Жаңалықтар

ІІ БӨЛІМ

Адам ойын қиял көгіне жетектеген Мысыр! Ертегідей сұлу Ніл алқабы! Аңыз біткен, ертеңгі қойдай өріп, әлемге өрістеген жер! Ғайсадан төрт мың жыл бұрын арғы көне заманда өмірдің тылсым тілін ұққан - мысырлықтар! Геометрия мен астрономия ғылымын жөргектеп, көктегі жұлдыз санын есептеген, оның жүрісін тәй-тәйлеген ел! Ұлылығы мен сұлулығы таңдай қақтырған тәңірі үйлерін салушы Имхотеп инженерді туғызған халық! Қолөнері мен архитектура тілін меңгерген, сурет салу мен жазу-сызу нақышын тапқан жұрт! Төбесі көкті түртіп тұрған мәңгі жатар орын пирамида тамын салғызып, табытын саф алтыннан құйдырған пәрменді перғауындар мекені!.. Вагон терезесінен көз алдыма елестеген өткен заман бейнесі бүгінгімен өріле түседі. Темір жол Нілді жағалайды. Жағалау көк-жасыл өсімдікпен көмкерілген. Көк құрақ тәрізді ойдым-ойдым жерде жүгері қаулап тұр. Енді бір жерде қодыраңдап ескен бұхар тарысы. Ал, ойпаңдау поднос жазықта күріштің көк мақпалы. Ұлпа қардай үлбіреп, ақ желек атқан мақта алабы... Сан түрлі пальма ағаштары үлде мен бүлдеге оранған осындай қара-көк нәубетті алқапты әдейі әшекейлеу үшін тұрғандай сап түзеп тізіліп қалған. Соның ішінде құрма ағашы өзгеше - шаншылып өскен сида бойының қақ төбесінде бір шоқ үкі қадап қойғандай; ал онан төмен сегіз салалы, күмбез сағақты, сомдап соққан сырға сынды - желбау шашақтың басындағы ұйысқан құрманы сабағы зорға көтеріп тұр дерлік. Адам қолымен баптап өсірген көк-жасыл егістік пен тізілген жеміс ағаштарының бір шетінде қалтиған шығыр тұр. Оны аспай-саспай аяғын зорға басып, үй орнындай жерді әрең айналып жүрген шаңырақ мүйіз, арса-арса денелі көк өгіз. Көк өгіздің жанында жұқа ақбоз кенептен тіккен, етегі жерге тиетін көйлек-шапанды қара феллах. Қара феллах та сүйекті, көк өгіз де сүйекті, екеуі де ашаң, екеуі де шабан қимылды. Шығырмен шығарған су да шабан лықсып, сараң ағып жатыр. Атыздан-атызға жылап жететіндей. Көк өгіз бен қатқан қара феллахтан әрі жол жанында бірінен-бірі аласа, кертештенген атыз сияқты, тіркескен қара-қошқыл балалар. Олар да ақырын жылжып, су жолын бөгей бастаған шөке-шеңгені ысырғыштайды. Ұзынды-қысқалы бұл кішкентай феллахтардың үстінде де ұзын көйлек - галябия. Осы киім денені күннен қорғаумен қатар, жатса жамылғы ма қалай - әр жерде жапырағы етектей бұталардан құрған мосы - шошақтың түбінде дем алғандар да аз емес. Бұл Мысырдың басқа жерлерінен көбірек мешеулеп қалған Кена аймағының жол үстінен көрген сырт сипаттары. Ал, ана вагонда келе жатқан Ғабдұр-Рахим Халфе Мұхаммед Мұстафа мен Мұхаммед Ғали Саид тап осы аймақта туған. Бұлар атам заманғы жылжымас қалыптан бір адым да емес, екі адым да емес - көш ілгері кетуге айналған жүрдек заманның ұшқыр көлігіне іліккен сияқтанады. Олардың жайнаған жүздері мен ұшқын атқан көздері де қимыл-жігеріне лайық, шолақ жеңді, ашық жағалы жеп-жеңіл көйлектері мен ықшам шалбары да: «Енді ешкім тоқтата алмас!»- деп тұрғандай. Жері жемісті, суы ырысты, мәдениеті марқа, өнері өзгеше, Қаһиры (Каиры) мен АльАзхары мың жасты еңбеккер дана халықтың мың жылдық жолын бөгеген не?..
19.11.2013 08:27 3237

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға