Жаңалықтар

Ұстаз

       Өзгелерден өңі бөлек екеу көше бойымен жоғары өрлеп келе жатты. Бірі - ақ сары, ата жасты адам. Екіншісі - бала. Бала да аппақ, ақ сары және өзі таразы бойшаң боларлық. Бұл баланың немере екені «мен мұндалап-ақ» тұр. Бала біткеннің әдеті емес пе - ол ақ сары кісіден әлденені сұрап қойып, өзі аяғымен тас теуіп келеді. Аяқ астында тас дейтін тас та жоқ, Алматының жалтыраған асфальтті көшесінде де, адам жүрер тротуарында да нағыз тас қайдан жатсын, бір әлдеқалай кездескен кесек тәрізді нәрсе ме қалай? Балаға жауап беріп келе жатқан адам жүзін жоғары көтеріп алып, таңырқағандай бірі биік, бірі аласа үйлерге кезек-кезек көз жіберді де сонсоң жылдар бойы дөңгейлетпей, үй біткеннің төбесінен қарап келген бойлауық ақ теректерге көз тоқтатып алып, көшенің екінші бетіндегі зәулім үйге, ол үйдің жарқыраған әйнекті етегіне түрлі жиһазбен безелген әйнектен арғы дүниеге қарағандай болды. Бұл көрініс «не ойлап, не сөйлесіп келе жатыр екен?» дейтін еріксіз ойға тіреді... Жақындаған сайын ата мен баланың әңгімесі анықтала түсті: баланың сылдыраған сөзі құлаққа айқын жетті. - Аташка, біздің үйден терек биік, ана жаңа үй теректен де биік,- дейді бала. - Иә,- дейді «аташкасы»,- растағандай. - Келесі салынған үйлер мұнан да биік болады. Ал, ағаштар онан да аласа болып қалады... Атасы тоқтап қалды, мені көріп езу тартты. Сәлемдескеннен кейін: - Сакештің мектебі шақырып, оқушыларға Лениншіл Жастар Одағының қалай құрылғанын әңгімелеп бердім,- деді ол, қайдан келе жатқанын баяндап. Бұл адам белгілі қарт большевик және ғалым ұстаз Хамит Дәулетұлы Чурин еді. Ал, қасындағы бала - биыл мектепке барған жеті жастағы Сәкен дейтін оның немересі болатын. - Әңгімеңізді мынау да тыңдады ма!- деп мен де езу тарттым, бала жөнінде не дер екен деп. - Тыңдайды. Жиналысқа барамын десем болды: «Мен де барамын», - деп киіне бастайды. Әнеугүні жұмысшылармен кездескенде де бірге болды. Балаларға: «Менің Атам Ленин бабайды көрген»,- дейтін көрінеді. - Айтар, айтар. Биік пен аласаны, көне мен жаңаны салыстырып келе жатқанын естідім. «Менің атам Ленинді көрген»... Атасы бір емес бірнеше рет көрген ғой... Ойыма Хамит Дәулетұлының мұнан көп жыл бұрын жолдасына Ленинді көргенін әңгімелеп бергені түсіп кетті... «...Жұрттың көсемді ішінен тынып күткені, ал сахнаға шыға келгенде бүтін залдың ду қол ұрғаны, көз құйрығы күлімдей түсіп болды» дегендей сұқ қолын шошайта қалып төмен сілтеп, қобалжыған жұртты кілт тоқтата қойғаны ауызбен айтып жеткізерлік зат емес,- деп суреттейді жолдасына.- Ал, aп дегенде сондайлық жатық бастап, бірден-екі үнін де, сөзін де өрлете бергенін, шегелеп тастағандай әрі дәлелді, әрі мағыналы сөз жүйесімен жұртты селт еткізбей уысына сыйғызып алғанын сипаттап болмайды да. Ең кемі екі сағат сөйлеген шығар. Бірақ сол екі сағат баяндаманы жұрт екі минутта бітіргендей сезді-ау деймін... ...Бірінші рет дүниеге келген, бірінші жұмыскер мемлекетінің бұл бірінші жұмыс есебі еді ғой. Оған наразы адам - қарсы адам жоқ болғандықтан емес. Көсемнің болат сөзінің дәлелі ғой тыпыр еткізбеген. Әйтпесе ол залдың ішінде қарсы тараптың қарыспа адамдарынан өзге тәртіпке көнбейтін талай тентектер де отырды. Соның біреуі бір дыбыс шығара алған жоқ. Ол кез жон арқадан Юденич, оңтүстіктен Деникин, Сибирьден Колчак бас салып, аяғынан қаз-қаз тұра бастаған жас мемлекетті жоқ етуге тұс-тұстан оқ жаудырып жатқан кез ғой... ...Осындай шақта тап сол жиналыста кәдімгі меньшевиктердің, солшыл эсерлердің, Бунд партиясының, олардан басқа да анархистердің қалдықтары да отырыпты. Бұлар көсемнің баяндамасы бітісімен іштегі наразы ойын ақтара бастады. Әсіресе, Бундтың өкілі Фрумкина дейтін әйел көсемге бірден бас салды. Өзі де қара жыландай адам екен. Әрі жас, әрі көркем және сөзінен жалын шарпып тұрған бір бәле. Мұндай сөзден боран боратқыш сөйлегішті көрген емен... - Ие, не айтты? «...Совет өкіметі тек ЧК-аның күшімен тұр. Ленин сөз еркіндігі дегенді білмейді. Өзіне қарсы шыққан адамды тұтқындатып жатыр,- деп соқты қара жылан әйел». Ал, көсем оған: «Сөз еркіндігі жоқ дейсіз бе? Жоқ болса сіз қалай сөйлеп тұрсыз? Өзіңізді-өзіңіз шапалақпен жаққа тартып жіберумен бірдей ғой. Осыған да мен кінәлімін бе?» - деп күледі. - Қатырған екен!- дейді тыңдап отырған жолдасы. - Мартов та соны айтты. Бірақ ол Фрумкинадан гөрі сыпайырақ тілмен айтты. Міне, сондай кезеңде - қиын-қыстау шақтарда да Ленин бұқарашылдық дәстүрге шаң тигізген жоқ. Бір шоғыр ғана қарсы тарап емес, оның әділ жолын бар халық тегіс қолдайтынына оның көзі күні бұрын жеткен еді... - ...Рақмет Хамит Дәулетұлы!- деді жолдасы... Ленинді көргенін айтып беру - Ленин идеяларын үзбей насихаттаудың келісті түрі ғой. Хамит Дәулетұлының ұзақ өмірінің негізгі өзегі осы игі іспен өріліп жатқан сияқты. Ол бірінші Қазақ Атты полкының жас солдаты болып кіргеннен бастап саяси жұмысқа араласқан. Совет өкіметінің жұмысшы мен еңбекші шаруа өкіметі екенін сөзімен де, қаруымен де қорғауға үгітші! Төменгі партия - совет қызметінен Уездік партия комитетінің бірінші секретары, облыстық партия комитетінің жауапты қызметкері болып істеген шақтарда да сол үлкен идеяның жемісін көптің қолына ұстату - оның басты насихаты болды. Соңғы жиырма бес-отыз жылдың ішінде үзбей уағыздап келе жатқаны да сол жаңа ғылымның - өмірді Ленинше көркейтудің озат әдістерімен байланысты. Ол қазір ауыл шаруашылық институтының өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау кафедрасын басқарушы ұстаз. Хамит Дәулетұлының шәкірттері қазір Қазақстанның барлық түкпір-түкпірінде толы. Олардың басым көпшілігі совхоздар мен колхоздардың білімді командирлері. Ал, кейбіреулері республиканың басшы қызметінде болса, облыстық партия комитетін басқарып жүргендер де бар... Баланың берген сұрағына оралып: - Мына Сәкешіңіз атасына сұрақ бере бастады деңіз!- деп қалдым. - Иә. Қиын-қиын сұрақтар да береді. Бұлардың заманы біздің жас кезімімізден көп ілгері кетті ғой. - Бұрын ағаштар биік еді, қазір ағаштан үйлер неге биік деп сұрай ма? - Мұның сұрап келе жатқаны онан да әрі: келесі салынған үйлер онан да биік бола ма?- дейді... Құлағын тосып келе жатқан бала: - Таудан да биік үйлер сала ма?- деді. Атасы күліп: - Үйлер де биік болады. Өзіміз де биіктеп, биікке шыға береміз, Сәкеш. Самолетті көрдің ғой? Енді самолеттен де жоғары ұшатын космонавтар бар. Олардың корабльдері айға қонатын болды. Бала тынып қалды. Маған: «Осы сары бала айдан да жоғары ұшамыз ба деп сұрамағай!»- деген ой келді... Жеті жастағы Сәкен жоғары дәрежелі мектептің табалдырығын аттағанда Хамит Дәулетұлы 80-ге келеді екен. Сонда: - Аташкам да биіктеп барады!- дер-ақ Сәкеші. 1970 ж. Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы
19.11.2013 08:32 3089

       Өзгелерден өңі бөлек екеу көше бойымен жоғары өрлеп келе жатты. Бірі - ақ сары, ата жасты адам. Екіншісі - бала. Бала да аппақ, ақ сары және өзі таразы бойшаң боларлық. Бұл баланың немере екені «мен мұндалап-ақ» тұр. Бала біткеннің әдеті емес пе - ол ақ сары кісіден әлденені сұрап қойып, өзі аяғымен тас теуіп келеді. Аяқ астында тас дейтін тас та жоқ, Алматының жалтыраған асфальтті көшесінде де, адам жүрер тротуарында да нағыз тас қайдан жатсын, бір әлдеқалай кездескен кесек тәрізді нәрсе ме қалай? Балаға жауап беріп келе жатқан адам жүзін жоғары көтеріп алып, таңырқағандай бірі биік, бірі аласа үйлерге кезек-кезек көз жіберді де сонсоң жылдар бойы дөңгейлетпей, үй біткеннің төбесінен қарап келген бойлауық ақ теректерге көз тоқтатып алып, көшенің екінші бетіндегі зәулім үйге, ол үйдің жарқыраған әйнекті етегіне түрлі жиһазбен безелген әйнектен арғы дүниеге қарағандай болды. Бұл көрініс «не ойлап, не сөйлесіп келе жатыр екен?» дейтін еріксіз ойға тіреді... Жақындаған сайын ата мен баланың әңгімесі анықтала түсті: баланың сылдыраған сөзі құлаққа айқын жетті. - Аташка, біздің үйден терек биік, ана жаңа үй теректен де биік,- дейді бала. - Иә,- дейді «аташкасы»,- растағандай. - Келесі салынған үйлер мұнан да биік болады. Ал, ағаштар онан да аласа болып қалады... Атасы тоқтап қалды, мені көріп езу тартты. Сәлемдескеннен кейін: - Сакештің мектебі шақырып, оқушыларға Лениншіл Жастар Одағының қалай құрылғанын әңгімелеп бердім,- деді ол, қайдан келе жатқанын баяндап. Бұл адам белгілі қарт большевик және ғалым ұстаз Хамит Дәулетұлы Чурин еді. Ал, қасындағы бала - биыл мектепке барған жеті жастағы Сәкен дейтін оның немересі болатын. - Әңгімеңізді мынау да тыңдады ма!- деп мен де езу тарттым, бала жөнінде не дер екен деп. - Тыңдайды. Жиналысқа барамын десем болды: «Мен де барамын», - деп киіне бастайды. Әнеугүні жұмысшылармен кездескенде де бірге болды. Балаларға: «Менің Атам Ленин бабайды көрген»,- дейтін көрінеді. - Айтар, айтар. Биік пен аласаны, көне мен жаңаны салыстырып келе жатқанын естідім. «Менің атам Ленинді көрген»... Атасы бір емес бірнеше рет көрген ғой... Ойыма Хамит Дәулетұлының мұнан көп жыл бұрын жолдасына Ленинді көргенін әңгімелеп бергені түсіп кетті... «...Жұрттың көсемді ішінен тынып күткені, ал сахнаға шыға келгенде бүтін залдың ду қол ұрғаны, көз құйрығы күлімдей түсіп болды» дегендей сұқ қолын шошайта қалып төмен сілтеп, қобалжыған жұртты кілт тоқтата қойғаны ауызбен айтып жеткізерлік зат емес,- деп суреттейді жолдасына.- Ал, aп дегенде сондайлық жатық бастап, бірден-екі үнін де, сөзін де өрлете бергенін, шегелеп тастағандай әрі дәлелді, әрі мағыналы сөз жүйесімен жұртты селт еткізбей уысына сыйғызып алғанын сипаттап болмайды да. Ең кемі екі сағат сөйлеген шығар. Бірақ сол екі сағат баяндаманы жұрт екі минутта бітіргендей сезді-ау деймін... ...Бірінші рет дүниеге келген, бірінші жұмыскер мемлекетінің бұл бірінші жұмыс есебі еді ғой. Оған наразы адам - қарсы адам жоқ болғандықтан емес. Көсемнің болат сөзінің дәлелі ғой тыпыр еткізбеген. Әйтпесе ол залдың ішінде қарсы тараптың қарыспа адамдарынан өзге тәртіпке көнбейтін талай тентектер де отырды. Соның біреуі бір дыбыс шығара алған жоқ. Ол кез жон арқадан Юденич, оңтүстіктен Деникин, Сибирьден Колчак бас салып, аяғынан қаз-қаз тұра бастаған жас мемлекетті жоқ етуге тұс-тұстан оқ жаудырып жатқан кез ғой... ...Осындай шақта тап сол жиналыста кәдімгі меньшевиктердің, солшыл эсерлердің, Бунд партиясының, олардан басқа да анархистердің қалдықтары да отырыпты. Бұлар көсемнің баяндамасы бітісімен іштегі наразы ойын ақтара бастады. Әсіресе, Бундтың өкілі Фрумкина дейтін әйел көсемге бірден бас салды. Өзі де қара жыландай адам екен. Әрі жас, әрі көркем және сөзінен жалын шарпып тұрған бір бәле. Мұндай сөзден боран боратқыш сөйлегішті көрген емен... - Ие, не айтты? «...Совет өкіметі тек ЧК-аның күшімен тұр. Ленин сөз еркіндігі дегенді білмейді. Өзіне қарсы шыққан адамды тұтқындатып жатыр,- деп соқты қара жылан әйел». Ал, көсем оған: «Сөз еркіндігі жоқ дейсіз бе? Жоқ болса сіз қалай сөйлеп тұрсыз? Өзіңізді-өзіңіз шапалақпен жаққа тартып жіберумен бірдей ғой. Осыған да мен кінәлімін бе?» - деп күледі. - Қатырған екен!- дейді тыңдап отырған жолдасы. - Мартов та соны айтты. Бірақ ол Фрумкинадан гөрі сыпайырақ тілмен айтты. Міне, сондай кезеңде - қиын-қыстау шақтарда да Ленин бұқарашылдық дәстүрге шаң тигізген жоқ. Бір шоғыр ғана қарсы тарап емес, оның әділ жолын бар халық тегіс қолдайтынына оның көзі күні бұрын жеткен еді... - ...Рақмет Хамит Дәулетұлы!- деді жолдасы... Ленинді көргенін айтып беру - Ленин идеяларын үзбей насихаттаудың келісті түрі ғой. Хамит Дәулетұлының ұзақ өмірінің негізгі өзегі осы игі іспен өріліп жатқан сияқты. Ол бірінші Қазақ Атты полкының жас солдаты болып кіргеннен бастап саяси жұмысқа араласқан. Совет өкіметінің жұмысшы мен еңбекші шаруа өкіметі екенін сөзімен де, қаруымен де қорғауға үгітші! Төменгі партия - совет қызметінен Уездік партия комитетінің бірінші секретары, облыстық партия комитетінің жауапты қызметкері болып істеген шақтарда да сол үлкен идеяның жемісін көптің қолына ұстату - оның басты насихаты болды. Соңғы жиырма бес-отыз жылдың ішінде үзбей уағыздап келе жатқаны да сол жаңа ғылымның - өмірді Ленинше көркейтудің озат әдістерімен байланысты. Ол қазір ауыл шаруашылық институтының өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау кафедрасын басқарушы ұстаз. Хамит Дәулетұлының шәкірттері қазір Қазақстанның барлық түкпір-түкпірінде толы. Олардың басым көпшілігі совхоздар мен колхоздардың білімді командирлері. Ал, кейбіреулері республиканың басшы қызметінде болса, облыстық партия комитетін басқарып жүргендер де бар... Баланың берген сұрағына оралып: - Мына Сәкешіңіз атасына сұрақ бере бастады деңіз!- деп қалдым. - Иә. Қиын-қиын сұрақтар да береді. Бұлардың заманы біздің жас кезімімізден көп ілгері кетті ғой. - Бұрын ағаштар биік еді, қазір ағаштан үйлер неге биік деп сұрай ма? - Мұның сұрап келе жатқаны онан да әрі: келесі салынған үйлер онан да биік бола ма?- дейді... Құлағын тосып келе жатқан бала: - Таудан да биік үйлер сала ма?- деді. Атасы күліп: - Үйлер де биік болады. Өзіміз де биіктеп, биікке шыға береміз, Сәкеш. Самолетті көрдің ғой? Енді самолеттен де жоғары ұшатын космонавтар бар. Олардың корабльдері айға қонатын болды. Бала тынып қалды. Маған: «Осы сары бала айдан да жоғары ұшамыз ба деп сұрамағай!»- деген ой келді... Жеті жастағы Сәкен жоғары дәрежелі мектептің табалдырығын аттағанда Хамит Дәулетұлы 80-ге келеді екен. Сонда: - Аташкам да биіктеп барады!- дер-ақ Сәкеші. 1970 ж.

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға