Жаңалықтар

ІІІ БӨЛІМ

Төмендегі қойнауды тұтас алып, бейне бір құжынаған құмырсқаның илеуіндей, бірі секіріп, бірі отырып, біреулері мосы құрып қазаншықтарына ас қайнатып, біреулері жалаң қылышпен әлденені қырқып жатқан казактарды көргенде барлаушы екі жігіт шошып кетіп еді. Олардың ойынша «банды» деген бірнеше адам, ең көп болса он-он бес кісі. Тіпті топтанған атты казак шапқыншылары да отыз-қырықтан аспайтын шығар дейтін. Ал, мына есепсіз нөпір адамды шыбын жанынан түңілтерлік... Не күшті - адамшылық борыш күшті. Әсіресе, қаннен-қаперсіз жатқан момақан халықты тонағыш бас кесерлерден қорғау борышы өзгеше. - Санын білу керек, қосшы бала, мына дінсіздердің,- деді, барлаушылардың байсалды пішінді үлкендеуі. - Қалай санамақпыз мына қарақұрымды? Бізді көре сала ат тізгініне жармасып жатыр, қазір қумақшы ғой бізді,- деп жауап қатты екіншісі, айнала жалтақ-жұлтақ қарап. - Арамыз алшақ... Ұстатпаймыз... Аттарын санайық - сен оң жақтағы топты, мен мына жағын... Екеуі екі шетінен көзбен аттарын санай бастады да, лезде аттарына міне сала өздеріне ұмтылған казактарды көріп, жалма-жан кері шапты. - Мен жүзден асырдым оң қолдағы аттардың санын. - Мен... екі жүз бар-ау деймін бергі қалың шоғырды. - Ойпырым-ай мынау сөкет!.. - Сөкет емес, онан да сұмдық!.. Бетін аулақ қылсын құдай мыналардың, егер уезге шапса тып-типыл етер! Шауып келе жатып екеуі осылай қағысып еді. Бұларға қарсы шауып, алдымен жеткен Ақназаровқа екеуі қосарлана: - Зейнеке, сұмдық! Үш жүзге аяғын да жимас... Қаптап келеді. Жер қайысады. Әне! Әне, алдыңғы бізді қуған топтың соңынан қара-құрымы да қозғалды...- деп ентікті. Зейнедден кері шауып аң құба бастық жігітке мәлімдеді. Отряд қарсыласу әрекетіне кірісті. - Әттең зеңбірек болса!- деді Халит. - Зеңбірегің не, шырағым-ау? Пулемет болса десейші,- деп Мүти оның сөзін жөндеп еді,- өте семіз, қарауға нарттай, әрі ірі Қожанияз: - Мыналар пулеметке де қарамас. Атакалауға айналды... Қылыштарын көрдің бе үйірген, күнге шағылысады,- деп мылтығын кезеніп, қатарынан екі рет атып-атып жіберді. Жеті-сегіз шақырым жердей қырқаның басынан төмен құлдилаған казактарға оқтың дарударымасы да неғайбыл еді. Сонда да Қожаннязға ілесе, дүркін-дүркін атыс та басталды. Аздан кейін мылтықтың түтінімен көгілдір тұман көтерілді. Жау беттегі алыстан шыққан дүңкіл-дүбірге қосыла, нысанасына жетпей баурайдағы тасқа тиіп «шың» еткен отряд оғының нәзік дыбысы да құлаққа шалынғандай. Тасқа соқпағаны төмпе басын «бұрқ» еткізіп жерге сіңіп кетеді. Түнерген бұлттай ақырын жылжып, бірте-бірте төне түскен қатары қалың банды көп уақыт өтпей ыдырап, тұс-тұстан лап беріп, «атойлауға» кірісті. Үркердей шоғырланған шағын отрядті қоршап алу үшін олар үлкен сүзбе аудай қос қанатын алыстан жайып, қыспаққа ала бастады. Екі ара көрер көзге тарыла берді. Алыспен төтеп бере аларлық емес, бірен-саран оққа ұшқанына қарамастан жау қарсы жуықтап та қалды. Тіпті, күн көзіне шағылысқан жалаң қылыштың жарқылы жан түршіктірерлік... Жеңіл қарулы комотрядтің бір тізбектен ғана патроны бар еді, енді оның да ақтық обоймасы мылтық көмейіне күмпіді. - Жігіттер! Жау саны бізді төрт орап алғандай. Қалған оқ бүркуге де келер емес. Сондықтан кері шегіну қажет. Бірақ, дүркіреп қаша жөнелмей, сирек атсақ та қайырылып ұрыс салуымыз керек. Қайрат көрсете шегінуге тырысайық, - деді отряд бастығы. Сөйтіп, отряд аттың басын кері - келген кең жазыққа бұрды. Ендігі амал - жеңу емес, әлдеқайда күші басым жаудан бас қорғау болды. Оларға қолға зорға түскендей ауыр хал кездесті. Коммунистер отряді беті ашық кең жазыққа қарай қайырылып атысып, бес шақырымдай жер шапты. Бірақ шаңқай түстен күн еңкеюге құлағанша шалдырмастан жүріп келген аттар босаңсуға айналды, жігіттердің алды ұзап, арты біріндеп кейін қала берді. Біренсаран, қуып жетерлік жерде, қоржын-қоршауда қалып қойған коммунистер енді мейірімсіз жаудың шыбықтай турауына да ілікті. Атты казактар алқымдай түсті. Кейінде жеті адам қалып, оның үшеуі құтыла алмас жерде болды да, ал төртеуі өлім тырнағынан жырылып шығуға жанталасты. Бұл төртеу: Халит, Мүти, Зейнедден және Қожанияз еді, Алдағы, көз ұшында ұзап кеткен жолдастарына жете алмай, арттағы ауыр халде қалғандарға қол үшін бере алмай, бұлар енді аузын арандай ашқан жебір өлімнің ұзын шеңгеліне түспеу жағын ғана көздеді. Әркімде бір ой, әркімде бір арман жаңа басталғандай... Бір үміт ат та ғана. Қару жұмсап, қолдасып қырқысып жау бетін тойтару құр қиялдай. Көпке топырақ шашып болмайтыны ежелден белгілі. Бастық жігіт: - Жау бізді төрт орап алғандай,- деді. Бұл да көңіл жұбату. Барлаушылардың асығыс санап үлгергенінің өзінде: жау саны төрт емес, жеті есе, тіпті, сегіз есе артық бізден... Жігітті жауда қалдырмайтын - ат! Ол да алыс. Оған жету де арман. Өйткені, қырда бабына келіп жер тарпып жүрген саяқтар мен жай күннің өзінде жарау азынаған айғырлар елде... Ел!.. Ата мен ана. Аға мен іні. Сүйген жар. Айрылмас дос. Енді бәрі арман! Бәрі!.. Кешікпей Қожанияздың семізден ұстаған аты тығылып, борсаңдап, бірер шақырым жер дір-дір қағып, жарым аяң, жарым бүлкілмен келді де төбеге ұрғандай тұрып қалды. Бұл кезде аты мүлдем болдырып қалған Мүтиді Зейнедден артына міңгестіріп те алып еді. Kepi бұрылып келіп бұларды Халит шылбыр тастап жетелей жөнелген-ді. Сөйтіп, көп кейін қалған Қожаниязға бұрылуға шамасы келмей төртеудің үшеуі жан-дәрмен күн міңгесіп-ұштасып, итпектеп ілгері аса берді. Басында өзі етті, өзі ірі Қожанияздың қоңды аты да өзіне сай көрініп еді және оны тез болдырады деп ешкім ойламаған да болатын. Бір кез Халит кері айналып мүшелік жер шоқытып, кейінде қалып қойған жолдасы Қожанияздың халін білмекші болып еді, өз атының болдырып қалғанын сезді. Ат төрт тағандап, аяғын алыс-шалыс басты, аздан кейін тарбаңдап барып жай бүлкілге көшті. «Бұл күймен енді ілгері жүрсем біржола жау қолында қалармын» деп ол Қожаниязға қол үшін бере алмай, қашықтап кеткен жолдастарына жетудің қамын жасады. Атын үсті-үстіне қамшылай түсті, ақтық рет күшке салып шоқырақтатып алдыңғыларға айқайлады. Ол мықтап састы. Арт жақта жау тобынан бөлінген бірнеше адам бұларды қалайда «жазым» ету ниетіне кіріскендей, ілгері бөлініп шыға берді. «Енді жетеді-ау... енді жетеді-ау» деген кезде қалың-қалың жусаны бар алашағыл төмпелі жерде жайылып жүрген екі-үш түйе көзге ілікті. Түйелер алысқа маңқия қарап алып, басын жерге бабымен салып, бабымен оттауда еді. Кей кезде суға батып бара жатқан адамға қолға іліккен сыңар тал да жан-дәрмен. Бұлардың бағына қарай, жайылып жүрген түйелерден бір бүйір шөгіп жатқан атан кездесті. Атан жайбарақат жайланысып, қауданы қалың ойпаңдау жерді тауып шөккен екен. Алысырақтан ол көзге де зорға шалынарлық ала шабыр қырлық оны көрсетер емес. Өзгелерден озық жүретін Зейнедден түйені бірден көріп, амал-айланы да бірден тапты. Өзін тас құшақтап алған Мүтиге: - Қамдан, мына түйе тұрып үлгергенше мен жетіп үлгерейін, ал сен үстіне үлгер!- деді. Бұл іс оның ойлап пішкеніндей дәл орындалды: маңғаз атан шауып келе жатқандарды елең қылмай жайымен жата берді. Кейбір жайбасар түйенің қамшы салмай, болмаса таяқ сілтемей жатқан жерінен тұрмайтын мінезі де болады. Ал, мынау сондай бір үрікпейтін, саспайтын маңғаздың өзі болып шықты. Зейнедден арт жағынан жанамалай келіп, Мүтиге: - Ал ырғы!- деп бұйрық берген кезде ғана «маған келдіңдер ме?»- дегендей, бұрылып бір қарап алып, шонданын көтере бастады. Аттан ырғып кеткен Мүти тұрып үлгергенше оның үстіне де қонып қалды. Жерден жамбы алатын адамдай Зейнедден орағытып қайта айналып келіп, Мүтиді көтере түрегелген атанды қамшылап, алдына салып алып қуа жөнелді. Қос-қосынан қамшы тиген атан тайраққа салды. Ал, түйе тайрақтың атқа жеткізбей кететіні де болады, мұны мына түйелі елдің балалары жақсы білетін-ді. Зейнедден атан үстіндегі Мүтиге: - Енді құтылдың. Ана былғары белбеуіңді шешіп ал да төпей бер. Алды-артына қаратпа!- деп айқайлады. Мүти атанды төпей берді. Зейнедден енді Халитке оралды. Зейнедден Халитті де құтқармақ еді... Бүлкілден аяңға түсіп, енді жиі-жиі төрт тағандап тұрып алып, жүрмей сіле қатырған атын тастай беріп, жан ұшырғандай жүгіріп келе жатқан Халитті ол іліп алып артына отырғызды. Екеуі міңгескен күйі алға озып кеткен атанды Мүтидің соңынан шапты. Атан жеткізбейді. Үстіндегі жаны мұрнының ұшына келген Мүти былғары белбеуімен төпелеп ілгері аса берді. Түйеліге жету түгіл міңгескен екеуге оның қарасын көріп отыру да күш болды. Енді екеуінің астындағы «ең қарулы жылқы» деген Зейнедденнің аты сыр берді. Ат шоқырақтан бүлкілге көшті... Халит аса табанды, өте-мөте сабырлы және жас болса да әр нәрсеге қалтқысыз тура баға беретін ойлы жігіт еді. Қысылтаяң шақта ол жан түршіктірерлік ащы ойларын салалай келіп және арт жақтан банды таялып қалғанын көріп ақтық ерлік үкім шығарды... Өз үкімін өзі шығарды. - Зейнедден, екі жан қаза тапқанша бір жан... Мен көндім тағдырдың үкіміне!.. Саған ризамын. Басқаларға да. Сен ілгері ас. Ат бір кісіні құтқаратын жылқы. Қалаға жет... Қош!- деп, жолдасының тізгінін тартты да, сөзге келтірместен, секіріп жерге түсті. - Ойпырым-ай! Халит-ай! Ойпырым-ай, бауырым-ай! Арғы жағын...- деді, Зейнедден сөзінің соңын жұтып. Ақ боз атты банды қылышын оңды-солды сілтеп, ысқырып шауып келе жатты. Ол терлептепшіп, қатты жүгіре де алмай, ырсылдап келе жатқан Қожаниязды көргенде атын қойға шапқан бөріше көсілдірді. «Ұяда не көрсе - ұшқанда соны іледі» деген, жас кезінен ат үстінде ойнап жандыны да, жансызды да оңды-солды шауып, өмірі бойы қылышпен турап үйренген белгілі атты казак жауынгері алдында жүгіріп бара жатқан жонды жігітті қызық үшін қиғаштап сілтеп, басын қырқып өтпекші болды. Ол бұл жан ұшырып бара жатқан пендені адам деп, ол адамның қиналар жаны мен аяулы тәні бар деп, артында жанашыры жылар деп ойына да алмады білем, тек қана қиюға, қинап айызы қануға ұмтылғандай пішін көрсетті. Нақ сол сәтте бұл қанқұмар қаскүнемнің жүзінде шаттық шырай лапылдап көздері жайнай түсті. Екпіні желдей есіп таянып қалған дұшпанның қаршылдаған ат ауыздығы құлаққа анық шалынған шақта, буалдыр ойдың сілтеуімен Қожанияз шаппасы қайырулы келе жатқан наганмен жалт бұрылып бір тартып қалды. Өзі тағы ілгері ұшты. Ол артына қарай алмады, жауының атымен қоса ұшып түскенін оқыс бұлқынысы мен өзгеше дүрсіл-дүбірінен сезді. Бірақ оқтың қайсысына тиіп, қайсысының жазым болғанын түптеуге шама жоқ. Аттан құлаған адамның «ыңқ» еткендей дыбыс шығаратынын, ал аттың онан да зор ыңқылкүрсіл беріп тыпыршитынын талай-талай естіген, жасынан бері құлағы үйренген нәрсе. Бұл жолы аттың құлағаны бұрылып қарамаса да айқын. Сондықтан, «...енді жете қоймас. Жыра-жықпыл кездессе... бұғар жер... бас пана... құтылар күн...» деген үздік-үздік тілектер шұбатылды. Таянып қалған шапқан аттың дүрсілі, әлдененің адамды етбетінен түсіргендей екпін-зуылы бұл буалдыр үмітті де кесіп кетті... Екінші сәтке не болғанын білмей қалды... түпсіз құдыққа құлап кеткендей болды... Осының бәрі бір сағаттай-ақ уақыттың ішінде болған уақиға: көре сала соңына түсу, алыстан атыса қашу, бірнеше шақырым жер кеткен бір шоғыр жанды құтқармай өкшелеп, жеткен жерде біртіндеп турау бәрі де тез болды. Қас пен көздің арасындай мезетте кездескен ажал бірнеше жастың қыршын өмірін қиып үлгеріп еді. Ендігі кезек келесі құрбандыққа таянғандай... Халит Қожанияздай денесі ауыр емес, қағылез және бойшаңдау болатын. Ол жүгіріп кетсе, аттан қалмайтын жігіттің бірі десе болғандай. Алайда, өзіне де, өзгеге де белгісіз бір ауыр зіл оның екі иығынан басып, тұла бойы құрыстап, денесі дел-сал, басы мең-зең болды да қалды. Ол жүгірмеді. Бір жерде тұрып та қалмады. Бар нәрседен бейхабар адамдай, жайбарақат халге түсті. Алқымдап келіп желкеден соққан «соққының» екпінінен ол еңкейіп барып бір тізерлеп қалды, бірақ омақасып жығылмады. Ың-жың өзгеше қимыл, өзгеше бір күңгірт ауыр дыбыс құлаққа ызыңдағандай. Екінші «соққыдан» етбеттеп түсті... көп жүріп, көп көрген өзінің қара шаппасына құлап кеткендей... Көп заман өткендей... Қайда?.. Қай жер?.. Бұл! Қайдағы ың-жың?.. Әуелі өте алыстан, сонсоң қасынан дыбыс шықты. Дыбыс. Анық дыбыс... Өзі жайлы... - Отруби палец!.. Ол ойлағанша, демін ішіне тартып үлгергенше, үстінде тұрған адам сол қолының саусағын... жұлып алды. Қол жерге сылқ етті... Ол анық білді. Анық сезді. Бірақ, баяғы мең-зең, баяғы зіл қара тас оны әлі күнге дейін басып тұрғандай. Ол сұлқ қалды. Сонда да ол біліп жатты. Көзін ашпай, демін алмай, сол «сұлқ» күйінде жатып қолтығының асты «шым» еткенін де, мылтық дауысының «шаңқ» еткенін де сезді... есітті... Ұзақ уақыт өтті... шалқасынан жатқан күйі қозғалмай жатып қалды..
19.11.2013 08:18 2894

Төмендегі қойнауды тұтас алып, бейне бір құжынаған құмырсқаның илеуіндей, бірі секіріп, бірі отырып, біреулері мосы құрып қазаншықтарына ас қайнатып, біреулері жалаң қылышпен әлденені қырқып жатқан казактарды көргенде барлаушы екі жігіт шошып кетіп еді. Олардың ойынша «банды» деген бірнеше адам, ең көп болса он-он бес кісі. Тіпті топтанған атты казак шапқыншылары да отыз-қырықтан аспайтын шығар дейтін. Ал, мына есепсіз нөпір адамды шыбын жанынан түңілтерлік... Не күшті - адамшылық борыш күшті. Әсіресе, қаннен-қаперсіз жатқан момақан халықты тонағыш бас кесерлерден қорғау борышы өзгеше. - Санын білу керек, қосшы бала, мына дінсіздердің,- деді, барлаушылардың байсалды пішінді үлкендеуі. - Қалай санамақпыз мына қарақұрымды? Бізді көре сала ат тізгініне жармасып жатыр, қазір қумақшы ғой бізді,- деп жауап қатты екіншісі, айнала жалтақ-жұлтақ қарап. - Арамыз алшақ... Ұстатпаймыз... Аттарын санайық - сен оң жақтағы топты, мен мына жағын... Екеуі екі шетінен көзбен аттарын санай бастады да, лезде аттарына міне сала өздеріне ұмтылған казактарды көріп, жалма-жан кері шапты. - Мен жүзден асырдым оң қолдағы аттардың санын. - Мен... екі жүз бар-ау деймін бергі қалың шоғырды. - Ойпырым-ай мынау сөкет!.. - Сөкет емес, онан да сұмдық!.. Бетін аулақ қылсын құдай мыналардың, егер уезге шапса тып-типыл етер! Шауып келе жатып екеуі осылай қағысып еді. Бұларға қарсы шауып, алдымен жеткен Ақназаровқа екеуі қосарлана: - Зейнеке, сұмдық! Үш жүзге аяғын да жимас... Қаптап келеді. Жер қайысады. Әне! Әне, алдыңғы бізді қуған топтың соңынан қара-құрымы да қозғалды...- деп ентікті. Зейнедден кері шауып аң құба бастық жігітке мәлімдеді. Отряд қарсыласу әрекетіне кірісті. - Әттең зеңбірек болса!- деді Халит. - Зеңбірегің не, шырағым-ау? Пулемет болса десейші,- деп Мүти оның сөзін жөндеп еді,- өте семіз, қарауға нарттай, әрі ірі Қожанияз: - Мыналар пулеметке де қарамас. Атакалауға айналды... Қылыштарын көрдің бе үйірген, күнге шағылысады,- деп мылтығын кезеніп, қатарынан екі рет атып-атып жіберді. Жеті-сегіз шақырым жердей қырқаның басынан төмен құлдилаған казактарға оқтың дарударымасы да неғайбыл еді. Сонда да Қожаннязға ілесе, дүркін-дүркін атыс та басталды. Аздан кейін мылтықтың түтінімен көгілдір тұман көтерілді. Жау беттегі алыстан шыққан дүңкіл-дүбірге қосыла, нысанасына жетпей баурайдағы тасқа тиіп «шың» еткен отряд оғының нәзік дыбысы да құлаққа шалынғандай. Тасқа соқпағаны төмпе басын «бұрқ» еткізіп жерге сіңіп кетеді. Түнерген бұлттай ақырын жылжып, бірте-бірте төне түскен қатары қалың банды көп уақыт өтпей ыдырап, тұс-тұстан лап беріп, «атойлауға» кірісті. Үркердей шоғырланған шағын отрядті қоршап алу үшін олар үлкен сүзбе аудай қос қанатын алыстан жайып, қыспаққа ала бастады. Екі ара көрер көзге тарыла берді. Алыспен төтеп бере аларлық емес, бірен-саран оққа ұшқанына қарамастан жау қарсы жуықтап та қалды. Тіпті, күн көзіне шағылысқан жалаң қылыштың жарқылы жан түршіктірерлік... Жеңіл қарулы комотрядтің бір тізбектен ғана патроны бар еді, енді оның да ақтық обоймасы мылтық көмейіне күмпіді. - Жігіттер! Жау саны бізді төрт орап алғандай. Қалған оқ бүркуге де келер емес. Сондықтан кері шегіну қажет. Бірақ, дүркіреп қаша жөнелмей, сирек атсақ та қайырылып ұрыс салуымыз керек. Қайрат көрсете шегінуге тырысайық, - деді отряд бастығы. Сөйтіп, отряд аттың басын кері - келген кең жазыққа бұрды. Ендігі амал - жеңу емес, әлдеқайда күші басым жаудан бас қорғау болды. Оларға қолға зорға түскендей ауыр хал кездесті. Коммунистер отряді беті ашық кең жазыққа қарай қайырылып атысып, бес шақырымдай жер шапты. Бірақ шаңқай түстен күн еңкеюге құлағанша шалдырмастан жүріп келген аттар босаңсуға айналды, жігіттердің алды ұзап, арты біріндеп кейін қала берді. Біренсаран, қуып жетерлік жерде, қоржын-қоршауда қалып қойған коммунистер енді мейірімсіз жаудың шыбықтай турауына да ілікті. Атты казактар алқымдай түсті. Кейінде жеті адам қалып, оның үшеуі құтыла алмас жерде болды да, ал төртеуі өлім тырнағынан жырылып шығуға жанталасты. Бұл төртеу: Халит, Мүти, Зейнедден және Қожанияз еді, Алдағы, көз ұшында ұзап кеткен жолдастарына жете алмай, арттағы ауыр халде қалғандарға қол үшін бере алмай, бұлар енді аузын арандай ашқан жебір өлімнің ұзын шеңгеліне түспеу жағын ғана көздеді. Әркімде бір ой, әркімде бір арман жаңа басталғандай... Бір үміт ат та ғана. Қару жұмсап, қолдасып қырқысып жау бетін тойтару құр қиялдай. Көпке топырақ шашып болмайтыны ежелден белгілі. Бастық жігіт: - Жау бізді төрт орап алғандай,- деді. Бұл да көңіл жұбату. Барлаушылардың асығыс санап үлгергенінің өзінде: жау саны төрт емес, жеті есе, тіпті, сегіз есе артық бізден... Жігітті жауда қалдырмайтын - ат! Ол да алыс. Оған жету де арман. Өйткені, қырда бабына келіп жер тарпып жүрген саяқтар мен жай күннің өзінде жарау азынаған айғырлар елде... Ел!.. Ата мен ана. Аға мен іні. Сүйген жар. Айрылмас дос. Енді бәрі арман! Бәрі!.. Кешікпей Қожанияздың семізден ұстаған аты тығылып, борсаңдап, бірер шақырым жер дір-дір қағып, жарым аяң, жарым бүлкілмен келді де төбеге ұрғандай тұрып қалды. Бұл кезде аты мүлдем болдырып қалған Мүтиді Зейнедден артына міңгестіріп те алып еді. Kepi бұрылып келіп бұларды Халит шылбыр тастап жетелей жөнелген-ді. Сөйтіп, көп кейін қалған Қожаниязға бұрылуға шамасы келмей төртеудің үшеуі жан-дәрмен күн міңгесіп-ұштасып, итпектеп ілгері аса берді. Басында өзі етті, өзі ірі Қожанияздың қоңды аты да өзіне сай көрініп еді және оны тез болдырады деп ешкім ойламаған да болатын. Бір кез Халит кері айналып мүшелік жер шоқытып, кейінде қалып қойған жолдасы Қожанияздың халін білмекші болып еді, өз атының болдырып қалғанын сезді. Ат төрт тағандап, аяғын алыс-шалыс басты, аздан кейін тарбаңдап барып жай бүлкілге көшті. «Бұл күймен енді ілгері жүрсем біржола жау қолында қалармын» деп ол Қожаниязға қол үшін бере алмай, қашықтап кеткен жолдастарына жетудің қамын жасады. Атын үсті-үстіне қамшылай түсті, ақтық рет күшке салып шоқырақтатып алдыңғыларға айқайлады. Ол мықтап састы. Арт жақта жау тобынан бөлінген бірнеше адам бұларды қалайда «жазым» ету ниетіне кіріскендей, ілгері бөлініп шыға берді. «Енді жетеді-ау... енді жетеді-ау» деген кезде қалың-қалың жусаны бар алашағыл төмпелі жерде жайылып жүрген екі-үш түйе көзге ілікті. Түйелер алысқа маңқия қарап алып, басын жерге бабымен салып, бабымен оттауда еді. Кей кезде суға батып бара жатқан адамға қолға іліккен сыңар тал да жан-дәрмен. Бұлардың бағына қарай, жайылып жүрген түйелерден бір бүйір шөгіп жатқан атан кездесті. Атан жайбарақат жайланысып, қауданы қалың ойпаңдау жерді тауып шөккен екен. Алысырақтан ол көзге де зорға шалынарлық ала шабыр қырлық оны көрсетер емес.

Өзгелерден озық жүретін Зейнедден түйені бірден көріп, амал-айланы да бірден тапты. Өзін тас құшақтап алған Мүтиге: - Қамдан, мына түйе тұрып үлгергенше мен жетіп үлгерейін, ал сен үстіне үлгер!- деді. Бұл іс оның ойлап пішкеніндей дәл орындалды: маңғаз атан шауып келе жатқандарды елең қылмай жайымен жата берді. Кейбір жайбасар түйенің қамшы салмай, болмаса таяқ сілтемей жатқан жерінен тұрмайтын мінезі де болады. Ал, мынау сондай бір үрікпейтін, саспайтын маңғаздың өзі болып шықты. Зейнедден арт жағынан жанамалай келіп, Мүтиге: - Ал ырғы!- деп бұйрық берген кезде ғана «маған келдіңдер ме?»- дегендей, бұрылып бір қарап алып, шонданын көтере бастады. Аттан ырғып кеткен Мүти тұрып үлгергенше оның үстіне де қонып қалды. Жерден жамбы алатын адамдай Зейнедден орағытып қайта айналып келіп, Мүтиді көтере түрегелген атанды қамшылап, алдына салып алып қуа жөнелді. Қос-қосынан қамшы тиген атан тайраққа салды. Ал, түйе тайрақтың атқа жеткізбей кететіні де болады, мұны мына түйелі елдің балалары жақсы білетін-ді. Зейнедден атан үстіндегі Мүтиге: - Енді құтылдың. Ана былғары белбеуіңді шешіп ал да төпей бер. Алды-артына қаратпа!- деп айқайлады. Мүти атанды төпей берді. Зейнедден енді Халитке оралды. Зейнедден Халитті де құтқармақ еді... Бүлкілден аяңға түсіп, енді жиі-жиі төрт тағандап тұрып алып, жүрмей сіле қатырған атын тастай беріп, жан ұшырғандай жүгіріп келе жатқан Халитті ол іліп алып артына отырғызды. Екеуі міңгескен күйі алға озып кеткен атанды Мүтидің соңынан шапты. Атан жеткізбейді. Үстіндегі жаны мұрнының ұшына келген Мүти былғары белбеуімен төпелеп ілгері аса берді. Түйеліге жету түгіл міңгескен екеуге оның қарасын көріп отыру да күш болды. Енді екеуінің астындағы «ең қарулы жылқы» деген Зейнедденнің аты сыр берді. Ат шоқырақтан бүлкілге көшті... Халит аса табанды, өте-мөте сабырлы және жас болса да әр нәрсеге қалтқысыз тура баға беретін ойлы жігіт еді. Қысылтаяң шақта ол жан түршіктірерлік ащы ойларын салалай келіп және арт жақтан банды таялып қалғанын көріп ақтық ерлік үкім шығарды... Өз үкімін өзі шығарды. - Зейнедден, екі жан қаза тапқанша бір жан... Мен көндім тағдырдың үкіміне!.. Саған ризамын. Басқаларға да. Сен ілгері ас. Ат бір кісіні құтқаратын жылқы. Қалаға жет... Қош!- деп, жолдасының тізгінін тартты да, сөзге келтірместен, секіріп жерге түсті. - Ойпырым-ай! Халит-ай! Ойпырым-ай, бауырым-ай! Арғы жағын...- деді, Зейнедден сөзінің соңын жұтып. Ақ боз атты банды қылышын оңды-солды сілтеп, ысқырып шауып келе жатты. Ол терлептепшіп, қатты жүгіре де алмай, ырсылдап келе жатқан Қожаниязды көргенде атын қойға шапқан бөріше көсілдірді. «Ұяда не көрсе - ұшқанда соны іледі» деген, жас кезінен ат үстінде ойнап жандыны да, жансызды да оңды-солды шауып, өмірі бойы қылышпен турап үйренген белгілі атты казак жауынгері алдында жүгіріп бара жатқан жонды жігітті қызық үшін қиғаштап сілтеп, басын қырқып өтпекші болды. Ол бұл жан ұшырып бара жатқан пендені адам деп, ол адамның қиналар жаны мен аяулы тәні бар деп, артында жанашыры жылар деп ойына да алмады білем, тек қана қиюға, қинап айызы қануға ұмтылғандай пішін көрсетті. Нақ сол сәтте бұл қанқұмар қаскүнемнің жүзінде шаттық шырай лапылдап көздері жайнай түсті. Екпіні желдей есіп таянып қалған дұшпанның қаршылдаған ат ауыздығы құлаққа анық шалынған шақта, буалдыр ойдың сілтеуімен Қожанияз шаппасы қайырулы келе жатқан наганмен жалт бұрылып бір тартып қалды. Өзі тағы ілгері ұшты. Ол артына қарай алмады, жауының атымен қоса ұшып түскенін оқыс бұлқынысы мен өзгеше дүрсіл-дүбірінен сезді. Бірақ оқтың қайсысына тиіп, қайсысының жазым болғанын түптеуге шама жоқ. Аттан құлаған адамның «ыңқ» еткендей дыбыс шығаратынын, ал аттың онан да зор ыңқылкүрсіл беріп тыпыршитынын талай-талай естіген, жасынан бері құлағы үйренген нәрсе. Бұл жолы аттың құлағаны бұрылып қарамаса да айқын. Сондықтан, «...енді жете қоймас. Жыра-жықпыл кездессе... бұғар жер... бас пана... құтылар күн...» деген үздік-үздік тілектер шұбатылды. Таянып қалған шапқан аттың дүрсілі, әлдененің адамды етбетінен түсіргендей екпін-зуылы бұл буалдыр үмітті де кесіп кетті... Екінші сәтке не болғанын білмей қалды... түпсіз құдыққа құлап кеткендей болды... Осының бәрі бір сағаттай-ақ уақыттың ішінде болған уақиға: көре сала соңына түсу, алыстан атыса қашу, бірнеше шақырым жер кеткен бір шоғыр жанды құтқармай өкшелеп, жеткен жерде біртіндеп турау бәрі де тез болды. Қас пен көздің арасындай мезетте кездескен ажал бірнеше жастың қыршын өмірін қиып үлгеріп еді. Ендігі кезек келесі құрбандыққа таянғандай... Халит Қожанияздай денесі ауыр емес, қағылез және бойшаңдау болатын. Ол жүгіріп кетсе, аттан қалмайтын жігіттің бірі десе болғандай. Алайда, өзіне де, өзгеге де белгісіз бір ауыр зіл оның екі иығынан басып, тұла бойы құрыстап, денесі дел-сал, басы мең-зең болды да қалды. Ол жүгірмеді. Бір жерде тұрып та қалмады. Бар нәрседен бейхабар адамдай, жайбарақат халге түсті. Алқымдап келіп желкеден соққан «соққының» екпінінен ол еңкейіп барып бір тізерлеп қалды, бірақ омақасып жығылмады. Ың-жың өзгеше қимыл, өзгеше бір күңгірт ауыр дыбыс құлаққа ызыңдағандай. Екінші «соққыдан» етбеттеп түсті... көп жүріп, көп көрген өзінің қара шаппасына құлап кеткендей... Көп заман өткендей... Қайда?.. Қай жер?.. Бұл! Қайдағы ың-жың?.. Әуелі өте алыстан, сонсоң қасынан дыбыс шықты. Дыбыс. Анық дыбыс... Өзі жайлы... - Отруби палец!.. Ол ойлағанша, демін ішіне тартып үлгергенше, үстінде тұрған адам сол қолының саусағын... жұлып алды. Қол жерге сылқ етті... Ол анық білді. Анық сезді. Бірақ, баяғы мең-зең, баяғы зіл қара тас оны әлі күнге дейін басып тұрғандай. Ол сұлқ қалды. Сонда да ол біліп жатты. Көзін ашпай, демін алмай, сол «сұлқ» күйінде жатып қолтығының асты «шым» еткенін де, мылтық дауысының «шаңқ» еткенін де сезді... есітті... Ұзақ уақыт өтті... шалқасынан жатқан күйі қозғалмай жатып қалды..

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға