Жаңалықтар

І БӨЛІМ

                                                        (үштаған)                                              1. Сопының жансарайы Құл Қожа Ахмет Иассауи Мұхаммедтi жаратылыстан тыс адам ретiнде көрсетiп, оны құдай қатарына жақындатып қойды. А.Мец. "Мұсылмандық Ренесанс'' кiтабынан. Сол замандарда оқыған       машайық-сопылардың мойнында  өзiнiң ерекше белгiсi - бойтұмары болған. Қожа Ахметтiң  бойтұмары сегіз қырлы асыл қара тас екен деседi. Ескiлiктi жазбалардан.                                                              1 Жасы алпыс екiден асып, алпыс үшке қарағанда өзiн қаратобыр көп пенденiң бiрiмiн деп қана қоймай, оған қоса құдайдың, иә, көктегi құдiреттi құдайдың құлақ кестi құлымын деп жер-жаһанға, жалпақ әлемге жар сала өмiр кешкен сопы Ахмет, дiндар Ахмет, шайыр Ахмет бұл фәнидiң жұмыр басты пендеге тиесiлi хақ қызығын тәрк етiп, жер астына, қараңғылық қойнына тiрiлей түсіп, қалған өмірін сонда жалғастырмаққа біржола бел буды. Ол мына көгiнде жымысқы күн күлген жарық әлемдегi тiрлiктiң түйткiлiнен, тiршiлiктiң тауқыметiнен қашқан жоқ, жұмыр басты пенделердiң бойындағы ьәңгі бітпей қойған атаққұмарлық, күңшiлдiк, екiжүздiлiк, надандық, кекшiлдiктен... қашты. Кiсiнiң кiсiлiгiне залал келтiрер ең үлкен кесел - дүниеқоңыздықты шын пейiлмен мансұқ етпек болды. Оны, бiрақ, өз заманында ешкiм түсiнуге талпынбады, яки түсiнгiсi келмедi, кiм бiледi, бәлкім, қанша талпынса да түсiне алмады. Ал, Ахмет болса жыбырлап күн кешiп жатқан мың-мыңдаған жұмыр басты пенделердi, олардың ой таяздығын ұқпады. Көбісінің-ақ кеуделерiнде көзi жоқ көркеуде болып жаратылғаны үшiн қынжылды. Қынжыла тұрып, оларға шынымен жаны ашыды. Аяды оларды... "...Исфид-д-жаб-б!..'' Ауыз толтыра айтқан осы бiр ауыз сөзден кейiн Ахметтiң көкiрек сарайы кеңiп сала бергендей болып, бойын әлдебiр қуаныш кернеп, көмейiн көңiл сергiтер нәрлi, тәттi дәмнiң исi қытықтап ала жөнелгенi. Ойхой-й!.. Осы сәулелі сәттi, осы көңіл марқайтар қуанышты күнді қаншама айлар бойы зарыға күтiп едi. "Қайран елiм қандай күйдесің?'' деп күңiренер едi көңiл сарайы. "Туған жерiм-ау, топырағыңды да аңсадым ғой деп толғанар едi сағыныш толы омырауы... Әнi, Исфиджаб!.. Таяқ тастам жерде ғана тиiп тұрған - көне Сайрам топырағы!... Бұның кiндiк қаны тамған, былдырлап тiлi шыққан, сүрiне-қабына жүгiрген, сәби табанының iзi қалған ескi жұрт!... Өз жұрты!... "Исфиджаб! Исфиджаб!.. Кеудеме дамыл бермеген сағынышым менiң!... Аңсаған ақық-арманым!...'' Дәл осы күнi бойдағы бар сабырынан айрылған оқымысты Ахметтi, қажы Ахметтi тану еш мүмкiн емес едi. Ол деп-демде бала бейнесiне ауысыпты. Ауылына, туған топырағына еркелеп, асыр сала ойнап-күліп, аунап-қунап алғысы да бар мА!... Көңiлде еркелiк, көмейде наз!... Сөйтсе... Исфиджабтың қабағы қатулы екен. Қабағы ма?.. Мүмкiн аспаны шығар!... Түнерiп тұрған аспаны екен. Аспаны ма?.. Адамдары емес пе сыздана қалған!.. Адамдары-ау сол қату қабақтанған!... Қабақтарына сірескен мұз орнай қалардай бұл не iстеп қойыпты! Олары несi!.. Әйтеуiр, неге екенi белгiсiз, топырағының исiн сағынып жеткен Исфиджабы бұны салқын қабақпен қарсы алғаны көрiнiп-ақ тұр. Араға талай жыл салып, сағынып-сарғайып оралғанда, туған жердiң түтiнiн аңсап келгенде, иiсiн iздеп жеткенде... дәл бүйтiп өгей кейiп көрсетер деп ойлап па! Туған топырақтың тоңтерiс мiнезi көкiрегiне шаншудай қадалды. Бұларға не болған?.. Ахметтi Алла-тағалаға теңеп, жаратушыдай жалбарынып, тәңiрдей табынып, аспанға көтерiп қарсы алмай-ақ қойсын, бiрақ адамшылық жолмен «келдің бе, қарағым» десiп, төрге оздыруға болмас пе едi. Тiптi оны айтады-ау, керек десең "ә, бұл тағы сен бе едiң, әлi тiрi екенсiң ғой'' деп көңiл аударған бiр даңғой кеуде табылса кәнi! Иә-ә! Ахметтiң көктегі Алла-тағалаға да, оның атымен аталар, соған телiнген қасиетті iлiмге де өкпесi жоқ. Күндiз-түнi басын ауыртып, еңсесiн езiп, көңiлiн алабұртып, қиялилау күйден арылтпай қойған "Хикметтерiне'' де қапалы емес. Оның жүрегiне салмақ түсiрген - жер басып жүрiп, тiрлiгiне нәпақа терген жыбырлауық пенделер!... Солар түсiнбедi бұны. Бұл соларды ұқпады. Қалай ұғады? Кәйтiп ұғады оларды? Бұның бiр iсiн жөн деген жұмыр басты жан табылды ма осы күнге дейiн!.. Өзi туған топыраққа өзi өгей болып жүргенi мынау. Рас, жастай елден жырақ кеттi. Алыс-алыс сапарларға аттанды. Сол үшiн де әуелi жаратқан иеге, сонан соң әкесi Ыбырайымға, шешесi Қарашашқа бек риза. Бұның болашағынан үмiт күтiп, алдағы тiрлiгiне ақ жол тiлеп, әнебiр жылдары Бұқара медресесiне оқуға жiберген сол әке, сол шеше едi-ау! Сөйткен ата-анасына... не рахат көрсеттi? Нендей iсiмен ақтады екен ананың ақ сүтiн!.. Өй-й, десе!.. Бұқара медресесi, шiркiн-ай, бiлiмнiң терең де тұңғиық, мөлдір һәм кәусар бұлағы ғой, ол Ахметтiң санасына сәуле құйып, көзiн ашты-ақ. Осында жүргенде алынбас қамалдай болған араб тiлiн де еркiн меңгерiп, тағы да түрлi тылсымы түйiн тiлдердi үйрендi. Исламның исi шығатын кепиеттi кiтапты, қасиеттi Құранды түгел атқарып, түгел парақтап, ол аз десеңiз, тiптi жаттап та алды. Оған қоса аспан әлемi, табиғат тылсымы, жаратылыс құпиясы туралы қалың мұқабалы мың-сан кiтаптарға үңiлдi, iшкi сырына бойлады. Көкiрек сарайы, сосын-ақ, күннен-күнге кеңи түскендей болған. Бiлген үстiне бiле түсуге, бiлiм тұңғиығына одан бетер бойлай түсуге барынша ықыластанған едi бала шәкiрт.       Сосын тіршілік жолы қайда бастап еді? Ә, иә, содан кейін Мербі қаласына ұстаз болып барды. Онда біршама уақыт аялдап, жауқазындай жас жеткіншектерге бiлгенiн үйретiп, кейiнiрек Бұқараға қайта оралды. Өзi оқыған медресеге ат басын тiреп, осындағы бiлмекке құмар, бiлуге ынтызар бүлдiршiндерге дәрiс бермекке ықыластана, ынталана кiрiскен. "Ел билеушiлерге, қалталы көсемдерге һәм әр күнін, әр сағатын сән-салтанатпен өткеріп жатқан дәулеттiлерге қай iсiм жақпады?..'' Ахметтiң жатса да, тұрса да жанын жегiдей жеп, iшкi әлемiн бей-жай еткен түйткіл сауал-осы! "Неге жақтырмайды менi!.. Несiн алыппын олардың?..'' Рас, Мербiде жүргенде де, Бұқарада да шәкiрттерiне айтатыны бiр-ақ ауыз сөз едi. "Адам адамнан артық болып кетпегені абзал. Артық дүние жиып, артық киiнiп, артық iшу - асылық! Ол түбі жақсы жолға бастамайды. Сосын да Алла-тағала да оны қош көрмейді. Құптамайды!...''Осынысы ма?.. Осыны уағыздағаны ма?.. Оның қисық жерi қайсы екен?.. Өзi ме екен соны ойлап тапқан!... Жо-жоқ, ол Алланың қалауы! Жаратушының ниетi!... Соны түсiнбегендерi... Ешкiмнiң ала жiбiн аттамаса да, ешбiреулерiнiң көңiлiне тиiп жатпаса да, Алланың пендесi Ахмет Бұқарада белгілі бір топтың қырына ілікті. Анаусы да, мынаусы да тырнақ астынан кiр қаузап, сыныққа сылтау iздеп, бұған қоқан-лоққы көрсете бердi. Дәулеттi топ бұны жөнсiз мазақ еттi, сыртынан ғайбаттап, келеке қылды. "Ақымақ, қияли, мисыз...'' деп, орынды-орынсыз өсек сөз өрбiтiп, артынан кесек-кесек келiспес, келеңсiз әңгiме iлестiрдi. Содан... Ахметтi жай кезде келе бермейтiн көқала ашу қысты. Тiптi ұстазы Жүсiп Хамаданидiң көңiл жұбатар көшелі сөздерi де осы жолы ойдағы долы дауылға тоқтау бола алмады. О, тоба! Бұрын ол кiсiнiң, Хамадани мырзаның айтқаны екi етпеушi едi, ал дәл бүгiн... Арынды ашуын қайда сыйғызарын, қайда қаусырмалап, байыз тапқызарын бiлмедi. Әрi ойланды, берi ойланды. Сөйтiп... өз ойының боданына байланып, көктүтiн ойды сейiлтпек боп, көңiлдi күптi еткен сауалды шешпек боп, тағы да үлкен жолға әзiрлендi. Меккеге, қасиеттi Мекке шәһәрiне бағыт түземекке ниет қылды. Ең болмаса қызыр қолдар, перiштелер әумиiн дер, алғы тiрлiгiме ақ жол ашылар деп, ой шырмауығына маталып, қайта-қайта сол сарынның iзiнде болды. "Уа, киелi топырақ! Бiр жаратқан иеме һәм бiр саған табындым деп басын тауға да, тасқа да ұрған бейкүнә пендең өзiңе сенiм артып, өзiңдi iздеп жолға шықпақшы. Кеудеңдi айқара ашып, шын ықыласыңмен қабыл ала көршi!'' деп, iштей жалбарынып, ақ тілеу тіледі. Күндіз-түні ой-тұманға оранды. Содан... сәті түскен күні сапарға жиналған. Мекке!.. Жып-жылы қарсы алған Мекке! Алайда бойға жылылық нұрын сепкенмен, ойға жылылық құя алды ма? Ойқастаған асау ой тиянақталды ма? Күптiлiгi басым көңiлдi көншiттi ме? Ой-ормандағы бар түйткiл өз шешiмiн тапты ма дешi! Әй, қайдам!.. Әйтсе де, аузын қу шөппен сүртiп, қасиеттi жерге тiл тигiзуден аулақ. Өйтер жөнi жоқ. Қажылығы ше!.. Соны орындай алғанына тәуба деуi керек шығар. Иә-ә, қасиеттi қажылықтың барлық шартын, қажет шартын орындады-ақ. Шын ниетiмен... Сөйтiп, ақыр аяғында Қажы Ахмет атанды ол. (Сол Қажы Ахмет аты келе - келе Қожа Ахмет болып өзгердi ме екен, а?) Ал, көңiлдегi көлбеп жатып алған көктүтiн сейiлмей-ақ қойса, оны өзiнен көргенi дұрыс болар. Иә, өзiнен... Өз бойындағы ойжегiден... Туған жерге қайтарда дiн өкiлдерiнiң айтуымен, соларға құлақ асып, ырым етiп, мойнына Меккенiң айтулы тас белгiсiн, қасиеттi бойтұмарын байлады. Онысы - сегiз қырлы асыл қара тас едi. Бар бәле-жаладан ендігі құтқарушы һәм қорғаушысы - осы асыл тас, киелi тас секiлдендi өз көңiлiне. Сол белгi жатса да, тұрса да жансерiгiндей болып, жан сергiтерiндей болып, көп жылдар бойы мойнына түспедi. Бiреулер оған күлiп қарады, ал ендi бiреулері таңданып қарады, тағы біреулері «бұған дауа жоқ екен» дегендей бас шайқап қойып, ауыр дем алды. "Қу дүние құдайыңды да ұмыттырады!...'' Ахметтiң түсiнде де, өңiнде де, қайда жүрсе де күбiрлеп айтар бiр ауыз сөзi осы. Жер бетiндегi пенде бiткен өз қарақан басын ғана ойлайтын, өзiне ғана жағдай жасауды тiлейтiн дүниеқоңыздықтан, парақорлықтан қашса екен деп тiледi. Олар бiр-бiрiмен тең болып, бiрiне-бiрi астамсып сөйлемей, тек қана  iлiм-бiлiмге бой ұрса екен деп тiлеу қылды. Бiрақ оған көнiп жатқан пенде бар ма? Ахмет сонда да, сонда да... жұмыр басты пенде көрсеқызарлықтан, даңғойлықтан, өтiрiк пен өсектен бойын бiржола аулақ салып, аз-кем болса да одан аластаса екен деп армандады. Бiрiн-бiрi құрметтеп, сый көңiлмен тату-тәттi өмiр кешсе ғой деп жалбарына сұрады бiр жаратушыдан. Әйтсе де... онысы да өзгелерге күлкiлi секiлдi болып көрiнедi де тұрады. Ол, бiрақ, қайсыбiр қиындыққа тап келсе де, қандай ауыр да ащы сөз естiп жатса да, өз ойынан, өз пайымынан бiр елi де керi шегiнбедi. Тiптi бертiнде осы ойға түбегейлi табан тiреп, ендi соны, сол ойды шын уағыздаушыға айналды. Жыр болып өрiлген көңiлiнiң терең түкпiрiндегi сырларын-хикметтердi жаза бастады. Сол хикметтерiнде ең әуелiм "төңiрегiм надан болды, менi түсiнбедi, айтқанымды ұқпады, сосын да бiлiмдiлiктен у iштiм'' дер зар қылды. Оны естiр, оған көңiл аударар құйма құлақ табылды ма дешi әуелi! Ахметтің көңіл сарайынан жол тартқан хикметтер бiрде тау суындай болып тасқындап, арылдап-гүрiлдеп, ал ендi бiрде көз жасындай болып мөлт-мөлт етiп, тамып кетiп, төгiлiп кетiп жатты. Оның әрбiр жолы халықтың жүрегіне жетіп, ілтипатына бөленіп, көңiл дауасы болып, дереу-дереу сан тарапқа тарап кеттi. Елдiң ықыласы ауғаны соншалық, шайырдың жыр боп өрiлген жан сырын - ауыздан ауызға iлiп-iлiп әкетiсiп, адамнан адамға, ауылдан-ауылға тасыды. Бұл дәулеттiлер мен ауқаттылардың арқасына аяздай батып, кеуделерiне тiкенектей болып қадалып, тыныш ұйқысын бөлдi. "Тәйiрi, мына жалаң аяқ Ахмет-ақ бiзге ақылгөй болмақ па! Ол кiмнiң жыртысын жыртысқандай екен? Өз қара басына өзi май жаға алмай жүрiп, хикмет жазған не теңі десейші бейбақтың! Шайыр болған түрiңе!...'' Бұны да айтушы - солар. Сол топ! Дүниеге, шiрiк дүниеге көз тiккен, бар рахат, бар ләззат, бар бақыт-байлыққа дескен орта!... Солардың пәлсапасы!... Ол Меккеден қажы болып Бұқараға оралғанда баяғы "достары'' бұны "құдайдың үйiн'' көрiп келген ақылгөй деп, данагөй деп, бiлгiш деп, тағы да келекелеп, қолтығына ши жүгiрттi. "Алла-тағалаға анық керек кiсi болса, сол сапардан оралмас едi, сонда сүйегі қалар едi-ау, керек болмаған соң қаңғыған иесіз иттей келген iзiмен кері қайтады да'' деушiлер де табылып, бұның жаралы көңiлiне тұз сеуіп, жанын шырқыратты. О, Алла десе, бұларға дауа жоқ шығар! Меккеге барса, бұрам-бұрам байлығын, уыс-уыс алтынын қайда шашарын бiлмеген басқалар секiлдi мансап пен атақ iздеп барған жоқ. Әдiлдiк iздедi. Шындық жолын қайтсем табам деп аласұрған көңiл аңсары едi ол. Сол  үшiн  арыды, ашықты, тарықты, көрмегенiн көрдi. Естiмегенiн естiдi. Сонда да Ахметтiкi дұрыс емес те, бұлардыкi жөн болғаны ма?.. "Шiрiген жұмыртқа болдым-ау! Иә, шiрiген жұмыртқамын. Бірақ, кім үшін? Кiмдер үшiн? Дүниенiң буына iсiнгендер үшiн бе?.. Әлбетте, солар үшiн мен сондаймын. Бiткен жанмын. Ал, өз арымның алдында ше? Жоқ. Өкiне алман. Мендiк мөлдір ой менiмен бiрге өледi. Мен барда, ол да бар. Өзiм тiрiде оны өгейсiте алмаймын...'' Үзiк-үзiк ойлар! Ахметтiң санасын шырмап алған сан-тарау ой сiлемдерi! Берiлмеймiн десе де сол қиялап келіп, қыл шылбыр салар қиялы құрғыр сiлелетедi. Шарадай басын шақшадай етiп, шаршатады. Жiгерiн жасытады. Ең болмаса... өзiм туған жер - кiндiк қаным тамған топырақ бауырына басып, маңдайымнан сипар деп үмiтпен келiп едi. Осы топыраққа жеткенше асығып едi. Сонау-у жер түбiндегi Бұқарадан керуенге iлесiп, жаяулап-жалпылап, топырағының иiсiн сағынған Исфиджабқа құр сүлдесiн сүйретiп жеткен түрi едi. Сөйтсе... Туған топырақтың қабағы әбден салыңқы. Елдiң сиқы, тым жүдеу. Тiрлiгi самарқау. Ақ дегенi алғыс, қара дегені қарғыс болып, iсiп-кеуiп отырған тағы да - дәулеттiлер, шонжарлар. Солардың дегенi - деген, айтқаны - айтқан, сөйлегені - уәж!... Бұл дөңгеленген дүние неткен, неткен, неткен әдiлетсiз!.. Неткен, неткен, неткен алдамшы!.. Қайда барса да, кiммен тiрессе де - бар күрескенi әділдік едi. Ендi өз топырағына келсе, сол қисық күй, сол қалып, сол көрiнiс, сол ескі әдет тағы да алдынан, қарсы алдынан «мені қайтесің» деп кесе көлденеңдей. Ойында әрқилы сезiмдер шарпылысып, дегбiрдi алған соң, қолына қалам ұстады. Ой жиһазы - хикметтері тағы да ботадай боздап, төгіліп берді. Көңiлдiң көл-көсiр сыры болып, бейкүнә ботадай жандай безілдеді. Көкiрек сарайындағы көкала шер ендi жыр кестесiне өрiлдi. Тыңдаушысы - жүдеген, жадаған халқы! Демеушiсi де, дем берушiсi де солар!... Өмiр - дөңгелек өз жолынан, өз бағытынан айныған емес. Әр кеудеде - бір арман! Сопылық жолға түскен осынау жұмыр жердiң жұмыр басты пендесi - шайыр Ахмет өз жырларымен әуре болса, былайғы ел өз саудасымен әуре. Ұлы Жiбек жолының бойымен ерсiлi-қарсылы ағылған саудагерлер... Олар керуен-керуен алтын, күмiс, жiбек, жүн, түбiт, сақтиян тасып, соны саудалап, басқалардың көзiн қызықтырумен болады. Дүние, шiркiн, кiмдi алдандырмаған, кiмдi тура жолдан тайдырмаған!.. Исфиджабтың халқы сондай алдамшы қызықты алдыңа тартар көздiң де, көңiлдiң де құрты - алуан түрлі асыл зат тасыған саудагерлер келсе, iстеп жатқан iсiн де, ұстап отырған құсын да - бәрiн тастап, сонда жүгiрiседi. Осындайда шайыр жалғызсырап, жетiмсiреп қалады. Көкiрек сарайы иен далада қаңырап қалған иесiз диiрмендей азынап қоя бередi. "Менiң бәйiт-өлеңiм бар халықтың көңіліне қонып, жүрегіне жол табар ма? Түсiнер ме менiң жан сырымды туған халқым? Ұғар ма перзентiнiң аңсар көңiлiн! Әлде... өмiр бойы олар менi, мен оларды түсiне алмай, шерменде болып өткенiмiз бе!..'' Адамдардың, әсiресе дүние-мүлiк үшiн жанын жалдаған, сайтан сезімге бой алдырған адамдардың пиғыл-пейiлi Ахметтi тiтiркендiрдi. Олармен қатар жүрiп тiрлiк кешуге, өмiр сүруге бойы жиренгендей. Көңiлiне күптi ой кептелдi. Ендiгi жерде өз бойындағы ең асылын - жансарайын кiрлетiп алатындай қорықты. Жансарай!... Оның тау суындай тап-таза, мөп-мөлдiр жансарайы!... "Алтын - әшекеймен, сырлы-сақтиянмен, көз жауын алар жүн-жiбекпенен менiң кеудемдi кiрлете алмассыңдар. Менiң көкiрек сарайым - алтындай асыл, саф ауадай таза. Тазалық тұңғиығы! Өзiм соның ғана үнiне құлақ асамын. Менiң әмiршiм - өзiмнiң жансарайым...'' Оның жүрек соғысы осыны айтатын. Оның көкірек сарайы осылайша сыр төгіп тұратын. Қайта-қайта ойына мұраты мен мұңын арманына астар еткен кiршiксiз көңiл иесi - Мұхаммед орала бердi. Бұл фәниден алпыс үш-ақ жас жасап, өте шыққан қайран пайғамбар!... Адамшылықтың, тазалықтың, парасаттың пайғамбары... "Осы бiз, пенделер, жаратқан иенi неге аспаннан, сонау көк тұңғиығынан iздеймiз?.. Құдайға қолымыз жетпейдi, содан да оның құлымыз! Өмiр бойы құлшылық етумен бұл фәниден өте бермекшiмiз. Ал... алла-тағаланың көзiндей болған адам, пенделiктен бойын аулақ ұстаған, жер-жаһанға алла iлiмiн жайған, бар ғұмырын соған бағыштаған... Мұхаммед ата өмiрi бiзге неге сабақ емес? Оның шын пайғамбар екенiне неге бас имеймiз, пенделер-ау!..'' "Пенде Мұхаммедтен пайғамбар Мұхаммедке адамдар арасында жүріп-ақ көтеріле алған кiсiге күдiк келтiруiмiз қалай осы?..'' "Алла атын басқамен алмастырып, дүниеге көз тұндырып, бiржола алжасып, бет ауған жаққа ылағып бара жатқан жоқпыз ба?..'' "Құмырсқа тiрлiкпен күн кешкен қайран пенделер-ау, ес жиып, еңсе көтерiп, шариғат үнiне құлақ асып, Мұхаммедтiң үмбетiмiз дер кезiң болар ма сенiң!..'' "Қайда, қайда бет алды жаратқан иенің құлдары - адамзат көшi! ..'' Күнұзақ осылай деп күбiрлейдi. Қатты да айтпайды, iшiне де бүкпейдi. Қатты айтпайтыны - мына айналасындағы тiршiлiк иелерiнiң бұл ойды дұрыс түсiне алатынына күдiгi көптiгiнен; iшiне де бүкпейтiнi - сыртқа сыр етiп айтқысы келетiнi, өз сырын өзi ойда өлтiруге қорқатыны... Көзiн ашса да, жұмса да - көлбендеген өз көңiлiне аса қымбат бiр бейне:  ол қасиеттi Мұхаммед... Тiптi соңғы кездерi сол қасиеттi адамды жиi-жиi түсiнде де көретiн болды. Кәдiмгiдей, өңiндегiдей. Бiрге жүредi. Ой бөлiседi, сыр айтысады... Ояна келсе... бәрi де елес. Тағы да бiтпейтiн қу тiрлiк... Мұхаммед өсиетi бiр жақта, жердегi қым-қуыт тiрлiк бiр жақта. Талас, тартыс!... Дүние үшiн жанталас!... "Түһ!'' деп күйiндi ол. "Қайда барып тығылсам екен! Мына уы мен зәрiн бойға дарытпай қоймас жиiркенiштi тiрлiктен қайтсем құтылам?.. Қайтсем бойымды аулақ салам?... Уа, пайғамбарым, әруағыңмен жебешi менi! Сенен басқа сүйенерiм жоқ. Менiң пiрiм - бiр өзiң. Қайдасың?.. Қайдан iздеймiн сенiң рухыңды?.. Қайда ол? Қайда-а!...'' Сол бiр кездерi Ахметтiң ойына қайта-қайта бiр кездерi Жауһар аталған көне қала - Иассы орала бердi. Өңiнде ненi ойласа, түсiнде соны көрдi. Сән-салатанатқа оранып, тотыдай таранып, сұңқардай сыланып, жасанып алған Иассы... Жан-жақтан ағылған халық... Деп-демде кiп-кешкене қала он есе, уа, тiптi жүз есе үлкейiп шыға келiптi. Айнала елдiң бар ықыласы осы жақта. Үлкенi де, кiшiсi де ат басын тiреуге асығулы. "Әзiрет сұлтанымыз осы'' деседi бiр-бiрiне күбiрлесiп. «Қасиет тұтар мекеніміз де - осы!...» Тiптi кейбiреулерi Ахметтiң жан сырындай болған хикметтерiн толғана айтып, толқи айтып, жатқа соғуда... Ояна келсе, түсi!... Әдемi түс, әсерлi түс, "Қасиетiңнен айналайын, Иассы'' деп ойлады бұл. "   Топырағың тек емес-ау сенiң!.. Ендiгi мекенiм өзiңсiң десем, кеудемнен керi тебермiсiң! Жоқ, мен сендiкпiн. Аңсарым да, арманым да сен! Бұдан былайғы көңiл дауасын да, ой дауасын да өзiңе телiгiм бар. Ендiгi бар мақсат-мүддемдi өзiңе жалғаймын. Перзентiңнiң ниетiн қабыл ала гөр, қасиеттi мекен!...''
19.11.2013 05:50 3147

                                                        (үштаған)

                                             1. Сопының жансарайы

Құл Қожа Ахмет Иассауи Мұхаммедтi жаратылыстан тыс адам ретiнде көрсетiп, оны құдай

қатарына жақындатып қойды. А.Мец. "Мұсылмандық Ренесанс'' кiтабынан. Сол замандарда оқыған       машайық-сопылардың мойнында  өзiнiң ерекше белгiсi - бойтұмары болған. Қожа Ахметтiң  бойтұмары сегіз қырлы асыл қара тас екен деседi. Ескiлiктi жазбалардан.

                                                             1

Жасы алпыс екiден асып, алпыс үшке қарағанда өзiн қаратобыр көп пенденiң бiрiмiн деп қана қоймай, оған қоса құдайдың, иә, көктегi құдiреттi құдайдың құлақ кестi құлымын деп жер-жаһанға, жалпақ әлемге жар сала өмiр кешкен сопы Ахмет, дiндар Ахмет, шайыр Ахмет бұл фәнидiң жұмыр басты пендеге тиесiлi хақ қызығын тәрк етiп, жер астына, қараңғылық қойнына тiрiлей түсіп, қалған өмірін сонда жалғастырмаққа біржола бел буды. Ол мына көгiнде жымысқы күн күлген жарық әлемдегi тiрлiктiң түйткiлiнен, тiршiлiктiң тауқыметiнен қашқан жоқ, жұмыр басты пенделердiң бойындағы ьәңгі бітпей қойған атаққұмарлық, күңшiлдiк, екiжүздiлiк, надандық, кекшiлдiктен... қашты. Кiсiнiң кiсiлiгiне залал келтiрер ең үлкен кесел - дүниеқоңыздықты шын пейiлмен мансұқ етпек болды. Оны, бiрақ, өз заманында ешкiм түсiнуге талпынбады, яки түсiнгiсi келмедi, кiм бiледi, бәлкім, қанша талпынса да түсiне алмады.

Ал, Ахмет болса жыбырлап күн кешiп жатқан мың-мыңдаған жұмыр басты пенделердi, олардың ой таяздығын ұқпады. Көбісінің-ақ кеуделерiнде көзi жоқ көркеуде болып жаратылғаны үшiн қынжылды. Қынжыла тұрып, оларға шынымен жаны ашыды. Аяды оларды...

"...Исфид-д-жаб-б!..''

Ауыз толтыра айтқан осы бiр ауыз сөзден кейiн Ахметтiң көкiрек сарайы кеңiп сала бергендей болып, бойын әлдебiр қуаныш кернеп, көмейiн көңiл сергiтер нәрлi, тәттi дәмнiң исi қытықтап ала жөнелгенi. Ойхой-й!.. Осы сәулелі сәттi, осы көңіл марқайтар қуанышты күнді қаншама айлар бойы зарыға күтiп едi. "Қайран елiм қандай күйдесің?'' деп күңiренер едi көңiл сарайы. "Туған жерiм-ау, топырағыңды да аңсадым ғой деп толғанар едi сағыныш толы омырауы...

Әнi, Исфиджаб!.. Таяқ тастам жерде ғана тиiп тұрған - көне Сайрам топырағы!... Бұның кiндiк қаны тамған, былдырлап тiлi шыққан, сүрiне-қабына жүгiрген, сәби табанының iзi қалған ескi жұрт!... Өз жұрты!...

"Исфиджаб! Исфиджаб!.. Кеудеме дамыл бермеген сағынышым менiң!... Аңсаған ақық-арманым!...''

Дәл осы күнi бойдағы бар сабырынан айрылған оқымысты Ахметтi, қажы Ахметтi тану еш мүмкiн емес едi. Ол деп-демде бала бейнесiне ауысыпты. Ауылына, туған топырағына еркелеп, асыр сала ойнап-күліп, аунап-қунап алғысы да бар мА!... Көңiлде еркелiк, көмейде наз!...

Сөйтсе... Исфиджабтың қабағы қатулы екен. Қабағы ма?.. Мүмкiн аспаны шығар!... Түнерiп тұрған аспаны екен. Аспаны ма?.. Адамдары емес пе сыздана қалған!.. Адамдары-ау сол қату қабақтанған!... Қабақтарына сірескен мұз орнай қалардай бұл не iстеп қойыпты! Олары несi!..

Әйтеуiр, неге екенi белгiсiз, топырағының исiн сағынып жеткен Исфиджабы бұны салқын қабақпен қарсы алғаны көрiнiп-ақ тұр.

Араға талай жыл салып, сағынып-сарғайып оралғанда, туған жердiң түтiнiн аңсап келгенде, иiсiн iздеп жеткенде... дәл бүйтiп өгей кейiп көрсетер деп ойлап па! Туған топырақтың тоңтерiс мiнезi көкiрегiне шаншудай қадалды. Бұларға не болған?.. Ахметтi Алла-тағалаға теңеп, жаратушыдай жалбарынып, тәңiрдей табынып, аспанға көтерiп қарсы алмай-ақ қойсын, бiрақ адамшылық жолмен «келдің бе, қарағым» десiп, төрге оздыруға болмас пе едi.

Тiптi оны айтады-ау, керек десең "ә, бұл тағы сен бе едiң, әлi тiрi екенсiң ғой'' деп көңiл аударған бiр даңғой кеуде табылса кәнi! Иә-ә! Ахметтiң көктегі Алла-тағалаға да, оның атымен аталар, соған телiнген қасиетті iлiмге де өкпесi жоқ. Күндiз-түнi басын ауыртып, еңсесiн езiп, көңiлiн алабұртып, қиялилау күйден арылтпай қойған "Хикметтерiне'' де қапалы емес. Оның жүрегiне салмақ түсiрген - жер басып жүрiп, тiрлiгiне нәпақа терген жыбырлауық пенделер!... Солар түсiнбедi бұны. Бұл соларды ұқпады. Қалай ұғады? Кәйтiп ұғады оларды? Бұның бiр iсiн жөн деген жұмыр басты жан табылды ма осы күнге дейiн!.. Өзi туған топыраққа өзi өгей болып жүргенi мынау. Рас, жастай елден жырақ кеттi. Алыс-алыс сапарларға аттанды. Сол үшiн де әуелi жаратқан иеге, сонан соң әкесi Ыбырайымға, шешесi Қарашашқа бек риза. Бұның болашағынан үмiт күтiп, алдағы тiрлiгiне ақ жол тiлеп, әнебiр жылдары Бұқара медресесiне оқуға жiберген сол әке, сол шеше едi-ау! Сөйткен ата-анасына... не рахат көрсеттi? Нендей iсiмен ақтады екен ананың ақ сүтiн!.. Өй-й, десе!..

Бұқара медресесi, шiркiн-ай, бiлiмнiң терең де тұңғиық, мөлдір һәм кәусар бұлағы ғой, ол Ахметтiң санасына сәуле құйып, көзiн ашты-ақ. Осында жүргенде алынбас қамалдай болған араб тiлiн де еркiн меңгерiп, тағы да түрлi тылсымы түйiн тiлдердi үйрендi. Исламның исi шығатын кепиеттi кiтапты, қасиеттi Құранды түгел атқарып, түгел парақтап, ол аз десеңiз, тiптi жаттап та алды. Оған қоса аспан әлемi, табиғат тылсымы, жаратылыс құпиясы туралы қалың мұқабалы мың-сан кiтаптарға үңiлдi, iшкi сырына бойлады. Көкiрек сарайы, сосын-ақ, күннен-күнге кеңи түскендей болған. Бiлген үстiне бiле түсуге, бiлiм тұңғиығына одан бетер бойлай түсуге барынша ықыластанған едi бала шәкiрт.

      Сосын тіршілік жолы қайда бастап еді? Ә, иә, содан кейін Мербі қаласына ұстаз болып барды. Онда біршама уақыт аялдап, жауқазындай жас жеткіншектерге бiлгенiн үйретiп, кейiнiрек Бұқараға қайта оралды. Өзi оқыған медресеге ат басын тiреп, осындағы бiлмекке құмар, бiлуге ынтызар бүлдiршiндерге дәрiс бермекке ықыластана, ынталана кiрiскен.

"Ел билеушiлерге, қалталы көсемдерге һәм әр күнін, әр сағатын сән-салтанатпен өткеріп жатқан дәулеттiлерге қай iсiм жақпады?..''

Ахметтiң жатса да, тұрса да жанын жегiдей жеп, iшкi әлемiн бей-жай еткен түйткіл сауал-осы!

"Неге жақтырмайды менi!.. Несiн алыппын олардың?..''

Рас, Мербiде жүргенде де, Бұқарада да шәкiрттерiне айтатыны бiр-ақ ауыз сөз едi. "Адам адамнан артық болып кетпегені абзал. Артық дүние жиып, артық киiнiп, артық iшу - асылық! Ол түбі жақсы жолға бастамайды. Сосын да Алла-тағала да оны қош көрмейді. Құптамайды!...''Осынысы ма?.. Осыны уағыздағаны ма?.. Оның қисық жерi қайсы екен?.. Өзi ме екен соны ойлап тапқан!... Жо-жоқ, ол Алланың қалауы! Жаратушының ниетi!... Соны түсiнбегендерi...

Ешкiмнiң ала жiбiн аттамаса да, ешбiреулерiнiң көңiлiне тиiп жатпаса да, Алланың пендесi Ахмет Бұқарада белгілі бір топтың қырына ілікті. Анаусы да, мынаусы да тырнақ астынан кiр қаузап, сыныққа сылтау iздеп, бұған қоқан-лоққы көрсете бердi. Дәулеттi топ бұны жөнсiз мазақ еттi, сыртынан ғайбаттап, келеке қылды. "Ақымақ, қияли, мисыз...'' деп, орынды-орынсыз өсек сөз өрбiтiп, артынан кесек-кесек келiспес, келеңсiз әңгiме iлестiрдi. Содан... Ахметтi жай кезде келе бермейтiн көқала ашу қысты. Тiптi ұстазы Жүсiп Хамаданидiң көңiл жұбатар көшелі сөздерi де осы жолы ойдағы долы дауылға тоқтау бола алмады. О, тоба! Бұрын ол кiсiнiң, Хамадани мырзаның айтқаны екi етпеушi едi, ал дәл бүгiн... Арынды ашуын қайда сыйғызарын, қайда қаусырмалап, байыз тапқызарын бiлмедi. Әрi ойланды, берi ойланды. Сөйтiп... өз ойының боданына байланып, көктүтiн ойды сейiлтпек боп, көңiлдi күптi еткен сауалды шешпек боп, тағы да үлкен жолға әзiрлендi. Меккеге, қасиеттi Мекке шәһәрiне бағыт түземекке ниет қылды. Ең болмаса қызыр қолдар, перiштелер әумиiн дер, алғы тiрлiгiме ақ жол ашылар деп, ой шырмауығына маталып, қайта-қайта сол сарынның iзiнде болды.

"Уа, киелi топырақ! Бiр жаратқан иеме һәм бiр саған табындым деп басын тауға да, тасқа да ұрған бейкүнә пендең өзiңе сенiм артып, өзiңдi iздеп жолға шықпақшы. Кеудеңдi айқара ашып, шын ықыласыңмен қабыл ала көршi!'' деп, iштей жалбарынып, ақ тілеу тіледі. Күндіз-түні ой-тұманға оранды.

Содан... сәті түскен күні сапарға жиналған.

Мекке!.. Жып-жылы қарсы алған Мекке! Алайда бойға жылылық нұрын сепкенмен, ойға жылылық құя алды ма? Ойқастаған асау ой тиянақталды ма? Күптiлiгi басым көңiлдi көншiттi ме? Ой-ормандағы бар түйткiл өз шешiмiн тапты ма дешi! Әй, қайдам!.. Әйтсе де, аузын қу шөппен сүртiп, қасиеттi жерге тiл тигiзуден аулақ. Өйтер жөнi жоқ. Қажылығы ше!.. Соны орындай алғанына тәуба деуi керек шығар. Иә-ә, қасиеттi қажылықтың барлық шартын, қажет шартын орындады-ақ. Шын ниетiмен... Сөйтiп, ақыр аяғында Қажы Ахмет атанды ол. (Сол Қажы Ахмет аты келе - келе Қожа Ахмет болып өзгердi ме екен, а?) Ал, көңiлдегi көлбеп жатып алған көктүтiн сейiлмей-ақ қойса, оны өзiнен көргенi дұрыс болар. Иә, өзiнен... Өз бойындағы ойжегiден...

Туған жерге қайтарда дiн өкiлдерiнiң айтуымен, соларға құлақ асып, ырым етiп, мойнына Меккенiң айтулы тас белгiсiн, қасиеттi бойтұмарын байлады. Онысы - сегiз қырлы асыл қара тас едi. Бар бәле-жаладан ендігі құтқарушы һәм қорғаушысы - осы асыл тас, киелi тас секiлдендi өз көңiлiне. Сол белгi жатса да, тұрса да жансерiгiндей болып, жан сергiтерiндей болып, көп жылдар бойы мойнына түспедi. Бiреулер оған күлiп қарады, ал ендi бiреулері таңданып қарады, тағы біреулері «бұған дауа жоқ екен» дегендей бас шайқап қойып, ауыр дем алды.

"Қу дүние құдайыңды да ұмыттырады!...'' Ахметтiң түсiнде де, өңiнде де, қайда жүрсе де күбiрлеп айтар бiр ауыз сөзi осы. Жер бетiндегi пенде бiткен өз қарақан басын ғана ойлайтын, өзiне ғана жағдай жасауды тiлейтiн дүниеқоңыздықтан, парақорлықтан қашса екен деп тiледi. Олар бiр-бiрiмен тең болып, бiрiне-бiрi астамсып сөйлемей, тек қана  iлiм-бiлiмге бой ұрса екен деп тiлеу қылды. Бiрақ оған көнiп жатқан пенде бар ма? Ахмет сонда да, сонда да... жұмыр басты пенде көрсеқызарлықтан, даңғойлықтан, өтiрiк пен өсектен бойын бiржола аулақ салып, аз-кем болса да одан аластаса екен деп армандады. Бiрiн-бiрi құрметтеп, сый көңiлмен тату-тәттi өмiр кешсе ғой деп жалбарына сұрады бiр жаратушыдан. Әйтсе де... онысы да өзгелерге күлкiлi секiлдi болып көрiнедi де тұрады. Ол, бiрақ, қайсыбiр қиындыққа тап келсе де, қандай ауыр да ащы сөз естiп жатса да, өз ойынан, өз пайымынан бiр елi де керi шегiнбедi. Тiптi бертiнде осы ойға түбегейлi табан тiреп, ендi соны, сол ойды шын уағыздаушыға айналды. Жыр болып өрiлген көңiлiнiң терең түкпiрiндегi сырларын-хикметтердi жаза бастады. Сол хикметтерiнде ең әуелiм "төңiрегiм надан болды, менi түсiнбедi, айтқанымды ұқпады, сосын да бiлiмдiлiктен у iштiм'' дер зар қылды. Оны естiр, оған көңiл аударар құйма құлақ табылды ма дешi әуелi!

Ахметтің көңіл сарайынан жол тартқан хикметтер бiрде тау суындай болып тасқындап, арылдап-гүрiлдеп, ал ендi бiрде көз жасындай болып мөлт-мөлт етiп, тамып кетiп, төгiлiп кетiп жатты. Оның әрбiр жолы халықтың жүрегіне жетіп, ілтипатына бөленіп, көңiл дауасы болып, дереу-дереу сан тарапқа тарап кеттi. Елдiң ықыласы ауғаны соншалық, шайырдың жыр боп өрiлген жан сырын - ауыздан ауызға iлiп-iлiп әкетiсiп, адамнан адамға, ауылдан-ауылға тасыды. Бұл дәулеттiлер мен ауқаттылардың арқасына аяздай батып, кеуделерiне тiкенектей болып қадалып, тыныш ұйқысын бөлдi.

"Тәйiрi, мына жалаң аяқ Ахмет-ақ бiзге ақылгөй болмақ па! Ол кiмнiң жыртысын жыртысқандай екен? Өз қара басына өзi май жаға алмай жүрiп, хикмет жазған не теңі десейші бейбақтың! Шайыр болған түрiңе!...''

Бұны да айтушы - солар. Сол топ! Дүниеге, шiрiк дүниеге көз тiккен, бар рахат, бар ләззат, бар бақыт-байлыққа дескен орта!... Солардың пәлсапасы!...

Ол Меккеден қажы болып Бұқараға оралғанда баяғы "достары'' бұны "құдайдың үйiн'' көрiп келген ақылгөй деп, данагөй деп, бiлгiш деп, тағы да келекелеп, қолтығына ши жүгiрттi. "Алла-тағалаға анық керек кiсi болса, сол сапардан оралмас едi, сонда сүйегі қалар едi-ау, керек болмаған соң қаңғыған иесіз иттей келген iзiмен кері қайтады да'' деушiлер де табылып, бұның жаралы көңiлiне тұз сеуіп, жанын шырқыратты.

О, Алла десе, бұларға дауа жоқ шығар! Меккеге барса, бұрам-бұрам байлығын, уыс-уыс алтынын қайда шашарын бiлмеген басқалар секiлдi мансап пен атақ iздеп барған жоқ. Әдiлдiк iздедi. Шындық жолын қайтсем табам деп аласұрған көңiл аңсары едi ол. Сол  үшiн  арыды, ашықты, тарықты, көрмегенiн көрдi. Естiмегенiн естiдi. Сонда да Ахметтiкi дұрыс емес те, бұлардыкi жөн болғаны ма?..

"Шiрiген жұмыртқа болдым-ау! Иә, шiрiген жұмыртқамын. Бірақ, кім үшін? Кiмдер үшiн? Дүниенiң буына iсiнгендер үшiн бе?.. Әлбетте, солар үшiн мен сондаймын. Бiткен жанмын. Ал, өз арымның алдында ше? Жоқ. Өкiне алман. Мендiк мөлдір ой менiмен бiрге өледi. Мен барда, ол да бар. Өзiм тiрiде оны өгейсiте алмаймын...''

Үзiк-үзiк ойлар! Ахметтiң санасын шырмап алған сан-тарау ой сiлемдерi! Берiлмеймiн десе де сол қиялап келіп, қыл шылбыр салар қиялы құрғыр сiлелетедi. Шарадай басын шақшадай етiп, шаршатады. Жiгерiн жасытады. Ең болмаса... өзiм туған жер - кiндiк қаным тамған топырақ бауырына басып, маңдайымнан сипар деп үмiтпен келiп едi. Осы топыраққа жеткенше асығып едi. Сонау-у жер түбiндегi Бұқарадан керуенге iлесiп, жаяулап-жалпылап, топырағының иiсiн сағынған Исфиджабқа құр сүлдесiн сүйретiп жеткен түрi едi. Сөйтсе...

Туған топырақтың қабағы әбден салыңқы. Елдiң сиқы, тым жүдеу. Тiрлiгi самарқау. Ақ дегенi алғыс, қара дегені қарғыс болып, iсiп-кеуiп отырған тағы да - дәулеттiлер, шонжарлар. Солардың дегенi - деген, айтқаны - айтқан, сөйлегені - уәж!... Бұл дөңгеленген дүние неткен, неткен, неткен әдiлетсiз!.. Неткен, неткен, неткен алдамшы!.. Қайда барса да, кiммен тiрессе де - бар күрескенi әділдік едi. Ендi өз топырағына келсе, сол қисық күй, сол қалып, сол көрiнiс, сол ескі әдет тағы да алдынан, қарсы алдынан «мені қайтесің» деп кесе көлденеңдей.

Ойында әрқилы сезiмдер шарпылысып, дегбiрдi алған соң, қолына қалам ұстады. Ой жиһазы - хикметтері тағы да ботадай боздап, төгіліп берді. Көңiлдiң көл-көсiр сыры болып, бейкүнә ботадай жандай безілдеді. Көкiрек сарайындағы көкала шер ендi жыр кестесiне өрiлдi. Тыңдаушысы - жүдеген, жадаған халқы! Демеушiсi де, дем берушiсi де солар!...

Өмiр - дөңгелек өз жолынан, өз бағытынан айныған емес. Әр кеудеде - бір арман! Сопылық жолға түскен осынау жұмыр жердiң жұмыр басты пендесi - шайыр Ахмет өз жырларымен әуре болса, былайғы ел өз саудасымен әуре. Ұлы Жiбек жолының бойымен ерсiлi-қарсылы ағылған саудагерлер... Олар керуен-керуен алтын, күмiс, жiбек, жүн, түбiт, сақтиян тасып, соны саудалап, басқалардың көзiн қызықтырумен болады. Дүние, шiркiн, кiмдi алдандырмаған, кiмдi тура жолдан тайдырмаған!.. Исфиджабтың халқы сондай алдамшы қызықты алдыңа тартар көздiң де, көңiлдiң де құрты - алуан түрлі асыл зат тасыған саудагерлер келсе, iстеп жатқан iсiн де, ұстап отырған құсын да - бәрiн тастап, сонда жүгiрiседi. Осындайда шайыр жалғызсырап, жетiмсiреп қалады. Көкiрек сарайы иен далада қаңырап қалған иесiз диiрмендей азынап қоя бередi.

"Менiң бәйiт-өлеңiм бар халықтың көңіліне қонып, жүрегіне жол табар ма? Түсiнер ме менiң жан сырымды туған халқым? Ұғар ма перзентiнiң аңсар көңiлiн! Әлде... өмiр бойы олар менi, мен оларды түсiне алмай, шерменде болып өткенiмiз бе!..''

Адамдардың, әсiресе дүние-мүлiк үшiн жанын жалдаған, сайтан сезімге бой алдырған адамдардың пиғыл-пейiлi Ахметтi тiтiркендiрдi. Олармен қатар жүрiп тiрлiк кешуге, өмiр сүруге бойы жиренгендей. Көңiлiне күптi ой кептелдi. Ендiгi жерде өз бойындағы ең асылын - жансарайын кiрлетiп алатындай қорықты. Жансарай!... Оның тау суындай тап-таза, мөп-мөлдiр жансарайы!...

"Алтын - әшекеймен, сырлы-сақтиянмен, көз жауын алар жүн-жiбекпенен менiң кеудемдi кiрлете алмассыңдар. Менiң көкiрек сарайым - алтындай асыл, саф ауадай таза. Тазалық тұңғиығы! Өзiм соның ғана үнiне құлақ асамын. Менiң әмiршiм - өзiмнiң жансарайым...''

Оның жүрек соғысы осыны айтатын. Оның көкірек сарайы осылайша сыр төгіп тұратын. Қайта-қайта ойына мұраты мен мұңын арманына астар еткен кiршiксiз көңiл иесi - Мұхаммед орала бердi. Бұл фәниден алпыс үш-ақ жас жасап, өте шыққан қайран пайғамбар!... Адамшылықтың, тазалықтың, парасаттың пайғамбары...

"Осы бiз, пенделер, жаратқан иенi неге аспаннан, сонау көк тұңғиығынан iздеймiз?.. Құдайға қолымыз жетпейдi, содан да оның құлымыз! Өмiр бойы құлшылық етумен бұл фәниден өте бермекшiмiз. Ал... алла-тағаланың көзiндей болған адам, пенделiктен бойын аулақ ұстаған, жер-жаһанға алла iлiмiн жайған, бар ғұмырын соған бағыштаған... Мұхаммед ата өмiрi бiзге неге сабақ емес? Оның шын пайғамбар екенiне неге бас имеймiз, пенделер-ау!..''

"Пенде Мұхаммедтен пайғамбар Мұхаммедке адамдар арасында жүріп-ақ көтеріле алған кiсiге күдiк келтiруiмiз қалай осы?..''

"Алла атын басқамен алмастырып, дүниеге көз тұндырып, бiржола алжасып, бет ауған жаққа ылағып бара жатқан жоқпыз ба?..''

"Құмырсқа тiрлiкпен күн кешкен қайран пенделер-ау, ес жиып, еңсе көтерiп, шариғат үнiне құлақ асып, Мұхаммедтiң үмбетiмiз дер кезiң болар ма сенiң!..''

"Қайда, қайда бет алды жаратқан иенің құлдары - адамзат көшi! ..''

Күнұзақ осылай деп күбiрлейдi. Қатты да айтпайды, iшiне де бүкпейдi. Қатты айтпайтыны - мына айналасындағы тiршiлiк иелерiнiң бұл ойды дұрыс түсiне алатынына күдiгi көптiгiнен; iшiне де бүкпейтiнi - сыртқа сыр етiп айтқысы келетiнi, өз сырын өзi ойда өлтiруге қорқатыны...

Көзiн ашса да, жұмса да - көлбендеген өз көңiлiне аса қымбат бiр бейне:  ол қасиеттi Мұхаммед...

Тiптi соңғы кездерi сол қасиеттi адамды жиi-жиi түсiнде де көретiн болды. Кәдiмгiдей, өңiндегiдей. Бiрге жүредi. Ой бөлiседi, сыр айтысады...

Ояна келсе... бәрi де елес. Тағы да бiтпейтiн қу тiрлiк... Мұхаммед өсиетi бiр жақта, жердегi қым-қуыт тiрлiк бiр жақта. Талас, тартыс!... Дүние үшiн жанталас!...

"Түһ!'' деп күйiндi ол. "Қайда барып тығылсам екен! Мына уы мен зәрiн бойға дарытпай қоймас жиiркенiштi тiрлiктен қайтсем құтылам?.. Қайтсем бойымды аулақ салам?... Уа, пайғамбарым, әруағыңмен жебешi менi! Сенен басқа сүйенерiм жоқ. Менiң пiрiм - бiр өзiң. Қайдасың?.. Қайдан iздеймiн сенiң рухыңды?.. Қайда ол? Қайда-а!...''

Сол бiр кездерi Ахметтiң ойына қайта-қайта бiр кездерi Жауһар аталған көне қала - Иассы орала бердi. Өңiнде ненi ойласа, түсiнде соны көрдi. Сән-салатанатқа оранып, тотыдай таранып, сұңқардай сыланып, жасанып алған Иассы... Жан-жақтан ағылған халық... Деп-демде кiп-кешкене қала он есе, уа, тiптi жүз есе үлкейiп шыға келiптi. Айнала елдiң бар ықыласы осы жақта. Үлкенi де, кiшiсi де ат басын тiреуге асығулы. "Әзiрет сұлтанымыз осы'' деседi бiр-бiрiне күбiрлесiп. «Қасиет тұтар мекеніміз де - осы!...» Тiптi кейбiреулерi Ахметтiң жан сырындай болған хикметтерiн толғана айтып, толқи айтып, жатқа соғуда...

Ояна келсе, түсi!... Әдемi түс, әсерлi түс, "Қасиетiңнен айналайын, Иассы'' деп ойлады бұл. "   Топырағың тек емес-ау сенiң!.. Ендiгi мекенiм өзiңсiң десем, кеудемнен керi тебермiсiң! Жоқ, мен сендiкпiн. Аңсарым да, арманым да сен! Бұдан былайғы көңiл дауасын да, ой дауасын да өзiңе телiгiм бар. Ендiгi бар мақсат-мүддемдi өзiңе жалғаймын. Перзентiңнiң ниетiн қабыл ала гөр, қасиеттi мекен!...''

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға