Жаңалықтар

VI БӨЛІМ

Қалада өкпесі тарылып, тірлігіне, тынысына соңғы кезде бір нәрсенің жетпей жүргенін сезе бастады Асау. Ол нәрсенің «Ауыл», «Дала» екенін тапқанда қуанышы қойнына сыймай, табан астынан шешімге келді. «Ауылға кету керек». Содан ауылдан бір-ақ шықты. Қазір туған ауылының шаңдақ көшесінде балалық сәби күндерді еске түсіріп бас шұлғып аяқты сілтеп басып келеді. «Қайран ауыл-ай» деп таза түз самалынан мейлінше жұтып, шуақ күнге арқасын тосып еркін келеді. Бітімі бөлек сұлу мүсінді жас айғырға ауылдастары терезеден үңіліп сұқтана қарайды. Арба сүйреп келе жатқан Жирен қасқа бетбе-бет келіп қалып шұрқырасып көрісті. - Өзің арықтап кетіпсің ғой! - деп аяныш білдірді Жирен. Асау бас шұлғыды.. - Мінеки, осылай жүріп жатырмыз! - деп семіз Жирен сөзін жалғады, - Құдайға шүкір жағдайымыз жаман емес. Күніне бір-екі арба шөп тасимыз. Жан қиналып жатқаны шамалы. Қазір бір басымның өзінде бір қанба сұлы бар. Әлі бір жеміміз үзіліп көрген емес. Шүкір жақсымыз. Ал өзің тым жүдеп кетіпсің ғой, сол қаладан не таптың, келсеңші осында, жұмыс деген көп, әйтеуір жемнен тарлық, көрмейтініңе сенемін... Асау танысының сөзінің соңына құлақ аспай көше бойлап жүріп кетті. Жирен де бұртыңдап ашуланып өз жолына бұрылды. Дүкен маңында тұрған бір топ ауылдастары бұны әңгімелеп тұрғанын байқады Асау. - Кезінде тәп-тәуір есін келе жатыр еді, бұның да құты қашайын депті-ау? «Сырғауылдана бой сылап, желкілдетіп жал өсіргеннен басқа сол қаладан тапқан пайдасы қайсы?! Қор болды деген осы да...» Шаңдақ көшемен басты шұлғып тастап аяңдап келе жатқан Асау күтпеген жерден денесіне шыпшып қадалған садақ оғының уытын сезді. Жаны ауырғаннан сыртына жіпсіп тері шықса да сыр шығарған жоқ. Тістеніп алып, сәйгүлікке тән сымбатын бұзбай көшемен жайбарақат жүріп өтті. Садақты кімнің тартып тұрғанында шаруасы қанша, әйтеуір өз ауылының оғы екені ақиқат-ты. ... Саттар ауылда екі түн түнеп әке-шешенің шыр-пыр бәйегіне қарамастан Алматыға қайтты. Бұндағы әмірге, су бетіне шыға беретін қалтқыдай енді айналып біріге алмасын біліп қайтты. * * * Түске таман жұмыстан беймезгіл күзде көшеге шықты. Әлденеге қатты ренжіп, көңіл-күйі болмағанда осылай бет-алды көше кезіп кететін әдеті. Басын шайқап-шайқап қояды. Әлгінде телефон трубкасынан зу ете түскен жебені ойлап таңданып келеді. Егер де алдын-ала сақтық жасамағанда қазір мүмкін, басқа тиген жебеден екі көзі ақшаңдап барып, бірер секіре шаншылып барып жер сүзе құлап жатар еді... Жебе, трубканы көтере бергенде зу атылып бұның бетін жанап өтті де терезені күл-парша ғып сыртқа кетті. Осы құбылысты күткен Саттар, безектеп тұрған телефон трубкасын еппен құлағына жақындатпай көтерген-ді. Өйткені осыдан аз ғана бұрын, бұл ауылда жүргенде болған қала жаңалығын бір досы хабарлап, ыстық буы басылмаған жада өсектің басты кейіпкері болуымен «құттықтаған». Оғы шығып кеткен телефон трубкасына шошына қарап орнына ілді. Сонан кейін мең-зең біраз отырып, бөлмеге сыймай, көшеге шыққан. Асау Комсомол кешесімен ілбіп басып келеді. Егер кімде-кім Асаудың осы сәткі тұрқына дұрыстап назар тоқтатса мүмкін байқаған-ды. Асау ғұмырында тұңғыш рет жұрт көзінше еңсесі түсіп келе жатты. Бұл кейпін өзі де байқамағандай. Өйткені жанын өзге нәрсе қинаулы-тын. Денесінде қырыққа жуық жебенің алынбаған ұшы жатыр. Алынбаған оқ шеменденіп етімен ет болып кеткен. Одан сескенбеген еді. Бүгінгі телефон трубкасынан атылып, құлағының түбінен зу ете қалған жебеден әлі жүрегі қалтырайды. Жөніне кеткен оқтан сонша сескенгені несі! «Ажырасыпты» дейді, ажырасса қайта қосылады. Ақымақтар емес пе! «Ажырасыпты» дейді, ажырасса ажыраса берсін. Олардың жаққан отына бұны неге күйдіреді жұрт! Не жазығы бар, Асаудың? Оу, осы жайына жүрген жанды неге жұрт тынышына қоймайды?! Осылай қыбыр-жыбырдан қорғанумен, осылай қыбыр-жыбырмен алысумен қысқа өмірін өткізбек пе! Қашан таусылады осы қыбыр-жыбыр, оу, жұртым!? - деп іштей айқайлап сырттай қабарды. Бұның ішкі даусын көшенің абыр-сабыры, мәшинелердің ың-жыңы басып кетті. Саттар үнсіз жүріп келе жатыр. Бұның осылай үнсіз қанша жол, қанша мезгілді жүріп өтетінін кім біліпті. Алда аяқ үшін жаратылған көше бар да, бұнда жүру үшін жаратылған аяқ бар да, сырттай Қарағанда қу кеудеге қимылдай беру парыз тәрізді. Және, бұл қимылдай да берер еді... Көшенің дәл ортасына келе бергенде өңіріне құйылып кеткен танау қанын байқады. Қалт тоқтап тұмсығына алақанын тосты. Бүгін киіп шыққан боз костюм ақ көйлегінің өңірі қызыл ала қан. Саусақ арасынан жылымшылап көк асфальтқа да тамып тұр. Алдыартынан мәшинелер, жаяулар ағылып өтіп жатыр. Уысына үңілген жігіт сұрақ белгісіндей солпиып көше ортасында тұр. Уысындағы қанда бейнеленген өз суретіне қарап тұруы да ықтимал-ды. Құрметті оқушы! Әңгімеміз осы жерге келгенде сәл үзіліс жасауға мәжбүр болдық. Әңгімеміз дәл осы жерге жеткенде біздің үйде жатқан Айман, Шолпан деген екі қыз, кеше ғана ауылдан мектеп бітіріп, бүгін Алматыға оқуға түсуге келген абитуриенттер автор жазу жазып отырған ас үйге баса-көктеп кіріп келді. - Что пишите, жезде?! - Прочти что ты написал?! - деп екеуі екі жақтан ала кетті. - Ертегі жазып жатырмын, ойбай ертегі! - Что? - Что, а-ну-ка повтори! - Бәрібір түсінбейсіздер, далаға шығып ойнап келіңдер! Барыңдар! - А-ха, «барыңдар»! А, мы никуда не пойдем, разве ты не сочиняешь для нас - для читателей? - Разумеется, для вас пишу рассказ. - Для нас, ура! - А ну-ка хоть одно предложение прочти, а! Послушаем! - Ну, ладно. Начну с последнего. - «... Алды-артынан мәшинелер, жаяулар ағылып өтіп жатты. Уысына үңілген жігіт, сұрақ белгісіндей солпиып көше ортасында тұр. Уысындағы қанда бейнеленген өз суретіне қарап тұруы да ықтимал-ды.» - Я уже кое-что поняла, например «сурет» это фотокарточка. - А интересно узнать чья это карточка? Не. Зойкина ли, а? - Жезде еще одну, а то мы ничего не поняли! «...Сонан кейін екі көшенің қиылысқан жерінде көз көріп құлақ естімеген құбылыс болды. Алматылықтар әлгінде ғана жігіт болған орнында, көзді ашып жұмғанша қияли ертегідей бір ғажайып айғырдың аспанға шыңғыра шапшып тұрғанын көрді...» - Ни черта не понимаю! - Переведи на русский! - Қой қыздар, басты ауыртпаңдар! Идите! Қыздар шуылдасып сыртқа шығып кетті. Мен әңгіменің арқауын жоғалтып алып біраз мең-зең отырдым. «...Разве ты не сочиняешь для нас - для читателей?» «Для вас пишу рассказ». «Ни черта не понимаю». «Переведи на русский». «А, а я для вас пишу рассказ! Для вас!! Для вас!!'!» ... Шыңғыра шапшыған айғырдың қос танауынан бұрқыраған қан өнбойын өрттей жуды. Бұл - Асау болатын. Асау бір орнында шыр айналып аспанға қарап қатарынан үш рет дабылдата кісінеді де, көкірегінде көптен қордаланған көксеңгір бұлты күрт сынғандай, садақ оғынша тіп-тік тауға тартатын көшеге бет түзеп, омырыла оқыс шапшыды. Алдына көлденең келе берген трамвай вагонынан қарғып өтіп көз алдында көлбеп жатқан көгілдір тауға қарай дауылдата зымырады. Өрттей дөңгеленген Қызыл айғырдың тостағандай төрт тұяғы тиген тас, балшықтай иленіп, тостағандай төрт тұяқ басқан жерде шүйке-шүйке көк түтін қалып жатты. Арын үстіндегі қаһарлы айғыр әрбір назаланып кісінеген сайын кеңсірігінен шатырлата найзағай бүркіп барады. Қызыл айғырдың сүренді шабысына көз жетер жерде көңіл бөлмеген жан қалмады. Әншейінде көзге ілмейтін тәкаппар үйлер теңселіп, терезе, балконнан қол шапаттап айқайлаған ел шуылынан құлақ тұнғандай. Көше жиегінде қатар тізіле қалған қалың жұрт әлдене десіп қарлыға қышқырысып бұның жолына қызыл-жасыл гүл лақтырады. Асаудың жолына бөгет, шабысына нұқсан келтірген тағы да мәшинелер еді. Талайын тұяғымен қағып қалпақтай ұшырып өтсе де өлермен жансебіл біреулері қызыл көзін жымың-жымың қысып ысқыра шауып бұның алдын кескестей береді. Асаудың апшы үзер ақиық айбаты осы арада әйгіленді. Танауынан үш-төрт найзағайды кең дүниеге бір-ақ ыршытып, жолына шыққан көк мәшинені құйрықтан қыршып, ал кеп қуды. Кішкентай көк мәшине шыбын жанын шүберекке түйіп қышқырынып қанша борбай созғанмен Асаудың арандай ашылған аузына желке бермей қалмады. Желке бергеннен кейін күйі тайған көк мәшине бір-екі аяқ сермеді де тротуарға тұмсық шанша құлады.  Елубай Смағұл Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы
19.11.2013 06:30 3518

Қалада өкпесі тарылып, тірлігіне, тынысына соңғы кезде бір нәрсенің жетпей жүргенін сезе бастады Асау. Ол нәрсенің «Ауыл», «Дала» екенін тапқанда қуанышы қойнына сыймай, табан астынан шешімге келді. «Ауылға кету керек». Содан ауылдан бір-ақ шықты. Қазір туған ауылының шаңдақ көшесінде балалық сәби күндерді еске түсіріп бас шұлғып аяқты сілтеп басып келеді. «Қайран ауыл-ай» деп таза түз самалынан мейлінше жұтып, шуақ күнге арқасын тосып еркін келеді. Бітімі бөлек сұлу мүсінді жас айғырға ауылдастары терезеден үңіліп сұқтана қарайды. Арба сүйреп келе жатқан Жирен қасқа бетбе-бет келіп қалып шұрқырасып көрісті. - Өзің арықтап кетіпсің ғой! - деп аяныш білдірді Жирен. Асау бас шұлғыды.. - Мінеки, осылай жүріп жатырмыз! - деп семіз Жирен сөзін жалғады, - Құдайға шүкір жағдайымыз жаман емес. Күніне бір-екі арба шөп тасимыз. Жан қиналып жатқаны шамалы. Қазір бір басымның өзінде бір қанба сұлы бар. Әлі бір жеміміз үзіліп көрген емес. Шүкір жақсымыз. Ал өзің тым жүдеп кетіпсің ғой, сол қаладан не таптың, келсеңші осында, жұмыс деген көп, әйтеуір жемнен тарлық, көрмейтініңе сенемін... Асау танысының сөзінің соңына құлақ аспай көше бойлап жүріп кетті. Жирен де бұртыңдап ашуланып өз жолына бұрылды. Дүкен маңында тұрған бір топ ауылдастары бұны әңгімелеп тұрғанын байқады Асау. - Кезінде тәп-тәуір есін келе жатыр еді, бұның да құты қашайын депті-ау? «Сырғауылдана бой сылап, желкілдетіп жал өсіргеннен басқа сол қаладан тапқан пайдасы қайсы?! Қор болды деген осы да...» Шаңдақ көшемен басты шұлғып тастап аяңдап келе жатқан Асау күтпеген жерден денесіне шыпшып қадалған садақ оғының уытын сезді. Жаны ауырғаннан сыртына жіпсіп тері шықса да сыр шығарған жоқ. Тістеніп алып, сәйгүлікке тән сымбатын бұзбай көшемен жайбарақат жүріп өтті. Садақты кімнің тартып тұрғанында шаруасы қанша, әйтеуір өз ауылының оғы екені ақиқат-ты. ... Саттар ауылда екі түн түнеп әке-шешенің шыр-пыр бәйегіне қарамастан Алматыға қайтты. Бұндағы әмірге, су бетіне шыға беретін қалтқыдай енді айналып біріге алмасын біліп қайтты.

* * *

Түске таман жұмыстан беймезгіл күзде көшеге шықты. Әлденеге қатты ренжіп, көңіл-күйі болмағанда осылай бет-алды көше кезіп кететін әдеті. Басын шайқап-шайқап қояды. Әлгінде телефон трубкасынан зу ете түскен жебені ойлап таңданып келеді. Егер де алдын-ала сақтық жасамағанда қазір мүмкін, басқа тиген жебеден екі көзі ақшаңдап барып, бірер секіре шаншылып барып жер сүзе құлап жатар еді... Жебе, трубканы көтере бергенде зу атылып бұның бетін жанап өтті де терезені күл-парша ғып сыртқа кетті. Осы құбылысты күткен Саттар, безектеп тұрған телефон трубкасын еппен құлағына жақындатпай көтерген-ді. Өйткені осыдан аз ғана бұрын, бұл ауылда жүргенде болған қала жаңалығын бір досы хабарлап, ыстық буы басылмаған жада өсектің басты кейіпкері болуымен «құттықтаған». Оғы шығып кеткен телефон трубкасына шошына қарап орнына ілді. Сонан кейін мең-зең біраз отырып, бөлмеге сыймай, көшеге шыққан. Асау Комсомол кешесімен ілбіп басып келеді. Егер кімде-кім Асаудың осы сәткі тұрқына дұрыстап назар тоқтатса мүмкін байқаған-ды. Асау ғұмырында тұңғыш рет жұрт көзінше еңсесі түсіп келе жатты. Бұл кейпін өзі де байқамағандай. Өйткені жанын өзге нәрсе қинаулы-тын. Денесінде қырыққа жуық жебенің алынбаған ұшы жатыр. Алынбаған оқ шеменденіп етімен ет болып кеткен. Одан сескенбеген еді. Бүгінгі телефон трубкасынан атылып, құлағының түбінен зу ете қалған жебеден әлі жүрегі қалтырайды. Жөніне кеткен оқтан сонша сескенгені несі! «Ажырасыпты» дейді, ажырасса қайта қосылады. Ақымақтар емес пе! «Ажырасыпты» дейді, ажырасса ажыраса берсін. Олардың жаққан отына бұны неге күйдіреді жұрт! Не жазығы бар, Асаудың? Оу, осы жайына жүрген жанды неге жұрт тынышына қоймайды?! Осылай қыбыр-жыбырдан қорғанумен, осылай қыбыр-жыбырмен алысумен қысқа өмірін өткізбек пе! Қашан таусылады осы қыбыр-жыбыр, оу, жұртым!? - деп іштей айқайлап сырттай қабарды. Бұның ішкі даусын көшенің абыр-сабыры, мәшинелердің ың-жыңы басып кетті. Саттар үнсіз жүріп келе жатыр. Бұның осылай үнсіз қанша жол, қанша мезгілді жүріп өтетінін кім біліпті. Алда аяқ үшін жаратылған көше бар да, бұнда жүру үшін жаратылған аяқ бар да, сырттай Қарағанда қу кеудеге қимылдай беру парыз тәрізді. Және, бұл қимылдай да берер еді... Көшенің дәл ортасына келе бергенде өңіріне құйылып кеткен танау қанын байқады. Қалт тоқтап тұмсығына алақанын тосты. Бүгін киіп шыққан боз костюм ақ көйлегінің өңірі қызыл ала қан. Саусақ арасынан жылымшылап көк асфальтқа да тамып тұр. Алдыартынан мәшинелер, жаяулар ағылып өтіп жатыр. Уысына үңілген жігіт сұрақ белгісіндей солпиып көше ортасында тұр. Уысындағы қанда бейнеленген өз суретіне қарап тұруы да ықтимал-ды. Құрметті оқушы! Әңгімеміз осы жерге келгенде сәл үзіліс жасауға мәжбүр болдық. Әңгімеміз дәл осы жерге жеткенде біздің үйде жатқан Айман, Шолпан деген екі қыз, кеше ғана ауылдан мектеп бітіріп, бүгін Алматыға оқуға түсуге келген абитуриенттер автор жазу жазып отырған ас үйге баса-көктеп кіріп келді.

- Что пишите, жезде?! - Прочти что ты написал?! - деп екеуі екі жақтан ала кетті. - Ертегі жазып жатырмын, ойбай ертегі! - Что? - Что, а-ну-ка повтори! - Бәрібір түсінбейсіздер, далаға шығып ойнап келіңдер! Барыңдар! - А-ха, «барыңдар»! А, мы никуда не пойдем, разве ты не сочиняешь для нас - для читателей? - Разумеется, для вас пишу рассказ. - Для нас, ура! - А ну-ка хоть одно предложение прочти, а! Послушаем! - Ну, ладно. Начну с последнего. - «... Алды-артынан мәшинелер, жаяулар ағылып өтіп жатты. Уысына үңілген жігіт, сұрақ белгісіндей солпиып көше ортасында тұр. Уысындағы қанда бейнеленген өз суретіне қарап тұруы да ықтимал-ды.» - Я уже кое-что поняла, например «сурет» это фотокарточка. - А интересно узнать чья это карточка? Не. Зойкина ли, а? - Жезде еще одну, а то мы ничего не поняли! «...Сонан кейін екі көшенің қиылысқан жерінде көз көріп құлақ естімеген құбылыс болды. Алматылықтар әлгінде ғана жігіт болған орнында, көзді ашып жұмғанша қияли ертегідей бір ғажайып айғырдың аспанға шыңғыра шапшып тұрғанын көрді...» - Ни черта не понимаю! - Переведи на русский! - Қой қыздар, басты ауыртпаңдар! Идите! Қыздар шуылдасып сыртқа шығып кетті. Мен әңгіменің арқауын жоғалтып алып біраз мең-зең отырдым. «...Разве ты не сочиняешь для нас - для читателей?» «Для вас пишу рассказ». «Ни черта не понимаю». «Переведи на русский». «А, а я для вас пишу рассказ! Для вас!! Для вас!!'!» ... Шыңғыра шапшыған айғырдың қос танауынан бұрқыраған қан өнбойын өрттей жуды. Бұл - Асау болатын. Асау бір орнында шыр айналып аспанға қарап қатарынан үш рет дабылдата кісінеді де, көкірегінде көптен қордаланған көксеңгір бұлты күрт сынғандай, садақ оғынша тіп-тік тауға тартатын көшеге бет түзеп, омырыла оқыс шапшыды. Алдына көлденең келе берген трамвай вагонынан қарғып өтіп көз алдында көлбеп жатқан көгілдір тауға қарай дауылдата зымырады. Өрттей дөңгеленген Қызыл айғырдың тостағандай төрт тұяғы тиген тас, балшықтай иленіп, тостағандай төрт тұяқ басқан жерде шүйке-шүйке көк түтін қалып жатты. Арын үстіндегі қаһарлы айғыр әрбір назаланып кісінеген сайын кеңсірігінен шатырлата найзағай бүркіп барады. Қызыл айғырдың сүренді шабысына көз жетер жерде көңіл бөлмеген жан қалмады. Әншейінде көзге ілмейтін тәкаппар үйлер теңселіп, терезе, балконнан қол шапаттап айқайлаған ел шуылынан құлақ тұнғандай. Көше жиегінде қатар тізіле қалған қалың жұрт әлдене десіп қарлыға қышқырысып бұның жолына қызыл-жасыл гүл лақтырады. Асаудың жолына бөгет, шабысына нұқсан келтірген тағы да мәшинелер еді. Талайын тұяғымен қағып қалпақтай ұшырып өтсе де өлермен жансебіл біреулері қызыл көзін жымың-жымың қысып ысқыра шауып бұның алдын кескестей береді. Асаудың апшы үзер ақиық айбаты осы арада әйгіленді. Танауынан үш-төрт найзағайды кең дүниеге бір-ақ ыршытып, жолына шыққан көк мәшинені құйрықтан қыршып, ал кеп қуды. Кішкентай көк мәшине шыбын жанын шүберекке түйіп қышқырынып қанша борбай созғанмен Асаудың арандай ашылған аузына желке бермей қалмады. Желке бергеннен кейін күйі тайған көк мәшине бір-екі аяқ сермеді де тротуарға тұмсық шанша құлады. 

Елубай Смағұл

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға