергенұлы өз шәкіртін екі иығынан қос қолдап ұстап тұрып. - Тек аптықпа, сабырлы бол. Манағы келісімді ұмытпа. Бірақ, қолайлы кезең тумай ойыңды сездіріп қойма!.. - Бірінші раунд! Жекпе-жектің жедел басталғанына тағаты қалмағандай тыпыршып тұрған Нұрханов дабыл қағысымен-ақ жылдам жалт бұрылды да, Мәмбетке түксиген қабағының астынан ызғар шашып, алара қараған қалпы асыға жақындап, тап берді. Мәмбет бокспен он бес жасынан бастап шұғылданды. Содан бері әрқайсысы Толстойдың қалың томдарындай кітап жазуға тұрарлық оқиғаларға толы он төрт жыл өтіпті. Осы мерзімнің ішінде ол ринг үстіне 179 рет шығып, соның 152-сінде жеңіске жетіпті. Иә, талай-талай жауапты жарыстарды бастан кешірді ғой. Он сегіз жасында бірінші разрядтың нормасын орындады, ал одан үш жылдан кейін СССР спорт шеберінің значогін омырауына қадады. Қазақстан мен Орта Азия республикаларының чемпионы атанғанының өзіне де тұп-тура табаны күректей тоғыз жыл толыпты. Жиырма тоғыз жас дегеніңіз боксшы үшін жер ортасы. Мұны спорттағы ерте қартаюшылыққа сенбейтін Мәмбеттің өзі де соңғы кезде айқын сезіне бастады. Бұрын қорғасындай қос жұдырықты қаншама сілтеп, тынымсыз соқса да талуды білмейтін екі қары енді күш сақтап соғыспаса еріксіз төмен түсіп, салдырап қалатын болды. Қандай шапшандықты, қандай ауыртпалықты болса да "С-80"-нің моторындай қыңқ етпей көтеретін қуатты жүрегі де кейінгі кезде тозығы жеткендей ышқына тарсылдап, "өшіп" қалатындай қақала-шашала соғатынды шығарды. Әмбе бәсекелестері де уақыт озған сайын шеберлік шыңына шырқай көтеріліп, көптеп өніп, өсіп келеді. Оңайлықпен берісе қоятын олар емес. Жеңіске жету барған сайын қиындай түсті. Осының бәрі де Мәмбетті ойға қалдырды. Рингтен әлі де кетпей жүре беруі қалай болмақ? Шынымен-ақ батарман шағы таянып қалғаны ма? Рас, ол әлі бұл маңайда ешкімнен жеңіле қойған жоқ. Бірақ, бүгін болмаса да ертең жеңіліп қалмасына кім кепіл. Асылында, ұстасқан адамын әмсе ұта беру мұның жазмышына жазылып қойған жоқ қой! Мықтылық - мәңгілік емес. Біреу кетеді, біреу келеді. Кезеңі, кезегі келгенде өзіңнен күштіге орнынды беруге тиіссің. Өмір заңы осындай. Бұл заңдылық өте-мөте спортта айқын көрінеді. Спортта чемпиондар мен рекордшылар әдетте жалғыз болады да, қатардағы қайсарлардың сан мындаған қалың қолы сол жалғыз-жарым сәйгүліктерге қарсы бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып күреседі. Бірі жеңіліс тапса - екіншісі, ол ұтылса - үшіншісі ұмтылып, сәті түскенде тұғырдан тайдырып жіберуді аңдып-ақ тұрады. Ал жас ортасы жақындап, жалының мен қауқарың тайған сайын "тәжіңе" таласушылардың талап - дәмелері де ұлғайып, бұрынғы қоқан-лоққылары да қатерлі қарекетке айнала түседі. Мұндайда олар тау шыңындай асқақ тұғырға алыстан ғана аңсай көз тастауды қойып, құз-қия қапталына өрмелеп, төбеге де тақай бастайды. Енді оларды тоқтату қиын. Ақтық күшіңді бойыңа жинап, тым тақап келгендерді ақырғы рет тойтарып тастағаныңмен - бәрібір, болмайды. Тағы да бір соққанда тағыңды тастап, төменге түсуге мәжбүр етеді. Мәмбеттің жайы да тап осындай еді. Енді не істеу керек? Өзі әбден әмірші болып алған рингтен құлатып, күштеп түсіргенше жүре бергені жөн бе? Әлде осындай жұлдызы жанып, дүрілдеп тұрған шағында жеңіліс дәмін татпай-ақ тоқтағаны дұрыс па? Ол соңғысын қалады. Сөйтіп, ол рингті тастады. Бірақ рингті тастағанымен бокспен бүтіндей ат құйрығын кесісіп, мүлдем қойып кеткен жоқ. Университет командасына бапкер болып талай сында толысқан мол тәжірибесін жастарға үйрете бастаған-ды. Мына бір оқиға болмаса Мәмбет рингке енді ешқашан да қайта шықпайтын еді. Февральдың аяқ кезінде республикалық бокс федерациясы мен бапкерлер кеңесі оны жергілікті боксшылардың СССР халықтарының кезекті спартакиадасына әзірлігін тексеріп, қолма-қол көмек көрсетіп қайту үшін Қарағандыға жіберді. Шаруа, шынында да, жеткілікті екен. Таңертең самолеттен түсісімен сол өп іске кеңірдектен көміліп кеткен Мәмбет кешке дейін тыным алған жоқ. Күні бойы бір онда, бір мұнда шапқылап, мән-жаймен танысамын деп жүріп жөнді тамақтанбапты да. Қарнының ашқанын қонақ үйдегі жеке бөлмесіне келгеннен кейін ғана сезді. Асханалар жабылып қапты. Барғысы келмесе де ресторанға кіруге тура келді. Кең залдың іші лық толы екен. Бірде ұршықтай үйіріліп, бірде аяқтарын санап басып, енді бірде борт-борт желіп арылы - берілі безек қағып жүрген даяшы әйелдердің өте-мөте қағылез, әрі басқалардан гөрі жастау, жылы шырайлы біреуін тоқтатып: - Кешіріңіз, алыстан келген қонақ едім, - деді Мәмбет бетіне телміре қарап. - Ертеден бері нәр татқаным жоқ. Көптен-көп өтінемін сізден, тезірек тамақтанып алуға мүмкіндік болмас па екен? - Қызық екенсіз өзіңіз! Көріп тұрған жоқсыз ба? Клиент көп, орын жоқ, - деді даяшы оған бастан-аяқ көз тастап қойып. - Немене, сіз басқалардан артық па едіңіз? Күтіңіз, босаған орынға отырасыз. Мәмбет енді қайтерін білмей бәріне де қолды бір-ақ сілтеп кетейін деп тұр еді, әлдекім ту сыртынан келіп, күректей алақанымен иығына қойып қалды: - Макс! - Қателескен боларсыз, менің атым Макс емес, - деп артына жалт бұрылды. - Ну, Макс болмаса Мәмбет шығар! - Түксиген қалың қасты кішкентай сағал көздерінен басқа пішіні кесек біткен еңгезердей қара жігіт пышақ тиген қоң ет тәрізді ыржиып жатқан қалың ернінің астындағы қасқа тістерін ақсита күліп, жуан саусақтары жүндес қолын ұсына берді. - О, Әлтай! Сәлемет пе, - деп Мәмбет оның қолын алды. - Мен де кім десем, сен екенсің ғой. Иә, хал қалай? Жақсы ма? Мұнда қайдан жүрсің? - Біз жергілікті адамбыз ғой, жүре береміз де. Өзің ше? Өзің мұнда қалайша кеп қалдың? - Командировка ғой, бүгін таңертең келдім. Иә, хал қалай? - Хал қалай болушы еді, хандікіндей де!.. Қой тұрмайық. Жүр, біздің столға. - Орын бар ма? - Пәлі, со да сөз болып па бізге! Болмаса таптырып аламыз, жүр, - деді де Әлтай оны шынтағынан ұстап, залдың төріне қарай сүйрей жөнелді. Мәмбет Әлтайды ринг үстіндегі жүз таныстығы мен сырттай естуі ғана болмаса жақсы білмейтін. Фамилиясы - Нұрханов. Осы Қарағандыдағы медицина институтының студенті. Күн санап өсіп келе жатқан дарынды боксшы. Бұл өнермен шұғылдана бастағанына небәрі екі-ақ жыл болса да, бірінші разряды бар. Талай-талай тәжірибелі де танымал сайыскерлерді сыпыра жеңіп, атағы тез арада дүйім жұртқа дабырая тараған жігіт. Дәл Мәмбеттің салмағында. Республиканың өткен жылғы чемпионатында Мәмбетке өте-мөте қатты қарсылық көрсетіп, тіпті жеңіп кете жаздап барып, тек тәжірибесіздігі мен тым қызу қандылығының кесірінен ғана ұтылысқа ұшыраған. Чемпиондық тұғырдан өзін бір тайдырса осы Әлтай тайдыратындығын Мәмбет сонда-ақ байқаған-ды. Жасырып не керек оның боксты тастап кетуіне себеп болған да осы Әлтай еді. Олар сахна түбіндегі басқалардан арасы алшақтау қойылған столға келді. Дастархан басында бет-ауыздарының бояу мен опадан сау жері жоқ әлем-жәлем, қайқы кірпік, қайқы ерін, қайқы бет - қысқасы, бастан аяқ қайқиған екі қыз және соларға мүлдем қарама-қарсы дөңес маңдай, дөң мұрын, дүрдік ерін, дөңкіш жота, дөңкиген бір дой жігіт отыр екен. "Өйт-дойт деген. Тауып қосылған топ екен-ақ!" - деп ойлап қойды Мәмбет ішінен. - Мінеки, біздің мейірімді компаниямыз, - деді Әлтай оларды нұсқап. - Танысып қойыңыздар: Мынау Макс, то есть, Мәмбет Омашев, былтыр маған чемпиондықты бермей қойған жігіт! Ал, мына мырза мен бекзадалар... Жарайды, өз аттарынды өздерің атаңдар, сызылмай-ақ... Официантка! Алло, Лизочка! Қонаққа орындық әкел. Тез! Әлтай аздап шайқалақтап барып, орнына сылқ етіп отыра кетті. Оның масаңдау екенін Мәмбет енді ғана байқады. Қайқы қыздар мен дөң жігітпен танысып үлгергенше болған жоқ, жаңа ғана өзінің десін қайтарып тастаған қағылез даяшы бір орындықты көтеріп жетіп те келді. - Ғафу етіңіз, жігітім! Жаңа Аликтің танысы едім деп неге айтпадыңыз?.. Ал мен болсам білген жоқпын. Ренжімеңіз, - деп дереу асты-үстіне түсіп, бәйек болды да қалды. - Жә, ештеңе емес. He қалайсыз? Коньяк па, арақ па? - Ли-и-зочка! Алматылықтар арақты ауыздарына алушы ма еді, соны да білмейсің бе? Әрине, коньяк! Ка-вэ-вэ-ка, немесе "Джин", түсінікті ме? - дегі Әлтай даяшыға ренжи сөйледі. - Әлтай, әуре болма, мен ішпеймін. - Түу, сондай да сөз бола ма екен?! Лиза, неғып тұрсың мелшиіп? Бар, әкел тез! - Қанша? - Әзірше жарты литр. - Жоқ-жоқ. Ешқандай ішімдіктің керегі жоқ, - деді Мәмбет даяшыға қарап, - маған жеңіл-желпі жейтін бір нәрсе болса... - Жақсы, Мәмбет! Мұнда ұялатын ешкім жоқ ішпейтінің қалай? - Жоқ, Әлтай, ұялып отырғаным жоқ. Шын айтам, ішпеймін. Түсінесің бе, ішпеймін! Саған да ішпе дер едім. - Ха-ха-ха!.. - Heгe? - Heгe екенін білмейсің бе? Білмесең, сен мына қалпыңмен алысқа ұзамайсың! Шын сөзім. - Ха-ха-ха!.. Қой, бауырым, қой... Күлдірме! - Әлтай маңдайымен столды тіреп, селкілдеді де қалды. - Шегім түйілетін болды!.. Ой, ха-ха-ха!.. Алкогольдің зияны туралы лекция оқысаң қайтеді... Қайқы қыздар да біз сұғып алған доп тәрізді пырс ете түсті де, біріне-бірі қарап қойып, сықылықтай жөнелді. Ал дөңкіш жігіт екі езуін екі құлағына жеткізе ыржиып: - Ондай лекцияны біз де тыңдар едік, - деді кекесінді үнмен. - Тоқтат, Әлтай! - Мәмбетті біреу шапалақпен тартып жібергендей болып, екі бетіне қан ойнап шыға келді. - Несі бар, оқысам оқимын! Құдай ақына, сен мына қалпыңмен оңбайсың. Қатты айтқаныма өкпелеме. Айналайын-ау, сен боксшысың ғой, қалай ғана ішесің?! Бүйте берсең ертең-ақ таяқ жейсің ғой!.. - Кімнен? Сенен бе? - Жоқ, менен емес. Мен рингтен кеттім. Бірақ, сені үйрететін адам табылатындығы ақиқат. - Ха-ха-ха!.. - Әлтай алдында тұрған графиннен сыра ішіп отырған бокалына арақты шүпілдете құйды да, шалқая беріп қағып салды. - Көрдің бе? Вот, осылай! Ішіп те жүрмін, соғып та жүрмін. Осылайша іше де беремін, соға да беремін! Білдің бе? - Жоқ, соға алмайсың. Осы қалпыңмен жүре берсең бар ғой, осы қалпыңмен... онда... өзің соғыласың... - Кімнен? Сен соғасың ба? - Айттым ғой, мен емес. Мен боксты тастадым, әйтпесе... Бірақ, саған таяқ жегізетіндер табылады. - Дөйт деген! Маған таяқ жегізеді! Міне! - Әлтай бас бармағымен әдепсіз ишара жасады. - Әттең, тағы бір рет кездесе алмайды екенбіз... Мәмбеттің қаны қайнап, түтігіп кетті. Жұдырығын түйіп, орнынан атып тұрды. Салып жібере жаздап, өзін-өзі әрең ұстап қалды. Қатты томырылып, тістене сөйледі. - Байқап сейле, жігітім, әдепсіз болма! Сен үйіңде отырған жоқсың. - Онда шаруаң болмасын. Саған не керек өзіңе? - деп Әлтай да орнынан тұрды. - Heгe зікінейсің?!... Қарай гөр өзін... Мастерлігіңе мақтанасың ба, әлде чемпиондығыңа мақтанасың ба? Көргеміз сендейлерді... Әттең, рингтен кетіпқалыпсың, әйтпесе мына нахальствоң үшін көрсетер едім осы спартакиадада көкеңді!. - Жарайды, ендеше мен керіп алдым! - Мәмбет бұны қалай айтып салғанын өзі де байқамай қалды. - Спартакиадаға мен де қатысам. Сен үшін! Түсіндің бе? - деді де, ол дастархан басындағыларға қош айтыспастан шығып жүре берді. - Байқа, мастер, мықтап дайындал! Қапыда қап жүрме! - деп айғайлады Әлтай оның соңынан. Сөйтті де жаңа берілген заказды әкеліп, состиып тұрған даяшының қолы нан коньякты алып, рюмкаларға құя бастады...
19.11.2013 08:41 3410

Мәмбетке де кезек келді. Әлгінде ғана осының алдындағы ұрыста жеңіске жеткен боксшыға ду-ду қошемет көрсетіп, жағаға соққан теңіз толқынының шуылындай сарынмен гуілдеп тұрған репродуктордан хабаршы - төрешінің таныс даусы сампылдап қоя берді.

- Рингке жартылай ауыр салмақтағы боксшылар Омашев пен Нұрханов шақырылады. Келесі жұптағы...

Мәмбет орнынан тұрды да, есікке қарай екі аттап, артына бұрылды. Жігіттер де түгелдей көтеріліп, Мәмбетке байыптай қарап тұр екен. Ол ежелгі әдетінше оң қолын көтеріп, күлімсіреп қойды. Мұнысы: "Саспаңдар, бәрі де ойдағыдай болады!" дегені еді. Мыстай болып тотыққан денесі қоладан құйылғандай сом-сом, батырға біткен алып тұлғалы Степан алшаңдай басып, жанына келді де, дәкемен шандып тастаған жалпақ алақанымен арқасынан қағып:

- Ну, Мамбет, ни пуха, ни пера! - деді өзінің зор денесіне сай емес жіңішке дауыспен. - Тек байқа, Нұрхановты мертіктіріп тастап жүрме!

Үнсіз тұрған жігіттер біреу команда бергендей-ақ кенеттен жапатармағай шуылдап кетті.

- Аяма, Мәмбет, ондай мақтаншақты.

- Чемпиондардың қалай қимылдайтынын көрсетші өзіне!

- Жағынан бес тиындық қара бақыр түсірмесең бәрі бір ырза болмаймын!..

Мәмбет жолдастарына қолын тағы бір бұлғады да, жеңіл қимылмен жүгіре басып шығып кетті. Қарсысына ринг орнатылған батыс трибуна жиналған халыққа лық толы екен. Тіпті, оңтүстік және солтүстік трибуналардың да жарым-жартысы жапырылған жұрт. Кешкі аспанның батыс жақтағы жұқалаң қызғылт арайы бірте-бірте сейіле келіп, сондай бір мөп-мөлдір, түпсіз тұңғиық көгілдір нұрға малынған бөлігінде жарқыраған жалғыз жұлдыз көрінеді. Сол жұлдыз Мәмбетке жымың, етіп, көз қысып қалғандай болды. Мәмбет тағы да қарады. Жұлдыз отты жанарын бір ашып, бір жұмып, қуақылана ойнап тұр. "Саспа, бауырым! Саспа, саспа!.." дейтін секілді.

Жаңадан ғана жағылған қуатты прожектордың сәулесі әзірше күңгірттеу төрізді. Батып кеткен күннің алыстан үзіліп кетердей болып әрең жетіп тұрған әлсіз жарығын әлі де жеңе қоймапты.

Рингке баратын жолдың екі жағына жарыла орналасқан қара-құрым көпшілік мұны көргенде жапырлай қол соғып және бір дуылдасып қалды. Міне, ол рингке де шықты. Жұрт тағы да қол соғып жатыр. Ол жан-жағына басын изеп, ізет білдірді. Шатырлаған шапалақ үндері кенет бұрынғыдан да күшейіп кетті: рингке Әлтай Нұрханов шығып келеді екен. Ол үстіне жамылған ала халатын секундантына беріп жатып Мәмбетке селқос қана бір қарап өтті. Сосын тез теріс айналып, табанын аяқ астында жатқан тақтайшадағы құрғақ балауызға үйкеп-үйкеп алды да, екі қолымен арқаннан ұстап секеңдей бастады.

- Боксшыларды таныстырамын, - деді хабаршы алдымен микрофонды тық-тық шертіп қойып, - қызыл бұрышта спорт шебері Мәмбет Омашев! Алматы қаласының І-командасынан. Көк бұрышта - Әлтай Нұрханов, бірінші разряды бар. Қарағанды...

Рингтегі төреші боксшыларды ортаға шақырды. Олар қол алысты. Енді екеуі де біріне-бірі байыптап көз жіберді, "Жараған аттай бабында екенсің, жігітім, көрерміз", - деп ойлады Мәмбет. Ал, Нұрханов көзқарасында баяғы бір тәкаппарлық бар. "Айтқаным - айтқан! Иманынды айта бер!" дейді оның түксиген қалың қабағы мен сыздана күлімсіреген кішкене көздері. Төреші екі қолын олардың арқасына салып тұрып, әдеттегідей отырған жұртқа естілмейтін әлдебірсыбырлар айтты да, өз бұрыштарына қайтарып жіберді.

- Ал Мәмбет, өзің білесің ғой қалай қимылдауды, - Деді Омашевтің бапкері Шәріп Бекбергенұлы өз шәкіртін екі иығынан қос қолдап ұстап тұрып. - Тек аптықпа, сабырлы бол. Манағы келісімді ұмытпа. Бірақ, қолайлы кезең тумай ойыңды сездіріп қойма!..

- Бірінші раунд!

Жекпе-жектің жедел басталғанына тағаты қалмағандай тыпыршып тұрған Нұрханов дабыл қағысымен-ақ жылдам жалт бұрылды да, Мәмбетке түксиген қабағының астынан ызғар шашып, алара қараған қалпы асыға жақындап, тап берді. Мәмбет бокспен он бес жасынан бастап шұғылданды. Содан бері әрқайсысы Толстойдың қалың томдарындай кітап жазуға тұрарлық оқиғаларға толы он төрт жыл өтіпті. Осы мерзімнің ішінде ол ринг үстіне 179 рет шығып, соның 152-сінде жеңіске жетіпті. Иә, талай-талай жауапты жарыстарды бастан кешірді ғой. Он сегіз жасында бірінші разрядтың нормасын орындады, ал одан үш жылдан кейін СССР спорт шеберінің значогін омырауына қадады. Қазақстан мен Орта Азия республикаларының чемпионы атанғанының өзіне де тұп-тура табаны күректей тоғыз жыл толыпты. Жиырма тоғыз жас дегеніңіз боксшы үшін жер ортасы. Мұны спорттағы ерте қартаюшылыққа сенбейтін Мәмбеттің өзі де соңғы кезде айқын сезіне бастады. Бұрын қорғасындай қос жұдырықты қаншама сілтеп, тынымсыз соқса да талуды білмейтін екі қары енді күш сақтап соғыспаса еріксіз төмен түсіп, салдырап қалатын болды. Қандай шапшандықты, қандай ауыртпалықты болса да "С-80"-нің моторындай қыңқ етпей көтеретін қуатты жүрегі де кейінгі кезде тозығы жеткендей ышқына тарсылдап, "өшіп" қалатындай қақала-шашала соғатынды шығарды. Әмбе бәсекелестері де уақыт озған сайын шеберлік шыңына шырқай көтеріліп, көптеп өніп, өсіп келеді. Оңайлықпен берісе қоятын олар емес. Жеңіске жету барған сайын қиындай түсті. Осының бәрі де Мәмбетті ойға қалдырды. Рингтен әлі де кетпей жүре беруі қалай болмақ? Шынымен-ақ батарман шағы таянып қалғаны ма? Рас, ол әлі бұл маңайда ешкімнен жеңіле қойған жоқ. Бірақ, бүгін болмаса да ертең жеңіліп қалмасына кім кепіл. Асылында, ұстасқан адамын әмсе ұта беру мұның жазмышына жазылып қойған жоқ қой! Мықтылық - мәңгілік емес. Біреу кетеді, біреу келеді. Кезеңі, кезегі келгенде өзіңнен күштіге орнынды беруге тиіссің. Өмір заңы осындай. Бұл заңдылық өте-мөте спортта айқын көрінеді.

Спортта чемпиондар мен рекордшылар әдетте жалғыз болады да, қатардағы қайсарлардың сан мындаған қалың қолы сол жалғыз-жарым сәйгүліктерге қарсы бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып күреседі. Бірі жеңіліс тапса - екіншісі, ол ұтылса - үшіншісі ұмтылып, сәті түскенде тұғырдан тайдырып жіберуді аңдып-ақ тұрады. Ал жас ортасы жақындап, жалының мен қауқарың тайған сайын "тәжіңе" таласушылардың талап - дәмелері де ұлғайып, бұрынғы қоқан-лоққылары да қатерлі қарекетке айнала түседі. Мұндайда олар тау шыңындай асқақ тұғырға алыстан ғана аңсай көз тастауды қойып, құз-қия қапталына өрмелеп, төбеге де тақай бастайды. Енді оларды тоқтату қиын. Ақтық күшіңді бойыңа жинап, тым тақап келгендерді ақырғы рет тойтарып тастағаныңмен - бәрібір, болмайды. Тағы да бір соққанда тағыңды тастап, төменге түсуге мәжбүр етеді. Мәмбеттің жайы да тап осындай еді. Енді не істеу керек? Өзі әбден әмірші болып алған рингтен құлатып, күштеп түсіргенше жүре бергені жөн бе? Әлде осындай жұлдызы жанып, дүрілдеп тұрған шағында жеңіліс дәмін татпай-ақ тоқтағаны дұрыс па? Ол соңғысын қалады. Сөйтіп, ол рингті тастады. Бірақ рингті тастағанымен бокспен бүтіндей ат құйрығын кесісіп, мүлдем қойып кеткен жоқ. Университет командасына бапкер болып талай сында толысқан мол тәжірибесін жастарға үйрете бастаған-ды. Мына бір оқиға болмаса Мәмбет рингке енді ешқашан да қайта шықпайтын еді.

Февральдың аяқ кезінде республикалық бокс федерациясы мен бапкерлер кеңесі оны жергілікті боксшылардың СССР халықтарының кезекті спартакиадасына әзірлігін тексеріп, қолма-қол көмек көрсетіп қайту үшін Қарағандыға жіберді. Шаруа, шынында да, жеткілікті екен. Таңертең самолеттен түсісімен сол өп іске кеңірдектен көміліп кеткен Мәмбет кешке дейін тыным алған жоқ. Күні бойы бір онда, бір мұнда шапқылап, мән-жаймен танысамын деп жүріп жөнді тамақтанбапты да. Қарнының ашқанын қонақ үйдегі жеке бөлмесіне келгеннен кейін ғана сезді. Асханалар жабылып қапты. Барғысы келмесе де ресторанға кіруге тура келді. Кең залдың іші лық толы екен. Бірде ұршықтай үйіріліп, бірде аяқтарын санап басып, енді бірде борт-борт желіп арылы - берілі безек қағып жүрген даяшы әйелдердің өте-мөте қағылез, әрі басқалардан гөрі жастау, жылы шырайлы біреуін

тоқтатып:

- Кешіріңіз, алыстан келген қонақ едім, - деді Мәмбет бетіне телміре қарап. - Ертеден бері нәр татқаным жоқ. Көптен-көп өтінемін сізден, тезірек тамақтанып алуға мүмкіндік болмас па екен?

- Қызық екенсіз өзіңіз! Көріп тұрған жоқсыз ба? Клиент көп, орын жоқ, - деді даяшы оған бастан-аяқ көз тастап қойып. - Немене, сіз басқалардан артық па едіңіз? Күтіңіз, босаған орынға отырасыз.

Мәмбет енді қайтерін білмей бәріне де қолды бір-ақ сілтеп кетейін деп тұр еді, әлдекім ту сыртынан келіп, күректей алақанымен иығына қойып қалды:

- Макс!

- Қателескен боларсыз, менің атым Макс емес, - деп артына жалт бұрылды.

- Ну, Макс болмаса Мәмбет шығар! - Түксиген қалың қасты кішкентай сағал көздерінен басқа пішіні кесек біткен еңгезердей қара жігіт пышақ тиген қоң ет тәрізді ыржиып жатқан қалың ернінің астындағы қасқа тістерін ақсита күліп, жуан саусақтары жүндес қолын ұсына берді.

- О, Әлтай! Сәлемет пе, - деп Мәмбет оның қолын алды. - Мен де кім десем, сен екенсің ғой. Иә, хал қалай? Жақсы ма? Мұнда қайдан жүрсің?

- Біз жергілікті адамбыз ғой, жүре береміз де. Өзің ше? Өзің мұнда қалайша кеп қалдың?

- Командировка ғой, бүгін таңертең келдім. Иә, хал қалай?

- Хал қалай болушы еді, хандікіндей де!.. Қой тұрмайық. Жүр, біздің столға.

- Орын бар ма?

- Пәлі, со да сөз болып па бізге! Болмаса таптырып аламыз, жүр, - деді де Әлтай оны шынтағынан ұстап, залдың төріне қарай сүйрей жөнелді.

Мәмбет Әлтайды ринг үстіндегі жүз таныстығы мен сырттай естуі ғана болмаса жақсы білмейтін. Фамилиясы - Нұрханов. Осы Қарағандыдағы медицина институтының студенті. Күн санап өсіп келе жатқан дарынды боксшы. Бұл өнермен шұғылдана бастағанына небәрі екі-ақ жыл болса да, бірінші разряды бар. Талай-талай тәжірибелі де танымал сайыскерлерді сыпыра жеңіп, атағы тез арада дүйім жұртқа дабырая тараған жігіт. Дәл Мәмбеттің салмағында. Республиканың өткен жылғы чемпионатында Мәмбетке өте-мөте қатты қарсылық көрсетіп, тіпті жеңіп кете жаздап барып, тек тәжірибесіздігі мен тым қызу қандылығының кесірінен ғана ұтылысқа ұшыраған. Чемпиондық тұғырдан өзін бір тайдырса осы Әлтай тайдыратындығын Мәмбет сонда-ақ байқаған-ды. Жасырып не керек оның боксты тастап кетуіне себеп болған да осы Әлтай еді. Олар сахна түбіндегі басқалардан арасы алшақтау қойылған столға келді. Дастархан басында бет-ауыздарының бояу мен опадан сау жері жоқ әлем-жәлем, қайқы кірпік, қайқы ерін, қайқы бет - қысқасы, бастан аяқ қайқиған екі қыз және соларға мүлдем қарама-қарсы дөңес маңдай, дөң мұрын, дүрдік ерін, дөңкіш жота, дөңкиген бір дой жігіт отыр екен. "Өйт-дойт деген. Тауып қосылған топ екен-ақ!" - деп ойлап қойды Мәмбет ішінен.

- Мінеки, біздің мейірімді компаниямыз, - деді Әлтай оларды нұсқап. - Танысып қойыңыздар: Мынау Макс, то есть, Мәмбет Омашев, былтыр маған чемпиондықты бермей қойған жігіт! Ал, мына мырза мен бекзадалар... Жарайды, өз аттарынды өздерің атаңдар, сызылмай-ақ... Официантка! Алло, Лизочка! Қонаққа орындық әкел. Тез!

Әлтай аздап шайқалақтап барып, орнына сылқ етіп отыра кетті. Оның масаңдау екенін Мәмбет енді ғана байқады. Қайқы қыздар мен дөң жігітпен танысып үлгергенше болған жоқ, жаңа ғана өзінің десін қайтарып тастаған қағылез даяшы бір орындықты көтеріп жетіп те келді.

- Ғафу етіңіз, жігітім! Жаңа Аликтің танысы едім деп неге айтпадыңыз?.. Ал мен болсам білген жоқпын. Ренжімеңіз, - деп дереу асты-үстіне түсіп, бәйек болды да қалды.

- Жә, ештеңе емес. He қалайсыз? Коньяк па, арақ па?

- Ли-и-зочка! Алматылықтар арақты ауыздарына алушы ма еді, соны да білмейсің бе? Әрине, коньяк! Ка-вэ-вэ-ка, немесе "Джин", түсінікті ме? - дегі Әлтай даяшыға ренжи сөйледі.

- Әлтай, әуре болма, мен ішпеймін.

- Түу, сондай да сөз бола ма екен?! Лиза, неғып тұрсың мелшиіп? Бар, әкел тез!

- Қанша?

- Әзірше жарты литр.

- Жоқ-жоқ. Ешқандай ішімдіктің керегі жоқ, - деді Мәмбет даяшыға қарап, - маған жеңіл-желпі жейтін бір нәрсе болса...

- Жақсы, Мәмбет! Мұнда ұялатын ешкім жоқ ішпейтінің қалай?

- Жоқ, Әлтай, ұялып отырғаным жоқ. Шын айтам, ішпеймін. Түсінесің бе, ішпеймін! Саған да ішпе дер едім.

- Ха-ха-ха!.. - Heгe?

- Heгe екенін білмейсің бе? Білмесең, сен мына қалпыңмен алысқа ұзамайсың! Шын сөзім.

- Ха-ха-ха!.. Қой, бауырым, қой... Күлдірме! - Әлтай маңдайымен столды тіреп, селкілдеді де қалды. - Шегім түйілетін болды!.. Ой, ха-ха-ха!.. Алкогольдің зияны туралы лекция оқысаң қайтеді...

Қайқы қыздар да біз сұғып алған доп тәрізді пырс ете түсті де, біріне-бірі қарап қойып, сықылықтай жөнелді. Ал дөңкіш жігіт екі езуін екі құлағына жеткізе ыржиып:

- Ондай лекцияны біз де тыңдар едік, - деді кекесінді үнмен.

- Тоқтат, Әлтай! - Мәмбетті біреу шапалақпен тартып жібергендей болып, екі бетіне қан ойнап шыға келді. - Несі бар, оқысам оқимын! Құдай ақына, сен мына қалпыңмен оңбайсың. Қатты айтқаныма өкпелеме. Айналайын-ау, сен боксшысың ғой, қалай ғана ішесің?! Бүйте берсең ертең-ақ таяқ жейсің ғой!..

- Кімнен? Сенен бе?

- Жоқ, менен емес. Мен рингтен кеттім. Бірақ, сені үйрететін адам табылатындығы ақиқат.

- Ха-ха-ха!.. - Әлтай алдында тұрған графиннен сыра ішіп отырған бокалына арақты шүпілдете құйды да, шалқая беріп қағып салды. - Көрдің бе? Вот, осылай! Ішіп те жүрмін, соғып та жүрмін. Осылайша іше де беремін, соға да беремін! Білдің бе?

- Жоқ, соға алмайсың. Осы қалпыңмен жүре берсең бар ғой, осы қалпыңмен... онда... өзің соғыласың...

- Кімнен? Сен соғасың ба?

- Айттым ғой, мен емес. Мен боксты тастадым, әйтпесе... Бірақ, саған таяқ жегізетіндер табылады.

- Дөйт деген! Маған таяқ жегізеді! Міне! - Әлтай бас бармағымен әдепсіз ишара жасады. - Әттең, тағы бір рет кездесе алмайды екенбіз...

Мәмбеттің қаны қайнап, түтігіп кетті. Жұдырығын түйіп, орнынан атып тұрды. Салып жібере жаздап, өзін-өзі әрең ұстап қалды. Қатты томырылып, тістене сөйледі.

- Байқап сейле, жігітім, әдепсіз болма! Сен үйіңде отырған жоқсың.

- Онда шаруаң болмасын. Саған не керек өзіңе? - деп Әлтай да орнынан тұрды. - Heгe зікінейсің?!... Қарай гөр өзін... Мастерлігіңе мақтанасың ба, әлде чемпиондығыңа мақтанасың ба? Көргеміз сендейлерді... Әттең, рингтен кетіпқалыпсың, әйтпесе мына нахальствоң үшін көрсетер едім осы спартакиадада көкеңді!.

- Жарайды, ендеше мен керіп алдым! - Мәмбет бұны қалай айтып салғанын өзі де байқамай қалды. - Спартакиадаға мен де қатысам. Сен үшін! Түсіндің бе? - деді де, ол дастархан басындағыларға қош айтыспастан шығып жүре берді.

- Байқа, мастер, мықтап дайындал! Қапыда қап жүрме! - деп айғайлады Әлтай оның соңынан. Сөйтті де жаңа берілген заказды әкеліп, состиып тұрған даяшының қолы

нан коньякты алып, рюмкаларға құя бастады...

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға