Жаңалықтар

ІІІ БӨЛІМ

Көктем келді! Ғажайып шақ! Жер босап, қар еріп жатыр. Қыр ала шабыр тартты. Сусылдақ үйректер күні-түні көкті тілгілеп, жаздың бұйдасын жетектеп, жүйткіп жүр. Жыламсырап ағып, сайларға су да құйыла бастады. Қыр да, ой да тебіреніп, аяғын күн санап шірене түседі. Өзгеше бір қауырт қимылдың нышаны көзге елестейді. Өкпек жел есіп, жұмсақ қоңыр ала бұлттарды аспанның о шеті мен бұ шетіне айдайды. Сай қабағындағы қар лықсып, жентектеліп, сағат санап мүжіліп барады. Айнала мәз-мәйрам. Жұрт үйге кіруді білмейді. Жазға мәз! Терезенің алдына шығып алып, бала біткен күнге көзін сығырайта қарайды. Ұшқан үйректі санап, шұбырып үй төбесіне шығады. Бұлар көктемге екі есе мәз! Сиыр бұзаулап, қой қоздап жатыр... Әлсін-әлсін аспан сұрланып та қояды. Дөң басы одан әрі қоңырая түседі. Кешікпей ойтаң жер көгілдір суға шомылды, қырат басы көгеріс тартты. Қызыл құмақ артелі сақадай-сай. Өзара күбір-күбір әңгіме-дүкен құрды: - Үш соқаны қатар салсақ құмақтан арғы селеулі жазықты тегіс тілсек!- дейді. - Әттең көлік жетіңкіремейді... Ізінше тырманы да қоса жүргізу керек. Бұған тағы да екі-үш ат болса?.. - Шіркін, десейші! Сиыр жегін не өндірерсің... - Саспаңдар, ағайындар, Асан мен Сүлеймен уәдесін берді: «біз де кіреміз» деп. Енді ана Құлыштың Тапалы мен Байдосын тарту керек артельге. Сіздер сөйлесіңіз, бір табан жақынсыз ғой. Қубаш ишан мен Өрекеңнің өгізін цоб-цобағанша» бізге қосылсын,- деді Темір Өтеулі мен Өтекешке дем беріп. - Ойбай-ау, Теміржан-ау, Асан мен Сүлейменнің уәдесін бергенін бізге неге айтпадың, сұр қылайын дедің бе?! Ту-у, өзіңде қызық жігітсің. Бәрін бабына келтіріп болып, сонан кейін барып айтасың. Атандай екі ат, нардай екі жігіт қосылды десейші!- деп еді Өтеулі қуанып, ал, Өтекеш: - Мен Құлыштың екі баласына Атапкелдің екі баласын қоса және Мерғалиды да қосып алайын. Бізге қосылмағанда олар не бітіреді,- деп желдірте жөнеліп еді, бірақ Темір оны тоқтатып қойды. - Өтекеш, сен тым құлашты кеңге жайып жібердің. Әзірге сол айтқан Тапал мен Байдосты икемдейік. Әңгіме қолдағы осы бар құралмен құмақты дұрыстап жыртып, тұқымды жақсылап сеуіп, жақсылап тырмалап, сонсоң шыққан астықты жинап алсаң болды. Жерге, құралға қолы жетпей отырған кедей-батырақ артельдің тиімді екенін көріп өзі арыз береді,- деді. - Осы дұрыс,- деді Өтеулі.- Теміржан біледі. Бәрінің ретін біледі. Қызу мінезді, тез қимылды Өтекеш бұған да қол қойып: - Дұрыс болса не тұрыс бар, онда Өтеулі, біз кеттік. Біз айтқаннан кейін Құлышовтар қайда барушы еді, екеуін де кіргіземіз артельге. Темір мұны басыңдағы бөркіңдей біл,- деді. Сөйтіп, бұл екеуі ағайындарын көндіруге кетті.
19.11.2013 08:12 2948

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға