Жаңалықтар

ІІ БӨЛІМ

Үш күннен кейін Михаил Ивановичті жақсылап емдеу үшін ауруханаға салды. Сырқатының ауыр екенін әбден сезем - бірақ: «Қалай болар екен?» деген сұрақ көмейге тіреле береді, сыртқа шығарғым келмейді. Жауап қандай болар! Оның үстіне көпке жаймайтын дәрігерлік сырды ашу жолдасыма да қиын ғой. Үйде де, өзен басында да Михаил Ивановичтың сол қиын-қыстау кезеңде дем бергені есімнен кетпейді. Оның, жаңылмасам, бірінші сөзі сенімнен басталды. Ол Красноярскіде: - Саспа, ағайын, жақсылықтың бәрі алда,- деген-ді. Бұл сенімін ол миға құя берді. Келе-келе: «Саспа ағайын, кеңшілік алда» деген мақал болып кетті. Қабағың қаттырақ шытылған кезде де, тіпті шахмат үстінде ойланып қалған шақта да «саспа, ағайын...» дейміз. «Қазір талай жыл бөлек тұрып, төсек суынып, көңіл мұздап, күте-күте жан мен тән қоса сарғайған ауыр кезең артта қалды» - дегенде: - Апыр-ай, асыл азамат ардақты жарымен бір жұмада бірге тұра алмай сырқаттанып қалды-ау,- дедім. Үнімнен мұңды дыбыс еріксіз естілді білем, жолдасым бетіме жалт қарады. Бірақ үндемеді, үйге келгенде қолынан тастамайтын «Мед. архивына» қайтадан үңіле түсті. Мен тағы да:             - Қаны азаюдың мәнісі неден екенін медицина көптен біледі дейсіңдер. Оны қалпына түсіру де ғылымның қолынан келетін шығар,- дедім, сұрақтан гөрі сенген үнмен. Әйелім тура жауап бермей: - Бұл ауданға қан мен пенициллин де мол жеткізілмейді. Крайздрав біздің телеграммамызға «ауа райының ауырлығынан самолет ұшпай тұр» деп хабарлады,- деді. Бірнеше күн өтті. Күн санап науқас инженердің хәлі де ауырлай түсті. Ал, сол үлкен қайғының үстіне алыстан келген аяулы жардың басына көлденең тағы да бір қасірет килікті. Бұл бәрінен де ауыр тиді. Бірақ әйел мұны ауруханадағы еріне айтпастан, алдымен бізге келді. Татьяна Михайловнаның әлденеге мұңайған пішінін көріп: - Уайымдамаңыз, Михаил Ивановичке қанды үзбей құйып жатқан көрінеді. Дәрігер бүгін тәуір деп келді,- деп жұбата түстім, «ерінің сырқатына мұңайып тұр ғой» деп ойлап. - Жұбатуыңызға көп рақмет. Менің... менің...- деп әйел сөз таппай іркілді де, күрсініп: - менің түсім бұзылып келгені басқа себептен. Адам ойына келмейтін ауыр сөзден, аса ауыр сөзден,- деді. Мұңды пішінмен күрсініп алғанына үні сай шықпады: жұмсақ лебізінен іштей бір қатаң дыбыс естілді. «Не болып қалды?» деген ой: «Сұра!» деп дігірлесе де, мұқшай түсуді мақұл көрмей, сөзді тағы да ерінің аман-есен жазылуына бұрдым. - Жабыққан кезде Михаил Иванович бізге дем беріп: «Саспа, ағайын! Жақсылықтың бәрі алда» деп жұбатушы еді. Сол айтқан жақсы күндер сөз жоқ - алда болуға тиіс. Сіздің аман-есен келгеніңіз де көптен күткен зор жақсылықтың бірі. - Мұның бәрі де дұрыс қой, адам үмітпен өмір сүреді. Сол көп үміт күткен жанның бірі Михаил Иванович. Қазірде: «Жазыламын, Таня» деп жатыр. Ал? ауыр сөз басқа адамның аузынан шықты... Әйел кідіріп қалды, ойын жинақтап, сөз саралағандай, аздап тамағын кенеді де, желкесіне түйген шашын жөндеді. «Ауыр сөз... дейді. Тағы не пәле кездесті бейшараларға?» - деп ойладым мен, мұның не екенін естігенше шыдамай. ...Өмірім елегізумен өткен жанмын ғой. Мишаны ауруханаға салған сағаттан бастап тағы да елеурей түстім. Бұрынғы елеуреу - бұрынғы жалғыздың мұның қасында ауызға алуға да жарамай қалды. Жамандық ой орала береді. Осынша ауыр кез бастан өтті-ау дегенде, Мишамен біржола қоштассам не болды, деп қалам өзіме-өзім. Мұндай нәрсені ойламайын десем де болмайды. Ауызы күйген үріп ішеді емес пе? Бәрі сол жамандық жайдың салдары. Сыртқа шығам. Сыртқа шықсам ауруханаға қараймын. Үйге кірсем терезеден көз алмаймын. Кейде есікке көз тігемін. Ондағым: сестра мен дәрігердің бірі келіп қалмас па екен дегенім. Өйткені, Мишаға не керек болса соны өзім тауып берейін, маған хабарлай көріңіз,- деп тілек еткемін. Бірақ күткенің келмейді, ойлаған ойың орындалмайды. Бәрі керісінше келеді ғой кейде... - Сонда енді сізді...- деп сөзім соңын жұтып қалдым. - Мен бәріне де көндім,- деді әйел. Ол менің іркіп қалған сөзімді айтпай-ақ ұқты. Бірақ «бәріне де көндім» деген жауап тұла бойымды мұздатып жіберді. Айтуға басқа сөз таппай тағы да: - Михаил Иванович те сауығар, оның «жақсылықтың бәрі алда» дегені де келер. Ол бос сөйлемейтін кісі,- дедім. Бұл жұбанышыма ол болмашы ғана бас изеді. Мұнысы: «сөз жоқ, солай!» дейтін сенім емес еді. Татьяна Михайловна кеткеннен кейін: «О, сорлы жар. Бақытсыз Татьяна!»- деймін ішімнен. Ой ащы. Басқаға бұрамын. Татьяна Михайловнаның елжіреп суреттеген Еділіне кетем. Еділ үстіндегі шағаладай қалқыған ақ кемелер елестейді. Көз алдыңа дарқан өмір келеді. Керіліп жатқан жалпақ судың бейнесі мұнартады. Қос өңірі ен тоғай, шалғынды қырат, ну орман. Орман іші сыңсып тұрған құс, сусылдап тұрған жапырақ, жүгірген аң, мөлдіреген жеміс. Сұлу сала - Еділ саласы. Көзге толымды, көңілге қонымды сала! «Жағада Мишамен қол ұстасып жүгіріп - суға шолпып, құмға аунап өстік қой,- дейді Татьяна Михайловна ертегідей жас шағын еске түсіріп.- Пушкинді жаттап, Чернышевскийді оқып таныдық қой, өмір сұлулығын. Екеумізді келешекке жетектеген де сол ұлы - Еділ жағасы еді, ұлы жағаның әсем қалалары еді. Инжекер-архитектор атағын алған соң Ульяновскіге кетті Миша. Саратовтың институтын бітіргеннен кейін мен де кеттім, Мишаның соңынан. Ол көсем туып-өскен қаланы музейге айналдырамын деп арман етті. Сұлу үй, сұлу көше, сұлу фонтан, сұлу мүсін орнатамын деп жанын салды. Бірақ...» Ертеңіне Татьяна Михайловна келмеді. Ері ауруханаға түскеннен бері өз пәтерінде аз болатын, көбінесе аурухана жанында, қала берді біздікіне келіп әңгімемен көңіл сергітетін, бұл иман жүзді адамды біз жоқтай бастадық. - Тағы бір қиындыққа душар болды ол кісі. Әйтпесе бір көрінер еді,- дедім мен әйеліме,- Михаил Иванович қалай? Дәрігерім үндемеді. - Татьяна Михайловнаға барып шықсақ қайтеді? Жолдасым оған да жауап бермеді: «Бұл қалай - әлденеге ренжіп жүрме, болмаса жұмыстан шаршап қайтты ма?» Тамақты тез-тез ішті де төсекке қарай жүрді. - Ауырып қайтқан жоқсың ба? Неге баяу жүзің?             - Әлгі сорлы әйел... Татьяна Михайловна келіп кетті күндіз ауруханаға. Мен Михаил Ивановичке айтпаңыз,- дедім. Құдай - ерін, адам - ұстаздықты қимаған... сорлы әйелге... Мен төмен қарадым - өз жолдасым алдында өзгенің қаталдығына араласқандай болдым. Бұл қаталдық қана емес... онан да зоры еді. Көп ұзамай Михаил Иванович дүние салды. Қан сарқылудан қайтты. Бірге жүрген қырық адам болып архитекторды жер қойнына бердік. Сөз сөйлеп, дәріптеп жерлеуге де болмады. Үйінде ғана, сорлы жарына жұбату айттық. Адам ауыр қасіреттен де өлі жандай болады. Татьяна Михайловна бейне бір құлпытас қалпында қалды - үнсіз, қимылсыз төсек үстінде отырған күйінде, жылжымай қалды. Ол жылаған да жоқ. Ақсұр тартқан бетте өмірінің бәрі жазылып тұрған сияқты еді. Кәдімгі құлпытастың бетіндегі жазудай айқын, бірақ өзі жансыз, құр тас тәрізді: ол күні де, келесі күні де сөйлеген жоқ. Біз де оның отырып қалған қалпын бұзбадық, бұзуға келісі де келмеді. Бірнеше күн өткен соң ғана ол тілге келді. - Екі сөзінің бірінде Таням, Танюшам, Татьянам деуші еді. Бұл маған бірінші күннен... бастап қойған аты еді. Ақын сөзімен қойған аты еді,- деді. Иә. «Таня, Танюша, Татьяна моя!» Ақын сөзі!- Талай махаббатты мәпелерде, талай қасіретті жұбатарда айтылатын сөз... Кешікпей Татьяна Михайловна Саратовына қайтып кетті. Селодан шыға берісте жылға бар-ды. Жылға түбінде үш түп ақ сирақ қайың бар-ды. Бұл үшеуі етек-жеңі әлі ендей қоймаған жаңа зиратты көз ілмей күзетіп тұр. Көп заман мехнат шеккен, сүйікті елден, туған Еділден аулақта архитектор сол үш қайыңның күзетінде қалды. Әкеге бала, ағаға іні қымбат. Әйелге жар қымбат. Бұл бәрінен де қымбат. Жары үшін әйел оққа да қарсы тұрады - аяқ жетпес алысқа да барады. Бірақ қара жерге амалы жоқ. Татьяна Михайловна үш қайың тасасында қалып қойған бейітке қарайлай-қарайлай кетіп бара жатты. Өмір-үміт оны тоқтатпай жетектеп еді, енді алда не бар?.. Өмірде - жар қасіретті, әсіресе асыл жар. Көктөбел, 1966 ж.  Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы
19.11.2013 08:07 2713

Үш күннен кейін Михаил Ивановичті жақсылап емдеу үшін ауруханаға салды. Сырқатының ауыр екенін әбден сезем - бірақ: «Қалай болар екен?» деген сұрақ көмейге тіреле береді, сыртқа шығарғым келмейді. Жауап қандай болар! Оның үстіне көпке жаймайтын дәрігерлік сырды ашу жолдасыма да қиын ғой. Үйде де, өзен басында да Михаил Ивановичтың сол қиын-қыстау кезеңде дем бергені есімнен кетпейді. Оның, жаңылмасам, бірінші сөзі сенімнен басталды. Ол Красноярскіде: - Саспа, ағайын, жақсылықтың бәрі алда,- деген-ді. Бұл сенімін ол миға құя берді. Келе-келе: «Саспа ағайын, кеңшілік алда» деген мақал болып кетті. Қабағың қаттырақ шытылған кезде де, тіпті шахмат үстінде ойланып қалған шақта да «саспа, ағайын...» дейміз. «Қазір талай жыл бөлек тұрып, төсек суынып, көңіл мұздап, күте-күте жан мен тән қоса сарғайған ауыр кезең артта қалды» - дегенде: - Апыр-ай, асыл азамат ардақты жарымен бір жұмада бірге тұра алмай сырқаттанып қалды-ау,- дедім. Үнімнен мұңды дыбыс еріксіз естілді білем, жолдасым бетіме жалт қарады. Бірақ үндемеді, үйге келгенде қолынан тастамайтын «Мед. архивына» қайтадан үңіле түсті. Мен тағы да:

            - Қаны азаюдың мәнісі неден екенін медицина көптен біледі дейсіңдер. Оны қалпына түсіру де ғылымның қолынан келетін шығар,- дедім, сұрақтан гөрі сенген үнмен. Әйелім тура жауап бермей: - Бұл ауданға қан мен пенициллин де мол жеткізілмейді. Крайздрав біздің телеграммамызға «ауа райының ауырлығынан самолет ұшпай тұр» деп хабарлады,- деді. Бірнеше күн өтті. Күн санап науқас инженердің хәлі де ауырлай түсті. Ал, сол үлкен қайғының үстіне алыстан келген аяулы жардың басына көлденең тағы да бір қасірет килікті. Бұл бәрінен де ауыр тиді. Бірақ әйел мұны ауруханадағы еріне айтпастан, алдымен бізге келді. Татьяна Михайловнаның әлденеге мұңайған пішінін көріп: - Уайымдамаңыз, Михаил Ивановичке қанды үзбей құйып жатқан көрінеді. Дәрігер бүгін тәуір деп келді,- деп жұбата түстім, «ерінің сырқатына мұңайып тұр ғой» деп ойлап. - Жұбатуыңызға көп рақмет. Менің... менің...- деп әйел сөз таппай іркілді де, күрсініп: - менің түсім бұзылып келгені басқа себептен. Адам ойына келмейтін ауыр сөзден, аса ауыр сөзден,- деді. Мұңды пішінмен күрсініп алғанына үні сай шықпады: жұмсақ лебізінен іштей бір қатаң дыбыс естілді. «Не болып қалды?» деген ой: «Сұра!» деп дігірлесе де, мұқшай түсуді мақұл көрмей, сөзді тағы да ерінің аман-есен жазылуына бұрдым. - Жабыққан кезде Михаил Иванович бізге дем беріп: «Саспа, ағайын! Жақсылықтың бәрі алда» деп жұбатушы еді. Сол айтқан жақсы күндер сөз жоқ - алда болуға тиіс. Сіздің аман-есен келгеніңіз де көптен күткен зор жақсылықтың бірі. - Мұның бәрі де дұрыс қой, адам үмітпен өмір сүреді. Сол көп үміт күткен жанның бірі Михаил Иванович. Қазірде: «Жазыламын, Таня» деп жатыр. Ал? ауыр сөз басқа адамның аузынан шықты... Әйел кідіріп қалды, ойын жинақтап, сөз саралағандай, аздап тамағын кенеді де, желкесіне түйген шашын жөндеді. «Ауыр сөз... дейді. Тағы не пәле кездесті бейшараларға?» - деп ойладым мен, мұның не екенін естігенше шыдамай. ...Өмірім елегізумен өткен жанмын ғой. Мишаны ауруханаға салған сағаттан бастап тағы да елеурей түстім. Бұрынғы елеуреу - бұрынғы жалғыздың мұның қасында ауызға алуға да жарамай қалды. Жамандық ой орала береді. Осынша ауыр кез бастан өтті-ау дегенде, Мишамен біржола қоштассам не болды, деп қалам өзіме-өзім. Мұндай нәрсені ойламайын десем де болмайды. Ауызы күйген үріп ішеді емес пе? Бәрі сол жамандық жайдың салдары. Сыртқа шығам. Сыртқа шықсам ауруханаға қараймын. Үйге кірсем терезеден көз алмаймын. Кейде есікке көз тігемін. Ондағым: сестра мен дәрігердің бірі келіп қалмас па екен дегенім. Өйткені, Мишаға не керек болса соны өзім тауып берейін, маған хабарлай көріңіз,- деп тілек еткемін. Бірақ күткенің келмейді, ойлаған ойың орындалмайды. Бәрі керісінше келеді ғой кейде... - Сонда енді сізді...- деп сөзім соңын жұтып қалдым. - Мен бәріне де көндім,- деді әйел. Ол менің іркіп қалған сөзімді айтпай-ақ ұқты. Бірақ «бәріне де көндім» деген жауап тұла бойымды мұздатып жіберді. Айтуға басқа сөз таппай тағы да: - Михаил Иванович те сауығар, оның «жақсылықтың бәрі алда» дегені де келер. Ол бос сөйлемейтін кісі,- дедім. Бұл жұбанышыма ол болмашы ғана бас изеді. Мұнысы: «сөз жоқ, солай!» дейтін сенім емес еді. Татьяна Михайловна кеткеннен кейін: «О, сорлы жар. Бақытсыз Татьяна!»- деймін ішімнен. Ой ащы. Басқаға бұрамын. Татьяна Михайловнаның елжіреп суреттеген Еділіне кетем. Еділ үстіндегі шағаладай қалқыған ақ кемелер елестейді. Көз алдыңа дарқан өмір келеді. Керіліп жатқан жалпақ судың бейнесі мұнартады. Қос өңірі ен тоғай, шалғынды қырат, ну орман. Орман іші сыңсып тұрған құс, сусылдап тұрған жапырақ, жүгірген аң, мөлдіреген жеміс. Сұлу сала - Еділ саласы. Көзге толымды, көңілге қонымды сала! «Жағада Мишамен қол ұстасып жүгіріп - суға шолпып, құмға аунап өстік қой,- дейді Татьяна Михайловна ертегідей жас шағын еске түсіріп.- Пушкинді жаттап, Чернышевскийді оқып таныдық қой, өмір сұлулығын. Екеумізді келешекке жетектеген де сол ұлы - Еділ жағасы еді, ұлы жағаның әсем қалалары еді. Инжекер-архитектор атағын алған соң Ульяновскіге кетті Миша. Саратовтың институтын бітіргеннен кейін мен де кеттім, Мишаның соңынан. Ол көсем туып-өскен қаланы музейге айналдырамын деп арман етті. Сұлу үй, сұлу көше, сұлу фонтан, сұлу мүсін орнатамын деп жанын салды. Бірақ...» Ертеңіне Татьяна Михайловна келмеді. Ері ауруханаға түскеннен бері өз пәтерінде аз болатын, көбінесе аурухана жанында, қала берді біздікіне келіп әңгімемен көңіл сергітетін, бұл иман жүзді адамды біз жоқтай бастадық. - Тағы бір қиындыққа душар болды ол кісі. Әйтпесе бір көрінер еді,- дедім мен әйеліме,- Михаил Иванович қалай? Дәрігерім үндемеді. - Татьяна Михайловнаға барып шықсақ қайтеді? Жолдасым оған да жауап бермеді: «Бұл қалай - әлденеге ренжіп жүрме, болмаса жұмыстан шаршап қайтты ма?» Тамақты тез-тез ішті де төсекке қарай жүрді. - Ауырып қайтқан жоқсың ба? Неге баяу жүзің?

            - Әлгі сорлы әйел... Татьяна Михайловна келіп кетті күндіз ауруханаға. Мен Михаил Ивановичке айтпаңыз,- дедім. Құдай - ерін, адам - ұстаздықты қимаған... сорлы әйелге... Мен төмен қарадым - өз жолдасым алдында өзгенің қаталдығына араласқандай болдым. Бұл қаталдық қана емес... онан да зоры еді. Көп ұзамай Михаил Иванович дүние салды. Қан сарқылудан қайтты. Бірге жүрген қырық адам болып архитекторды жер қойнына бердік. Сөз сөйлеп, дәріптеп жерлеуге де болмады. Үйінде ғана, сорлы жарына жұбату айттық. Адам ауыр қасіреттен де өлі жандай болады. Татьяна Михайловна бейне бір құлпытас қалпында қалды - үнсіз, қимылсыз төсек үстінде отырған күйінде, жылжымай қалды. Ол жылаған да жоқ. Ақсұр тартқан бетте өмірінің бәрі жазылып тұрған сияқты еді. Кәдімгі құлпытастың бетіндегі жазудай айқын, бірақ өзі жансыз, құр тас тәрізді: ол күні де, келесі күні де сөйлеген жоқ. Біз де оның отырып қалған қалпын бұзбадық, бұзуға келісі де келмеді. Бірнеше күн өткен соң ғана ол тілге келді. - Екі сөзінің бірінде Таням, Танюшам, Татьянам деуші еді. Бұл маған бірінші күннен... бастап қойған аты еді. Ақын сөзімен қойған аты еді,- деді. Иә. «Таня, Танюша, Татьяна моя!» Ақын сөзі!- Талай махаббатты мәпелерде, талай қасіретті жұбатарда айтылатын сөз... Кешікпей Татьяна Михайловна Саратовына қайтып кетті. Селодан шыға берісте жылға бар-ды. Жылға түбінде үш түп ақ сирақ қайың бар-ды. Бұл үшеуі етек-жеңі әлі ендей қоймаған жаңа зиратты көз ілмей күзетіп тұр. Көп заман мехнат шеккен, сүйікті елден, туған Еділден аулақта архитектор сол үш қайыңның күзетінде қалды. Әкеге бала, ағаға іні қымбат. Әйелге жар қымбат. Бұл бәрінен де қымбат. Жары үшін әйел оққа да қарсы тұрады - аяқ жетпес алысқа да барады. Бірақ қара жерге амалы жоқ. Татьяна Михайловна үш қайың тасасында қалып қойған бейітке қарайлай-қарайлай кетіп бара жатты. Өмір-үміт оны тоқтатпай жетектеп еді, енді алда не бар?.. Өмірде - жар қасіретті, әсіресе асыл жар.

Көктөбел, 1966 ж.

 Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға