Жаңалықтар

ІІ БӨЛІМ

Есін ауруханада жиды. Дәл сол кезде көрші палатадағылар телевизор көріп отырды ма екен, әлде радиодан концерті беріліп жатты ма,  аурухананы Гүлмира Ақүрпекованың гитарамен қосылған әдемі үні тербеп тұр еді: «Мынау байтақ әлемде тек екеуміз, Тек екеуміз Жүргендейміз айналып ғарышты мың...»  Мүмкін Құралайдың санасына әсер етіп, ес жиғызған да өзі сүйіп тыңдайтын осы ән болар. Сөздерін ажырата алмаса да әуенін анық естіді. Кірпігіне мың батпан жүк ілініп тұрғандай, көзін әзер ашып, жан-жағына көз қиығын тастады. Қасында анасы отыр екен. «Ма-ма...»  Қызының даусы естілмесе де, ернінің қимылына қарап өзін шақырып жатқанын түсінген Рахима ана шалт қимылдап үстіне төнді: - Құлыным, есіңді жидың ба? Тәубе, мың тәубе. Енді бәрі де жақсы болады, құлыншағым. Ертең-ақ жазылып кетесің... Тәубе, мың тәубе. Туыстарың, достарың бәрі-бәрі осында, сенің сауығып кетуіңді тілеп жатыр. Курстастарың келіп қан тапсырды... Құлағы күңгірлеп, анасының бір сөзін естісе, бір сөзін естімеді. Не жақсы болады сонда? Бұл ауырып қалып па еді? Мұнда неге жатыр? Көрші палатада айтылып жатқан ән енді  анық естілді: «Тәттілігін сезіндім бұл өмірдің бұл өмірдің, Әр күніне тоймадым құнығып та...»  А-а, енді есіне түсті. Қанат! Алдамшы! Алдамшы! Мұның ақ сезімін қорлаған... адалдыққа деген сенімін таптаған алаяқ! Алдап қолға түсірген айлакер! Енді қалай өмір сүрмек? Алақанына салып өсірген анасының бетіне қалай қарамақ? Берген тәрбиесін аттап кетті ғой... Кеудесін өксік қысты. Жұмулы көзінің қиығынан мөлдір тамшы сырғып, тырс-тырс етіп жастығына тамды. - Жыламашы, құлыншағым, - деді анасы алақанымен бетін сүртіп жатып, - шаршап қаласың. Көр де тұр - бәрі де жақсы болады... Дәрігерлер операция сәтті өтті деді.  Кінәлі адам жазасын тартады. Машинаның рөлі қолдарына тисе құдайын ұмытып кетеді ғой кейбіреулер. Кешірім сұрап қанша келді, кешпедім... Сені мынадай күйге түсірген оңбағанды қалай кешпекпін? Сазайын тартсын... Анасының сөздерін де енді ап-анық естіді. Қалайша кешпейді? Оның ешқандай жазығы жоқ қой! Бұл өзі өлгісі келіп, жолдың ортасына жүгіріп шыққан жоқ па?  Әттең, сол жерде неге өліп қалмады екен! Көз алдына тағы да Қанаттың мысқылдай күліп тұрған бейнесі елестеп, денесі түршігіп кетті. Тәңірісіндей табынған адамы алдаған соң енді мына өмірде жақсылық қалды дегенге қалай сенер? Енді бұл... - Ма-ма, - деді әлсіз үнмен. - Әу, құлыным, айта ғой. - Ол кі-сіні ша-қыртыңыз-шы? - Қай кісіні? - Ме-ні... (басқан дей алмады),  ава-рия жаса-ған... - Оны қайтесің? Жүрегіңді бекер ауыртып? Ол өзі де осында жүр: қан берейін бе, дәрі әкелейін бе деп әбден ығыр қылды... Бетін көргім келмейді оңбағанның... - Кел-сінші, ма-ма... «Авария жасаған»  Тоқтар есіктен жасқана кірді. Қанша жалынса да, бір илікпеген, неше күн бойы бір ауыз сөзге келмеген Рахима оны жаратпағанын бұл жолы да жасырмай, ала көзімен ата қарады. Өзін кінәлі сезінгендіктен де Тоқтар көз тайталастырып қарауға дәті шыдамай, жүзін төсекте жатқан Құралайға бұрып әкетті. Қандай әдемі еді өзі! Қасы-көзі қиылып, мөлдіреп қарап жатыр... Анасына қарағанда мұның ашуы жоқ сияқты, әйтеуір көзінде ашу байқалмайды... Жақындауға бата алмай тұрған бұған ұзақ қарап, саусағының ұшын қимылдатты. «Жақында»  деп жатқанын ұғып, тағы бір-екі адым алға жылжыды. Бағаналы бері бұдан көзін алмай қадалып жатқан қыздың жанары бірте-бірте жасаурап бара жатты. - Рах-мет, сіз-ге... Тоқтар қате естідім бе деп, жан-жағына алақтай қарады. Сосын басынан аяғына дейін ақ дәкемен таңылған қызға аяушылықпен қарап, батылсыздау тіл қатты: - Қалқам, кешір... Палатаға қабаттаса кірген дәрігер мен медбикені таңқалдырып, Құралай тағы да сол сөздерін қайталады. - Рах-мет, сіз-ге... Тоқтар енді шынымен састы. Біресе қыздың анасына, біресе дәрігер мен медбикеге жалтақтап қарап, ақталғандай болып: - Машинамды бұрып үлгіре алмадым,- деп күмілжіді. - Сіз кінә-лі емес-сіз... Бұдан кейін дем жетпей, тынысы тарыла бастады. Оның қасында көз жасын төгіп отырған анасына қарай ұмсынып, бірдеңе айтпақшы болғанын байқаған Тоқтар шынымен-ақ жаны ашып: - Сөйлемей жата тұршы, қалқам... Шаршап қалдың ғой,- деді даусы дірілдеп. Тап осы кезде Құралайға өлердей сүйген жігіті емес, соның масқарасынан құтқарған мына бейтаныс адам әлдеқайда жақын көрініп кетті.  - Ма-ма, - деп анасын қайта шақырды ол. - Ма-ма, бұл кісі... кінәлі емес. Мен... өзім... өлгім келіп, маши-наның астына түстім. Бұл кісіні сот-татпаңыз, мама. Өті-нем... Палатадағы дәрігер, медбике бәрі тым-тырыс тына қалды. Бәрі аңтарылып Рахимаға қарады. Тоқтар жылап жіберді. - Қалқам, рахмет, тек сауығып кетші... Құралай оның сөздерін естіген де жоқ. Терең бір күрсіне дем алды да үзіліп жүре берді. Аңырай жылап қызының үстіне құлаған Рахиманың даусының арасынан гитарамен қосылып айтқан әншінің үні еміс-еміс естіліп жатты:«Арманым-ай, арманым-ай, ардағым боп неге қалмадың-ай?» 22.12.2004 Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы
19.11.2013 06:05 3223

Есін ауруханада жиды. Дәл сол кезде көрші палатадағылар телевизор көріп отырды ма екен, әлде радиодан концерті беріліп жатты ма,  аурухананы Гүлмира Ақүрпекованың гитарамен қосылған әдемі үні тербеп тұр еді:

«Мынау байтақ әлемде тек екеуміз,

Тек екеуміз

Жүргендейміз айналып ғарышты мың...» 

Мүмкін Құралайдың санасына әсер етіп, ес жиғызған да өзі сүйіп тыңдайтын осы ән болар. Сөздерін ажырата алмаса да әуенін анық естіді. Кірпігіне мың батпан жүк ілініп тұрғандай, көзін әзер ашып, жан-жағына көз қиығын тастады. Қасында анасы отыр екен. «Ма-ма...»  Қызының даусы естілмесе де, ернінің қимылына қарап өзін шақырып жатқанын түсінген Рахима ана шалт қимылдап үстіне төнді:

- Құлыным, есіңді жидың ба? Тәубе, мың тәубе. Енді бәрі де жақсы болады, құлыншағым. Ертең-ақ жазылып кетесің... Тәубе, мың тәубе. Туыстарың, достарың бәрі-бәрі осында, сенің сауығып кетуіңді тілеп жатыр. Курстастарың келіп қан тапсырды...

Құлағы күңгірлеп, анасының бір сөзін естісе, бір сөзін естімеді. Не жақсы болады сонда? Бұл ауырып қалып па еді? Мұнда неге жатыр?

Көрші палатада айтылып жатқан ән енді  анық естілді:

«Тәттілігін сезіндім бұл өмірдің бұл өмірдің, Әр күніне тоймадым құнығып та...» 

А-а, енді есіне түсті. Қанат! Алдамшы! Алдамшы! Мұның ақ сезімін қорлаған... адалдыққа деген сенімін таптаған алаяқ! Алдап қолға түсірген айлакер!

Енді қалай өмір сүрмек? Алақанына салып өсірген анасының бетіне қалай қарамақ? Берген тәрбиесін аттап кетті ғой...

Кеудесін өксік қысты. Жұмулы көзінің қиығынан мөлдір тамшы сырғып, тырс-тырс етіп жастығына тамды.

- Жыламашы, құлыншағым, - деді анасы алақанымен бетін сүртіп жатып, - шаршап қаласың. Көр де тұр - бәрі де жақсы болады... Дәрігерлер операция сәтті өтті деді.  Кінәлі адам жазасын тартады. Машинаның рөлі қолдарына тисе құдайын ұмытып кетеді ғой кейбіреулер. Кешірім сұрап қанша келді, кешпедім... Сені мынадай күйге түсірген оңбағанды қалай кешпекпін? Сазайын тартсын...

Анасының сөздерін де енді ап-анық естіді. Қалайша кешпейді? Оның ешқандай жазығы жоқ қой! Бұл өзі өлгісі келіп, жолдың ортасына жүгіріп шыққан жоқ па?  Әттең, сол жерде неге өліп қалмады екен!

Көз алдына тағы да Қанаттың мысқылдай күліп тұрған бейнесі елестеп, денесі түршігіп кетті. Тәңірісіндей табынған адамы алдаған соң енді мына өмірде жақсылық қалды дегенге қалай сенер? Енді бұл...

- Ма-ма, - деді әлсіз үнмен.

- Әу, құлыным, айта ғой.

- Ол кі-сіні ша-қыртыңыз-шы?

- Қай кісіні?

- Ме-ні... (басқан дей алмады),  ава-рия жаса-ған...

- Оны қайтесің? Жүрегіңді бекер ауыртып? Ол өзі де осында жүр: қан берейін бе, дәрі әкелейін бе деп әбден ығыр қылды... Бетін көргім келмейді оңбағанның...

- Кел-сінші, ма-ма...

«Авария жасаған»  Тоқтар есіктен жасқана кірді. Қанша жалынса да, бір илікпеген, неше күн бойы бір ауыз сөзге келмеген Рахима оны жаратпағанын бұл жолы да жасырмай, ала көзімен ата қарады. Өзін кінәлі сезінгендіктен де Тоқтар көз тайталастырып қарауға дәті шыдамай, жүзін төсекте жатқан Құралайға бұрып әкетті. Қандай әдемі еді өзі! Қасы-көзі қиылып, мөлдіреп қарап жатыр... Анасына қарағанда мұның ашуы жоқ сияқты, әйтеуір көзінде ашу байқалмайды... Жақындауға бата алмай тұрған бұған ұзақ қарап, саусағының ұшын қимылдатты. «Жақында»  деп жатқанын ұғып, тағы бір-екі адым алға жылжыды. Бағаналы бері бұдан көзін алмай қадалып жатқан қыздың жанары бірте-бірте жасаурап бара жатты.

- Рах-мет, сіз-ге...

Тоқтар қате естідім бе деп, жан-жағына алақтай қарады. Сосын басынан аяғына дейін ақ дәкемен таңылған қызға аяушылықпен қарап, батылсыздау тіл қатты:

- Қалқам, кешір...

Палатаға қабаттаса кірген дәрігер мен медбикені таңқалдырып, Құралай тағы да сол сөздерін қайталады.

- Рах-мет, сіз-ге...

Тоқтар енді шынымен састы. Біресе қыздың анасына, біресе дәрігер мен медбикеге жалтақтап қарап, ақталғандай болып:

- Машинамды бұрып үлгіре алмадым,- деп күмілжіді.

- Сіз кінә-лі емес-сіз...

Бұдан кейін дем жетпей, тынысы тарыла бастады.

Оның қасында көз жасын төгіп отырған анасына қарай ұмсынып, бірдеңе айтпақшы болғанын байқаған Тоқтар шынымен-ақ жаны ашып:

- Сөйлемей жата тұршы, қалқам... Шаршап қалдың ғой,- деді даусы дірілдеп.

Тап осы кезде Құралайға өлердей сүйген жігіті емес, соның масқарасынан құтқарған мына бейтаныс адам әлдеқайда жақын көрініп кетті. 

- Ма-ма, - деп анасын қайта шақырды ол. - Ма-ма, бұл кісі... кінәлі емес. Мен... өзім... өлгім келіп, маши-наның астына түстім. Бұл кісіні сот-татпаңыз, мама. Өті-нем...

Палатадағы дәрігер, медбике бәрі тым-тырыс тына қалды. Бәрі аңтарылып Рахимаға қарады. Тоқтар жылап жіберді.

- Қалқам, рахмет, тек сауығып кетші...

Құралай оның сөздерін естіген де жоқ. Терең бір күрсіне дем алды да үзіліп жүре берді. Аңырай жылап қызының үстіне құлаған Рахиманың даусының арасынан гитарамен қосылып айтқан әншінің үні еміс-еміс естіліп жатты:«Арманым-ай, арманым-ай, ардағым боп неге қалмадың-ай?»

22.12.2004

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға