Жаңалықтар

І БӨЛІМ

- Мына бала сізге қарай береді. Бір нәрсе сұрағысы келе ме қалай,- деді Хабекең ақырын ғана. - Маған ғана емес, бәрімізге де танитын адамдай жымиып қояды. Рас, бір нәрсе сұрағысы келетін сияқты,- деймін мен. Әлде өздері жөнінде әңгімелескенімізді сезе ме, әлде үнімізді байқағысы келе ме,- біз қаншама ақырын сөйлесек те бала жігіттер құлағын мықтап тоса қалады. Шет елдердің поезы өзгеше, самолеттің іші тәрізді шалқайып отыратын арқалы жұмсақ креслолы келеді. Біріккен Араб Республикасының вагондары да сондай екен. Тіпті ара қонып жететін Каирден Асуанға дейінгі 879 километр жолдың поезы да шалқайып отырып көз іліктіретін креслолы. Сапарлас жолдасым Шымкенттің теміржолшысы Хабибулла Бекеев: «Сізге қарай береді» деген бала-жігіт серігімен біздің алдымыздағы креслода отыр, Екеуінің де төбелері биік арқалықтан асар-аспас, желкесінде отырған бізге орындарынан көтеріле түсіп қарайды. Екеуінің де өңдері қара қошқыл, домалақ жүзді, бұйра шашты, көздері мойылдай. Сонымен бірге екеуінің бір-бірінен айырмашылығы да мол: бірі иықты, шаршы келген де, екіншісі таразы және бойшаң, Аласалау шаршы келген бала жігіттің шықшыты шығыңқы, қабағы қалыңдау. Көбіне-көп жымыңдаңқырап отырған осы шықшытты бала. Елегізген жас жігіттердің назарын аудару үшін: - Хабибулла, кешегі алған Кәләм шарифіңізді Көрсетіңізші,- дедім, араб сөздерін даралаңқырап сөйлеп. - Біріне-бірі жалт қарасты да орындарынан ұшып тұра келіп: - Муслим, Муслим?- деп екеуінің де кездері жайнай түсті. Шамалаған ойының үстінен түсті білем, екеуі Хабибулланы қоршай қалды. - Жүмһурият Қазақстан? Ғұмар. Муслим... Асуан?..- тағы да осы сияқты арабшасы аралас сөздерді жаудыра бастады. Поезд келе жатқан бетке қолдарын шошайтып, аса лепті шыраймен әлде небір жүрек түкпірінде жатқан сырын ақтарғандай. Бұл өзгеше назар аударып бізбен сөйлесуге ынтызар жастардың жайын білу ниетімен кейініректе отырған Тұрсынды шақырдың. Тұрсын Есенгелдина Алматының шет тілдер институтын бітіріп, астананың орта дәрежелі оқу орындарында ағылшын тілінен сабақ беріп жүрген кісі еді. Ағылшын тілінде сұраған Тұрсынның сұрағына жас жігіттер жауап бере алмады. Монархия құлар алдында ғана дүниеге келген бұл жастарға ағылшын тілі аса қажет болмай қалса керек. Біздің тұйыққа тірелгенімізді көріп, вагонның екінші жақ терезесінің алдында отырған орта бойлы, толықша келген, көрікті мысырлық жігіт жәрдемдесті. Бұл Асуанда қызмет істейтін инженер екен. Инженер өз тілінде жастардың қайдан келе жатқанын, қай жерде тұратынын, не істейтінін сұрады да: - Бұл жас жігіттер - Асуан құрылысында жұмыс істеп жүріп оқып, үйреніп, жаңа мамандыққа қол созған шәкірттер. Бұлардың ұстазы Совет Одағынан келген мұсылман қазақ Ғұмар дейтін адам көрінеді. Сіздерді сол Ғұмардың елінен келген адамдар емес пе екен деп сұрайды,- деді. Біз толық етіп жөн-жосығымызды айтып бердік. Мұнан кейін екі бала бейне бір туыстарын тауып алғандай өте-мөте іш тартып, бізге жақындай түсті. Бойшаң, ашық жүзді қоңыр жігіттің аты-жөні бір шумақ - Ғабдур-Рахим Халфе Мухаммед Мұстафа екен, ал екіншісі - аласалау, иықты және шықшыттылау келген бала жігіттің аты жып-жинақты - Мухаммед-Ғали Саид. Жасы жиырма бірде, монтажшы слесарь. Аты-жөні ұзын жолдасы, екеуі бір жерде туған. Кена аймағынан екен. Әлемге әйгілі Асуан құрылысында істеп жатқан совет мамандарының ішінде қазақастандық Ғұмардың болуы және оның мына сияқты жас жігіттерді мамандыққа үйретіп, ұстаздың етуі қатты әсер етті. Қалайда Ғұмармен жолығудың жолын көздеп хат жаздым да, мына шәкірттерінен ұстазына табыс етуін өтіндім. Мухаммед-Ғали хатты жолдасына бермей қағып алды да қалтасына тықты. Сөйтті де екі езуі екі құлағында: «Қам жемеңіз, бәрін де өзім бітіремін!» деген шыраймен хат салған қалтасын сыртынан сипап-сипап қойды.
19.11.2013 08:26 3205

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға