Жаңалықтар

V БӨЛІМ

«Қазақтың бір жігітіндей-ақ қауқарым бар шығар» деп іштей күпсінетін Жалмырзаның қазір бағасы бес тиыннан артпай босағада байлаулы тұр. Аяқ қолы байланса да көкірек, көзі байланбаған ғой! Гүлайым - қойнындағы қосағы, күні кеше ғана бұның мойны, құшағында жыланша оратылып, жыланша бұратылып жататын жар дегенде жалғызы, әнеки бұның көзін бақырайтып қойып, Саттардың етегінен ұстап кетіп барады. Ойыны ма, шыны ма Гүлайымның?! Бұндай мінез қайдан біткен оған?! О, тоба-ау мына дүние не боп барады?! Гүлайым тіпті бұны ұмытқандай әлгінде, осы ошақтың қонағы болған Саттардың шылауында барады. Соры қайнаған әйел, жалт етпе сезімге жиі бауыздалатын жынысына тән қасиетіне сайды ма, онша иіле қоймай жүрген Саттардың етегіне жабысып, аяғына оратылып жығылып тұра береді. Саттар, әйелге көңіл бөлер емес. Жайбарақат кетіп барады. Бұл неге тырп ете алмай қалған. «Ех» деп ұмтылып еді, аяқ қолы байланған арқан үзіліп кетті. Жалмырза жүгіріп есік терезені шалқасынан ашып тастап айқайды басты. Не деп айқайлап тұрғанын өзі де шала ұғады. Әйтеуір: «Уа, халайық! Қайдасың! Келіңдер! Көріңдер мына бетбақты! (Саттарды) Ойбай әкеңнің! Мында жатыр иттер! «Саттар», «Саттар» деуші едіңдер, енді кезбен көріңдер жұртым!» - деп бақырып тұрғанын байқады. Бұның айқайына Алматының ширек жұрты жиналыпты. Көбі бұларды танитын таныс жұрт. Жалмырзаның қуанышында шек жоқ. «Кім ит, кім адам, керіңдер енді...» деп Саттар жатқан бөлмені сұқ саусағымен көрсетеді. Ел топырласып сонда ұмтылады. «Көп асқанға бір тосқан, біткен жерің осы шығар, ә, Саттар!» Бөлме ішінде құстай сайрап безіп жүрген жалаңаш шешеннің бұл шамада іркелер ойы жоқ-ты. Әлдеқайдан жетіп келген Гүлайым «жап аузыңды» деп бүйірден түйіп жіберді. Жалмырза ұйқысынан алаң-жұлаң шошып оянды. Қасында шашы үрпиіп Гүлайым отыр. - Не болды саған, не деп сөйлеп жатсың! Жалмырза ішінен: «Мына оңбаған қатын әлгінің бәрін естіп алған екен ғой» деп желкесін қасыды. - Егер сенбейді екенсің, соншама неге естен таңғанша мас боласың! - деп ұрысты Гүлайым. Осыдан үш күн бұрын осы үйде Саттар болып еді. Жалмырза ішіңкіреп жіберіп төсекке ес-түссіз құлап қалған-ды. Келіншек Саттарға еріп үйден шыққан. Қараңғы көшеде қатар аяндап келе жатып: - Әнеугүні сізді мен жылқы бейнесінде көріп пе едім?.. - деп күмілжіді. Қасындағы жігіт не күлгені не осқырынғаны емес бір жат дыбыс шығарды. Келіншек жалт қарағанда қатар аяңдап келе жатқан айғырды көрді. - Сен Саттарсың ғой, а? - деді келіншек. Жас айғыр бас шұлғыды. Келіншектің жіңішке сүйір саусақтары Асаудың жалын тарады. Іле омырауына басын сүйеп құшырлана иіскеді. Сонан кейін: - Мен мас болып қалыппын! - деп сыбырлады. Асау үн қатпай аялдамаға қарай бұрылып жүре берді.  
19.11.2013 06:29 3298

«Қазақтың бір жігітіндей-ақ қауқарым бар шығар» деп іштей күпсінетін Жалмырзаның қазір бағасы бес тиыннан артпай босағада байлаулы тұр. Аяқ қолы байланса да көкірек, көзі байланбаған ғой! Гүлайым - қойнындағы қосағы, күні кеше ғана бұның мойны, құшағында жыланша оратылып, жыланша бұратылып жататын жар дегенде жалғызы, әнеки бұның көзін бақырайтып қойып, Саттардың етегінен ұстап кетіп барады. Ойыны ма, шыны ма Гүлайымның?! Бұндай мінез қайдан біткен оған?! О, тоба-ау мына дүние не боп барады?! Гүлайым тіпті бұны ұмытқандай әлгінде, осы ошақтың қонағы болған Саттардың шылауында барады. Соры қайнаған әйел, жалт етпе сезімге жиі бауыздалатын жынысына тән қасиетіне сайды ма, онша иіле қоймай жүрген Саттардың етегіне жабысып, аяғына оратылып жығылып тұра береді. Саттар, әйелге көңіл бөлер емес. Жайбарақат кетіп барады. Бұл неге тырп ете алмай қалған. «Ех» деп ұмтылып еді, аяқ қолы байланған арқан үзіліп кетті. Жалмырза жүгіріп есік терезені шалқасынан ашып тастап айқайды басты. Не деп айқайлап тұрғанын өзі де шала ұғады. Әйтеуір: «Уа, халайық! Қайдасың! Келіңдер! Көріңдер мына бетбақты! (Саттарды) Ойбай әкеңнің! Мында жатыр иттер! «Саттар», «Саттар» деуші едіңдер, енді кезбен көріңдер жұртым!» - деп бақырып тұрғанын байқады. Бұның айқайына Алматының ширек жұрты жиналыпты. Көбі бұларды танитын таныс жұрт. Жалмырзаның қуанышында шек жоқ. «Кім ит, кім адам, керіңдер енді...» деп Саттар жатқан бөлмені сұқ саусағымен көрсетеді. Ел топырласып сонда ұмтылады. «Көп асқанға бір тосқан, біткен жерің осы шығар, ә, Саттар!» Бөлме ішінде құстай сайрап безіп жүрген жалаңаш шешеннің бұл шамада іркелер ойы жоқ-ты. Әлдеқайдан жетіп келген Гүлайым «жап аузыңды» деп бүйірден түйіп жіберді. Жалмырза ұйқысынан алаң-жұлаң шошып оянды. Қасында шашы үрпиіп Гүлайым отыр. - Не болды саған, не деп сөйлеп жатсың! Жалмырза ішінен: «Мына оңбаған қатын әлгінің бәрін естіп алған екен ғой» деп желкесін қасыды. - Егер сенбейді екенсің, соншама неге естен таңғанша мас боласың! - деп ұрысты Гүлайым. Осыдан үш күн бұрын осы үйде Саттар болып еді. Жалмырза ішіңкіреп жіберіп төсекке ес-түссіз құлап қалған-ды. Келіншек Саттарға еріп үйден шыққан. Қараңғы көшеде қатар аяндап келе жатып: - Әнеугүні сізді мен жылқы бейнесінде көріп пе едім?.. - деп күмілжіді. Қасындағы жігіт не күлгені не осқырынғаны емес бір жат дыбыс шығарды. Келіншек жалт қарағанда қатар аяңдап келе жатқан айғырды көрді. - Сен Саттарсың ғой, а? - деді келіншек. Жас айғыр бас шұлғыды. Келіншектің жіңішке сүйір саусақтары Асаудың жалын тарады. Іле омырауына басын сүйеп құшырлана иіскеді.

Сонан кейін: - Мен мас болып қалыппын! - деп сыбырлады. Асау үн қатпай аялдамаға қарай бұрылып жүре берді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға