Жаңалықтар

ІІ БӨЛІМ

Асылжанның көзі ілінгені сол еді, есік баяу ашылып, оның сіңлісі Шара бас сұқты. Келіп жатқандардың ішінен тете өскен сіңлісі көріне қоймаған соң Асылжан мазасыздана бастағанын Қамажай бағана-ақ сезген. Оның себебін де білетін. Үйдің кенжесін еркелетіп өсіретін салтпен  бетіне ешкім қарсы келмей өскен Шара - ойындағысын бүркелемей, бұлтақтамай ашық та тура айтатын, ер мінезді қыз.   Жездесінің кезекті бір «концертіне» кездейсоқ тап келіп, осы уақытқа дейін Құдайдай сыйлап келген адамының сиқын көріп көңілі қалған   қыздың  тік сөйлейтін әдетімен «көрмегенім - сен бол, өлсең -  өлігіңе келмеймін!» деп  есікті тарс жауып кеткенінен хабардар   Қамажай,  сіңлісін шынымен келмей қала ма деп Асылжанның алаңдауын іштей түсініп отырған-ды. Енді оның келгеніне риза болса да, Асылжан аз да болса көз шырымын алсын деп, Қамажай «дыбысыңды шығарма» дегендей сұқ саусағымен ернін басып, басын шайқады.   Шара түсініп, аяғының ұшымен басып, бұлардың қасына келіп отырды. Біраз үнсіздіктен кейін «Ақыры сол арағынан кетіпті ғой, - деді күбірлей сөйлеп. Өкпесі қайтпағаны көрініп тұр. - Бұл еркек дегендерге адам түсініп болмайды.» Қамажай оның иығынан сипады. «Қой, басыл» дегені. Шара иығын қиқаң еткізді. Жаратпаған сыңайлы. Танауының желбезегі дір-дір етіп, ентіккен демін тежей, түйіле қарайды. «Қой енді, бір адамға өкпелеймін деп, барша азаматқа топырақ шашпа, - деді Қамажай сыбырлай сөйлеп, - талайына жазылғаны осындай адам болса, қайтеді?» Шара тағы қабағын түйді. «Қойыңызшы, тәте... Қайдағы бір адам? Жан-жағыңызға қараңызшы - жібі түзу біреуі бар ма? Қане, қайсысын атайсыз? Өз күйеуіңізді ме? Шиеттей үш баласын күнара шулатып, өзіңізге қол жұмсап, ақыры, байдан байға тиіп жүрген бір қатынның соңынан кеткен? Зеренің күйеуін бе - сомадай болып шынашақтай әйелінің табысына аузын ашып қарап отыруға ұялмайтын? Әлде Зайда апайдың үйіндегі құданы ма - қартайғанда кәрі боз жорға шыққан? Жүріңіздер сөйтіп - мойындарыңызға бір-бір қамытты киіп алып, «талайыма жазылғаны осы» деп...» Шараның екпіндете сыбырлағанынан Асылжан селт етіп оянып кетті. Сіңлісін көргенде, ерні дірілдеп, көзі жасаурап ұмтыла берген. Шара қабағын түйген қалпы қатқылдау тіл қатты: «Жылама, сенің жылағаныңды аз көрген жоқпын ғой. Енді жылама.»  Сосын артықтау кеткенін түсінген болуы керек, апасын құшақтап үн-түнсіз бауырына басты. Сәлден соң:  «Демалып ал, кісінің басым көпшілігі ертең келеді ғой», - деді. Мұның да Зайда апайдың ойын білдіріп тұрғанын ұққан Асылжан терең күрсініп, жастыққа жантайды. «Сіз де демалып алыңыз, - деді Шара Қамажайға қарап, - мен есікті сырттарыңыздан жауып тастайын.» Сосын даусын бәсеңдетіп мұның құлағына сыбырлады: «Қатындар тамсанып, Асылжанның жоқтауын талқылап жатыр. Күмісбекті де ауыздарын ашып, көздерін жұмып еске алуда. Келеңсіз мінездерін айтқан бір жан жоқ. Тіпті көрші Балқия апай да «Әулие еді ғой» деп отыр. Сенесіз бе? Бұған да шүкір. Кезінде талай адамның жағасынан алып, үлкеннің де, кішінің де көңілдерін қалдырып еді, Асылжанның жоқтауы жаман мінезінің бәрін-жуып-шайып, көз алдарына мүлде басқа бір адамды алып келген сияқты. Ғажап!..» Шындығында да Шараның сөзінің жаны бар еді. Марқұм Күмісбекті балаң жігіт кезінен танитын Қамажай оның бойындағы жақсы қасиеттері мен кешірілуі қиын кемшіліктері туралы да бір адамдай білетін. Ішімдікке тым үйірсектігін былай қойғанда, жоқтан өзгеге ілгек іздеп, ши шығарғыштығын, орынсыз қызғаншақтығын, ұнатпаған адамына қарата айтатын тұрпайы теңеулерін жаратпайтыны өзіне аян. Бірақ досының көңіліне қарап, онысын сыртқа шығармай-ақ жүрген. Соңғы жылдары  Асылжанның көз алды жиі көгеретін болғалы күйеуінің оған қол жұмсайтынын түсініп, Күмісбекті ашықтан-ашық жек көріп кеткені және рас. «Басыңды ажыратып ал, бір күні мерт қылады» деп талай үгіттеген де, бірақ Асылжан біресе «ішкенін қояр» деген үмітке малданып, біресе «ажырасқан» деген сөзден арланып, ыңғай бермейтін. Айтар сөзі таусылғанда «балаларды әкесінен айырмайын»  дегенді көлденең тартатын, бұл - мұны тоқтататын ең мықты уәжі. Тіпті «байғұсты бұзған арақ қой, әйтпесе жас кезін өзің көрген жоқсың ба, мүлде басқа еді ғой...» деп өткен күндерінің тәтті елесіне елітіп, арашалайтынын қайтерсің!? Бағана, жора-жолдастары келген кезде айтқан жоқтауында да солай сипаттап, солай мадақтады: - Дос-жаранға қадірлім, Ағайынға ардақтым. Саф алтындай бағалым, Қорғасындай салмақтым. Жұртқа жайлы мінезің Жібектейін есілген. Артық айтсам кеш, жаным, Мен де сені кешіргем...   Сөз құдіреті деген осы екен-ау... Ертесіне-ақ марқұмның бейнесі небір асыл сөздермен сомдалған жоқтауды тыңдап отырған Қамажайдың санасында Күмісбектің жағымсыз қылықтарының бәрі көмескіленіп бара жатты. Оның үлкенге - ізетті, кішіге - қамқор, айналасына шуағын шашқан аяулы жан екендігіне айында-жылында бір ұшырасып қалатын шала таныс көрші-көлем, Асылжанның әріптестері ғана емес, о, ғажап, мұның өзі де сене бастағандай. Ол-ол ма, Зайда апай мен Асылжанның сай сүйекті сырқыратқан жоқтауын тыңдай отырып, аза жырмен әспеттелген осындай «атпал азаматтың», «адал жардың», «аяулы әкенің» (шындықты біле тұра!) мезгілсіз қазасына қабырғасы қайысып, жұртпен бірге егіле жылады. Жұрттан көбірек жылады. Есіне... өз күйеуі түскен...   Сұмдық-ай, бір сәт Асылжанның зар еңіреп күйеуін жоқтағанына қарап... мен неге осылай жылап, күйеуімді жер-көкке сыйғызбай мадақтап отырмадым деп ойлап отырғанын түсініп... шошып кетті. Екінші жағынан, ебіл-дебілдері шығып, «папалап» жер бауырлап жылаған екі қыз да, кішкентай Дәурен де бұдан былайғы өмірде бүгін Асылжанның әдемі жоқтауы арқау болар аңыз бойынша өмір сүретінін ойлап... қызықты. Иә-иә, солай. «Папаң ғажап жан еді... Сендерді керемет жақсы көретін... Айлығын алғанда сендерді қыдыртатын еді ғой?.. Қалай ұмытып қалғансыңдар?.. Иә, сендер тым кішкентай едіңдер ғой, естеріңде қайдан сақталсын?.. Айтқандай, бәріңді шетелде оқытам деуші еді...» деп ойдан құрастыра беруге болады. Балалардың сенері сөзсіз. Өйткені баланың пәк болмысы  айналасындағылардың да жақсы жақтарын қабылдауға, шуақты, қуанышты жайттарды жадында сақтауға бейім. Шынайы өмірде естіген дөрекі сөздерді, көрген ұрыс-жанжалды  естеріне ала қалса, «Жаман түс көргенсің ғой... Жатарда атыс-шабыс кино қарамасаңдар, ұйқыларың да тыныш болады,» -  деп  алдарқата салуға болады. Сөйте берсе, біршама уақыт өткен соң балалар әкелерінің жат қылықтарын ұмытары анық. Ұмытып қана қоймай, қалған ғұмырларында ана жоқтауымен сомдалған ақжарқын, мейірбан, қамқор  әкенің  бейнесін ардақтап, оны пір тұтып өтері сөзсіз. Бірақ бұған ұл-қызының жадында әкелерінің әдемі бейнесін сақтап қалу бұйырмапты. Байғұс күйеуі балалары есейгенде де жөнсіз жүріс-тұрысын, қит етсе жұдырығын ала жүгіретін әлімжеттігін қоймай қойды. Ақыры, балалар арашаға түсіп, олармен арасы ащы болды. Алысып-жұлысып өсетін ұл бала ештеңе емес-ау, қызына қолы тигенін есіне алғанда іші әлі күнге қан жылайды. Араларын байланыстырып тұрған жіптің үзілген жері де сол болды. Бәлкім қазақы тәрбиемен өскен бұл «бас жарылса, бөрік ішінде» дегенге мойынсұнар ма еді, бірақ титтейінен, тіпті мектепке бармай тұрып-ақ  әділетсіздікке төзбеушілігімен ерекшеленетін ақылды, өжет, қайсар  қызы басқа мінез көрсетті. Жо-жоқ, ол әкесін ешкімге жамандаған жоқ, ешкімге шағымданып, мұңын да шақпады - ол әкесін өз өмірінен сызып тастады. Арада бірталай уақыт өтіп, жан жарасы түпкілікті жазылмаса да, бірте-бірте ес жия бастаған кезде бұл айналып-толғанып отырып, алыстан орағытып әкесі туралы сөз бастағысы келген - қызы ештеңе демеді, бар болғаны орнынан үн-түнсіз тұрып кетті. Екінші рет те тап солай болды, одан кейін де... Байқайды, қызының әкесіне деген өкпесі жүрегіне тоң-шемен боп қатып қалғандай. Қанша тырысса да Қамажайдың оны жібіте алар түрі жоқ. Сонда балаларының жадына жазылып қалған  қорқынышты күндердің елестерін қалай өшірмек? Міне, осы ретте, Асылжанның міндеті бұған қарағанда әлдеқайда жеңілірек болмақ. Оған басқа ештеңе емес, біреулер ескішілдік, қажетсіз, басы артық ғұрып деп қарайтын ЖОҚТАУ берік негіз қалағанын біреу білер, біреу білмес, бірақ Қамажай анық ұқты. ...Күмісбектің қалы кілемге оралған мәйітін есіктен шығарып апара жатқанда Асылжан тағы ұзақ жоқтады.  Жұрт та қызық, оның жылай-жылай ісініп кеткен бетінен бірдеңе көргілері келе ме, иіріліп, сол маңнан шықпай, қаз-қатар тұра қалыпты. Кешелі бергі жоқтаудан даусы  қарлығып қалғанын ести тұра, «қой, енді, шаршадың ғой» деп жатқан бір адам жоқ. Керісінше, жоқтаудың әрбір шумағын айыздары қана, ризашылықпен тыңдап, «тағы айтса екен» дегендей, құлақтарын түре түседі.  Асылжан да жұрттың ыңғайын ұққан сияқты. Жесір, жалғызбасты әйелдің тірлігіне, оның әр қадамына, бар ісіне сынап қараудың бұл - басы ғана екенін іштей түйсінгендей. Жаназада жапырласып жатқан жұрттың жайшылықта жанашырлық таныту-танытпауы да неғайбыл екенін біледі, өйткені көп болып жұмылу - өлімді жөнелтудің заңдылығы. Қазір қаумалап тұрған қауым сәлден кейін тарап, өзінің үйелмелі-сүйелмелі үш баласымен, онсыз да бақыттан шылқып отырмаған басына кездейсоқ тап болған қайғысымен оңаша қаларын ойлап, терең күрсінді. Үш күн бойы қасынан бір қадам ұзап шықпаған Қамажай бір-бірін тілсіз ұғатын қалпымен досының ішкі дүниесінде болып жатқан қат-қабат сезімдерді: алғашқыдағы шошынуы мен абдырауын, содан кейінгі жан күйзелісі мен өкініш-наласын, енді міне, тәубесі мен шүкіршілігін ұғып отыр. Бір бұл ғана емес, Асылжанның жоқтауын тыңдаған жанның біразы өзгеше ойға шомып, бұған дейін бастарынан кешпеген бір күйде отырғандай. Үйден шығарып, кілем төселген ашық машинаға жатқызылған марқұмның артынан ұмтылып, улап-шулаған туыстар да, үлкен жолға қарай баяу жылжыған көліктің соңынан ілескен көпшілік қауым да Асылжанның жоқтауының соңын  естіген  жоқ. Асылжанға керегі де сол еді. Әйтеуір, күйеуіне қарата айтар соңғы сөздерін көптің естімегенін іштей қалағаны рас. Кілемге ораулы жатқан адамның бір кездері жанына балаған жақыны болғанын ойлағанда өзегі өртеніп бара жатқандай, іші удай ашып кетті. Өкініштен көкірегі қарс айырылған жесір келіншек соңғы жылдары өмірдің арзан қызықтарына елігіп, қатарына қадірі, ортасына сүйкімі кетіп қалса да, өндірдей жас кездерінде сүйіп қосылған күйеуімен сыбырлай жылап, бақұлдасты... Бәрін де кешті...   Ерлі-зайыптылық өмірлерінде күйеуінің жарытып қызық та көрсете алмағаны аз болғандай, енді жесірлік қамытын мойнына іліп кетіп бара жатқаны үшін де налып, көз жасын артпады. Сын сағаты туғанда ауыр болар деп аяды... Сол-сол-ақ екен, азалы келіншек неше күн бойы жанұшырып, демеу іздеген жылаулы жанының саябыр тапқанын  сезінді. Сезінгені сол... бақиға сапар шеккен күйеуінің жолы жарық, маңдайы ашық болуын қайта-қайта тілеп, тіліне өз-өзінен ұйқасып оралған сөздерді күбірлеп отырғанын аңдады... ...Жарқырап тұрған жан-жағым - Білдім бе дүние жалғанын? Көтеріп алдым, ау, Аллам, Тағдырымның салғанын... Бұл - мақамы кешелі бері айтылған жоқтау сияқты болғанымен, мағынасы өзгеше сөздер еді. Оның негізінде жас әйелдің өмірге айтқан өкпесі емес, жиналған жұртқа шағынуы да емес, басына түскен зіл батпан қасіретті жеңуге, тағдыр сынына төтеп беруге бел буған берік шешімі жатты... Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы
19.11.2013 06:17 3945

Асылжанның көзі ілінгені сол еді, есік баяу ашылып, оның сіңлісі Шара бас сұқты. Келіп жатқандардың ішінен тете өскен сіңлісі көріне қоймаған соң Асылжан мазасыздана бастағанын Қамажай бағана-ақ сезген. Оның себебін де білетін. Үйдің кенжесін еркелетіп өсіретін салтпен  бетіне ешкім қарсы келмей өскен Шара - ойындағысын бүркелемей, бұлтақтамай ашық та тура айтатын, ер мінезді қыз.   Жездесінің кезекті бір «концертіне» кездейсоқ тап келіп, осы уақытқа дейін Құдайдай сыйлап келген адамының сиқын көріп көңілі қалған   қыздың  тік сөйлейтін әдетімен «көрмегенім - сен бол, өлсең -  өлігіңе келмеймін!» деп  есікті тарс жауып кеткенінен хабардар   Қамажай,  сіңлісін шынымен келмей қала ма деп Асылжанның алаңдауын іштей түсініп отырған-ды. Енді оның келгеніне риза болса да, Асылжан аз да болса көз шырымын алсын деп, Қамажай «дыбысыңды шығарма» дегендей сұқ саусағымен ернін басып, басын шайқады. 

 Шара түсініп, аяғының ұшымен басып, бұлардың қасына келіп отырды. Біраз үнсіздіктен кейін «Ақыры сол арағынан кетіпті ғой, - деді күбірлей сөйлеп. Өкпесі қайтпағаны көрініп тұр. - Бұл еркек дегендерге адам түсініп болмайды.» Қамажай оның иығынан сипады. «Қой, басыл» дегені. Шара иығын қиқаң еткізді. Жаратпаған сыңайлы. Танауының желбезегі дір-дір етіп, ентіккен демін тежей, түйіле қарайды.

«Қой енді, бір адамға өкпелеймін деп, барша азаматқа топырақ шашпа, - деді Қамажай сыбырлай сөйлеп, - талайына жазылғаны осындай адам болса, қайтеді?»

Шара тағы қабағын түйді. «Қойыңызшы, тәте... Қайдағы бір адам? Жан-жағыңызға қараңызшы - жібі түзу біреуі бар ма? Қане, қайсысын атайсыз? Өз күйеуіңізді ме? Шиеттей үш баласын күнара шулатып, өзіңізге қол жұмсап, ақыры, байдан байға тиіп жүрген бір қатынның соңынан кеткен? Зеренің күйеуін бе - сомадай болып шынашақтай әйелінің табысына аузын ашып қарап отыруға ұялмайтын? Әлде Зайда апайдың үйіндегі құданы ма - қартайғанда кәрі боз жорға шыққан? Жүріңіздер сөйтіп - мойындарыңызға бір-бір қамытты киіп алып, «талайыма жазылғаны осы» деп...»

Шараның екпіндете сыбырлағанынан Асылжан селт етіп оянып кетті. Сіңлісін көргенде, ерні дірілдеп, көзі жасаурап ұмтыла берген. Шара қабағын түйген қалпы қатқылдау тіл қатты: «Жылама, сенің жылағаныңды аз көрген жоқпын ғой. Енді жылама.»  Сосын артықтау кеткенін түсінген болуы керек, апасын құшақтап үн-түнсіз бауырына басты. Сәлден соң:  «Демалып ал, кісінің басым көпшілігі ертең келеді ғой», - деді. Мұның да Зайда апайдың ойын білдіріп тұрғанын ұққан Асылжан терең күрсініп, жастыққа жантайды.

«Сіз де демалып алыңыз, - деді Шара Қамажайға қарап, - мен есікті сырттарыңыздан жауып тастайын.» Сосын даусын бәсеңдетіп мұның құлағына сыбырлады: «Қатындар тамсанып, Асылжанның жоқтауын талқылап жатыр. Күмісбекті де ауыздарын ашып, көздерін жұмып еске алуда. Келеңсіз мінездерін айтқан бір жан жоқ. Тіпті көрші Балқия апай да «Әулие еді ғой» деп отыр. Сенесіз бе?

Бұған да шүкір. Кезінде талай адамның жағасынан алып, үлкеннің де, кішінің де көңілдерін қалдырып еді, Асылжанның жоқтауы жаман мінезінің бәрін-жуып-шайып, көз алдарына мүлде басқа бір адамды алып келген сияқты. Ғажап!..»

Шындығында да Шараның сөзінің жаны бар еді. Марқұм Күмісбекті балаң жігіт кезінен танитын Қамажай оның бойындағы жақсы қасиеттері мен кешірілуі қиын кемшіліктері туралы да бір адамдай білетін. Ішімдікке тым үйірсектігін былай қойғанда, жоқтан өзгеге ілгек іздеп, ши шығарғыштығын, орынсыз қызғаншақтығын, ұнатпаған адамына қарата айтатын тұрпайы теңеулерін жаратпайтыны өзіне аян. Бірақ досының көңіліне қарап, онысын сыртқа шығармай-ақ жүрген. Соңғы жылдары  Асылжанның көз алды жиі көгеретін болғалы күйеуінің оған қол жұмсайтынын түсініп, Күмісбекті ашықтан-ашық жек көріп кеткені және рас.

«Басыңды ажыратып ал, бір күні мерт қылады» деп талай үгіттеген де, бірақ Асылжан біресе «ішкенін қояр» деген үмітке малданып, біресе «ажырасқан» деген сөзден арланып, ыңғай бермейтін. Айтар сөзі таусылғанда «балаларды әкесінен айырмайын»  дегенді көлденең тартатын, бұл - мұны тоқтататын ең мықты уәжі. Тіпті «байғұсты бұзған арақ қой, әйтпесе жас кезін өзің көрген жоқсың ба, мүлде басқа еді ғой...» деп өткен күндерінің тәтті елесіне елітіп, арашалайтынын қайтерсің!?

Бағана, жора-жолдастары келген кезде айтқан жоқтауында да солай сипаттап, солай мадақтады:

- Дос-жаранға қадірлім,

Ағайынға ардақтым.

Саф алтындай бағалым,

Қорғасындай салмақтым.

Жұртқа жайлы мінезің

Жібектейін есілген.

Артық айтсам кеш, жаным,

Мен де сені кешіргем...

 

Сөз құдіреті деген осы екен-ау...

Ертесіне-ақ марқұмның бейнесі небір асыл сөздермен сомдалған жоқтауды тыңдап отырған Қамажайдың санасында Күмісбектің жағымсыз қылықтарының бәрі көмескіленіп бара жатты. Оның үлкенге - ізетті, кішіге - қамқор, айналасына шуағын шашқан аяулы жан екендігіне айында-жылында бір ұшырасып қалатын шала таныс көрші-көлем, Асылжанның әріптестері ғана емес, о, ғажап, мұның өзі де сене бастағандай. Ол-ол ма, Зайда апай мен Асылжанның сай сүйекті сырқыратқан жоқтауын тыңдай отырып, аза жырмен әспеттелген осындай «атпал азаматтың», «адал жардың», «аяулы әкенің» (шындықты біле тұра!) мезгілсіз қазасына қабырғасы қайысып, жұртпен бірге егіле жылады. Жұрттан көбірек жылады. Есіне... өз күйеуі түскен...

  Сұмдық-ай, бір сәт Асылжанның зар еңіреп күйеуін жоқтағанына қарап... мен неге осылай жылап, күйеуімді жер-көкке сыйғызбай мадақтап отырмадым деп ойлап отырғанын түсініп... шошып кетті. Екінші жағынан, ебіл-дебілдері шығып, «папалап» жер бауырлап жылаған екі қыз да, кішкентай Дәурен де бұдан былайғы өмірде бүгін Асылжанның әдемі жоқтауы арқау болар аңыз бойынша өмір сүретінін ойлап... қызықты. Иә-иә, солай. «Папаң ғажап жан еді... Сендерді керемет жақсы көретін... Айлығын алғанда сендерді қыдыртатын еді ғой?.. Қалай ұмытып қалғансыңдар?.. Иә, сендер тым кішкентай едіңдер ғой, естеріңде қайдан сақталсын?.. Айтқандай, бәріңді шетелде оқытам деуші еді...» деп ойдан құрастыра беруге болады.

Балалардың сенері сөзсіз. Өйткені баланың пәк болмысы  айналасындағылардың да жақсы жақтарын қабылдауға, шуақты, қуанышты жайттарды жадында сақтауға бейім. Шынайы өмірде естіген дөрекі сөздерді, көрген ұрыс-жанжалды  естеріне ала қалса, «Жаман түс көргенсің ғой... Жатарда атыс-шабыс кино қарамасаңдар, ұйқыларың да тыныш болады,» -  деп  алдарқата салуға болады. Сөйте берсе, біршама уақыт өткен соң балалар әкелерінің жат қылықтарын ұмытары анық. Ұмытып қана қоймай, қалған ғұмырларында ана жоқтауымен сомдалған ақжарқын, мейірбан, қамқор  әкенің  бейнесін ардақтап, оны пір тұтып өтері сөзсіз.

Бірақ бұған ұл-қызының жадында әкелерінің әдемі бейнесін сақтап қалу бұйырмапты. Байғұс күйеуі балалары есейгенде де жөнсіз жүріс-тұрысын, қит етсе жұдырығын ала жүгіретін әлімжеттігін қоймай қойды. Ақыры, балалар арашаға түсіп, олармен арасы ащы болды. Алысып-жұлысып өсетін ұл бала ештеңе емес-ау, қызына қолы тигенін есіне алғанда іші әлі күнге қан жылайды. Араларын байланыстырып тұрған жіптің үзілген жері де сол болды. Бәлкім қазақы тәрбиемен өскен бұл «бас жарылса, бөрік ішінде» дегенге мойынсұнар ма еді, бірақ титтейінен, тіпті мектепке бармай тұрып-ақ  әділетсіздікке төзбеушілігімен ерекшеленетін ақылды, өжет, қайсар  қызы басқа мінез көрсетті. Жо-жоқ, ол әкесін ешкімге жамандаған жоқ, ешкімге шағымданып, мұңын да шақпады - ол әкесін өз өмірінен сызып тастады.

Арада бірталай уақыт өтіп, жан жарасы түпкілікті жазылмаса да, бірте-бірте ес жия бастаған кезде бұл айналып-толғанып отырып, алыстан орағытып әкесі туралы сөз бастағысы келген - қызы ештеңе демеді, бар болғаны орнынан үн-түнсіз тұрып кетті. Екінші рет те тап солай болды, одан кейін де... Байқайды, қызының әкесіне деген өкпесі жүрегіне тоң-шемен боп қатып қалғандай. Қанша тырысса да Қамажайдың оны жібіте алар түрі жоқ. Сонда балаларының жадына жазылып қалған  қорқынышты күндердің елестерін қалай өшірмек? Міне, осы ретте, Асылжанның міндеті бұған қарағанда әлдеқайда жеңілірек болмақ. Оған басқа ештеңе емес, біреулер ескішілдік, қажетсіз, басы артық ғұрып деп қарайтын ЖОҚТАУ берік негіз қалағанын біреу білер, біреу білмес, бірақ Қамажай анық ұқты.

...Күмісбектің қалы кілемге оралған мәйітін есіктен шығарып апара жатқанда Асылжан тағы ұзақ жоқтады.  Жұрт та қызық, оның жылай-жылай ісініп кеткен бетінен бірдеңе көргілері келе ме, иіріліп, сол маңнан шықпай, қаз-қатар тұра қалыпты. Кешелі бергі жоқтаудан даусы  қарлығып қалғанын ести тұра, «қой, енді, шаршадың ғой» деп жатқан бір адам жоқ. Керісінше, жоқтаудың әрбір шумағын айыздары қана, ризашылықпен тыңдап, «тағы айтса екен» дегендей, құлақтарын түре түседі. 

Асылжан да жұрттың ыңғайын ұққан сияқты. Жесір, жалғызбасты әйелдің тірлігіне, оның әр қадамына, бар ісіне сынап қараудың бұл - басы ғана екенін іштей түйсінгендей. Жаназада жапырласып жатқан жұрттың жайшылықта жанашырлық таныту-танытпауы да неғайбыл екенін біледі, өйткені көп болып жұмылу - өлімді жөнелтудің заңдылығы. Қазір қаумалап тұрған қауым сәлден кейін тарап, өзінің үйелмелі-сүйелмелі үш баласымен, онсыз да бақыттан шылқып отырмаған басына кездейсоқ тап болған қайғысымен оңаша қаларын ойлап, терең күрсінді.

Үш күн бойы қасынан бір қадам ұзап шықпаған Қамажай бір-бірін тілсіз ұғатын қалпымен досының ішкі дүниесінде болып жатқан қат-қабат сезімдерді: алғашқыдағы шошынуы мен абдырауын, содан кейінгі жан күйзелісі мен өкініш-наласын, енді міне, тәубесі мен шүкіршілігін ұғып отыр. Бір бұл ғана емес, Асылжанның жоқтауын тыңдаған жанның біразы өзгеше ойға шомып, бұған дейін бастарынан кешпеген бір күйде отырғандай.

Үйден шығарып, кілем төселген ашық машинаға жатқызылған марқұмның артынан ұмтылып, улап-шулаған туыстар да, үлкен жолға қарай баяу жылжыған көліктің соңынан ілескен көпшілік қауым да Асылжанның жоқтауының соңын  естіген  жоқ. Асылжанға керегі де сол еді. Әйтеуір, күйеуіне қарата айтар соңғы сөздерін көптің естімегенін іштей қалағаны рас. Кілемге ораулы жатқан адамның бір кездері жанына балаған жақыны болғанын ойлағанда өзегі өртеніп бара жатқандай, іші удай ашып кетті. Өкініштен көкірегі қарс айырылған жесір келіншек соңғы жылдары өмірдің арзан қызықтарына елігіп, қатарына қадірі, ортасына сүйкімі кетіп қалса да, өндірдей жас кездерінде сүйіп қосылған күйеуімен сыбырлай жылап, бақұлдасты...

Бәрін де кешті...  

Ерлі-зайыптылық өмірлерінде күйеуінің жарытып қызық та көрсете алмағаны аз болғандай, енді жесірлік қамытын мойнына іліп кетіп бара жатқаны үшін де налып, көз жасын артпады. Сын сағаты туғанда ауыр болар деп аяды... Сол-сол-ақ екен, азалы келіншек неше күн бойы жанұшырып, демеу іздеген жылаулы жанының саябыр тапқанын  сезінді. Сезінгені сол... бақиға сапар шеккен күйеуінің жолы жарық, маңдайы ашық болуын қайта-қайта тілеп, тіліне өз-өзінен ұйқасып оралған сөздерді күбірлеп отырғанын аңдады...

...Жарқырап тұрған жан-жағым -

Білдім бе дүние жалғанын?

Көтеріп алдым, ау, Аллам,

Тағдырымның салғанын...

Бұл - мақамы кешелі бері айтылған жоқтау сияқты болғанымен, мағынасы өзгеше сөздер еді. Оның негізінде жас әйелдің өмірге айтқан өкпесі емес, жиналған жұртқа шағынуы да емес, басына түскен зіл батпан қасіретті жеңуге, тағдыр сынына төтеп беруге бел буған берік шешімі жатты...

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға