Жаңалықтар

IV БӨЛІМ

- Осы сіз өзіңіз қайда жұмыс істейсіз? - деп, Танаш енді Қабашқа сауал берді.  - Мен бе! Мен... бір қоғамдық қозғалыстың жетекшісімін. - М-да! Солай де!.. Танаш осыны айтты да, үндемей қалды. Содан қайтып жақ ашқан жоқ. Самолет Алматыға қонатын болды. Ол сонда да үндемеді. Самолет жерге қонып, сыртқа шыққан соң, Танаш пен Қабаш екеуі екі жаққа беттеді. Бір-біріне қараған жоқ...  - Екеуміз осы күні арақ ішуді де қойдық, ә! - деп, Танабай қасындағы құрдасына әзілдегендей болып, иығына қолын сала берген. Қыңырбай досы ыршып түсті. Ыршып түсті де: - Мен бұрын да жетістіріп ішкен емеспін сол пәлеңді, - деді. - Е, ішкенің өтірік пе! Талай-талай отырыстарда бірге болған жоқ па ек, сондайда бір кісідей-ақ сіміруші ең ғой... - Осы сендерге түсінбеймін, - деп, кәдімгідей ренжи тіл қатты Қыңырбай. - Мен сонда алқаш болғаным ба? Қашан араққа тойып ап, далада құлап қалыппын... Танабай әлі де әзіл сөзін әрі жалғап, досының шабынан түртіп тұр. - Енді... өмірі ішпеген адамдай... Аузыңа арақ алмаған пенде болсаң бір сәрі, неменеге бұлданасың. Білеміз ғой... - Нені! Нені білесің!.. Мен ешқашан арақты салынып ішкен адам емеспін. Және есіңде болсын, аздап ішкенім рас, бірақ ешқашан мас болған емеспін. - Ой-й, Қыңырбай, сен тіпті шынттап барасың ғой, - деп, Танабай енді оны басуды ойлаған. - Ішпесең ішпеген шығарсың. Аздап ауыз тисең, солай-ақ шығар. Мен сені ішкіш дедім бе! Айтсам - соңғы уақытта екеуміз де ішпейтін болдық дегенім де. Сол құрғырды... мүлде қойып кетсек қанеки! Күн құрғатпай, салынып ішкендерге шыққан мүйізді де көрмедік қой... - Оның рас. Тек өтінерім - бұдан былай «сен кезінде ішкіш болғансың» демеші. Осы сөз өте ауыр тиеді маған. - Түсіндім. Қойдым енді. - Өтінем сенен... - Қойдым дедім ғой. Сөзім-сөз. Уәде-уәде! - деп, Танабай бір түйіп тастады да, артынша: - Ал, досым, бүгін сенбі. Жұмыс та аяқталып қалды. Түс ауа бізді кім іздей қояр дейсің. Не істейміз? - деді. - Не істегені қалай? - Осылай үйге қайта береміз бе! Жоқ, әлде жолай бір жерге соғып... Қыңырбай тағы да ыршып түсті. - Жо-жоқ, жаңа ғана өзің айттың емес пе! Ішуді қойдық қой. Танабай айтты: - Арақ ішпесек, ішпей-ақ қоялық. Бірақ... әлден сопы болып кетуге ертерек. Жасымыз елуге жете қойған жоқ. Ең болмаса сыра ішелік. - Сыраға да зауқым жоқ, - деді - Қыңырбай. - Сол пәлекетің арақтан да жаман ба деймін. Басыңды ауыртқанда сындырып жібере жаздайды. - Қойшы сен де. Бір-бір кружкадан ішелік. Бары-жоғы бір кружка. Тек әңгіме айту үшін... Екеуміз жеке сөйлеспегелі  қанша уақыт, жұмыс-жұмыс деп, тіпті бөтен адам боп барамыз. Бір-бір кружка... Әй, қоймадың ғой, - деді Қыңырбай да. - Болсын ендеше. Кеттік сыраханаға...
19.11.2013 05:15 2939

- Осы сіз өзіңіз қайда жұмыс істейсіз? - деп, Танаш енді Қабашқа сауал берді. 

- Мен бе! Мен... бір қоғамдық қозғалыстың жетекшісімін.

- М-да! Солай де!..

Танаш осыны айтты да, үндемей қалды. Содан қайтып жақ ашқан жоқ.

Самолет Алматыға қонатын болды.

Ол сонда да үндемеді.

Самолет жерге қонып, сыртқа шыққан соң, Танаш пен Қабаш екеуі екі жаққа беттеді. Бір-біріне қараған жоқ...

 - Екеуміз осы күні арақ ішуді де қойдық, ә! - деп, Танабай қасындағы құрдасына әзілдегендей болып, иығына қолын сала берген. Қыңырбай досы ыршып түсті. Ыршып түсті де:

- Мен бұрын да жетістіріп ішкен емеспін сол пәлеңді, - деді.

- Е, ішкенің өтірік пе! Талай-талай отырыстарда бірге болған жоқ па ек, сондайда бір кісідей-ақ сіміруші ең ғой...

- Осы сендерге түсінбеймін, - деп, кәдімгідей ренжи тіл қатты Қыңырбай. - Мен сонда алқаш болғаным ба? Қашан араққа тойып ап, далада құлап қалыппын...

Танабай әлі де әзіл сөзін әрі жалғап, досының шабынан түртіп тұр.

- Енді... өмірі ішпеген адамдай... Аузыңа арақ алмаған пенде болсаң бір сәрі, неменеге бұлданасың. Білеміз ғой...

- Нені! Нені білесің!.. Мен ешқашан арақты салынып ішкен адам емеспін. Және есіңде болсын, аздап ішкенім рас, бірақ ешқашан мас болған емеспін.

- Ой-й, Қыңырбай, сен тіпті шынттап барасың ғой, - деп, Танабай енді оны басуды ойлаған. - Ішпесең ішпеген шығарсың. Аздап ауыз тисең, солай-ақ шығар. Мен сені ішкіш дедім бе! Айтсам - соңғы уақытта екеуміз де ішпейтін болдық дегенім де. Сол құрғырды... мүлде қойып кетсек қанеки! Күн құрғатпай, салынып ішкендерге шыққан мүйізді де көрмедік қой...

- Оның рас. Тек өтінерім - бұдан былай «сен кезінде ішкіш болғансың» демеші. Осы сөз өте ауыр тиеді маған.

- Түсіндім. Қойдым енді.

- Өтінем сенен...

- Қойдым дедім ғой. Сөзім-сөз. Уәде-уәде! - деп, Танабай бір түйіп тастады да, артынша: - Ал, досым, бүгін сенбі. Жұмыс та аяқталып қалды. Түс ауа бізді кім іздей қояр дейсің. Не істейміз? - деді.

- Не істегені қалай?

- Осылай үйге қайта береміз бе! Жоқ, әлде жолай бір жерге соғып...

Қыңырбай тағы да ыршып түсті.

- Жо-жоқ, жаңа ғана өзің айттың емес пе! Ішуді қойдық қой.

Танабай айтты:

- Арақ ішпесек, ішпей-ақ қоялық. Бірақ... әлден сопы болып кетуге ертерек. Жасымыз елуге жете қойған жоқ. Ең болмаса сыра ішелік.

- Сыраға да зауқым жоқ, - деді - Қыңырбай. - Сол пәлекетің арақтан да жаман ба деймін. Басыңды ауыртқанда сындырып жібере жаздайды.

- Қойшы сен де. Бір-бір кружкадан ішелік. Бары-жоғы бір кружка. Тек әңгіме айту үшін... Екеуміз жеке сөйлеспегелі  қанша уақыт, жұмыс-жұмыс деп, тіпті бөтен адам боп барамыз. Бір-бір кружка...

Әй, қоймадың ғой, - деді Қыңырбай да. - Болсын ендеше. Кеттік сыраханаға...

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға