Жаңалықтар

ІІ БӨЛІМ

Ол әңгімесін сауалмен бастады. - Сен өзің мемлекеттік қызметте істеп көріп пе ең?.. - Ептеп... - Қайда? - Бұрынырақ комсомол қызметінде болғам. - Е-е, - деп, Алмас бұған күлімсірей түсіп, енді тіпті жайдарылана бастады. - Онда сен чиновниктің кім екенін жақсы білетін болдың... - Аздап... - Аздап емес, комсомолда істеген адам бәрін де әріден түсінеді. Мен байқұс сол комсомол мектебінен өтпеген соң ба, әр адым сайын аяғым шалынып... Үндемес сары-Алмас ағасы тағы да теріс айналды. Сөзінің соңын жұтты. "Айтсам ба екен, жоқ қажет емес пе? Бұл өзі түсінер ме менің жайымды? Түсінсе жақсы, ал түсінбесе... Дегенмен, іште тұншықтыра бергенше бір рет болса да ашылып қойған дұрыс болар... Денсаулық үшін де..."    4  - Мен мұғалім болатынмын, - деп бастады әңгімесін Алмас ағасы. - Әдебиет пәнінің мұғалімімін. Мектепте жұмыс істейтінмін. Алғашқы жылдары өзің білесің, мен Сәбет уақытын айтып отырмын, мұғалімдердің жағдайы жаман емес еді ғой. Жалақың да жетерлік, абыройың да жаман емес. Бар қиындық, шынын айтқанда, "кемеңгер" Компартияның құлауымен басталды. Біз секілділердің титтей де беделі қалмады. Жалақың аз екені өз алдына, оның өзін уақтылы бере қоймайды. Сосын амал жоқ, басқа жұмыс іздеуге тура келді. Тепсе темір үзетін кезім. Жасым әлі отыздың ар жақ, бер жағында. Тамыр-таныстарды жағалап жүріп, ақыры Алматыдағы бір әкімшілік мекемесіне қазақ тілін үйретуші болып жұмысқа тұрдым. Сонда көрдім, мына чиновниктер арасында өз ана тілін білмейтіндер шаштан да көп екен. О, сұмдық-ай! Жағамды ұстадым. Өз тілін өзі білмеу деген... Біздің ауылда ондай проблема болған емес. Мен барлық жерде сондай шығар деуші ем. Сөйтсем... Мейлі ғой. Мен үшін не, тәйірі. Үйрету керек деді, үйретуге кірістім. Кәдімгідей күнделікті сабақ жоспарын жасап, мектептегі балаларды оқытқан сияқты, мен де қызу жұмысқа кіріскем. Алғашқыда аппарат қызметкерлері өте құлықты сияқты көрініп еді, ананы да, мынаны да сұрап, ынталы бейіл байқатқан. Мен соған қуанғам. Бірақ бұл қуанышым да ұзаққа бара қоймады. Арада аз-кем уақыт өтпей жатып-ақ тыңдаушылардың арасы іри бастады. Әуелі біреуі келмей қалды. Сосын екіншісі. Мен келесі жолы келгенде өткен жолы келмеген кісіге айтам ғой. - Сіз неге сабақты жіберіп аласыз? Өйте берсеңіз, қазақшаны тез үйрене алмайсыз. Ол кісі өте сыпайы адам. Кешірім сұрады. Жұмыстың ыңғайына орай бір сабақты жіберіп алғанын алға тартты. "Енді қалмауға тырысамын" деді. "Е, жарайды". Қызмет жағдайы болса, енді не істемек. Мен оған қызметіңді қоя тұр дей алмаймын ғой. Күндер өте берді. Сабақ - кәдімгі сабақ. Өзіме үйреншікті жұмыс. Ең бастысы - мұндағы айлығым уақтылы. Әрі мектептегіден екі есе көп. Сосын басқаны ойлап, не бас қатырайын. Оның үстіне көңілге тағы бір медеу етерім - өзімнің ана тілімді үйретіп, соны басқалардың бойына  сіңіруге жұмыс істеп жатқам жоқ па. Ендеше, еңбегім еш емес. Ешкім маған "мына тірлігің не" дей алмайды. Осыған да бір есептен көңіл тоқ. Тағы бір күні сабаққа екі-үш қызметкер келмей қалды. Әдеттегіше келесі жолы келгенде ескерту жасадым. - Бұл болмайды. Бүйтіп қазақшаны үйрене алмайсыздар... Осыны айтуым мұң екен, кірпіш бас бір қызметкер шарт кетіп: - Е, үйренбесек дүние қирап қала ма екен? Осы қазақ тілі ресми қағаз тілі бола алатынына күмәндімін, - дегені. Төбемнен біреу мұздай су құйып жібергендей. Лауазымды кісілер де осылай сөйлейді екен-ау. Өз тілін өзі қорлап... Өзінің ана тілін... - Сіз... Сіз... олай демеңіз! Тілге тиісіп... қайтесіз. Оқығыңыз келмесе оны айтыңыз, - дедім тұтыға сөйлеп. - Жоқ-ау, - дейді кірпіш бас кіжіне. - Бізді зорлап оқытып не керек! Білгісі келмегендерге біл деген не өзі... - Мен... мен бе сізді қинап оқытып жүрген! - дедім  іштегі ашулы сөзді тежей алмай. - Қайта сіздер емес пе мені шақырып... Оқыт деп... Үйрет деп... Сөзімнің соңын дұрыстап та айта алмадым. Даусым дірілдеп кетсе керек. Осы кезде егделеу, қасқа бас бір кісі сөзге араласты: - Шырағым, - деді анаған, - оқығың келмесе, келмей-ақ қой. Ол үшін мұғалімге тіл тигізбе. Оның жазығы қайсы? Кірпіш бас та қайтпастың өзі. Дереу орнынан ұшып тұрды да: - Ал, ендеше, сендер-ақ оқыңдар. Мен біржола кеттім, - деді. - Осы қазақ тілін білмегенім үшін жұмыстан қуар болса, көріп-ақ алайын... Тфу!.. Соны айтты да, есікті тарс жапты. Тарс ете қалған есік те осы жолы мені "Тфу!" деп мазақтағандай болып елестеп кетті. Бөлме ішінде біршама уақыт үнсіздік орнады. Мен қатты зәбірленген жандай бүрісіп тұрып қалғам. Осы кезде әлгі қасқа бас кісі жайбарақат қана: - Қалқам, оған көңіл аударма, сабағыңды жалғай бер, - деді.  - Өз тілін бүгін сыйламайды екен, әлі ертең-ақ бармақ тістейді. Қайтесің қамығып... Осы бір жібектей жағымды дауыс қана мені бәрінен құтқарғандай. Сенімді көңілмен қайтадан сабақты жалғауға кірістім... Оның әңгімесін палатаға кірген дәрігер бөліп жіберді. - Алмас Алтынбекович, сіз уқолға жүріңіз. Енді Алмас-екең дәрігердің алдына түсіп алып, бүкектей жөнелді.
19.11.2013 05:40 2604

Ол әңгімесін сауалмен бастады.

- Сен өзің мемлекеттік қызметте істеп көріп пе ең?..

- Ептеп...

- Қайда?

- Бұрынырақ комсомол қызметінде болғам.

- Е-е, - деп, Алмас бұған күлімсірей түсіп, енді тіпті жайдарылана бастады. - Онда сен чиновниктің кім екенін жақсы білетін болдың...

- Аздап...

- Аздап емес, комсомолда істеген адам бәрін де әріден түсінеді. Мен байқұс сол комсомол мектебінен өтпеген соң ба, әр адым сайын аяғым шалынып...

Үндемес сары-Алмас ағасы тағы да теріс айналды. Сөзінің соңын жұтты.

"Айтсам ба екен, жоқ қажет емес пе? Бұл өзі түсінер ме менің жайымды? Түсінсе жақсы, ал түсінбесе... Дегенмен, іште тұншықтыра бергенше бір рет болса да ашылып қойған дұрыс болар... Денсаулық үшін де..."

   4

 - Мен мұғалім болатынмын, - деп бастады әңгімесін Алмас ағасы. - Әдебиет пәнінің мұғалімімін. Мектепте жұмыс істейтінмін. Алғашқы жылдары өзің білесің, мен Сәбет уақытын айтып отырмын, мұғалімдердің жағдайы жаман емес еді ғой. Жалақың да жетерлік, абыройың да жаман емес. Бар қиындық, шынын айтқанда, "кемеңгер" Компартияның құлауымен басталды. Біз секілділердің титтей де беделі қалмады. Жалақың аз екені өз алдына, оның өзін уақтылы бере қоймайды. Сосын амал жоқ, басқа жұмыс іздеуге тура келді. Тепсе темір үзетін кезім. Жасым әлі отыздың ар жақ, бер жағында. Тамыр-таныстарды жағалап жүріп, ақыры Алматыдағы бір әкімшілік мекемесіне қазақ тілін үйретуші болып жұмысқа тұрдым. Сонда көрдім, мына чиновниктер арасында өз ана тілін білмейтіндер шаштан да көп екен. О, сұмдық-ай! Жағамды ұстадым. Өз тілін өзі білмеу деген... Біздің ауылда ондай проблема болған емес. Мен барлық жерде сондай шығар деуші ем. Сөйтсем...

Мейлі ғой. Мен үшін не, тәйірі. Үйрету керек деді, үйретуге кірістім. Кәдімгідей күнделікті сабақ жоспарын жасап, мектептегі балаларды оқытқан сияқты, мен де қызу жұмысқа кіріскем. Алғашқыда аппарат қызметкерлері өте құлықты сияқты көрініп еді, ананы да, мынаны да сұрап, ынталы бейіл байқатқан. Мен соған қуанғам. Бірақ бұл қуанышым да ұзаққа бара қоймады. Арада аз-кем уақыт өтпей жатып-ақ тыңдаушылардың арасы іри бастады. Әуелі біреуі келмей қалды. Сосын екіншісі. Мен келесі жолы келгенде өткен жолы келмеген кісіге айтам ғой.

- Сіз неге сабақты жіберіп аласыз? Өйте берсеңіз, қазақшаны тез үйрене алмайсыз.

Ол кісі өте сыпайы адам. Кешірім сұрады. Жұмыстың ыңғайына орай бір сабақты жіберіп алғанын алға тартты. "Енді қалмауға тырысамын" деді. "Е, жарайды". Қызмет жағдайы болса, енді не істемек. Мен оған қызметіңді қоя тұр дей алмаймын ғой.

Күндер өте берді.

Сабақ - кәдімгі сабақ. Өзіме үйреншікті жұмыс. Ең бастысы - мұндағы айлығым уақтылы. Әрі мектептегіден екі есе көп. Сосын басқаны ойлап, не бас қатырайын. Оның үстіне көңілге тағы бір медеу етерім - өзімнің ана тілімді үйретіп, соны басқалардың бойына  сіңіруге жұмыс істеп жатқам жоқ па. Ендеше, еңбегім еш емес. Ешкім маған "мына тірлігің не" дей алмайды. Осыған да бір есептен көңіл тоқ.

Тағы бір күні сабаққа екі-үш қызметкер келмей қалды. Әдеттегіше келесі жолы келгенде ескерту жасадым.

- Бұл болмайды. Бүйтіп қазақшаны үйрене алмайсыздар...

Осыны айтуым мұң екен, кірпіш бас бір қызметкер шарт кетіп:

- Е, үйренбесек дүние қирап қала ма екен? Осы қазақ тілі ресми қағаз тілі бола алатынына күмәндімін, - дегені.

Төбемнен біреу мұздай су құйып жібергендей. Лауазымды кісілер де осылай сөйлейді екен-ау. Өз тілін өзі қорлап... Өзінің ана тілін...

- Сіз... Сіз... олай демеңіз! Тілге тиісіп... қайтесіз. Оқығыңыз келмесе оны айтыңыз, - дедім тұтыға сөйлеп.

- Жоқ-ау, - дейді кірпіш бас кіжіне. - Бізді зорлап оқытып не керек! Білгісі келмегендерге біл деген не өзі...

- Мен... мен бе сізді қинап оқытып жүрген! - дедім  іштегі ашулы сөзді тежей алмай. - Қайта сіздер емес пе мені шақырып... Оқыт деп... Үйрет деп...

Сөзімнің соңын дұрыстап та айта алмадым. Даусым дірілдеп кетсе керек. Осы кезде егделеу, қасқа бас бір кісі сөзге араласты:

- Шырағым, - деді анаған, - оқығың келмесе, келмей-ақ қой. Ол үшін мұғалімге тіл тигізбе. Оның жазығы қайсы?

Кірпіш бас та қайтпастың өзі. Дереу орнынан ұшып тұрды да:

- Ал, ендеше, сендер-ақ оқыңдар. Мен біржола кеттім, - деді. - Осы қазақ тілін білмегенім үшін жұмыстан қуар болса, көріп-ақ алайын... Тфу!..

Соны айтты да, есікті тарс жапты. Тарс ете қалған есік те осы жолы мені "Тфу!" деп мазақтағандай болып елестеп кетті.

Бөлме ішінде біршама уақыт үнсіздік орнады. Мен қатты зәбірленген жандай бүрісіп тұрып қалғам. Осы кезде әлгі қасқа бас кісі жайбарақат қана:

- Қалқам, оған көңіл аударма, сабағыңды жалғай бер, - деді.  - Өз тілін бүгін сыйламайды екен, әлі ертең-ақ бармақ тістейді. Қайтесің қамығып...

Осы бір жібектей жағымды дауыс қана мені бәрінен құтқарғандай.

Сенімді көңілмен қайтадан сабақты жалғауға кірістім...

Оның әңгімесін палатаға кірген дәрігер бөліп жіберді.

- Алмас Алтынбекович, сіз уқолға жүріңіз.

Енді Алмас-екең дәрігердің алдына түсіп алып, бүкектей жөнелді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға