Жаңалықтар

IV БӨЛІМ

Жұмыс аяғы, кешкі алтының кезі. Алматы көшесінде ақсаңдай басып кетіп барады. Тоқтаудан қорқады. Тоқтаса ой-су қасиеттес. Төменге, тереңге қарай шөгеді. Тереңдемес үшін аға береді. Аға берсе бу боп ұшқанша тамшы байғұс көппен көлеңдеп аға бермек. Ең бақыттысы ағып бара жатқаныңды ұқпай аға беру ғой. Бұның пешенесіне ағыс үстінде екенін үнемі сезіну жазылыпты. Бұның жұрттан ерегі солтын. Ақыл атаулы адамды саналы ғұмырға итереді. Саналы ғұмыр әр минут сайын өзіңнің ағыс үстінде екеніңді сезінуден басқа не! Әр тамшының құяр шегіне ұмтылуын сезінуден басқа не! Ақсап басып ақырын келе жатқан Асаудың «тақ-тұқ», «тақ-тұқ» тұяқ тақылы естіледі. Ақсаса да, әдетінше қамыс құлағын қайшылап құлаш мойнын төмендетпей тік көтеріп келеді. Тегіне сайып келеді. Үнсіз, тұйық келе жатқан Асау құлақ түбінен әлдене «зу» ете түскенде үркіп қалды. Құлақ тігіп басын кекшең еткізді. Сөйткенше қапталдағы темір бетон үйдің қабырғасына тиген садақ оғы сыңғыр етіп асфальтқа құлап түсіп еді. Айғыр еңкейіп жерде жатқан түсі суық оқты тұяғымен аударып-төңкеріп көрді. Дәл әнеукүнгі Мыңжасар сияқты кісінің жебесінен аумайды. Ұшы жез, сабы ағаш, түбіне үшкілдендіріп қауырсын қыстырған жез жебені иіскеп көріп еді, жып-жылы адам қолының табын сезді. Ат көзі ұясында шатынап төңірегіне қарап баяу оқыранды. Асаудың бұл болмашы әрекеті көшеде ерсілі-қарсылы етіп жатқан әсем сөмкелі ақ білекті келіншектердің, қалпақтары шекелерінде осқырысқан еркектердің, сауырларына жарты шоқы май бөксерген жеңгелердің назарынан тыс қалды. Ормандай сыңсыған осынша елдің ортасында тұрып жүрек еті сазып қатты жалғызсырады Асау. Ат басын биік көтеріп аспанға қарады. Ал, адамдар адам болғалы жалғыз-ақ рет аспанға қараған. Онда да жер бетіндегі шытырман тірлікке иығындағы аңғал басының қуаты жетпеген соң, аспанға қараған-ды. Асау ат та болса аспанға қарап аз-кем ойланды. Қараса кез таңырқап бас айналар зәулім үйлер, адам қолынан өрілген аспани қабырғалар үстіне әне-міне құлап кетердей, әрбір минут сайын қауіп ойлатады, бәсекелесе бой көтерген сол зәулім үйлер арасында ерсіліқарсылы сыңсыған қалың жебеге көзі түсті. Асау аялдамаға келді. Кеше онды-солды жарысқан транспорттан ызың-шу, қым-қуат. Желке тұсында арандай аузын ашқан эксковатор тарылдап қайта-қайта еңкейіп жер тәнін жұлқып ойып жеп тұр. Асау құлақ қайшылап алды-артынан қоршаған металл тісінен жалаң тәнін сақтағысы келетіндей тыпыршиды. Әлгінде жұмыстан шаршап шыққан басындағы бір уыс миын енді сәл тұрса мынау қаршылдасқан көк темірлер ұнтап езіп анау қабырғасын көтеріп жатқан үй балшығына қосып өріп жіберердей. Асау елмен таласа-тармыса автобусқа мінді. - «Икарустың» іші лық толы. Тұс-тұстан итерген шынтақ бұны бүйірден, қабырғадан, бөкседен езгілеп итеріп автобустың соңына қарай ысырып барады. Иегінің астынан, өткір-өткір сөйлеген адам дауысына мән бермеп еді, кенет бүйірі шым ете түскесін кейін бұрылды. Бүйірінде салпылдаған садақ оғы! Жаны ауырса да ештеңе болмағандай үнсіз тұра берді. Неге екені белгісіз иегі астындағы дауыстар өршіге түсті де денесінің бес-алты жеріне жебе қадалды. Асаудың әлі бұзылып үлгірмеген зор денсаулығы бұған да төтеп берді, сыр білдірмеді. Туғаннан жүйкесін түтін мен дыбыс қажап күйгелектенген мына пенделер бұдан нені талап етіп жатқанын түсінер емес.
19.11.2013 06:28 2679

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға