Жаңалықтар

ІІ БӨЛІМ

Боран ашылып, жел толастап үскірік тоқтаған кезде далада жаяу борасын да басталып кетеді. Ол дөңесті түріп, ойды қармен қалыңдатып жатады; жолдың табанын үргілеп тынымсыз жорғалайды. Тап сол жаяу борасын сияқты, ауылды енді сөз борасыны бүркей бастады... Көрші ауылда: - Бұлар бір тиімді нәрсе тапты. Сөз жоқ солай! - Темір шығарар! Кілең бір ертеден-кешке пішен шапса белі ауырмайтын, жер жыртса құйқасын тістеп тартқандай тісті-бақалар жиналған! - Бұлар, бұлар істейді. Бәрін де істейді. Жерін де жыртады, малын да өсіреді. Жәрдем алғаннан кейін қояма?!- деп артель мүшелеріне ден қоя әңгімеледі. Қазірет ауылында... Мешіт түбіндегі Тентек Қажидың үйіне Сартай келіңкіреді. «Дүниеде не болып жатқанын» осы Сартай алдымен есітеді. Оны Қажы ежелден біледі. Сартайды көрісімен ол: - Иә, би!- дейді. Бұл да ежелден белгілі мұқам. Не есіттің? Не білдіңнің? - мұқамы. Бұрынырақ: «Волисполком сайлауы, ауылнай сайлауы болғалы жатыр. Бұған қатынастырылмайтындардың қара тізімі мынадай» деп тізбектейтін еді Сартай Қажиға. Енді бүгін: - Мына Темір солдат кәмуна құрып келіпті. Ағыл-тегіл ақша алыпты. Кедей біткенді соған тізетін көрінеді,- деді. - Сонда?.. - Әлгі орыстарда болып жатқан ортақшыл Кәмен. Бәрі ортақ: мал да ортақ, жан да ортақ ас та ортақ, арба да ортақ. Сенікі, менікі болмайтын көрінеді,- деді. Бұл құлаққа жат жүрдек сөздер бірде күбірмен, бірде сыбырмен біреуден-біреуге, кәріден жасқа да жетіп, аз уақыттың ішінде үйді-үйді қыдырып, ауылды тегіс аралап кетті. Аралап қана қойған жоқ, бұл бұрын ешкім көрмеген жаңа өмірге талпынғандарды мінеп-сынап, түрлі-түрлі өрескелдікке жорып, ишаны мен қажысы, молдасы мен қожасы мол мешіт түбі: «Ақырзаманның басы осы!» десті. Ал, артельшілердің бірі көрінсе сыртынан: «Әне, тажал келе жатыр!»-деп жасырын қолын шошайтатын болды. Тентек, ардан безген кейбір қызыл танау балалар бұқпантай әкелерінің көзеуімен он екі Қосшының малы малға жуып кетсе құйрығынан ұстап, қуалап жүріп сабады. Иттерін қуып үйді-үйіне тықты. Бұрынғы ағайындық сезім әлдеқайда ысырылып, іштей жиырылған теріс-қабақ жаратпау өшпенділікке сүйреді...   Қосшы бастаған бұл жаңа талаптың шын келбеті өзгеше еді. Ол жаяу жорға қаңқу сөздермен үш қайнаса сорпасы қосылмас мағынада болатын. Бір күні Қажи-Ахмет: - Мешіт түбі бізді ақырзаманның адамдары етіп қойыпты,- деп, бар әңгімені Темірге айтып келіп еді, Темір: - Ақырзаман...- деді, ақырын ғана езуін тартып,- ақырзаман емес, бұл Жаңа заманның басы десе дәл болар. Өйткені, «ақырзаманды» шығарғандарға енді біздің малдан зекет берілмейді. Ал, егерде ісіміз сәтті болып, егініміз мол шықса - ол тарыдан таспа қара, таңқы мұрттарға ғұшыр тағы тимейді. Сен келіншек алсаң - оның некесін қиятын ауыл совет. Сондықтан молдекеңдерге неке қияр да жоқ. Тіпті, жаман айтпай жақсы жоқ, өліп кетсек... - Арғы жағын түсіндім,- деді Қажи-Ахмет.- Бұл олардың өздерінің заманының ақыры шығар?! Темір оған да езу тартумен тынды. Артелін бекітіп, атын «Қызыл құмақ» қойып, Темір ауданнан келісімен-ақ іске кіріскен-ді. Құттың сары тап қалың қары сықыр-сықыр, ақан шананың жалпаң табанына басылды. Он екі үй қосшы Қарыз-Серіктен үлкен-үлкен сүзбе ау, темір соқа, тырма, сүт машина, тағы да басқа құрал-сайманның не кереметін үздіксіз тасып жатты. Қамыт, доғасын сайлап, темір соқаның күрегі мен қылышын шыңдатып, ат-көлігін күйттеп, жазғы егіске сақадай сайланды. Бәрі даяр. Тек жаңа қар кетуін күтті. Көктемде қара қошқыл, жазда сарғыш тартып жататын құба жонның арғы жағы ақселеу жамылған кең жазық; бергі арқа беті - бетегелі боз жусанды кең жайылым. Осы құмсақ қоңыр жонды Құмақ деп, кейде тіпті күзгі өңіне қарап жұрт Қызыл құмақ деп кеткен. Бұл жонның асты-үстіне себілген тұқым, әсіресе қызыл тары, шықпай қалған жылы жоқ-ты. Мұндай мол нәубет беретін шұрайлы жер о бастан текті, дәулетті, құрал-сайманы жеткілікті жандардың қолында келген-ді. Жалғыз атты, ағаш соқалы кедейлер қолы жеткен бір бұрышына да мәз - таяқтап, жарым деселеп жыртып көже-түйір талшығын айыратын. Жасынан қолы жетпей, көкейін тесіп келген осы жерді айтып Темір артельді бекіттірерде жер бөлімінің бастығына:             - Қосшы мүшелеріне Қызыл құмақтың сауырын бір тілдірсем болғаны,- деген. Бастық оған: - Қызыл құмақ та сенікі, сары құмақ та сенікі. Тек ісіңді жолға қоя біл, артельді еңбекке жұмылдыруға жетекте. Сонда досқа күлкі, дұшпанға таба болмайсың!- деп серттескендей, Темірдің қолын қатты-қатты қысқан еді. Артельге сол егістіктің аты беріліп «Қызыл құмақ» делінген. Артель кешікпей тағы бір жаңалықтың басын көрсетті. Қарыз-Серіктен алған ақшаға қаладан талтақ мүйіз, қызыл көз, арыстан кеуде, әукесі жер сызған, алқызыл кілем түкті көлбауыр бұқа мен Ресей қойының тұқымы, тағы мүйіз дыр қошқар сатып алып келді. Бұл қызыл бұқа мен қошқар да біраз әңгімеге желі болды. - Мынаған қай сиырын қашыртпақшы? - Оны қой. Қошқарға ше?!- деген улы кекесін де бүлкілдеді... Бірақ, кешікпей мысқыл сөз бен кекесін лебіздер жайына қалып: - Темір, қарағым, мына мұқырға күжбаныңды бір рет босатшы,- деп өтінушілер молайды. Сөйтіп, бұрынғыдай емес, Қарыз-Серік арқылы алынған машина-сайманды, бұқа мен қошқарды көрген соң артель туралы жұрт пікірі екіге жарылды. Бірен-сарандары: - Осыған біз де жазылсақ қайтеді?- деп толқыды. Бұларды: - Қоя тұр, байқайық. Енді не болар екен?- дейтін тежегіштер де табылды. Бұл сияқты толқушылар мен тежегіштер саны күн санап молая берді де, ал, егістік жер мен жайылымның шұрайлысын уысынан шығармай келгендер шоғыры үркердей бөлініп, іштей жиырыла түсті...
19.11.2013 08:10 3219

Боран ашылып, жел толастап үскірік тоқтаған кезде далада жаяу борасын да басталып кетеді. Ол дөңесті түріп, ойды қармен қалыңдатып жатады; жолдың табанын үргілеп тынымсыз жорғалайды. Тап сол жаяу борасын сияқты, ауылды енді сөз борасыны бүркей бастады... Көрші ауылда: - Бұлар бір тиімді нәрсе тапты. Сөз жоқ солай! - Темір шығарар! Кілең бір ертеден-кешке пішен шапса белі ауырмайтын, жер жыртса құйқасын тістеп тартқандай тісті-бақалар жиналған! - Бұлар, бұлар істейді. Бәрін де істейді. Жерін де жыртады, малын да өсіреді. Жәрдем алғаннан кейін қояма?!- деп артель мүшелеріне ден қоя әңгімеледі. Қазірет ауылында... Мешіт түбіндегі Тентек Қажидың үйіне Сартай келіңкіреді. «Дүниеде не болып жатқанын» осы Сартай алдымен есітеді. Оны Қажы ежелден біледі. Сартайды көрісімен ол: - Иә, би!- дейді. Бұл да ежелден белгілі мұқам. Не есіттің? Не білдіңнің? - мұқамы. Бұрынырақ: «Волисполком сайлауы, ауылнай сайлауы болғалы жатыр. Бұған қатынастырылмайтындардың қара тізімі мынадай» деп тізбектейтін еді Сартай Қажиға. Енді бүгін: - Мына Темір солдат кәмуна құрып келіпті. Ағыл-тегіл ақша алыпты. Кедей біткенді соған тізетін көрінеді,- деді. - Сонда?.. - Әлгі орыстарда болып жатқан ортақшыл Кәмен. Бәрі ортақ: мал да ортақ, жан да ортақ ас та ортақ, арба да ортақ. Сенікі, менікі болмайтын көрінеді,- деді. Бұл құлаққа жат жүрдек сөздер бірде күбірмен, бірде сыбырмен біреуден-біреуге, кәріден жасқа да жетіп, аз уақыттың ішінде үйді-үйді қыдырып, ауылды тегіс аралап кетті. Аралап қана қойған жоқ, бұл бұрын ешкім көрмеген жаңа өмірге талпынғандарды мінеп-сынап, түрлі-түрлі өрескелдікке жорып, ишаны мен қажысы, молдасы мен қожасы мол мешіт түбі: «Ақырзаманның басы осы!» десті. Ал, артельшілердің бірі көрінсе сыртынан: «Әне, тажал келе жатыр!»-деп жасырын қолын шошайтатын болды. Тентек, ардан безген кейбір қызыл танау балалар бұқпантай әкелерінің көзеуімен он екі Қосшының малы малға жуып кетсе құйрығынан ұстап, қуалап жүріп сабады. Иттерін қуып үйді-үйіне тықты. Бұрынғы ағайындық сезім әлдеқайда ысырылып, іштей жиырылған теріс-қабақ жаратпау өшпенділікке сүйреді...

 

Қосшы бастаған бұл жаңа талаптың шын келбеті өзгеше еді. Ол жаяу жорға қаңқу сөздермен үш қайнаса сорпасы қосылмас мағынада болатын. Бір күні Қажи-Ахмет: - Мешіт түбі бізді ақырзаманның адамдары етіп қойыпты,- деп, бар әңгімені Темірге айтып келіп еді, Темір: - Ақырзаман...- деді, ақырын ғана езуін тартып,- ақырзаман емес, бұл Жаңа заманның басы десе дәл болар. Өйткені, «ақырзаманды» шығарғандарға енді біздің малдан зекет берілмейді. Ал, егерде ісіміз сәтті болып, егініміз мол шықса - ол тарыдан таспа қара, таңқы мұрттарға ғұшыр тағы тимейді. Сен келіншек алсаң - оның некесін қиятын ауыл совет. Сондықтан молдекеңдерге неке қияр да жоқ. Тіпті, жаман айтпай жақсы жоқ, өліп кетсек... - Арғы жағын түсіндім,- деді Қажи-Ахмет.- Бұл олардың өздерінің заманының ақыры шығар?! Темір оған да езу тартумен тынды. Артелін бекітіп, атын «Қызыл құмақ» қойып, Темір ауданнан келісімен-ақ іске кіріскен-ді. Құттың сары тап қалың қары сықыр-сықыр, ақан шананың жалпаң табанына басылды. Он екі үй қосшы Қарыз-Серіктен үлкен-үлкен сүзбе ау, темір соқа, тырма, сүт машина, тағы да басқа құрал-сайманның не кереметін үздіксіз тасып жатты. Қамыт, доғасын сайлап, темір соқаның күрегі мен қылышын шыңдатып, ат-көлігін күйттеп, жазғы егіске сақадай сайланды. Бәрі даяр. Тек жаңа қар кетуін күтті. Көктемде қара қошқыл, жазда сарғыш тартып жататын құба жонның арғы жағы ақселеу жамылған кең жазық; бергі арқа беті - бетегелі боз жусанды кең жайылым. Осы құмсақ қоңыр жонды Құмақ деп, кейде тіпті күзгі өңіне қарап жұрт Қызыл құмақ деп кеткен. Бұл жонның асты-үстіне себілген тұқым, әсіресе қызыл тары, шықпай қалған жылы жоқ-ты. Мұндай мол нәубет беретін шұрайлы жер о бастан текті, дәулетті, құрал-сайманы жеткілікті жандардың қолында келген-ді. Жалғыз атты, ағаш соқалы кедейлер қолы жеткен бір бұрышына да мәз - таяқтап, жарым деселеп жыртып көже-түйір талшығын айыратын. Жасынан қолы жетпей, көкейін тесіп келген осы жерді айтып Темір артельді бекіттірерде жер бөлімінің бастығына:

            - Қосшы мүшелеріне Қызыл құмақтың сауырын бір тілдірсем болғаны,- деген. Бастық оған: - Қызыл құмақ та сенікі, сары құмақ та сенікі. Тек ісіңді жолға қоя біл, артельді еңбекке жұмылдыруға жетекте. Сонда досқа күлкі, дұшпанға таба болмайсың!- деп серттескендей, Темірдің қолын қатты-қатты қысқан еді. Артельге сол егістіктің аты беріліп «Қызыл құмақ» делінген. Артель кешікпей тағы бір жаңалықтың басын көрсетті. Қарыз-Серіктен алған ақшаға қаладан талтақ мүйіз, қызыл көз, арыстан кеуде, әукесі жер сызған, алқызыл кілем түкті көлбауыр бұқа мен Ресей қойының тұқымы, тағы мүйіз дыр қошқар сатып алып келді. Бұл қызыл бұқа мен қошқар да біраз әңгімеге желі болды. - Мынаған қай сиырын қашыртпақшы? - Оны қой. Қошқарға ше?!- деген улы кекесін де бүлкілдеді... Бірақ, кешікпей мысқыл сөз бен кекесін лебіздер жайына қалып: - Темір, қарағым, мына мұқырға күжбаныңды бір рет босатшы,- деп өтінушілер молайды. Сөйтіп, бұрынғыдай емес, Қарыз-Серік арқылы алынған машина-сайманды, бұқа мен қошқарды көрген соң артель туралы жұрт пікірі екіге жарылды. Бірен-сарандары: - Осыған біз де жазылсақ қайтеді?- деп толқыды. Бұларды: - Қоя тұр, байқайық. Енді не болар екен?- дейтін тежегіштер де табылды. Бұл сияқты толқушылар мен тежегіштер саны күн санап молая берді де, ал, егістік жер мен жайылымның шұрайлысын уысынан шығармай келгендер шоғыры үркердей бөлініп, іштей жиырыла түсті...

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға