Жаңалықтар

IV БӨЛІМ

- Сенiң кешегi қылығыңды қалай түсiнуге болады, Сэмиха? - Қайта осыны мен сенен сұрауым керек едi... - Неге! Мен сен секiлдi жабайы мiнез көрсеткем жоқ. Отырыстың, әдемi кештiң шырқын бұзғам жоқ. Ешкiмге елiре сөйлеп, дауыс та көтергем жоқ. Ал, сен болсаң... мәдениетсiздiгiңдi, көргенсiздiгiңдi көрсеттiң. - Мәдениетсiз... Сонда мен бе мәдениетсiз? Ха-ха-ха! Бұл не деген сайқымазақтық! Менiң арыма тиiп, жанымды жаралағаныңды да түсiнбегенiң бе сонда! Ой, сұмдық-ай, бiз кiм боп барамыз осы!?. - Кiм боп барамыз дегенiң не?  Соншалық не бүлiндi? Жолдастарыммен, достарыммен сүйiскенде тұрған не бар? Әйел айырбастаймыз десе... сен келiспей-ақ қой. Мүмкiн саған ерсi тiрлiк шығар. Ал, олар үшiн... түк те емес. Көптiң ойы, мен араласатын топтың ойы солай. Сосын мен де сол ортадан ұзап кете алмаймын. Орныңнан ұшып тұрып, дауыс көтерiп, айқайға басып... өзiңнiң барыңды, бойыңдағы тәртiбiңдi көрсетiп тындың. - Менiң тәртiбiм бе! Түсiнсем бұйырмасын. Ол жалпы қазаққа, керек десең жалпы адамзатқа ортақ тәртiп. Адамшылықтың алды - ар тазалығынан бастау алады. Сендердiң ойлап тапқан заңсымақтарыңа түкiргенiм бар... - Әй-әй, сен өйтiп шатынай берме. Көкiрегiң өсейiн деген екен. Әуелi өзiңдi кiм кiсi қатарына қосқанын ұмытпа. Есiктен кiрмей жатып, төр менiкi дейтiн аулбайский әдетiңдi таста деп қанша рет қақсадым. - Менiң айтып отырғаным сен ойлағандай аулбайский әдет емес, адами әдет, адами мәдениет. Оны, бiрақ, ендi сендер түсiне алармысыңдар... - Еһе, бәрiн түсiнетiн мына сен де, түк бiлмaс көкми мына бiз болдық қой. Менiң достарым болды ғой. Ендеше, жолың әне! Әне жатыр... Бара ғой... - Ал, екеумiздi табыстырған, таныстырған, жұптастырған сүйiспеншiлiк, махаббат сезiмi қайда қалды сонда?.. Талай-талай рет балқып отырып, балбырай отырып, берiле сөйлеп, құлағыма сыбырлай айтқан сыр-сезiм ше? Соның бәрi де өтiрiк болғаны ма? (Даусы дiрiлдеп барады). - Өтiрiк емес. Бәрi де рас. Бiрақ өз кезiнде... Ендi сезiм суынды, көңiлге кiрбiң түстi, қиялға басқа ой ұялады... (Басын төмен салды). - Түсiндiм. Бәрi де белгiлi болды... Сэм мен Сэмиха ажырасып кеттi. Сэмиха баяғы жалғыз бөлмелi жатақханасына оралды. Бәрiн де ұмытып, баяғы күйiне енiп, жұмысын жалғастыра бермекке белдi бекем будu. Әуелгiде солай еттi де. Бiрақ... күн өткен сайын көңiлi алабұртып, түн баласына қайдағы-жайдағылар ойын мазалап, жүрегi лүп-лүп соғып, қысыла беретiндi шығарды. Бiрақ  бұл жолғы лүпiлдеу бұрынғыдан бөлек. Сол лүпiл ендi тағы да тұла бойын бiрге салқындататындай. Көкейге әлдебiр ащы өксiк кептелетiндей. Денесi мұздайтындай... "Бұл қай заман!" деп толғанды. "Мен қай кезде, қай уақытта өмiр сүрiп жатырмын? Кiмдермен, қандай жастармен замандас болып отырмын. Менiкi қай мораль?.. Марқұм анам айта беретiн "Арың - асыл қазынаң" деген қағида әлдеқашан әдiре қалғаны ма?! Бiз, жастар-ау, кiмге, қайда елiктеп барамыз!.." Тағы да бiр ой сарыны көңiлден шығандап кетiп, бөлекке бастайды. "Ескi қазақ, жаңа қазақ деген бола ма? Болса, ол қандай? Бүгiнгi қазақ кешегi қазақтың тiрлiгiн, әдетiн, дәстүрiн тәрк етуге талпынса, оның арты не болмақ? Әлемдiк әдетке, әлемдiк дәстүрге жат емес деп ойымызға келгендi iстей берсек, тегiмiз кiмге айналар! Өзiмiз кiмге айналармыз..." "Арсыздық, намыссыздық та мәртебе болып па? Оның несi мақтаныш? Оның несi қызық!" деп тағы да бiр ой сонары алға түсер едi. Жұмысқа құлқы төмендедi. Бұрын ерте тұрып, елден бұрын баратын өзiнiң сүйiктi кәсiбi де ендi өгей көрiнiп, жат саналып, қағынан жерiген құлан iспеттi бұның да бойын бойкүйез сезiм билей бастады. Таң атқаннан қара кешке дейiн тырбанып кешетiн құмырсқа тiрлiк, өз көңiлiне қанағат тiршiлiк ендi өзiнiң қызығын бiржола жоғалтқандай. Жоғалтып тынғандай. Соның бәрi де бес күндiк алдамшы әрекет, көзалдар қозғалыс, көңiл алдарқатар жұмыс екенiн бүгiн ғана аңғарған сыңайлы. Өмiр деп, өмiр сүру деп ана Сэмдердiкiн айт. Не iшем, не кием демейдi-ау сабаздарың. Бәрi де бар. Барлығы да жетерлiк. Неткен рахат, неткен жайлы өмiр! Ал, бiрақ... әлемдiк өркениетпен үндесе әрекет етемiз, ескi, қызықсыз, қисынсыз, қыспаққа түскен қазақшылықты қоятын күн жеттi, жасасын жаңа ұрпақ, жаңа уақыт дабылы, жаңа кезең үнi дегендерi... көңiлiне қонса кәнiки! Уақытымыздан оздық деп жүр-ау. Солар қайта көп нәрсенi жоғалтып жатқанын бiлсе ғой. Әй, бiлмейдi-ау. Бiлдiрер кiм бар! Тоқтау сөз айтар тобашыл адам қайда-а..." Осындай бiр ой легi қыз қиялын шырмап алып, беймаза күйге бой алдырып, түн баласына ұйқысын қашырғаны қаш-шан. Одан берi де ауыр-ауыр азабын арқалап қаншама күндер, түндер өтiп кеттi. Дәл бүгiн таңертеңнен берi көмейiне ащы бiр өксiк тығылып, өз-өзiнен қорланып, бейшара күйге түсе бергенi. "Күл болмаса бүл болсын, барлығы маған ғана тiрелiп тұр ма екен, неге ғана солар секiлдi жалғанды жалпағынан басып жүре алмаймын. Ар, намыстың қызғыштай қорғаушысы мен болмасам да, табылар өзгелер. Мен не, тоқалдан туыппын ба? Ауылдан шыққан-ақ шығармын, алайда бiлiмiм солардан кем бе? Бiлiгiм солардан кем бе? Ақылым солардан сорлы ма екен!.. Тiл бiлерлiгi... Еһе, олар орыс тiлiне жетiк болса, мен қазақ тiлiне жетiкпiн. Керек десе, солардан бiр артықшылығым - мен осы тiлдiң екеуiне де бiрдеймiн. Бiрiн бiлмейсiң деп тап бүгiнде қайсысы алдымды кес-кестер, менi мүдiрте алар?! Жоқ, мүдiрткен емес, мүдiрте алмайды. Ал, ендi ар, намыс туралы сөз... мүлде бөлек әңгiме. Мұны менiң санама сiңiрген ауыл. Әке-шешем... туған-туыстарым... "Ар-адамның айнасы". Анамның сөзi бұл. "Арсыз адам - нғрсәз адам". Бұл да Анамның айтқаны. Қыз ары туралы да солар айтқан. Қыз намысы туралы... да солар едi ғой айта беретiн. Сонда... алжыған кiм? Алжасқан кiм?.. Адам ба? Әлде... уақыт па?! Уа, кiм?.. Кiм!.." Ол орнынан тұрып, балконға шықты. Күн төбеге  тырмысып қалыпты. Әлгiнде ғана атқан сияқты едi. Қара жерге қызуын молынан төгедi. Анау көз ұшында, арғы кезеңнен айбарлана, асқақтана кәрi Алатау қарайды. Оның ұшар басына жарық күннiң алтын сәулесi қонақтапты, ендi үшкiр шың өткiр пышақтың жүзiндей жалт-жұлт етедi. "Менi көрдiң бе, менен өтер биiк, менен артық шың бар ма тәйiрi" дегендей маңғаз бейне, маздақ бейне. Бiр сәт ол да қызды мазақ етiп тұрғандай болып көрiнiп кеттi. Сосын дереу жүзiн тайдырып әкеттi. Тағы да ой... "Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы". Осыны айтқан қазақ емес пе. Жазығым - осыған құлақ тосқаным... Жазығым - арлы қыз, перiште қыз болғым келгенi..." Кеудесiн әлдебiр белгiсiз күш, бiлектей зорлықшыл күш сығымдай беретiндей. Жүректiң соғысы да бөлекше. Көкiректiң күрсiнiсi де басқаша. Бойда өксiк ой, өкiнiштi ой бар.  Бар қызығынан, бар бақытынан, бар асылынан бiржола айрылған бейбақ пенденiң күйi iспеттi бiрдеңе... Кенет кеудесiн кернеген, шiреп тұрған ашуды бойына сыйғыза алмай, аһ ұрды. - Шұнақ құдай, сенiң алдыңда менiң не жазығым бар! Не үшiн  сен менi осындай шарасыз, күрсiнiстi күйге тап қылдың? Ендi қайттiм? Мен кiммiн ендi!.. Кiмге керекпiн?!. - деп, бар даусымен айқай салды. Бiреулер естидi-ау демедi. Көкiрегiн жарып шыққан осынау ащы запыранды көкке қарап тұрып айтты. Бөрiнiң қаншығындай, мынау опасыз тiрлiгiне бөрiлiк мiнез көрсеттi.      Оның ендiгi жерде өмiр сүргiсi келмедi... Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы
19.11.2013 05:24 2838

- Сенiң кешегi қылығыңды қалай түсiнуге болады, Сэмиха?

- Қайта осыны мен сенен сұрауым керек едi...

- Неге! Мен сен секiлдi жабайы мiнез көрсеткем жоқ. Отырыстың, әдемi кештiң шырқын бұзғам жоқ. Ешкiмге елiре сөйлеп, дауыс та көтергем жоқ. Ал, сен болсаң... мәдениетсiздiгiңдi, көргенсiздiгiңдi көрсеттiң.

- Мәдениетсiз... Сонда мен бе мәдениетсiз? Ха-ха-ха! Бұл не деген сайқымазақтық! Менiң арыма тиiп, жанымды жаралағаныңды да түсiнбегенiң бе сонда! Ой, сұмдық-ай, бiз кiм боп барамыз осы!?.

- Кiм боп барамыз дегенiң не?  Соншалық не бүлiндi? Жолдастарыммен, достарыммен сүйiскенде тұрған не бар? Әйел айырбастаймыз десе... сен келiспей-ақ қой. Мүмкiн саған ерсi тiрлiк шығар. Ал, олар үшiн... түк те емес. Көптiң ойы, мен араласатын топтың ойы солай. Сосын мен де сол ортадан ұзап кете алмаймын. Орныңнан ұшып тұрып, дауыс көтерiп, айқайға басып... өзiңнiң барыңды, бойыңдағы тәртiбiңдi көрсетiп тындың.

- Менiң тәртiбiм бе! Түсiнсем бұйырмасын. Ол жалпы қазаққа, керек десең жалпы адамзатқа ортақ тәртiп. Адамшылықтың алды - ар тазалығынан бастау алады. Сендердiң ойлап тапқан заңсымақтарыңа түкiргенiм бар...

- Әй-әй, сен өйтiп шатынай берме. Көкiрегiң өсейiн деген екен. Әуелi өзiңдi кiм кiсi қатарына қосқанын ұмытпа. Есiктен кiрмей жатып, төр менiкi дейтiн аулбайский әдетiңдi таста деп қанша рет қақсадым.

- Менiң айтып отырғаным сен ойлағандай аулбайский әдет емес, адами әдет, адами мәдениет. Оны, бiрақ, ендi сендер түсiне алармысыңдар...

- Еһе, бәрiн түсiнетiн мына сен де, түк бiлмaс көкми мына бiз болдық қой. Менiң достарым болды ғой. Ендеше, жолың әне! Әне жатыр... Бара ғой...

- Ал, екеумiздi табыстырған, таныстырған, жұптастырған сүйiспеншiлiк, махаббат сезiмi қайда қалды сонда?.. Талай-талай рет балқып отырып, балбырай отырып, берiле сөйлеп, құлағыма сыбырлай айтқан сыр-сезiм ше? Соның бәрi де өтiрiк болғаны ма? (Даусы дiрiлдеп барады).

- Өтiрiк емес. Бәрi де рас. Бiрақ өз кезiнде... Ендi сезiм суынды, көңiлге кiрбiң түстi, қиялға басқа ой ұялады... (Басын төмен салды).

- Түсiндiм. Бәрi де белгiлi болды...

Сэм мен Сэмиха ажырасып кеттi.

Сэмиха баяғы жалғыз бөлмелi жатақханасына оралды. Бәрiн де ұмытып, баяғы күйiне енiп, жұмысын жалғастыра бермекке белдi бекем будu. Әуелгiде солай еттi де. Бiрақ... күн өткен сайын көңiлi алабұртып, түн баласына қайдағы-жайдағылар ойын мазалап, жүрегi лүп-лүп соғып, қысыла беретiндi шығарды. Бiрақ  бұл жолғы лүпiлдеу бұрынғыдан бөлек. Сол лүпiл ендi тағы да тұла бойын бiрге салқындататындай. Көкейге әлдебiр ащы өксiк кептелетiндей. Денесi мұздайтындай...

"Бұл қай заман!" деп толғанды. "Мен қай кезде, қай уақытта өмiр сүрiп жатырмын? Кiмдермен, қандай жастармен замандас болып отырмын. Менiкi қай мораль?.. Марқұм анам айта беретiн "Арың - асыл қазынаң" деген қағида әлдеқашан әдiре қалғаны ма?! Бiз, жастар-ау, кiмге, қайда елiктеп барамыз!.."

Тағы да бiр ой сарыны көңiлден шығандап кетiп, бөлекке бастайды.

"Ескi қазақ, жаңа қазақ деген бола ма? Болса, ол қандай? Бүгiнгi қазақ кешегi қазақтың тiрлiгiн, әдетiн, дәстүрiн тәрк етуге талпынса, оның арты не болмақ? Әлемдiк әдетке, әлемдiк дәстүрге жат емес деп ойымызға келгендi iстей берсек, тегiмiз кiмге айналар! Өзiмiз кiмге айналармыз..."

"Арсыздық, намыссыздық та мәртебе болып па? Оның несi мақтаныш? Оның несi қызық!" деп тағы да бiр ой сонары алға түсер едi.

Жұмысқа құлқы төмендедi. Бұрын ерте тұрып, елден бұрын баратын өзiнiң сүйiктi кәсiбi де ендi өгей көрiнiп, жат саналып, қағынан жерiген құлан iспеттi бұның да бойын бойкүйез сезiм билей бастады. Таң атқаннан қара кешке дейiн тырбанып кешетiн құмырсқа тiрлiк, өз көңiлiне қанағат тiршiлiк ендi өзiнiң қызығын бiржола жоғалтқандай. Жоғалтып тынғандай. Соның бәрi де бес күндiк алдамшы әрекет, көзалдар қозғалыс, көңiл алдарқатар жұмыс екенiн бүгiн ғана аңғарған сыңайлы. Өмiр деп, өмiр сүру деп ана Сэмдердiкiн айт. Не iшем, не кием демейдi-ау сабаздарың. Бәрi де бар. Барлығы да жетерлiк. Неткен рахат, неткен жайлы өмiр! Ал, бiрақ... әлемдiк өркениетпен үндесе әрекет етемiз, ескi, қызықсыз, қисынсыз, қыспаққа түскен қазақшылықты қоятын күн жеттi, жасасын жаңа ұрпақ, жаңа уақыт дабылы, жаңа кезең үнi дегендерi... көңiлiне қонса кәнiки! Уақытымыздан оздық деп жүр-ау. Солар қайта көп нәрсенi жоғалтып жатқанын бiлсе ғой. Әй, бiлмейдi-ау. Бiлдiрер кiм бар! Тоқтау сөз айтар тобашыл адам қайда-а..."

Осындай бiр ой легi қыз қиялын шырмап алып, беймаза күйге бой алдырып, түн баласына ұйқысын қашырғаны қаш-шан. Одан берi де ауыр-ауыр азабын арқалап қаншама күндер, түндер өтiп кеттi.

Дәл бүгiн таңертеңнен берi көмейiне ащы бiр өксiк тығылып, өз-өзiнен қорланып, бейшара күйге түсе бергенi.

"Күл болмаса бүл болсын, барлығы маған ғана тiрелiп тұр ма екен, неге ғана солар секiлдi жалғанды жалпағынан басып жүре алмаймын. Ар, намыстың қызғыштай қорғаушысы мен болмасам да, табылар өзгелер. Мен не, тоқалдан туыппын ба? Ауылдан шыққан-ақ шығармын, алайда бiлiмiм солардан кем бе? Бiлiгiм солардан кем бе? Ақылым солардан сорлы ма екен!.. Тiл бiлерлiгi... Еһе, олар орыс тiлiне жетiк болса, мен қазақ тiлiне жетiкпiн. Керек десе, солардан бiр артықшылығым - мен осы тiлдiң екеуiне де бiрдеймiн. Бiрiн бiлмейсiң деп тап бүгiнде қайсысы алдымды кес-кестер, менi мүдiрте алар?! Жоқ, мүдiрткен емес, мүдiрте алмайды. Ал, ендi ар, намыс туралы сөз... мүлде бөлек әңгiме. Мұны менiң санама сiңiрген ауыл. Әке-шешем... туған-туыстарым... "Ар-адамның айнасы". Анамның сөзi бұл. "Арсыз адам - нғрсәз адам". Бұл да Анамның айтқаны. Қыз ары туралы да солар айтқан. Қыз намысы туралы... да солар едi ғой айта беретiн. Сонда... алжыған кiм? Алжасқан кiм?.. Адам ба? Әлде... уақыт па?! Уа, кiм?.. Кiм!.."

Ол орнынан тұрып, балконға шықты. Күн төбеге  тырмысып қалыпты. Әлгiнде ғана атқан сияқты едi. Қара жерге қызуын молынан төгедi. Анау көз ұшында, арғы кезеңнен айбарлана, асқақтана кәрi Алатау қарайды. Оның ұшар басына жарық күннiң алтын сәулесi қонақтапты, ендi үшкiр шың өткiр пышақтың жүзiндей жалт-жұлт етедi. "Менi көрдiң бе, менен өтер биiк, менен артық шың бар ма тәйiрi" дегендей маңғаз бейне, маздақ бейне. Бiр сәт ол да қызды мазақ етiп тұрғандай болып көрiнiп кеттi. Сосын дереу жүзiн тайдырып әкеттi. Тағы да ой...

"Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы". Осыны айтқан қазақ емес пе. Жазығым - осыған құлақ тосқаным... Жазығым - арлы қыз, перiште қыз болғым келгенi..."

Кеудесiн әлдебiр белгiсiз күш, бiлектей зорлықшыл күш сығымдай беретiндей. Жүректiң соғысы да бөлекше. Көкiректiң күрсiнiсi де басқаша. Бойда өксiк ой, өкiнiштi ой бар.  Бар қызығынан, бар бақытынан, бар асылынан бiржола айрылған бейбақ пенденiң күйi iспеттi бiрдеңе...

Кенет кеудесiн кернеген, шiреп тұрған ашуды бойына сыйғыза алмай, аһ ұрды.

- Шұнақ құдай, сенiң алдыңда менiң не жазығым бар! Не үшiн  сен менi осындай шарасыз, күрсiнiстi күйге тап қылдың? Ендi қайттiм? Мен кiммiн ендi!.. Кiмге керекпiн?!. - деп, бар даусымен айқай салды. Бiреулер естидi-ау демедi. Көкiрегiн жарып шыққан осынау ащы запыранды көкке қарап тұрып айтты. Бөрiнiң қаншығындай, мынау опасыз тiрлiгiне бөрiлiк мiнез көрсеттi.      Оның ендiгi жерде өмiр сүргiсi келмедi...

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға