Жаңалықтар

Жер мен су сипаттары. Көктем

     1  Елуінші көктем... Көктем өзгеше нұр құйып тұр. Жаратылыс нұры! Дала гүл-шешек атып тұр. Салтанатына көз тояр емес! Қырдың қоңыр белдері сағымға бөленген. Бейне бір адам арманындай алыстан бұлдырайды! Жеті өзен Балхашқа жүгірген. Қыс бойғы сағынышы қойнына сыймағандай асығыс! Шие ағаш ақ кіреуке жамылған. Сары тұмақты қара өріктің жас аруындай сәнді! Алматының ақ теректері көкке қол соза түскен. Қол жетпес Алатау шоқысына еліктеп есі кеткендей! Түйе боздап, қой қоздап, қора да шу. Көбелек пен құстар да сайда ду-ду!.. Адам қиялы аспанға шапшиды. Батыр ұшқышы енді Айды алты айналып келгендей! Ер жігіт сонау Арал-Сорды бұрғылап жатыр. Қол құдіреті тереңнен мұнай бұлағын атқызғандай! Май дарқаны. Май екпіні. Май салтанаты. Үшеуі жиылып Алты Әлемді алшысынан тұрғызғандай! Еркін елдің ерікті ұлы Қызыл Байрағын көтерген. Өнерімен өзгеге өнеге бергендей! 2 Кеше... «Азалы ақ көрпесін сілке тастап» қаһарлы қыстан азат болған жердей, өмірде азаптап шаттыққа аяқ басып келеді. Талай көктем есте... Жел екпек. Күн көзін әлдене бүркегендей. Жерге жылу жетпейді. Ілбиген малдың тірсегі майысып, мойны басын зорға көтеріп тұрғандай. Аң аз. Нан қат. Жүдеу шәкірттің мектебі де азынап тұр. Қиығы електің көзіндей, су ағары құлақ тұндырады. Терезе хаққа тағат етіп тұрғандай жұмулы. Шүберек тығынын тентек жел түйіп қалғанда бір қолтық шаң-топырақ жалбыр Әліппеңнің бетін көміп өтеді. Класс іші шым үйдегі жер еденнің аз-ақ алдында. Сонда да жүгіре басып ертеңгі қоңыраудан қалмай жетесің. Үйдегі түскі көжеге ілбіп басып әрең жармасасың. Бұл алыстағы ауылда өткізген бірінші, екінші, үшінші көктемдердің сиқы еді. Атақты Алматының өзі де жайдақ өмірлі, ың-жыңсыз тұрмыстың қойнында қалғыпмүлгіп келген-ді. Көп көшесінде қой түнеп, жылқы үйездеп, жайласып жатып сиыр күйсейтін. Жапырайған үйлердің жатаған төбесінде қораздар азан шақырса, алда-алдалап тұрған құжыраларды солқылдатып жерде көк есек ентігетін. «Ақ шағала» мінгендей шалқайып, ат жеккендер қыбырлаған көк есектілердің төбесінен қарайтын. Қала іші шаң тұманын бүркенген тырна тізбекті көлік пен малға, базарына ағылған жанға толы болатын. Ресторан орнына Ашраундардың шайханасы, театр орнына - скамейкасы сықырлаған тар клубы ғана барды. Қаланың қалың интеллигенті... қос техникумның оқушылары еді. 3 Бүгін... Мыс толғатып, жез туып, Қарсақпайлар айғайлап, Жаппай қаулап коллектив,  Эмбалардан май қайнап... Қақырығы - қайма алтын Түкірігі - түйме алтын Қазақстан болды аймақ... Бұл даланың мұнан қырық екі жыл бұрынғы сипаты болса, қазір онан он есе артық асылымыз бар, бірақ «Алтыны бар кісі айқайламайды» деп данышпан Сағди айтқандай, біз у-шусыз бойдағы бар асылымызды молайта береміз. Өйткені, Алты Әлем оны өз көзімен көріп, өз құлағымен есітіп отыр. Өрлеу шаттығы жүзімізден де көрініп тұр. Неге десеңіз - іші сыртымыз бірдей нұрлы. Мұнанда гөрі нұрланбақ. Алпысыншы көктемде адам айтса нанғысыз болар. Оған дәлел мол. Бір кезде арманды Абай Шыңғыс тауынан Семейіне зорға жетіп, онан өмірі бойы аса алмай, «Қайран сөзім қор болды Тобықтының езіне» деп налып еді. Қабағынан қайғы таңбасы арылмай, «Қартайдық, қайғы ойладық ұлғайды арман...» деумен өтіп еді. Қазір Абайдың теңдесі жоқ сөзі мен кемеңгер бейнесі Семейден Москваға, Москвадан Парижге жетті. Батыстың Меккесіндей болып келген Парижде - оның Сорбоннасы мен Лувр залдарында Абайдың өзі тұр. Сөйтіп, «Абай Жолы» жеткізген Айгерім үні Сена жағасынан шығып енді Ла-Манштан да өтіп барады. Ал, оның соңынан кәдімгі Аралдың Ақбаласы сапарға шықты. Домбыра мен күй, ән мен би ше? Қазақ әні Арқадан Алтайға, Алтайдан Қытайға ғана жеткен жоқ. Әміре мен Күләштан кейін Европаны тағы да шарлап кетті. Домбыра жалғыз ағаш үйдің жабдығында емес, бар жерде ілулі, бар жерде бабында. Екі шекті құдірет Құрманғазы мен Тәттімбеттің сазы мен ырғағы ұлы музыканттар сазымен теңдес екенін танытты. Дүниелік байлығымызбен қатар мұнан өзге де көркем ой, көркем үн қазынамыз көктемнен көктемге түрлену, құлпыру жолында. Канада еліндегі Жержүзілік Көрмеде қазақ қаракөлімен қатарласа Олжастың бұйра жыры да орнын алды. Тап осының өзі де іші-сыртымыз асылға толы екенін байқатады. «Қалдырған мұрасы жоқ, рухани байлығы сарқылған елдер тағылық қалпынан еш уақытта еңсесі көтерілмек емес» дейтін сәуегейлік-өсекке өмір өзі жауап берумен келеді. Октябрь оятқан сарқылмас халық жігері, халық даналығы өнерлі ұл-қызының санын жыл санап арттырумен келеді. Адамның ішкі ажарын көрсетер айнасы - өз жүзі. Мемлекет көркін астанасынан байқайсыз. Астана көркі - табиғи сұлулығы мен байлығы және терең тамырлы бастауы мол мәдениет. Біздің елуінші көктеміміз осындай шарттардың үшеуін де нақыштады. Жері байдың - елі бай. Табиғат байлығы адам еңбегіне жол беріп тұрғандай. Сондықтан да о заманнан бері жемісті еңбек, зейнетті өнер, табиғи байлық бірімен-бірі ұштасып жатыр. Алматы  «Ақшалап бетін қар көміл, Аспанның төсін арда еміп, Анасындай алтын күн Жел жіберіп бір желпіп, Сел жіберіп бір жуып»- тұрған Алатау баурайында. Жемісі мол, суы бал, ауасы тұнық Жетісу алқабында. Бұл - жер құты, дарқан қала. О заманнан бері көп жұрт көз тіккен алтын бесік. Бұл - Алматы қаласын атақты қалалардың деңіне жеткізерлік табиғат сыйлығы. Еркін еңбек ерікті сұлу қаласын, жал-құйрығын тараштаған жүйріктей, баптаумен келеді. Көркейген үстіне көркейтумен келеді. Бір кезде екі ғана техникумы бар қала қазір бар саладан білімді маман шығаратын сан институтына қоса Академия мен Университет туын көтерді. Сыңар клубтың орнына Драма мен Опера, жастар мен ұлттар театрларына ие; Мәдениет, Спорт сарайларына ие. Стадионы мен Медеу мұз айдыны, Көктөбесі мен әлпеншекті аспалы жолы бар. Достың сарайы мен Зәулім үйлер шапшымалы суы атқылаған кербез көшелердің бойлауық теректерімен бой таластырып кетті. Алматы - Алты Әлемнен қонақтары үздіксіз ағылған меймандос елдің мейірлі астанасына айналды... Бірақ, толысу тоқталмайды. Көркею толастамайды. Ілгерілеу тоқырамайды. Бұл - жаңа өмірдің заңы. Ерікті елдің өсу заңы. Әрі қажырлы, әрі сабырлы, талай тар кезеңдерді бастан кешіріп келе жатқан қаһарман халық ілгері өрлей бермекші. Дарынды елдің сұлу сөзі мен көркемөнері шартарапқа тегіс тарауы хақ. Рухани байлығымыз, мінсіз бақыт адам баласының еркіндік көксеген үніне дем беруі де даусыз. Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы
19.11.2013 08:23 3920

     1 

Елуінші көктем...

Көктем өзгеше нұр құйып тұр. Жаратылыс нұры!

Дала гүл-шешек атып тұр. Салтанатына көз тояр емес!

Қырдың қоңыр белдері сағымға бөленген. Бейне бір адам арманындай алыстан бұлдырайды! Жеті өзен Балхашқа жүгірген. Қыс бойғы сағынышы қойнына сыймағандай асығыс! Шие ағаш ақ кіреуке жамылған. Сары тұмақты қара өріктің жас аруындай сәнді! Алматының ақ теректері көкке қол соза түскен. Қол жетпес Алатау шоқысына еліктеп есі кеткендей!

Түйе боздап, қой қоздап, қора да шу.

Көбелек пен құстар да сайда ду-ду!..

Адам қиялы аспанға шапшиды. Батыр ұшқышы енді Айды алты айналып келгендей! Ер жігіт сонау Арал-Сорды бұрғылап жатыр. Қол құдіреті тереңнен мұнай бұлағын атқызғандай! Май дарқаны. Май екпіні. Май салтанаты. Үшеуі жиылып Алты Әлемді алшысынан тұрғызғандай! Еркін елдің ерікті ұлы Қызыл Байрағын көтерген. Өнерімен өзгеге өнеге бергендей!

2

Кеше...

«Азалы ақ көрпесін сілке тастап» қаһарлы қыстан азат болған жердей, өмірде азаптап шаттыққа аяқ басып келеді.

Талай көктем есте...

Жел екпек. Күн көзін әлдене бүркегендей. Жерге жылу жетпейді. Ілбиген малдың тірсегі майысып, мойны басын зорға көтеріп тұрғандай. Аң аз. Нан қат. Жүдеу шәкірттің мектебі де азынап тұр. Қиығы електің көзіндей, су ағары құлақ тұндырады. Терезе хаққа тағат етіп тұрғандай жұмулы. Шүберек тығынын тентек жел түйіп қалғанда бір қолтық шаң-топырақ жалбыр Әліппеңнің бетін көміп өтеді. Класс іші шым үйдегі жер еденнің аз-ақ алдында. Сонда да жүгіре басып ертеңгі қоңыраудан қалмай жетесің. Үйдегі түскі көжеге ілбіп басып әрең жармасасың. Бұл алыстағы ауылда өткізген бірінші, екінші, үшінші көктемдердің сиқы еді. Атақты Алматының өзі де жайдақ өмірлі, ың-жыңсыз тұрмыстың қойнында қалғыпмүлгіп келген-ді. Көп көшесінде қой түнеп, жылқы үйездеп, жайласып жатып сиыр күйсейтін. Жапырайған үйлердің жатаған төбесінде қораздар азан шақырса, алда-алдалап тұрған құжыраларды солқылдатып жерде көк есек ентігетін. «Ақ шағала» мінгендей шалқайып, ат жеккендер қыбырлаған көк есектілердің төбесінен қарайтын. Қала іші шаң тұманын бүркенген тырна тізбекті көлік пен малға, базарына ағылған жанға толы болатын. Ресторан орнына Ашраундардың шайханасы, театр орнына - скамейкасы сықырлаған тар клубы ғана барды. Қаланың қалың интеллигенті... қос техникумның оқушылары еді.

3

Бүгін...

Мыс толғатып, жез туып,

Қарсақпайлар айғайлап,

Жаппай қаулап коллектив,

 Эмбалардан май қайнап...

Қақырығы - қайма алтын

Түкірігі - түйме алтын

Қазақстан болды аймақ...

Бұл даланың мұнан қырық екі жыл бұрынғы сипаты болса, қазір онан он есе артық асылымыз бар, бірақ «Алтыны бар кісі айқайламайды» деп данышпан Сағди айтқандай, біз у-шусыз бойдағы бар асылымызды молайта береміз. Өйткені, Алты Әлем оны өз көзімен көріп, өз құлағымен есітіп отыр. Өрлеу шаттығы жүзімізден де көрініп тұр. Неге десеңіз - іші сыртымыз бірдей нұрлы. Мұнанда гөрі нұрланбақ. Алпысыншы көктемде адам айтса нанғысыз болар. Оған дәлел мол. Бір кезде арманды Абай Шыңғыс тауынан Семейіне зорға жетіп, онан өмірі бойы аса алмай, «Қайран сөзім қор болды Тобықтының езіне» деп налып еді. Қабағынан қайғы таңбасы арылмай, «Қартайдық, қайғы ойладық ұлғайды арман...» деумен өтіп еді. Қазір Абайдың теңдесі жоқ сөзі мен кемеңгер бейнесі Семейден Москваға, Москвадан Парижге жетті. Батыстың Меккесіндей болып келген Парижде - оның Сорбоннасы мен Лувр залдарында Абайдың өзі тұр. Сөйтіп, «Абай Жолы» жеткізген Айгерім үні Сена жағасынан шығып енді Ла-Манштан да өтіп барады. Ал, оның соңынан кәдімгі Аралдың Ақбаласы сапарға шықты. Домбыра мен күй, ән мен би ше? Қазақ әні Арқадан Алтайға, Алтайдан Қытайға ғана жеткен жоқ. Әміре мен Күләштан кейін Европаны тағы да шарлап кетті. Домбыра жалғыз ағаш үйдің жабдығында емес, бар жерде ілулі, бар жерде бабында. Екі шекті құдірет Құрманғазы мен Тәттімбеттің сазы мен ырғағы ұлы музыканттар сазымен теңдес екенін танытты. Дүниелік байлығымызбен қатар мұнан өзге де көркем ой, көркем үн қазынамыз көктемнен көктемге түрлену, құлпыру жолында. Канада еліндегі Жержүзілік Көрмеде қазақ қаракөлімен қатарласа Олжастың бұйра жыры да орнын алды. Тап осының өзі де іші-сыртымыз асылға толы екенін байқатады. «Қалдырған мұрасы жоқ, рухани байлығы сарқылған елдер тағылық қалпынан еш уақытта еңсесі көтерілмек емес» дейтін сәуегейлік-өсекке өмір өзі жауап берумен келеді. Октябрь оятқан сарқылмас халық жігері, халық даналығы өнерлі ұл-қызының санын жыл санап арттырумен келеді. Адамның ішкі ажарын көрсетер айнасы - өз жүзі. Мемлекет көркін астанасынан байқайсыз. Астана көркі - табиғи сұлулығы мен байлығы және терең тамырлы бастауы мол мәдениет. Біздің елуінші көктеміміз осындай шарттардың үшеуін де нақыштады. Жері байдың - елі бай. Табиғат байлығы адам еңбегіне жол беріп тұрғандай. Сондықтан да о заманнан бері жемісті еңбек, зейнетті өнер, табиғи байлық бірімен-бірі ұштасып жатыр.

Алматы

 «Ақшалап бетін қар көміл,

Аспанның төсін арда еміп,

Анасындай алтын күн

Жел жіберіп бір желпіп,

Сел жіберіп бір жуып»- тұрған Алатау баурайында. Жемісі мол, суы бал, ауасы тұнық Жетісу алқабында. Бұл - жер құты, дарқан қала. О заманнан бері көп жұрт көз тіккен алтын бесік. Бұл - Алматы қаласын атақты қалалардың деңіне жеткізерлік табиғат сыйлығы. Еркін еңбек ерікті сұлу қаласын, жал-құйрығын тараштаған жүйріктей, баптаумен келеді. Көркейген үстіне көркейтумен келеді. Бір кезде екі ғана техникумы бар қала қазір бар саладан білімді маман шығаратын сан институтына қоса Академия мен Университет туын көтерді. Сыңар клубтың орнына Драма мен Опера, жастар мен ұлттар театрларына ие; Мәдениет, Спорт сарайларына ие. Стадионы мен Медеу мұз айдыны, Көктөбесі мен әлпеншекті аспалы жолы бар. Достың сарайы мен Зәулім үйлер шапшымалы суы атқылаған кербез көшелердің бойлауық теректерімен бой таластырып кетті. Алматы - Алты Әлемнен қонақтары үздіксіз ағылған меймандос елдің мейірлі астанасына айналды... Бірақ, толысу тоқталмайды. Көркею толастамайды. Ілгерілеу тоқырамайды. Бұл - жаңа өмірдің заңы. Ерікті елдің өсу заңы. Әрі қажырлы, әрі сабырлы, талай тар кезеңдерді бастан кешіріп келе жатқан қаһарман халық ілгері өрлей бермекші. Дарынды елдің сұлу сөзі мен көркемөнері шартарапқа тегіс тарауы хақ. Рухани байлығымыз, мінсіз бақыт адам баласының еркіндік көксеген үніне дем беруі де даусыз.

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға