Жаңалықтар

ІІІ БӨЛІМ

Қысы жоқ Мысыр елінің он екі айы бірдей жаз. Ең қоңыр салқын күндері 8 градус жылылықтан төмен түспейтін жері Александрия (Жер Орта теңізі жағалауы), ал, августың 11 күні Асуанда күннің ыстықтығы 46 градус екен. Қызғылт құмды жер бетінің түсі де қызғылт, аспаны ақбоз бұламықтанған шаңғылт. Түкірік жерге түспей ұшып кететін күйіп тұрған Кербаланың шөліндей таушықты, бұйра құмды, бұжыр бетті бір түбекте: жер қопарған бульдозер мен жүк көтерген тырна мойын крандар, құмырсқаша қаптаған самосвал мен үздіксіз жүгірген жүк машиналар, үйілген трубалар мен жұмыр бағаналар, ұйысқан сым шөмелелері мен табан темірлер, қарамай құйған бөшкелер мен бензинді цистерналар, қоршаған қоймалар, брезент бүркенген жүктер, тау тескіштер, тас бұрғылағыштар... Қаптаған адам, қора-қора техника асау Асуанның басына дулыға кигізіп, жуасытып, жөндем жермен жүргізіп, өлшеусіз күшін жаңа арнамен су ағызуға, электр қуатын өндіруге қосқан. Ұзындығы 500, ені 10 километр жерге Ніл дариясы жанынан қолмен жасаған дария шалқымақ. Соншалық жерде тоқсан түрлі тегершіктер электр күшімен зырылдап, түкпір-түкпірге жарық төгілмекші... Мысыр мен Судан елі кешікпей индустриялы, электрлі елдер қатарына іркілмей енбекші. Адам мен машина дариясының ішінен салынып жатқан, бітіп тұрған үйлер мен мектептер, клубтар мен балалар бақшалары, больница мен конторлардың арасынан Ғұмарды және оның вагонда кездескен шәкірттерін кездестіру оп-оңай іс көрінбеді... Асуан бөгетінен жиырма бес километр жерде Нілдің ең келісті бір иінінде жаңа қала тұр. Сол жерде Ніл аралы, дүниеде сирек кездесетін өсімдіктер бағы және асыл сулы бастау бар. Бұл - жер жүзінде бірінші курорт. Кешікпей осы демалыс аралына халық қалаулылары жан-жақтан ағылғалы жатыр. Біз аялдаған «Қалапша» қонақ үйі сол жағада. Тастан салған көрнекті үй. Тас демекші, ағашша жонылатын бор тас, қаттылығымен қажетті шыңылтыр тас, сұлу көрік беретін қызыл тастарды табиғат Ніл жағасына тегіннен-тегін үйе салған. Тас қазу, тас жону, тас оймыштау өнерін туғызған осы тамаша тастар болса керек. Қаһир жанындағы Гизаға салға тиеп ағызып апарған сандық тастар осы Асуан байлығы. Мұнан Хеопс, Хефрен, Микориностердің зәулім пирамидалары, тұтас тіліп нақыштаған мұнара белгілер мен тәңірі үйлері (храмдар) тұрғызылған ғой... Қонақ үйдің дем алатын залында отырғанымызда кешкі сағат 6-да Мұхаммед-Ғали Саид жетіп келді. Бала ентігін басып, езуін жиғанша Ғұмар да есік ашты. Шетте жүрген ағайынның бір-біріне өзгеше үйір келетіні мәлім. Ғұмармен жөн сұрастық. ...- Қызылорданың Шиелі станциясында туып өстім. Училище бітіргеннен кейін комсомол жолдамасымен Братск электр станциясын салысуға аттандық. Онда және басқа құрылыстарда он жыл істеген соң осы Асуанға жол шектім. Мамандығым: электросварщик. Бригадирмін. Осындағы араб жастарынан жиырма бес жеткіншекті өз өнеріме жетілдіру, яки электрмен болат пісіру, электр станциясын салу техникасына үйрету. Ұлым бар, 9 жаста. Үшінші класта оқиды. Өзім екі жылға шарт жасасып келіп едім, бірақ осындағы басшы мамандар әлі де болуымды қалайды. Сірә, Асуанды біржола бітірісіп аттанатын шығармын. Атым: Омар, әкем аты - фамилиям - Жетібаев,- дейді орта бойлы, жігерлі пішінді, қара торы қазақ. - Ал, ана Мұхаммед-Ғали Саид мұнан кейін не істемек? - Асуаннан кейін не істейтінін өзі айтады. - ...Өзімнің Кенама қайтамын. Сол жерде электр моторымен су шығарамын. Әкем жер алды. Әкеме жәрдем беремін. Күріш егеміз...- дейді Мұхаммед-Ғали. Ұстазы Омар Жетібаевты бізбен жолықтырғанына, жылы шыраймен қарсы алып, жантәнімен жақсылық істеуге жанталасқан Мұхаммед-Ғали Саидке рақмет айтып, естелік ретінде бір-бірден значок сыйладық. Соның бірі біздің жақсы көретін бала Лениннің монтиған әдемі значогі еді. Мұхаммед-Ғали жымия түсті. Оның тап сол минутта не ойлағанын өзі біледі. Ал, біз: анау қиығы жоқ, төбесі ашық, бұрыштары жапырайған қораш үйлердің жыл өтпей түрі де, түсі де өзгерер-ақ. Жерсіз келген жетім феллах қолына тиген бір-екі феддан егісіне көл-көсір суды мотормен ытқытар да. Сөйтіп, артта қалған Кена аймағына Омардың шәкірттері Асуан күшімен жарығын жарқыратар-ақ деп ойладық. Бұл Ніл бойында жанған Ильич шамы ғой! Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы
19.11.2013 08:28 2667

Қысы жоқ Мысыр елінің он екі айы бірдей жаз. Ең қоңыр салқын күндері 8 градус жылылықтан төмен түспейтін жері Александрия (Жер Орта теңізі жағалауы), ал, августың 11 күні Асуанда күннің ыстықтығы 46 градус екен. Қызғылт құмды жер бетінің түсі де қызғылт, аспаны ақбоз бұламықтанған шаңғылт. Түкірік жерге түспей ұшып кететін күйіп тұрған Кербаланың шөліндей таушықты, бұйра құмды, бұжыр бетті бір түбекте: жер қопарған бульдозер мен жүк көтерген тырна мойын крандар, құмырсқаша қаптаған самосвал мен үздіксіз жүгірген жүк машиналар, үйілген трубалар мен жұмыр бағаналар, ұйысқан сым шөмелелері мен табан темірлер, қарамай құйған бөшкелер мен бензинді цистерналар, қоршаған қоймалар, брезент бүркенген жүктер, тау тескіштер, тас бұрғылағыштар... Қаптаған адам, қора-қора техника асау Асуанның басына дулыға кигізіп, жуасытып, жөндем жермен жүргізіп, өлшеусіз күшін жаңа арнамен су ағызуға, электр қуатын өндіруге қосқан. Ұзындығы 500, ені 10 километр жерге Ніл дариясы жанынан қолмен жасаған дария шалқымақ. Соншалық жерде тоқсан түрлі тегершіктер электр күшімен зырылдап, түкпір-түкпірге жарық төгілмекші... Мысыр мен Судан елі кешікпей индустриялы, электрлі елдер қатарына іркілмей енбекші. Адам мен машина дариясының ішінен салынып жатқан, бітіп тұрған үйлер мен мектептер, клубтар мен балалар бақшалары, больница мен конторлардың арасынан Ғұмарды және оның вагонда кездескен шәкірттерін кездестіру оп-оңай іс көрінбеді... Асуан бөгетінен жиырма бес километр жерде Нілдің ең келісті бір иінінде жаңа қала тұр. Сол жерде Ніл аралы, дүниеде сирек кездесетін өсімдіктер бағы және асыл сулы бастау бар. Бұл - жер жүзінде бірінші курорт. Кешікпей осы демалыс аралына халық қалаулылары жан-жақтан ағылғалы жатыр. Біз аялдаған «Қалапша» қонақ үйі сол жағада. Тастан салған көрнекті үй. Тас демекші, ағашша жонылатын бор тас, қаттылығымен қажетті шыңылтыр тас, сұлу көрік беретін қызыл тастарды табиғат Ніл жағасына тегіннен-тегін үйе салған. Тас қазу, тас жону, тас оймыштау өнерін туғызған осы тамаша тастар болса керек. Қаһир жанындағы Гизаға салға тиеп ағызып апарған сандық тастар осы Асуан байлығы. Мұнан Хеопс, Хефрен, Микориностердің зәулім пирамидалары, тұтас тіліп нақыштаған мұнара белгілер мен тәңірі үйлері (храмдар) тұрғызылған ғой... Қонақ үйдің дем алатын залында отырғанымызда кешкі сағат 6-да Мұхаммед-Ғали Саид жетіп келді. Бала ентігін басып, езуін жиғанша Ғұмар да есік ашты. Шетте жүрген ағайынның бір-біріне өзгеше үйір келетіні мәлім. Ғұмармен жөн сұрастық. ...- Қызылорданың Шиелі станциясында туып өстім. Училище бітіргеннен кейін комсомол жолдамасымен Братск электр станциясын салысуға аттандық. Онда және басқа құрылыстарда он жыл істеген соң осы Асуанға жол шектім. Мамандығым: электросварщик. Бригадирмін. Осындағы араб жастарынан жиырма бес жеткіншекті өз өнеріме жетілдіру, яки электрмен болат пісіру, электр станциясын салу техникасына үйрету. Ұлым бар, 9 жаста. Үшінші класта оқиды. Өзім екі жылға шарт жасасып келіп едім, бірақ осындағы басшы мамандар әлі де болуымды қалайды. Сірә, Асуанды біржола бітірісіп аттанатын шығармын. Атым: Омар, әкем аты - фамилиям - Жетібаев,- дейді орта бойлы, жігерлі пішінді, қара торы қазақ. - Ал, ана Мұхаммед-Ғали Саид мұнан кейін не істемек? - Асуаннан кейін не істейтінін өзі айтады. - ...Өзімнің Кенама қайтамын. Сол жерде электр моторымен су шығарамын. Әкем жер алды. Әкеме жәрдем беремін. Күріш егеміз...- дейді Мұхаммед-Ғали. Ұстазы Омар Жетібаевты бізбен жолықтырғанына, жылы шыраймен қарсы алып, жантәнімен жақсылық істеуге жанталасқан Мұхаммед-Ғали Саидке рақмет айтып, естелік ретінде бір-бірден значок сыйладық. Соның бірі біздің жақсы көретін бала Лениннің монтиған әдемі значогі еді. Мұхаммед-Ғали жымия түсті. Оның тап сол минутта не ойлағанын өзі біледі. Ал, біз: анау қиығы жоқ, төбесі ашық, бұрыштары жапырайған қораш үйлердің жыл өтпей түрі де, түсі де өзгерер-ақ. Жерсіз келген жетім феллах қолына тиген бір-екі феддан егісіне көл-көсір суды мотормен ытқытар да. Сөйтіп, артта қалған Кена аймағына Омардың шәкірттері Асуан күшімен жарығын жарқыратар-ақ деп ойладық. Бұл Ніл бойында жанған Ильич шамы ғой!

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға