Жаңалықтар

Жаз

      1       Сейтқали Өтешев ақсақалдың үйі - кең үй. Сәнді үй, Жиһазы мол үй. Дастарқаны... ертедегі Қасым Жомарттың дастарқаны дерлік. Сөз бен сипаттау қиын, суретке түсіріп алып қарап отыратын ғана дастарқан... Ал, үйдің сыртында оқшаулау, қора-жайдың алдында құла жорға және торы жорға аттар байлаулы тұр. Ер-тоқымды. Ықшам ер-тоқым. Жонасын сүрікпен қаптаған әскери ертоқым. Қазақ болғаннан кейін және мал жайғаннан кейін ерлі аттардың тұруы заңды-ақ. Тіпті жорға аттардың тұруы да орынды, өйткені, Сейтекең «алпыста атқа секіріп міне алмайсың» дейтін жаста. Сондықтан секірмей-ақ ептеп мініп, жүрісі тыныш жорғамен жайқалтып жүрсе - ірімшікке май қондырғандай келісті. Ал, жорғалардан басқа, ана ақ кенеппен жабулап қойған су жаңа «Запорожец». Оның үстіне алдыңғы жылы келгенде көрген құду бел көк «Волга» тағы тұр ғой! Сонда... Тікелеп сұрақ қоюға әдеп сақтап, әңгімені алысқа қарай бұра: - Сейтеке, жерлеріңіз де ұшан-теңіз екен ғой! Баяғыда атпен қона-түстене жүріп аралайтын едік осы жерлерді. Қазір машинамен жүріп жарты күнде әрең деген де айналып шықтық,- деймін қос жорға, қос машина жайында бірдеңе дер ме екен деп. Ақ сары болса да бет елібі әлі тоза қоймаған, шоқша ғана жирен сақалды Сейтекең сұм адам. Оның сұмдығы көзінің құйрығынан да көрініп тұр: «сөз төркініңді сезіп қойдым, машиналар мен аттарға қарай бересің, а?» деп жымиған шырай білдіреді. - Ұшан-теңіз жер. Шұрайлы. Рас айтасыз. Атпен айналып шығу қайда: мына жағымыз - Ащысай, Шідерті, Сасықкөл, Қашарсойған, ал сонау Сайға дейін Қарамектепті басып, Сағаға құлап, Аңқатыны өрлеп, Алқакөлге - бізге жеткенше... бұған тек машина қажет. Aт мал жаюға ғана керек қой,- деп сөзіне қостау іздегендей бізге және колхоз председателі Молдашқа кезек-кезек көз тастайды. Сонсоң қаз бен үйрегі жыртылып айрылатын Шалқар көлінің бетіндей толы дастарқан үстіндегі тағамды ысырғыштап қойып: - Жер мен Суымызға сай дәулетіміз де шүкіршілік!- дейді. ...Жер мен Суымызға сай...  2 Бұл халық аузында жыр болып келген Жер мен Су ғой... Кәдімгі: Арқада бір жер бар еді, Жібек самал саясы. Саяда бір көл бар еді, Алтын кесе аясы... дегізіп ақынның жанын әлдилеген Көкшенің жері ойыңды да, бойыңды да қоса тербетпей ме! Болмаса: Жемісі жерде мәуелеп, Терегі көкке тәуелеп, Тағысы таста ойнаса, Қияда қыран әуелеп. Андыздап ара бал сорып, Шешегін шымшып көбелек... бал мен жемісті алқапта өмір жүйесіндей тынбай жүгіріп, сегіз қарыс қар жауса он қарыс қамысы пана, жұт пен жоқшылықты білмеген Балхашқа жетуге асыққан Жетісу өңірін неге теңерсін! Теңдесі жоқ! Үлкен даланың барлық бұрышы бірдей әдемі, айнала қазына. Әсіресе, жүйрігін сылап-сипаған атпазшыдай ғылым тілімен баптап, нәубетін күн санап молайтып жатқан еңбек иесі дәулетке кенде болар ма! Сол үшін ғой не заманнан бері дарқан елдің дәулет құты болып келген жер мен суын бостандығымен тең көрген ер ұлдар: Еділ үшін егестік, Тептер үшін тебістік, Жайық үшін жандастық, Қиғаш үшін қырылдық... деп, қызғыштай қорып, атамекен жері үшін жан бергенін жырлап, ат үстінде күрсінгені. Сондай сулардың бірі Көксу. Көксу да атақты су. Кәдімгі Жетісудың бірі. Аты түсіне лайық - ашудас сынды. Ағыны қатты, тау мен дөңді, қырат пен жазықты жарып өтіп, сан алқапты сусындаттырып жатқан зор дәулетке ем су. Берекесі мол су. Сол Көксудың бойында егінін зорға игеретін, малының санын ертеден кешке зорға санап шығатын шаруашылықтар бар. Соның бірі жеті геройлы Қоғалы колхозы. Бұл бір өлкеде бір өзі дерлік - дәннің, овощтың, еттің фабрикасы сияқты. Ал, Қаратал қойнауы ше? Қараталдың бергі бетінде, кішкене Мұқырының бойында, «Карл Маркс» колхозы бар. Бұл колхозды атақты Алдабергенов алдыңғы саптағы шаруашылықтың бірі етуге күш салып еді. Соған айналды да. Әр жерде бытырап жайылған өркеші жоқ арық түйедей жапырайған балшық үйлер жоғалып, оның орнына көшелеpi оқтай, қызыл қиықты, көк терезелі, қағазға салған суреттей жарқыраған аппақ үйлер тізіліп тұр. Бір бетінде еңселі мектеп, мәдениеттің сәнді сарайы, контор, аурухана, емхана сияқты жайлар жаңа өмірдің жаңа қалашығына көрік беріп тұрғандай. Айналасы қара-құраға толған ферма жабдықтары өзіне лайың дәулеттілігін паш еткендей. Бұл жемісті еңбек иелерінің бүгінгі салтанатты өмір сипаты көзімізбен көрген мұнан қырық бес жыл бұрынғы бір суреттерді көз алдыңа алып келеді... ...1929 жыл. Сентябрь. Комсомолдың алға жүгіртетін Жеңіл Кавалериясы есебіндеміз. Жетісу губкомы «Артель құрылысын үгіттеуге» тап осы Мұқырыдағы Малай-Сары ауданына жібергендей. Бастығымыз - студент пысық комсомол Мырзағали Әбдірахманов еді. Әр жерде сала-саланың бойында, үркердей шүлдіреп, бөлшек-бөлшек қонған шаруалардың басын қосып: - ...Ағайындар, бір жерге жиылып қыстақ салып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып дегендей, қосылып еңбек етсеңдер, күш-көлік пен құрал-сайманды бірігіп пайдалансаңдар өмір сүру жеңіл болады. Жаңаша айтқанда мұны: артель дейді. Артельге өкімет жәрдемді тез және мол береді, өйткені көп алған қарыз соңынан өтеуге жеңіл. Ал, шөп шабатын машина, жер жыртатын темір сабан, тырма, фургон, сүттің қаймағын айыратын машина, үй салуға керекті: күйдірген кірпіш, төбені қиықтайтын бөрене, қаңылтыр, терезенің әйнегі мен кәшегі, не керек, ауқатты өмір сүруге қажет заттың бәрін алуға бір адамның шамасы келмейді. Сондықтан бірігу керек, ағайындар, біріксеңіздер бүтін мына Мұқыры алқабын бір күнде жыртып, бір күнде тырмалап беретін трактор алуға да болады,- деген Мырзағалиға таң-тамаша қарасып еді. Біреулер: - Ім, жақсы екен!.. - Иә, жақсы сөз. Байқап керу керек... - Солай. Көру абзал. Басқа жерлер де осылай етсе - ойланатын нәрсе. - Пайдалы нәрсеге, әрине, ұмтылады ғой жұрт. Тек қана соның пайдалы екеніне көз жетсін... Өткел аузында іркіліп қалған керуендей тоқырап, алды-артын байқап, аңдап сөйлеп, біріне-бірі қараған азаматтар тоғытылып артельге жазыла қалмады. Көбіне-көп «басқалардың» жазылғанын күтті, «шын пайдалы екенін көзімен көріп», қолымен ұстағанды мақұлдады. Өзіміз де меңгеріп әкете қоятын «үгітші» емес екенімізді байқатып: - Жазылыңыз, аға, жазылыңыз!- дей бердік... Бір әкімшілік ауылды аралап жүріп зорға дегенде он бес-он алты үйдің басын қосқанбыз. Олардың көпшілігі бұрынғы «Қосшы» мүшесі - сіңірі шыққан кедей-батырақ болатын. Олардың ортаға салған құрал-саймандары да өте жұтаң, ал күш-көлігі: бес-алты арық ат пен екі-үш пар өгіз ғана болды ғой деймін... Бүгін сол Мұқырыдағы - кішкене артельден ескен - Карл Маркс атындағы колхоз Талдықорғанның егінді, малды, мәдениетті, геройлы шаруашылықтарының бірі... 3 Иә, Сейтекең айтқан: Жер мен Суына сай... Байтақ республиканың батыс жағындағы бір шұрайлы жерде бұл қариенің колхозы. Балығы тайдай тулаған атақты Шалқар көліне құятын қос Аңқатының саласында. Бұл артельде тап сол Мұқырының бойындағы шаруашылықша басталған. Басында «Хан жұрты», сонсоң «Социализм» болып басталып, ал келе-келе «Қызыл Ту» колхозы аталғанды. «Хан жұртына» ең алдымен коммунист Асан, салт аты мен салбыр қамшысынан өзге тұлдыры жоқ Сүлеймен, көз түрткі болып келген Құл дейтін атадан Мұқамбетсары, Мүти және осы Сейтқали ақсақал жазылған. Осылар сияқты бірнеше еңбек иелерінің бір ат, бір сиырынан құралып, соқасымен әрекет жасалып өмір ащысын көбірек татырса да, қажырлы еңбек үздіксіз ілгері жылжытты. Кем-кетігі мол қуаң жылдар, қол күшін, көлік санын азайтқан соғыс кезеңі артта қалды. Қазір «Қызыл Ту» мұртын балта кеспес, «ілу де біреу» дейтін атқа ие болды. Ілу де біреу! Орал облысында мұнан сүбелі шаруашылық жоқ! Облыс емес, республикада, тіпті... қыза-қыза келгенде, Советтер Одағында жә бірдің өзі, болмаса екінің бірі дерлік. «Қызыл Ту» күні кеше мемлекетке үш миллион пұт астық сатты. Жеті миллион екі жүз мың сом табыс тапты. Оның төрт миллион екі жүз мың сомын колхоз өз игілігіне жұмсау үшін ортақ қорға салды! Оның үстіне жиырма бес мың қой мен екі мың сиыр және толып жатқан жылқы мен түйе тағы бар! Биылғы қуаң жыл ғана мол табыс алғызбады... Сөйтіп, жері байдың - елі бай, айнала шалқыған дәулет! Алайда, ағыл-тегіл малды, көлкөсір астықты, жиюлы жиһазды, ақ жабулы машиналы еңбек иесінің басты байлығы рухани ажарлылығы. Кейінгі ізбасарлар орта және орталау мектептерде жаппай оқып, оны бітіргендері жоғарғы жерден агроном, зоотехник, дәрігер, мұғалім, инженер, құрылысшы болып оралса, Мәдениет сарайлары көркем ой тәрбиесіне бөлеп жатыр. Әдебиет жайлы бір кеңесте токарь Нұрсұлтанов қай кітапқа қандай сын жазылып келгенін, көркемдіктің басты шарты өмір шындығын көрсете білу екенін айтты. «Қызыл Ту» мәдениет үйін басқарушы жас жігіт - ақын, ал, оның жәрдемшісі - суретші екен. Сол сияқты Казталовка ауданында почта бөлімінде істейтін жас жігіт пен оныншы класта оқитын қыз бала Төлеген мен Қыз Жібек рольдерін тамаша орындап, өнерлі жастар екенін көрсетіп еді. Міне, Сейтекеңнің мол дастарқанды кең үйінде Жер мен Су көркі көз алдыңа елестей береді. Дәулеттілік, әсіресе, адамның рухани сұлулығы сипаттай беруді керексітеді. 1967 ж. Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы
19.11.2013 08:22 3953

      1 

     Сейтқали Өтешев ақсақалдың үйі - кең үй. Сәнді үй, Жиһазы мол үй. Дастарқаны... ертедегі Қасым Жомарттың дастарқаны дерлік. Сөз бен сипаттау қиын, суретке түсіріп алып қарап отыратын ғана дастарқан... Ал, үйдің сыртында оқшаулау, қора-жайдың алдында құла жорға және торы жорға аттар байлаулы тұр. Ер-тоқымды. Ықшам ер-тоқым. Жонасын сүрікпен қаптаған әскери ертоқым. Қазақ болғаннан кейін және мал жайғаннан кейін ерлі аттардың тұруы заңды-ақ. Тіпті жорға аттардың тұруы да орынды, өйткені, Сейтекең «алпыста атқа секіріп міне алмайсың» дейтін жаста. Сондықтан секірмей-ақ ептеп мініп, жүрісі тыныш жорғамен жайқалтып жүрсе - ірімшікке май қондырғандай келісті. Ал, жорғалардан басқа, ана ақ кенеппен жабулап қойған су жаңа «Запорожец». Оның үстіне алдыңғы жылы келгенде көрген құду бел көк «Волга» тағы тұр ғой! Сонда... Тікелеп сұрақ қоюға әдеп сақтап, әңгімені алысқа қарай бұра: - Сейтеке, жерлеріңіз де ұшан-теңіз екен ғой! Баяғыда атпен қона-түстене жүріп аралайтын едік осы жерлерді. Қазір машинамен жүріп жарты күнде әрең деген де айналып шықтық,- деймін қос жорға, қос машина жайында бірдеңе дер ме екен деп. Ақ сары болса да бет елібі әлі тоза қоймаған, шоқша ғана жирен сақалды Сейтекең сұм адам. Оның сұмдығы көзінің құйрығынан да көрініп тұр: «сөз төркініңді сезіп қойдым, машиналар мен аттарға қарай бересің, а?» деп жымиған шырай білдіреді. - Ұшан-теңіз жер. Шұрайлы. Рас айтасыз. Атпен айналып шығу қайда: мына жағымыз - Ащысай, Шідерті, Сасықкөл, Қашарсойған, ал сонау Сайға дейін Қарамектепті басып, Сағаға құлап, Аңқатыны өрлеп, Алқакөлге - бізге жеткенше... бұған тек машина қажет. Aт мал жаюға ғана керек қой,- деп сөзіне қостау іздегендей бізге және колхоз председателі Молдашқа кезек-кезек көз тастайды. Сонсоң қаз бен үйрегі жыртылып айрылатын Шалқар көлінің бетіндей толы дастарқан үстіндегі тағамды ысырғыштап қойып: - Жер мен Суымызға сай дәулетіміз де шүкіршілік!- дейді. ...Жер мен Суымызға сай... 

2

Бұл халық аузында жыр болып келген Жер мен Су ғой... Кәдімгі: Арқада бір жер бар еді, Жібек самал саясы. Саяда бір көл бар еді, Алтын кесе аясы... дегізіп ақынның жанын әлдилеген Көкшенің жері ойыңды да, бойыңды да қоса тербетпей ме! Болмаса: Жемісі жерде мәуелеп, Терегі көкке тәуелеп, Тағысы таста ойнаса, Қияда қыран әуелеп. Андыздап ара бал сорып, Шешегін шымшып көбелек... бал мен жемісті алқапта өмір жүйесіндей тынбай жүгіріп, сегіз қарыс қар жауса он қарыс қамысы пана, жұт пен жоқшылықты білмеген Балхашқа жетуге асыққан Жетісу өңірін неге теңерсін! Теңдесі жоқ! Үлкен даланың барлық бұрышы бірдей әдемі, айнала қазына. Әсіресе, жүйрігін сылап-сипаған атпазшыдай ғылым тілімен баптап, нәубетін күн санап молайтып жатқан еңбек иесі дәулетке кенде болар ма! Сол үшін ғой не заманнан бері дарқан елдің дәулет құты болып келген жер мен суын бостандығымен тең көрген ер ұлдар: Еділ үшін егестік, Тептер үшін тебістік, Жайық үшін жандастық, Қиғаш үшін қырылдық... деп, қызғыштай қорып, атамекен жері үшін жан бергенін жырлап, ат үстінде күрсінгені. Сондай сулардың бірі Көксу. Көксу да атақты су. Кәдімгі Жетісудың бірі. Аты түсіне лайық - ашудас сынды. Ағыны қатты, тау мен дөңді, қырат пен жазықты жарып өтіп, сан алқапты сусындаттырып жатқан зор дәулетке ем су. Берекесі мол су. Сол Көксудың бойында егінін зорға игеретін, малының санын ертеден кешке зорға санап шығатын шаруашылықтар бар. Соның бірі жеті геройлы Қоғалы колхозы. Бұл бір өлкеде бір өзі дерлік - дәннің, овощтың, еттің фабрикасы сияқты. Ал, Қаратал қойнауы ше? Қараталдың бергі бетінде, кішкене Мұқырының бойында, «Карл Маркс» колхозы бар. Бұл колхозды атақты Алдабергенов алдыңғы саптағы шаруашылықтың бірі етуге күш салып еді. Соған айналды да. Әр жерде бытырап жайылған өркеші жоқ арық түйедей жапырайған балшық үйлер жоғалып, оның орнына көшелеpi оқтай, қызыл қиықты, көк терезелі, қағазға салған суреттей жарқыраған аппақ үйлер тізіліп тұр. Бір бетінде еңселі мектеп, мәдениеттің сәнді сарайы, контор, аурухана, емхана сияқты жайлар жаңа өмірдің жаңа қалашығына көрік беріп тұрғандай. Айналасы қара-құраға толған ферма жабдықтары өзіне лайың дәулеттілігін паш еткендей. Бұл жемісті еңбек иелерінің бүгінгі салтанатты өмір сипаты көзімізбен көрген мұнан қырық бес жыл бұрынғы бір суреттерді көз алдыңа алып келеді... ...1929 жыл. Сентябрь. Комсомолдың алға жүгіртетін Жеңіл Кавалериясы есебіндеміз. Жетісу губкомы «Артель құрылысын үгіттеуге» тап осы Мұқырыдағы Малай-Сары ауданына жібергендей. Бастығымыз - студент пысық комсомол Мырзағали Әбдірахманов еді. Әр жерде сала-саланың бойында, үркердей шүлдіреп, бөлшек-бөлшек қонған шаруалардың басын қосып: - ...Ағайындар, бір жерге жиылып қыстақ салып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып дегендей, қосылып еңбек етсеңдер, күш-көлік пен құрал-сайманды бірігіп пайдалансаңдар өмір сүру жеңіл болады. Жаңаша айтқанда мұны: артель дейді. Артельге өкімет жәрдемді тез және мол береді, өйткені көп алған қарыз соңынан өтеуге жеңіл. Ал, шөп шабатын машина, жер жыртатын темір сабан, тырма, фургон, сүттің қаймағын айыратын машина, үй салуға керекті: күйдірген кірпіш, төбені қиықтайтын бөрене, қаңылтыр, терезенің әйнегі мен кәшегі, не керек, ауқатты өмір сүруге қажет заттың бәрін алуға бір адамның шамасы келмейді. Сондықтан бірігу керек, ағайындар, біріксеңіздер бүтін мына Мұқыры алқабын бір күнде жыртып, бір күнде тырмалап беретін трактор алуға да болады,- деген Мырзағалиға таң-тамаша қарасып еді. Біреулер: - Ім, жақсы екен!.. - Иә, жақсы сөз. Байқап керу керек... - Солай. Көру абзал. Басқа жерлер де осылай етсе - ойланатын нәрсе. - Пайдалы нәрсеге, әрине, ұмтылады ғой жұрт. Тек қана соның пайдалы екеніне көз жетсін... Өткел аузында іркіліп қалған керуендей тоқырап, алды-артын байқап, аңдап сөйлеп, біріне-бірі қараған азаматтар тоғытылып артельге жазыла қалмады. Көбіне-көп «басқалардың» жазылғанын күтті, «шын пайдалы екенін көзімен көріп», қолымен ұстағанды мақұлдады. Өзіміз де меңгеріп әкете қоятын «үгітші» емес екенімізді байқатып: - Жазылыңыз, аға, жазылыңыз!- дей бердік... Бір әкімшілік ауылды аралап жүріп зорға дегенде он бес-он алты үйдің басын қосқанбыз. Олардың көпшілігі бұрынғы «Қосшы» мүшесі - сіңірі шыққан кедей-батырақ болатын. Олардың ортаға салған құрал-саймандары да өте жұтаң, ал күш-көлігі: бес-алты арық ат пен екі-үш пар өгіз ғана болды ғой деймін... Бүгін сол Мұқырыдағы - кішкене артельден ескен - Карл Маркс атындағы колхоз Талдықорғанның егінді, малды, мәдениетті, геройлы шаруашылықтарының бірі...

3

Иә, Сейтекең айтқан: Жер мен Суына сай... Байтақ республиканың батыс жағындағы бір шұрайлы жерде бұл қариенің колхозы. Балығы тайдай тулаған атақты Шалқар көліне құятын қос Аңқатының саласында. Бұл артельде тап сол Мұқырының бойындағы шаруашылықша басталған. Басында «Хан жұрты», сонсоң «Социализм» болып басталып, ал келе-келе «Қызыл Ту» колхозы аталғанды. «Хан жұртына» ең алдымен коммунист Асан, салт аты мен салбыр қамшысынан өзге тұлдыры жоқ Сүлеймен, көз түрткі болып келген Құл дейтін атадан Мұқамбетсары, Мүти және осы Сейтқали ақсақал жазылған. Осылар сияқты бірнеше еңбек иелерінің бір ат, бір сиырынан құралып, соқасымен әрекет жасалып өмір ащысын көбірек татырса да, қажырлы еңбек үздіксіз ілгері жылжытты. Кем-кетігі мол қуаң жылдар, қол күшін, көлік санын азайтқан соғыс кезеңі артта қалды. Қазір «Қызыл Ту» мұртын балта кеспес, «ілу де біреу» дейтін атқа ие болды. Ілу де біреу! Орал облысында мұнан сүбелі шаруашылық жоқ! Облыс емес, республикада, тіпті... қыза-қыза келгенде, Советтер Одағында жә бірдің өзі, болмаса екінің бірі дерлік. «Қызыл Ту» күні кеше мемлекетке үш миллион пұт астық сатты. Жеті миллион екі жүз мың сом табыс тапты. Оның төрт миллион екі жүз мың сомын колхоз өз игілігіне жұмсау үшін ортақ қорға салды! Оның үстіне жиырма бес мың қой мен екі мың сиыр және толып жатқан жылқы мен түйе тағы бар! Биылғы қуаң жыл ғана мол табыс алғызбады... Сөйтіп, жері байдың - елі бай, айнала шалқыған дәулет! Алайда, ағыл-тегіл малды, көлкөсір астықты, жиюлы жиһазды, ақ жабулы машиналы еңбек иесінің басты байлығы рухани ажарлылығы. Кейінгі ізбасарлар орта және орталау мектептерде жаппай оқып, оны бітіргендері жоғарғы жерден агроном, зоотехник, дәрігер, мұғалім, инженер, құрылысшы болып оралса, Мәдениет сарайлары көркем ой тәрбиесіне бөлеп жатыр. Әдебиет жайлы бір кеңесте токарь Нұрсұлтанов қай кітапқа қандай сын жазылып келгенін, көркемдіктің басты шарты өмір шындығын көрсете білу екенін айтты. «Қызыл Ту» мәдениет үйін басқарушы жас жігіт - ақын, ал, оның жәрдемшісі - суретші екен. Сол сияқты Казталовка ауданында почта бөлімінде істейтін жас жігіт пен оныншы класта оқитын қыз бала Төлеген мен Қыз Жібек рольдерін тамаша орындап, өнерлі жастар екенін көрсетіп еді. Міне, Сейтекеңнің мол дастарқанды кең үйінде Жер мен Су көркі көз алдыңа елестей береді. Дәулеттілік, әсіресе, адамның рухани сұлулығы сипаттай беруді керексітеді. 1967 ж.

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға