Жаңалықтар

Қырат

Ермекқұл ата-бабасынан бері атағы жер жарған Әзірет Сұлтан кесенесінің оң жақ бүйіріне орын тепкен шағын ауыл -            осы Қыраттың тұрғыны. Ауыл сонау соғыстан бұрын қолхоздасты, оны алғашқы ұйымдастырушылардың қатарында бұның өзі де жүрді. Өкімет тапсырған жұмыстан ешқашан бас тартып, бұра шапқан кезі жоқ. Егіс бригадирі  болып та шапқылады, қара жұмыстан да құр алақан емес. Қыраттың алғашқы көзі ашық, сауатты азаматы еді ғой бұл. Үш бірдей ұлын кешегі қырқыншы жылғы соғыс жалмаса, құдай қосқан қосағы -          Күләй кемпірден бертініректе айрылды. Жау жеңіліп, ел тынышталып, мамыражай заман туған шақта Ерекең мен Күләй әже бірінің бетіне бірі қарап отырды да қалды, сонан кейін "қой болмас" деп жақын інісі Поштайға қолқа салды. - Әй, тілеуіңді бергір, ана үш бірдей мұрынбоғыңның біреуін бізге қи. Әйтпесе ұядай үйіміз күннен-күнге азынап барады, - деді. Поштай ағасының сөзін екі етпеуші еді, әкелді де берді. Міне, бұ шаңыраққа осылай кірген Жеңістайды кемпірі бауырына басып еді.О-о, құрғыр уақыт, онан бері де талай жылдар зырлап өте шығыпты. Өмірсерік жолдасы әлдеқашан келмес сапарға аттанды, өзі қартайған үстіне қартая түсті. Ал, кешегі жұдырықтай бала жақын жылдарда мектепті де бітірмек. Зейнеткерлікке шыққан соң, үйінде көп отыра алмады, қисалаңдап Жетеске келіп: -  Осы бақшаның қорықшысы жоқ қой, мен болайын, - деп, екі алақанын ысқылап қойып, әлі де біраз қайрат көрсеткісі келетінін айтқан. -  Енді құдайға құлшылық етіп, демалмайсыз ба? -  Алла-тағала жалқауларды жақсы көреді деп кім айтты саған! Осы жолы орында айтқанымды!.. Көнді. "Қорықшы болыңыз" деді. "Қайратыңыз қайтып, шаршасаңыз айтарсыз, енді сізге міндетіміз жоқ қой" деген. Табиғатты қорғау, оны сүйе білу туралы тосын ой шалдың басын осы күннен бастап шырмап алған-ды. Әуелі бірер жыл жай қорықшы болды, оны-мұны іздестіріп, өз бетінше әрекет етіп көрейін деп онда ойлаған жоқ-ты. Бертін келе көзілдірік киіп, бау-бақша туралы жазылған кітаптарға көбірек үңілетінді шығарды. Іздеп жүріп оқитын болды. Ауылдағы кішкентай кітапхананы аударып-төңкеріп болып, "түк таппадым" деп қынжылды. Жол-жөнекей ат басын бұрып, бақшаға алма, өрік сұрай келген кісілермен тілдесе кетсе, қайдағы бір Дарвинді, Тимирязевті, тағы біреулердің атын айтып, басын қатырады. Кейінгі кездері ауыл адамдары алжыды деді ме, одан мүмкіндігінше аулақ жүретін болып алды. Анадайдан қарсы келе жатқанын көрсе, дереу жалт бұрылып, көзінен таса болуға тырысатын. Жастар жағы оған "оқымысты қарт" деп әдемі ат қойса, өзі қатарлы шал-шауқандар кекесінмен "қисық шал" деп атап кетіп еді. Сол қыңыр қария өткен жылы алма бағының қоршауын бұзғызып, кеңейтті. Түкке қажеті жоқ оншақты түп тұт ағашын да қосып алды. Бұл ауыл бір кездері жібек құртын өсірген еді, соған қорек етерміз деп кезінде осы маңдағы үлкен алапқа тұт ағашын отырғызған. О шіркінің алғашқы кезде тырбиып, бой ала алмай кенжелеп қалды да, артынан қаулап бір берсін. Жібек құртын қайтадан басқа жаққа алып кетіп, күтімсіз қалса да, тұт ағашы табиғаттың небір дүлейіне әл бермей қойған. Елдің ағашқа жаны ашымас бір бөлегі қысқа қарай шетінен шауып алып, отқа жағып жүрді. - Жас ағашты аяусыз отап, шабуға болмайды ғой. Қурап қалса бір сәрі, -  деп, қабағынан қар бүркіп жүріп, ақыры қоршатып тынды. Осындай қылығымен қыңыр шал атанған шығар-ақ, әйтпесе кісіге титтей де залалы жоқ, тірлігінде бір кісіге бәле ойлап, қиянат қылып көрмеген пенде. Оны айтасыз-ау, қайта бұл ауылға ең пайдалы шалың сол бола бастаған сыңайлы. Өткен жылы бұрын бұл ауылдың кісілері жеп көрмеген помидордың бөлек түрін өсіріп, елді таң қалдырды. - Болғар помидорының дәнін қайдан алып жүрсіз? - деп сұраған бас агрономға күле тіл қатты. - Сіз де сенбейсіз-ау. Өйткені, әлі ешкім сене қойған жоқ. Кәдімгі шет елден келген банкідегі помидордың дәні ғой бұл, содан өсіп шықты... Агроном үндеген жоқ, сол күйі кетіп қалды. "Сенің де маған сенбегенің ғой, "келеке етті" деп ренжіп бара жатқаның ғой бұл. Ау, кәйтіп түсіндірем сендерге? Өздеріңе не болған!.." Осыны ойлағанда Ерекеңнің тұла бойын ашу кернеп кетті... Әлгі бас маман бір жолы: - Ақсақал, сіздің бір ағаштың бүрін екінші ағашқа төліп өсіріп жүргеніңіз кезінде Мичурин деген кісінің ойлап тапқан жаңалығы, -  демесі бар ма. Мичурин есімін аздап естіген-ді, бірді-екілі кітаптардан оқығаны бар, алайда дәл мұнысын білмейді екен. Өзімнің жаңалығым, өзімнің ойлап тапқаным деп жүргені бұрынғыларды қайталады екен-ау. Міне, өткенді білмеген деген осы. Оқымасаң - білмейсің. Сол білмеген күйі бұл өмірден өтесің. Өй, неткен ұят тірлік. Қағаз бетіне түскенді де көңілге тоқи алмау - бақытсыздық қой. Біз қашанғы өстеміз? Қашанғы қараңғылық қойнында жата береміз? Бір сәт өстіп көңіл түкпіріндегі реніш сезіміне беріліп кетті. Артынан ойлады. Жарайды деді. Басқаның жаңалығы болса бола берсін. Ең бастысы - оны осы ауылға әкелген мен ғой... Сөйтсе де... Оған өкініп жатқан Ерекең жоқ. Қайта сол күннен бастап Мичурин туралы тезірек білуге, тереңірек танысуға құлшынды. Сол әңгімеден соң бір жолы әлгі атақты бағбан түсіне еніпті, екеуі танысып, мүлде дос болып кеткен екен дейді...     * * * Әбден шаршаған соң, бақшаның ішіндегі күркеге бел жазбаққа кішкене қисайып еді, ұйықтап кеткен екен, әлдекімдердің күбірлеп сөйлескен даусынан оянып кетті. Ақырын құлағын тосып тыңдап көріп еді, ести алмады. Күн әлдеқашан батып кетіпті, айнала қою қараңғылық. Орнынан ақырын көтеріліп, дыбыс естілген жаққа қарай аяңдады. Сол мезет ай жарығымен көлбең ете қалған қызыл көйлекті байқады да, қалт тұра қалды. "Мұнда қыз бала не бітіріп жүр?!" - Айжан, сен білесің бе, әлемдегі ең құдіретті нәрсе не? - Жігіттің даусы. -    ?! - Меніңше,  ол - махаббат! Қыз сықылықтап күлді. - Айжан, екеуміз дос болайықшы. -  Достығыңның белгісін немен дәлелдей аласың? - Немене дәлелде десең, сол айтқаныңмен дәлелдеуге бармын... Шал дыбысты енді айырды. Жеңістай екен. "Бұның да жігіт болып, қызбен қыдыруға жарап қалғаны, ә!.." деп ойлады ішінен. Сосын екі жастың әңгімесін ұрланып тыңдағанды өзіне әбес көріп, кері қайтуға оқтала беріп еді. Жеңістайдың бір сөзін естіп, жаны мұрнының ұшына келді. - Мә, саған өрік ағашының жапырағын сыйлайын, түн іші ғой, түннің гүлі деп қабылда... - Әй-й! -  деп, қалай дауыстап жібергенін өзі де сезбей қалды.  - Жұлма оны... Қыз оқыстан шыққан ащы үннен үркіп кетіп, қараңғылыққа тығылды. Жеңістай өз орнында тапжылмай тұр екен. - Неге жұлдың алманың жапырағын?.. - Ата-ау, бұл өрік ағашының жапырағы ғой... - Сен не білетін едің! Мен көктемде осы өрікке алманың бүршіктерін телігенмін. Жап-жақсы өсіп келе жатыр еді. Нешеуін жұлып алдың? - Үшеуін... - Ой-й, бұзық неме!.. -  деп, қаны басына теуіп келе жатты  да, өзін-өзі әрең тежеп, кері айналды. Осы кезде оның жанарынан, неге екені белгісіз, бұрыла бергенде, бір түйір тамшы ытқып кетті. Бір көңілсіз сезім көкірегін қысып, сығымдап алды.                                                       * * * Кішкентай клубтың іші лекция тыңдайтын адамдарға толып кетті. Жетестің өзі де келіп отырды. Қария халықтың мынадай ынтасына риза болып қалды. Іштей ойлады бірақ. "Тең жартысы бастықтан қорыққанынан келіп отыр ғой, әйтпесе менің лекциямды қайтсін. Мен тұрмақ, ауданнан, облыстан ат сабылтып келген кейбір лекторға үйді-үйге кіріп жүріп, халықты әзер жинайды". -  Қымбатты жолдастар! - деп бастады сөзін Ерекең, -  табиғат біздің анамыз. Ішетін-жейтінді де, киетінді де, өмір сүруге қажетті нәрсенің барлығын да сол табиғат - Ана болмаса қайдан алар едік. Демек, табиғатты сүю, оның бар байлығын аялау - барша адамның маңызды міндеті... Осылай деп әңгімесін бір түйіндеп алған Ерекең онан әрі қызына, қызбалана түсті. Екпіндеп, арындап сөйледі. - Мен сіздерге өсімдіктердің тіршілік ерекшеліктері туралы аз  ғана мағлұмат бергім келеді. Бізді қоршаған дүние табиғат деп аталады, ол өлі және тірі табиғат деп екіге бөлінеді. Өлі табиғатқа жататындар: ауа, су, жердің қазба байлықтары. Тірі табиғатқа өсімдіктер мен жануарлар дүниесін жатқыза аламыз.... Клубтың бір бұрышында ескі күпәйкесін оранып, бүкшиіп отырған трәктірші Қабден күңк ете қалды. - Ереке, біз оны баяғыда мектепте оқыдық қой, тоқ етерін айтсаңызшы. -  Тоқ етерін айтсам, - деп, Ерекең көзілдірігін шешті, -  мынау болады: біз Ботаникадан түк те білмейміз. Мысалы, сен, Қабден, айта қойшы, Чарлз Дарвиннің ашқан жаңалығы не? -  Е, оны ұмытып қалдық қой... - Міне, сондықтан да біз табиғатқа мейірімсіз қараймыз.Табиғаттың тылсым күшін, оның тіршілік ету қабілетін неғұрлым көп білсең, соғұрлым оған жаның көбірек ашиды... Бригадир Жұмаділдә мынадай сұрақ қойды: - Ереке, сіз қалай ойлайсыз, біздің ауылға жаңғақ ексе, өсер ме еді?.. - Ә-ә, бұған бірден жауап айту қиын. Оны іс жүзінде дәлелдеу керек, мүмкін, ізденсек өсіп те қалар... Бұл ойда бар іс. Әттең жас келіп қалды, осыдан жиырма шақты жыл бұрынғы қайратты шақ қайта келсе, сөзсіз көп нәрсе бітірген болар едім... Ол ұзақ сөйледі. Беріле сөйледі. Тіпті әрі-беріден соң қолын оңды-солды сермеп, мектеп оқушыларына сабақ үйретіп тұрғандай күйге ауысып та кетіп еді.      * * * Жетес бір жолы бағбанның үйіне мәдениетті киінген,  орта жастағы кісіні ертіп әкелді. - Ауданнан келген өкіл, табиғатты қорғау қоғамынан, -  деп таныстырды қонақ жігітті. Ол бұған "табиғатты қорғау қоғамының мүшесі" деген көкшіл билетті табыс етіп, қолын қайта-қайта қысты. - Бізге қандай сұрағыңыз бар, қандай көмек қажет? -  деп сұрады өкіл жігіт сонан соң. - Айтыңыз... Шал қапелімде абдырап қалды. - Жоқ, қарағым, еш нәрсеге мұқтаж емеспін. Қамқор көңілдеріңе мың да бір рахмет. Менікі, әйтеуір тырысқақ тышқанның "тау қопарамын" дегені секілді бір нәрсе гой... - Неге, ақсақал! Біз ауылдан алшақтау ауданда отырсақ та, ұзынқұлақтан сіз туралы көптеген жақсы әңгімелер естіп жатырмыз. Бір-екі жиналыста атыңызды атап, жастарга үлгі ете сөйледік. Эқологиялық проблемаларды жан-тәніңізбен түсіне білетініңізге ризамыз. Қазір табиғатты қорғау қоғамы мүшелерінің ең үлкен ақсақалы, үлгі тұтар ардақтысы болып отырсыз... Біразға дейін үндемей, жер шұқылап отырды. Үндегенде не демек! Әлгі өкіл қош айтысып, есіктен шығып бара жатқанда, әлдене есіне түскендей, апыл-ғұпыл орнынан көтеріле беріп: - Қарағым, тоқташы! - деді. Сосын қайтадан абдырап, не айтарын білмей састы. -  Бір нәрсе айтқыңыз келді ме? -  Иә... есіме енді түсті. Сіз... Мичурин туралы білесіз бе?.. - Мичурин!.. Ол кім? Есімде жоқ. Мүмкін... А-а, сіз атышулы  бағбан Иван Мичурин туралы сұрап тұрған шығарсыз?.. -  Иә, иә, сол Иван туралы... - Е, ол кісі туралы жазылған кітап көп қой. Көбісі орыс тілінде, тіпті қазақ тіліне аударылғандары да бар. -  Онда өтінішім болсын, сол кітаптарды тауып бере алмас па  екенсіз?.. - Сөз бе екен, табамыз. Ертең-ақ осы жаққа қатынағандардан сізге беріп жіберейін. - Сөйтші, қарағым, сөйте қойшы, - деп елпектей сөйлеген күйі шал оларды біраз жерге дейін шығарып салды. Үйіне қайтып келе жатып, жанындағы Жеңістайға қарап, жымия күліп, оның мұрнынан шертіп қойды. -  Енді біз үшін әлгі атағы жер жарған бағбаныңыз  -  Мичурин де  құпия адам  болмай қалады...
19.11.2013 05:28 8298

Ермекқұл ата-бабасынан бері атағы жер жарған Әзірет Сұлтан кесенесінің оң жақ бүйіріне орын тепкен шағын ауыл -            осы Қыраттың тұрғыны. Ауыл сонау соғыстан бұрын қолхоздасты, оны алғашқы ұйымдастырушылардың қатарында бұның өзі де жүрді. Өкімет тапсырған жұмыстан ешқашан бас тартып, бұра шапқан кезі жоқ. Егіс бригадирі  болып та шапқылады, қара жұмыстан да құр алақан емес. Қыраттың алғашқы көзі ашық, сауатты азаматы еді ғой бұл. Үш бірдей ұлын кешегі қырқыншы жылғы соғыс жалмаса, құдай қосқан қосағы -          Күләй кемпірден бертініректе айрылды. Жау жеңіліп, ел тынышталып, мамыражай заман туған шақта Ерекең мен Күләй әже бірінің бетіне бірі қарап отырды да қалды, сонан кейін "қой болмас" деп жақын інісі Поштайға қолқа салды.

- Әй, тілеуіңді бергір, ана үш бірдей мұрынбоғыңның біреуін бізге қи. Әйтпесе ұядай үйіміз күннен-күнге азынап барады, - деді. Поштай ағасының сөзін екі етпеуші еді, әкелді де берді. Міне, бұ шаңыраққа осылай кірген Жеңістайды кемпірі бауырына басып еді.О-о, құрғыр уақыт, онан бері де талай жылдар зырлап өте шығыпты. Өмірсерік жолдасы әлдеқашан келмес сапарға аттанды, өзі қартайған үстіне қартая түсті. Ал, кешегі жұдырықтай бала жақын жылдарда мектепті де бітірмек.

Зейнеткерлікке шыққан соң, үйінде көп отыра алмады, қисалаңдап Жетеске келіп:

-  Осы бақшаның қорықшысы жоқ қой, мен болайын, - деп, екі алақанын ысқылап қойып, әлі де біраз қайрат көрсеткісі келетінін айтқан.

-  Енді құдайға құлшылық етіп, демалмайсыз ба?

-  Алла-тағала жалқауларды жақсы көреді деп кім айтты саған! Осы жолы орында айтқанымды!..

Көнді. "Қорықшы болыңыз" деді. "Қайратыңыз қайтып, шаршасаңыз айтарсыз, енді сізге міндетіміз жоқ қой" деген.

Табиғатты қорғау, оны сүйе білу туралы тосын ой шалдың басын осы күннен бастап шырмап алған-ды. Әуелі бірер жыл жай қорықшы болды, оны-мұны іздестіріп, өз бетінше әрекет етіп көрейін деп онда ойлаған жоқ-ты. Бертін келе көзілдірік киіп, бау-бақша туралы жазылған кітаптарға көбірек үңілетінді шығарды. Іздеп жүріп оқитын болды. Ауылдағы кішкентай кітапхананы аударып-төңкеріп болып, "түк таппадым" деп қынжылды. Жол-жөнекей ат басын бұрып, бақшаға алма, өрік сұрай келген кісілермен тілдесе кетсе, қайдағы бір Дарвинді, Тимирязевті, тағы біреулердің атын айтып, басын қатырады. Кейінгі кездері ауыл адамдары алжыды деді ме, одан мүмкіндігінше аулақ жүретін болып алды. Анадайдан қарсы келе жатқанын көрсе, дереу жалт бұрылып, көзінен таса болуға тырысатын. Жастар жағы оған "оқымысты қарт" деп әдемі ат қойса, өзі қатарлы шал-шауқандар кекесінмен "қисық шал" деп атап кетіп еді.

Сол қыңыр қария өткен жылы алма бағының қоршауын бұзғызып, кеңейтті. Түкке қажеті жоқ оншақты түп тұт ағашын да қосып алды. Бұл ауыл бір кездері жібек құртын өсірген еді, соған қорек етерміз деп кезінде осы маңдағы үлкен алапқа тұт ағашын отырғызған. О шіркінің алғашқы кезде тырбиып, бой ала алмай кенжелеп қалды да, артынан қаулап бір берсін. Жібек құртын қайтадан басқа жаққа алып кетіп, күтімсіз қалса да, тұт ағашы табиғаттың небір дүлейіне әл бермей қойған. Елдің ағашқа жаны ашымас бір бөлегі қысқа қарай шетінен шауып алып, отқа жағып жүрді.

- Жас ағашты аяусыз отап, шабуға болмайды ғой. Қурап қалса бір сәрі, -  деп, қабағынан қар бүркіп жүріп, ақыры қоршатып тынды.

Осындай қылығымен қыңыр шал атанған шығар-ақ, әйтпесе кісіге титтей де залалы жоқ, тірлігінде бір кісіге бәле ойлап, қиянат қылып көрмеген пенде. Оны айтасыз-ау, қайта бұл ауылға ең пайдалы шалың сол бола бастаған сыңайлы. Өткен жылы бұрын бұл ауылдың кісілері жеп көрмеген помидордың бөлек түрін өсіріп, елді таң қалдырды.

- Болғар помидорының дәнін қайдан алып жүрсіз? - деп сұраған бас агрономға күле тіл қатты.

- Сіз де сенбейсіз-ау. Өйткені, әлі ешкім сене қойған жоқ. Кәдімгі шет елден келген банкідегі помидордың дәні ғой бұл, содан өсіп шықты...

Агроном үндеген жоқ, сол күйі кетіп қалды. "Сенің де маған сенбегенің ғой, "келеке етті" деп ренжіп бара жатқаның ғой бұл. Ау, кәйтіп түсіндірем сендерге? Өздеріңе не болған!.." Осыны ойлағанда Ерекеңнің тұла бойын ашу кернеп кетті...

Әлгі бас маман бір жолы:

- Ақсақал, сіздің бір ағаштың бүрін екінші ағашқа төліп өсіріп жүргеніңіз кезінде Мичурин деген кісінің ойлап тапқан жаңалығы, -  демесі бар ма. Мичурин есімін аздап естіген-ді, бірді-екілі кітаптардан оқығаны бар, алайда дәл мұнысын білмейді екен. Өзімнің жаңалығым, өзімнің ойлап тапқаным деп жүргені бұрынғыларды қайталады екен-ау. Міне, өткенді білмеген деген осы. Оқымасаң - білмейсің. Сол білмеген күйі бұл өмірден өтесің. Өй, неткен ұят тірлік. Қағаз бетіне түскенді де көңілге тоқи алмау - бақытсыздық қой. Біз қашанғы өстеміз? Қашанғы қараңғылық қойнында жата береміз?

Бір сәт өстіп көңіл түкпіріндегі реніш сезіміне беріліп кетті. Артынан ойлады. Жарайды деді. Басқаның жаңалығы болса бола берсін. Ең бастысы - оны осы ауылға әкелген мен ғой... Сөйтсе де... Оған өкініп жатқан Ерекең жоқ. Қайта сол күннен бастап Мичурин туралы тезірек білуге, тереңірек танысуға құлшынды. Сол әңгімеден соң бір жолы әлгі атақты бағбан түсіне еніпті, екеуі танысып, мүлде дос болып кеткен екен дейді...

    * * *

Әбден шаршаған соң, бақшаның ішіндегі күркеге бел жазбаққа кішкене қисайып еді, ұйықтап кеткен екен, әлдекімдердің күбірлеп сөйлескен даусынан оянып кетті. Ақырын құлағын тосып тыңдап көріп еді, ести алмады. Күн әлдеқашан батып кетіпті, айнала қою қараңғылық. Орнынан ақырын көтеріліп, дыбыс естілген жаққа қарай аяңдады. Сол мезет ай жарығымен көлбең ете қалған қызыл көйлекті байқады да, қалт тұра қалды. "Мұнда қыз бала не бітіріп жүр?!"

- Айжан, сен білесің бе, әлемдегі ең құдіретті нәрсе не? - Жігіттің даусы.

-    ?!

- Меніңше,  ол - махаббат! Қыз сықылықтап күлді.

- Айжан, екеуміз дос болайықшы.

-  Достығыңның белгісін немен дәлелдей аласың?

- Немене дәлелде десең, сол айтқаныңмен дәлелдеуге бармын...

Шал дыбысты енді айырды. Жеңістай екен. "Бұның да жігіт болып, қызбен қыдыруға жарап қалғаны, ә!.." деп ойлады ішінен. Сосын екі жастың әңгімесін ұрланып тыңдағанды өзіне әбес көріп, кері қайтуға оқтала беріп еді. Жеңістайдың бір сөзін естіп, жаны мұрнының ұшына келді.

- Мә, саған өрік ағашының жапырағын сыйлайын, түн іші ғой, түннің гүлі деп қабылда...

- Әй-й! -  деп, қалай дауыстап жібергенін өзі де сезбей қалды.  - Жұлма оны...

Қыз оқыстан шыққан ащы үннен үркіп кетіп, қараңғылыққа тығылды. Жеңістай өз орнында тапжылмай тұр екен.

- Неге жұлдың алманың жапырағын?..

- Ата-ау, бұл өрік ағашының жапырағы ғой...

- Сен не білетін едің! Мен көктемде осы өрікке алманың бүршіктерін телігенмін. Жап-жақсы өсіп келе жатыр еді. Нешеуін жұлып алдың?

- Үшеуін...

- Ой-й, бұзық неме!.. -  деп, қаны басына теуіп келе жатты  да, өзін-өзі әрең тежеп, кері айналды. Осы кезде оның жанарынан, неге екені белгісіз, бұрыла бергенде, бір түйір тамшы ытқып кетті. Бір көңілсіз сезім көкірегін қысып, сығымдап алды.

                                                      * * *

Кішкентай клубтың іші лекция тыңдайтын адамдарға толып кетті. Жетестің өзі де келіп отырды. Қария халықтың мынадай ынтасына риза болып қалды. Іштей ойлады бірақ. "Тең жартысы бастықтан қорыққанынан келіп отыр ғой, әйтпесе менің лекциямды қайтсін. Мен тұрмақ, ауданнан, облыстан ат сабылтып келген кейбір лекторға үйді-үйге кіріп жүріп, халықты әзер жинайды".

-  Қымбатты жолдастар! - деп бастады сөзін Ерекең, -  табиғат біздің анамыз. Ішетін-жейтінді де, киетінді де, өмір сүруге қажетті нәрсенің барлығын да сол табиғат - Ана болмаса қайдан алар едік. Демек, табиғатты сүю, оның бар байлығын аялау - барша адамның

маңызды міндеті...

Осылай деп әңгімесін бір түйіндеп алған Ерекең онан әрі қызына, қызбалана түсті. Екпіндеп, арындап сөйледі.

- Мен сіздерге өсімдіктердің тіршілік ерекшеліктері туралы аз  ғана мағлұмат бергім келеді. Бізді қоршаған дүние табиғат деп аталады, ол өлі және тірі табиғат деп екіге бөлінеді. Өлі табиғатқа жататындар: ауа, су, жердің қазба байлықтары. Тірі табиғатқа өсімдіктер мен жануарлар дүниесін жатқыза аламыз....

Клубтың бір бұрышында ескі күпәйкесін оранып, бүкшиіп отырған трәктірші Қабден күңк ете қалды.

- Ереке, біз оны баяғыда мектепте оқыдық қой, тоқ етерін айтсаңызшы.

-  Тоқ етерін айтсам, - деп, Ерекең көзілдірігін шешті, -  мынау болады: біз Ботаникадан түк те білмейміз. Мысалы, сен, Қабден, айта қойшы, Чарлз Дарвиннің ашқан жаңалығы не?

-  Е, оны ұмытып қалдық қой...

- Міне, сондықтан да біз табиғатқа мейірімсіз қараймыз.Табиғаттың тылсым күшін, оның тіршілік ету қабілетін неғұрлым көп білсең, соғұрлым оған жаның көбірек ашиды...

Бригадир Жұмаділдә мынадай сұрақ қойды:

- Ереке, сіз қалай ойлайсыз, біздің ауылға жаңғақ ексе, өсер ме еді?..

- Ә-ә, бұған бірден жауап айту қиын. Оны іс жүзінде дәлелдеу керек, мүмкін, ізденсек өсіп те қалар... Бұл ойда бар іс. Әттең жас келіп қалды, осыдан жиырма шақты жыл бұрынғы қайратты шақ қайта келсе, сөзсіз көп нәрсе бітірген болар едім...

Ол ұзақ сөйледі. Беріле сөйледі. Тіпті әрі-беріден соң қолын оңды-солды сермеп, мектеп оқушыларына сабақ үйретіп тұрғандай күйге ауысып та кетіп еді.

     * * *

Жетес бір жолы бағбанның үйіне мәдениетті киінген,  орта жастағы кісіні ертіп әкелді.

- Ауданнан келген өкіл, табиғатты қорғау қоғамынан, -  деп таныстырды қонақ жігітті. Ол бұған "табиғатты қорғау қоғамының мүшесі" деген көкшіл билетті табыс етіп, қолын қайта-қайта қысты.

- Бізге қандай сұрағыңыз бар, қандай көмек қажет? -  деп сұрады өкіл жігіт сонан соң. - Айтыңыз...

Шал қапелімде абдырап қалды.

- Жоқ, қарағым, еш нәрсеге мұқтаж емеспін. Қамқор көңілдеріңе мың да бір рахмет. Менікі, әйтеуір тырысқақ тышқанның "тау қопарамын" дегені секілді бір нәрсе гой...

- Неге, ақсақал! Біз ауылдан алшақтау ауданда отырсақ та, ұзынқұлақтан сіз туралы көптеген жақсы әңгімелер естіп жатырмыз. Бір-екі жиналыста атыңызды атап, жастарга үлгі ете сөйледік. Эқологиялық проблемаларды жан-тәніңізбен түсіне білетініңізге ризамыз. Қазір табиғатты қорғау қоғамы мүшелерінің ең үлкен ақсақалы, үлгі тұтар ардақтысы болып отырсыз...

Біразға дейін үндемей, жер шұқылап отырды. Үндегенде не демек! Әлгі өкіл қош айтысып, есіктен шығып бара жатқанда, әлдене есіне түскендей, апыл-ғұпыл орнынан көтеріле беріп:

- Қарағым, тоқташы! - деді. Сосын қайтадан абдырап, не айтарын білмей састы.

-  Бір нәрсе айтқыңыз келді ме?

-  Иә... есіме енді түсті. Сіз... Мичурин туралы білесіз бе?..

- Мичурин!.. Ол кім? Есімде жоқ. Мүмкін... А-а, сіз атышулы  бағбан Иван Мичурин туралы сұрап тұрған шығарсыз?..

-  Иә, иә, сол Иван туралы...

- Е, ол кісі туралы жазылған кітап көп қой. Көбісі орыс тілінде, тіпті қазақ тіліне аударылғандары да бар.

-  Онда өтінішім болсын, сол кітаптарды тауып бере алмас па  екенсіз?..

- Сөз бе екен, табамыз. Ертең-ақ осы жаққа қатынағандардан сізге беріп жіберейін.

- Сөйтші, қарағым, сөйте қойшы, - деп елпектей сөйлеген күйі шал оларды біраз жерге дейін шығарып салды. Үйіне қайтып келе жатып, жанындағы Жеңістайға қарап, жымия күліп, оның мұрнынан шертіп қойды.

-  Енді біз үшін әлгі атағы жер жарған бағбаныңыз  -  Мичурин де  құпия адам  болмай қалады...

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға