Жаңалықтар

IV БӨЛІМ

Артельшілердің асыға күткен егіс күні де келіп жетті. Жарқыраған жап-жаңа үш темір сабан, тырма қатар тіркесіп, Қызыл құмақтың қопармалы май сауырына азуын да басты. Қособаның екі жақ жонын бірдей қамтып, Дуана беттегі селеулі жазықты тұтас жырту үшін үш күннен бері өлшеп-пішіп, Темір тыным таппап еді. Енді бүгін өзі бас болып, алдыңғы соқаны қабырғалап, Бекеймен бірге қосыла айдасып жүр. Ұстарадай болат түрен қылыштың тілген ізімен қара жерді бауырдай төңкеріп барады. Боразда үстіне боразда сұлап, үш сабаның жолы кере құлаш жосылып қала береді. Не қызық - жаңа қоныс қызық. Жаңа жайлауға жаңадан ірге тебу ала-бөле шат-ты. Ал, көптен бері ұмтылған жаңа жер, жаңа егіс, жаңа сабанның бастапқы желі кішкене артельді тұтасымен аяғынан тік тұрғызды - бірінші күні тайлы-таяғы қалмай бәрі қырға шыққанды. Ат басын кезек жетектеп, сабан құйрығын таласып ұстап, кешке дейін Қособаның бауырынан кетпеген еді. Бұл қарқын, бұл қимыл бәсеңдеместен әлденеше күнге созылды. Көп жер тілінді. Тілінген жер топырағы қурамай тұқым себіліп, тырмаланып та жатты. Ынта-жігерді үдетті. Жігер шаттыққа бөлей бастады. Қызыл құмақ сонымен бірге кейбіреулердің ішін удай ашытты. Әсіресе, бұл құнарлы жерге өзгенің соқасын тигізбеген. Құбаш ишан мен Тентек қажы және Сартай атқамінер үйінде отыра алмады. - Не жаңалық бар... Не болып жатыр?- деп, күндегі әдетінше Тентек қажы қабағын түйді. Жалпы жұрт ісіне, мінезіне қарай Тентек қажы деп кеткен Орекеңнің сұрайтын жаңалығы, көбінесе, артель туралы екенін айтпай-ақ білетін Сартай: - Не болушы еді, Қажеке, бәрі де болып жатыр: өкімет маңдайынан сипап - міне қаржы, міне құрал-сайман, міне жер, міне су, міне билік - десе, не істемейді, бәрін де істеп жатыр. Қособаның батыс бетін, кәдімгі Құбекең ишанның Қара мектебіне дейін тіліп тастаған. Күні-түні сол жердің басында баласы да, шағасы да. Тырмалап та жатыр. Ең кемі отыз десе жерге тұқым себеді-ау деймін. Сонда отыз деседен жүз елу пұттан астық алса, келесі жылы келіп мына сіздің қайын жұртыңызды да тілгілеп жүрмесін...- деп, Тентек қажыны қыжыртып қойды. Тілін жиып көрмеген қажы тентектігіне басып: - Ана сары сопақ ишан не бітіріп отыр. Құдайына сеніп отыр ма?- деді. - Кім біледі?..- деген екіұшты жауап қайтарды да Сартай,- Қажеке, мен ишанға жолығатын едім... асығыс едім...- деп, жылжып жүре берді. Қабағын қарыс жауып, сабаудай ұзын кірпіктері көзін бүркеп, сырлы асатаяғына сүйенін, Құбаш ишан төрт терезелі қарағай үйінен шыға келгенде, күн ұясына еніп бара жатыр еді. Батқан күннің жоғарыдағы бұлтқа шашылған сары ала сәулесі кей кезде көңілді сергітпейді, ол шашырап атқан ертеңгі шапақтай емес, әлде осы бейуақ себеп болды ма, әйтеуір есік алдындағы орындық-тасқа отырған ишанның жүзі солғын еді. Ол төмен қарап көзін жұмды. Ойға шомғандай қимылсыз қалды. Не көп - ой көп. Ойға оралмайтын нәрсе аз. Ишанның көңіліне кешегі мен бүгінгі нәрселер тұс-тұсынан жамырап, көз алдына көре бастаған суреттер тізіле қалды. Алдымен, артельдің үбір-шүбір жиыны, әлденеге жанталаса ұмтылған ерекше қимылы, Бекей мен Асанның күбірлесіп әңгімелескені, кепкесін көзіне түсіре киіп, Темірдің ентелей басып аяңдағаны келді. Әлдекімнің ат жеккені елестеді. Сонсоң, қырға қарай шұбаған көліктің, адамның, сабанның, тырманың... атам заманнан бөтен ешкімнің қолы тимеген, аяғы баспаған құмақтың тілінген сауыры бұлдырады... Ишан селк етті, жүрегі тітіреп, денесі түршігіп кетті. Мезет, безгек жандай қалшылдап кеткенін өзі де байқамай қалды. Аздан кейін: «Астағыпыралла, алғаязы белла! Фани... Бәрі жалған! Бәрі өткінші! Бәрі алдамшы!..»- деп күбірледі. Ол төмен қарап ұзақ отырды. Бір кез ой толқытқан жан-жүйесі қайтадан қалпына түскендей болды. Ишан енді басын жоғары көтеріп, жан-жағына көз тастады. Бәрі орнында, бәрі қаз қалпында. Кешкі әлем ішінен тынып тұрғандай. Садағы ендеп кеткен судың лықсып, жарға соққан дыбысы құлаққа шалынады. Алысырақтағы ызы-қиқы, көлді басына көтерген құс шуылы да ап-айқын. Рақат дүниесі! Кенет кешкі сиырдың мөңіреп-аңырап, оны қарсылаған әйелдердің «ау-хауы», иттің үргені, балалардың шулағаны ишанның сабырлы қалпын тағы да бұзып кетті. Ол елегізе түсті. Мұның үстіне қара кемпірдің жалғыз сиырын айдап бара жатқаны көзіне ілікті де ойына тағы да артель, Темір, қосшы... құмақ... егіс... тізілді... Осының бәрі сүйреп келе жатқандай, кәдімгі алшақ мүйіз, әукесі жер сызған, көзі қып-қызыл көлбауыр бұқа денінен өте берді де «не істеп отырмын?» дегендей, мойынын жайлап бұрып тұра қалды. Тұра қалды да «зәре-құтыңды бір ұшырайын» дегендей жалма-жан ашалы темірдей тұяқтарымен кезек шеңгелдеп, топырақты Құбаш ишанның нақ алдына шашып-шашып жіберді. Ишан орнынан ұшып түрегелді. Бұқа көздің қызылын молайта түсіп, оның «ниетін аңдыды». Ишан асатаяғын ала ұмтылды. Бұқа күжірейе түсіп айбатын күшейтті. Ишан еріксіз қысқан ыза мен наразылықтың тізгінін тежей алмай қалды: асатаяқ бұқаға белдемеден сарт етті! Ал, ашудың қолға аударған оқыс күші асаға түсті - сандалдай белдемеге кездесіп, таяқ ортан белінен үзіліп, шырқырап басы аспанға шығып кетті... «Малғұн!»-деді ишан. Өзі шоқ етіп отыра кетті. Асамен бірге бастан бақыт құсы да қосыла ұшқандай. Екі көзі сынған таяқтың қолда қалған тұқылында. Бақырайған күйі ес те жоқ, түс те жоқ. Ойда тек киелі таяқ. Оның санқилы қасиеттері. Көз алдында буалдыр суреттер... Елестер... ...Бұхардың қайнаған қазандай, асты-үстіне шығып жатқан ығы-жығы өмірі. Жәрмеңкедей қаласы. Көкке қол созған көк күмбезді қос мешіт. Айшықты найза мұнара. Қасындағы діни медіресенің төңірегіндегі сапырылысқан жандар. Инеліктей қатқан қатпа шәкірттер. Осылардың арасынан айлар, жылдар бойы бет-бедері қарсы алдынан кетпеген Сейт Ахмет әулие бөлініп шығып, өзгермеген пішінде, жетіп келгенге ұсады... Ұзын сақалы кеудесіне түскен күйі, мұртын таңқита қырған, ұзын жақты етсіздеу бетте баяғы үлкен мұрын, арық қоспақтың өркешіндей, оң жағына қисайып тұр... Түрі де өзгермеген. Тіпті үні де...             - Шырағым, Түбек елінен келдің... Хақ жол іздедің-ң... Сол мақсатыңа жеттің-ң... Міне, Куәлік Нәме. Міне, Ғаса! Ізгілер ұстаған Ғаса! Берік тұт-т!..- дегенде, мұқамдап сөз аяғын қадаған үніне дейін мүлтіксіз естілгендей болып кетті... ...Содан кейін... Бұхарадан оқып шыққан, әулие қолын алған, ишандық дәрежеге ие болған, атақты Құбаш Халайық салған Мешітке Имам, Медіресеге Бас Ұстаз! Хұтбасы Құрандай Имам! Уағызы имандай ұйтқы! Үлкені бас иіп, кішісі тізе бүгіп сәлем берген Имам! Жер. Су. Бақ. Дәулет... Бәрі, Бәрі... - Құбеке, Имам!- деді біреу арт жағынан. Имам селк етті. - Сартаймысың-ң? - Иә, Имам. Нұрсұлтанға сәлеміңіз табыс етілді. - Ім-м. Табыс-с... Ишан сөзін аяқтамай асығыс түрде қаза қалған екіндісін өтемекке намазханасына кіріп кетті.
19.11.2013 08:13 3102

Артельшілердің асыға күткен егіс күні де келіп жетті. Жарқыраған жап-жаңа үш темір сабан, тырма қатар тіркесіп, Қызыл құмақтың қопармалы май сауырына азуын да басты. Қособаның екі жақ жонын бірдей қамтып, Дуана беттегі селеулі жазықты тұтас жырту үшін үш күннен бері өлшеп-пішіп, Темір тыным таппап еді. Енді бүгін өзі бас болып, алдыңғы соқаны қабырғалап, Бекеймен бірге қосыла айдасып жүр. Ұстарадай болат түрен қылыштың тілген ізімен қара жерді бауырдай төңкеріп барады. Боразда үстіне боразда сұлап, үш сабаның жолы кере құлаш жосылып қала береді. Не қызық - жаңа қоныс қызық. Жаңа жайлауға жаңадан ірге тебу ала-бөле шат-ты. Ал, көптен бері ұмтылған жаңа жер, жаңа егіс, жаңа сабанның бастапқы желі кішкене артельді тұтасымен аяғынан тік тұрғызды - бірінші күні тайлы-таяғы қалмай бәрі қырға шыққанды. Ат басын кезек жетектеп, сабан құйрығын таласып ұстап, кешке дейін Қособаның бауырынан кетпеген еді. Бұл қарқын, бұл қимыл бәсеңдеместен әлденеше күнге созылды. Көп жер тілінді. Тілінген жер топырағы қурамай тұқым себіліп, тырмаланып та жатты. Ынта-жігерді үдетті. Жігер шаттыққа бөлей бастады. Қызыл құмақ сонымен бірге кейбіреулердің ішін удай ашытты. Әсіресе, бұл құнарлы жерге өзгенің соқасын тигізбеген. Құбаш ишан мен Тентек қажы және Сартай атқамінер үйінде отыра алмады. - Не жаңалық бар... Не болып жатыр?- деп, күндегі әдетінше Тентек қажы қабағын түйді. Жалпы жұрт ісіне, мінезіне қарай Тентек қажы деп кеткен Орекеңнің сұрайтын жаңалығы, көбінесе, артель туралы екенін айтпай-ақ білетін Сартай: - Не болушы еді, Қажеке, бәрі де болып жатыр: өкімет маңдайынан сипап - міне қаржы, міне құрал-сайман, міне жер, міне су, міне билік - десе, не істемейді, бәрін де істеп жатыр. Қособаның батыс бетін, кәдімгі Құбекең ишанның Қара мектебіне дейін тіліп тастаған. Күні-түні сол жердің басында баласы да, шағасы да. Тырмалап та жатыр. Ең кемі отыз десе жерге тұқым себеді-ау деймін. Сонда отыз деседен жүз елу пұттан астық алса, келесі жылы келіп мына сіздің қайын жұртыңызды да тілгілеп жүрмесін...- деп, Тентек қажыны қыжыртып қойды. Тілін жиып көрмеген қажы тентектігіне басып: - Ана сары сопақ ишан не бітіріп отыр. Құдайына сеніп отыр ма?- деді. - Кім біледі?..- деген екіұшты жауап қайтарды да Сартай,- Қажеке, мен ишанға жолығатын едім... асығыс едім...- деп, жылжып жүре берді.

Қабағын қарыс жауып, сабаудай ұзын кірпіктері көзін бүркеп, сырлы асатаяғына сүйенін, Құбаш ишан төрт терезелі қарағай үйінен шыға келгенде, күн ұясына еніп бара жатыр еді. Батқан күннің жоғарыдағы бұлтқа шашылған сары ала сәулесі кей кезде көңілді сергітпейді, ол шашырап атқан ертеңгі шапақтай емес, әлде осы бейуақ себеп болды ма, әйтеуір есік алдындағы орындық-тасқа отырған ишанның жүзі солғын еді. Ол төмен қарап көзін жұмды. Ойға шомғандай қимылсыз қалды. Не көп - ой көп. Ойға оралмайтын нәрсе аз. Ишанның көңіліне кешегі мен бүгінгі нәрселер тұс-тұсынан жамырап, көз алдына көре бастаған суреттер тізіле қалды. Алдымен, артельдің үбір-шүбір жиыны, әлденеге жанталаса ұмтылған ерекше қимылы, Бекей мен Асанның күбірлесіп әңгімелескені, кепкесін көзіне түсіре киіп, Темірдің ентелей басып аяңдағаны келді. Әлдекімнің ат жеккені елестеді. Сонсоң, қырға қарай шұбаған көліктің, адамның, сабанның, тырманың... атам заманнан бөтен ешкімнің қолы тимеген, аяғы баспаған құмақтың тілінген сауыры бұлдырады... Ишан селк етті, жүрегі тітіреп, денесі түршігіп кетті. Мезет, безгек жандай қалшылдап кеткенін өзі де байқамай қалды. Аздан кейін: «Астағыпыралла, алғаязы белла! Фани... Бәрі жалған! Бәрі өткінші! Бәрі алдамшы!..»- деп күбірледі. Ол төмен қарап ұзақ отырды. Бір кез ой толқытқан жан-жүйесі қайтадан қалпына түскендей болды. Ишан енді басын жоғары көтеріп, жан-жағына көз тастады. Бәрі орнында, бәрі қаз қалпында. Кешкі әлем ішінен тынып тұрғандай. Садағы ендеп кеткен судың лықсып, жарға соққан дыбысы құлаққа шалынады. Алысырақтағы ызы-қиқы, көлді басына көтерген құс шуылы да ап-айқын. Рақат дүниесі! Кенет кешкі сиырдың мөңіреп-аңырап, оны қарсылаған әйелдердің «ау-хауы», иттің үргені, балалардың шулағаны ишанның сабырлы қалпын тағы да бұзып кетті. Ол елегізе түсті. Мұның үстіне қара кемпірдің жалғыз сиырын айдап бара жатқаны көзіне ілікті де ойына тағы да артель, Темір, қосшы... құмақ... егіс... тізілді... Осының бәрі сүйреп келе жатқандай, кәдімгі алшақ мүйіз, әукесі жер сызған, көзі қып-қызыл көлбауыр бұқа денінен өте берді де «не істеп отырмын?» дегендей, мойынын жайлап бұрып тұра қалды. Тұра қалды да «зәре-құтыңды бір ұшырайын» дегендей жалма-жан ашалы темірдей тұяқтарымен кезек шеңгелдеп, топырақты Құбаш ишанның нақ алдына шашып-шашып жіберді. Ишан орнынан ұшып түрегелді. Бұқа көздің қызылын молайта түсіп, оның «ниетін аңдыды». Ишан асатаяғын ала ұмтылды. Бұқа күжірейе түсіп айбатын күшейтті. Ишан еріксіз қысқан ыза мен наразылықтың тізгінін тежей алмай қалды: асатаяқ бұқаға белдемеден сарт етті! Ал, ашудың қолға аударған оқыс күші асаға түсті - сандалдай белдемеге кездесіп, таяқ ортан белінен үзіліп, шырқырап басы аспанға шығып кетті... «Малғұн!»-деді ишан. Өзі шоқ етіп отыра кетті. Асамен бірге бастан бақыт құсы да қосыла ұшқандай. Екі көзі сынған таяқтың қолда қалған тұқылында. Бақырайған күйі ес те жоқ, түс те жоқ. Ойда тек киелі таяқ. Оның санқилы қасиеттері. Көз алдында буалдыр суреттер... Елестер... ...Бұхардың қайнаған қазандай, асты-үстіне шығып жатқан ығы-жығы өмірі. Жәрмеңкедей қаласы. Көкке қол созған көк күмбезді қос мешіт. Айшықты найза мұнара. Қасындағы діни медіресенің төңірегіндегі сапырылысқан жандар. Инеліктей қатқан қатпа шәкірттер. Осылардың арасынан айлар, жылдар бойы бет-бедері қарсы алдынан кетпеген Сейт Ахмет әулие бөлініп шығып, өзгермеген пішінде, жетіп келгенге ұсады... Ұзын сақалы кеудесіне түскен күйі, мұртын таңқита қырған, ұзын жақты етсіздеу бетте баяғы үлкен мұрын, арық қоспақтың өркешіндей, оң жағына қисайып тұр... Түрі де өзгермеген. Тіпті үні де...

            - Шырағым, Түбек елінен келдің... Хақ жол іздедің-ң... Сол мақсатыңа жеттің-ң... Міне, Куәлік Нәме. Міне, Ғаса! Ізгілер ұстаған Ғаса! Берік тұт-т!..- дегенде, мұқамдап сөз аяғын қадаған үніне дейін мүлтіксіз естілгендей болып кетті... ...Содан кейін... Бұхарадан оқып шыққан, әулие қолын алған, ишандық дәрежеге ие болған, атақты Құбаш Халайық салған Мешітке Имам, Медіресеге Бас Ұстаз! Хұтбасы Құрандай Имам! Уағызы имандай ұйтқы! Үлкені бас иіп, кішісі тізе бүгіп сәлем берген Имам! Жер. Су. Бақ. Дәулет... Бәрі, Бәрі... - Құбеке, Имам!- деді біреу арт жағынан. Имам селк етті. - Сартаймысың-ң? - Иә, Имам. Нұрсұлтанға сәлеміңіз табыс етілді. - Ім-м. Табыс-с... Ишан сөзін аяқтамай асығыс түрде қаза қалған екіндісін өтемекке намазханасына кіріп кетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға