Жаңалықтар

ІІ БӨЛІМ

Қабаш әрі ойланды, бері ойланды. Қасындағы көршісінің әңгімесі еріксіз ойландыратындай. «Арыз... Шағым... Саяси ойын... Саясатшы... Түсінсем бұйырмасын! Сонда бұл қоғамда кімге сенуге болады?..» - Уа, көрші! Не ойлап отырсың?.. Танаш жымия күліп, бұның иығынан қақты. - Жәй, мына терезеден жерге қарап... - деп, Қабаш аузына келген сөзді қиюластырған болды. - Жер! - деді Танаш. - Қара жер жарықтық мәңгілік қой! Тек өткінші ұрпақ - бізбіз. Бізге дейін де талайлар өлген, бізден соң да келеді. Келу мен кету! Ешнәрсенің байыбына жете алмай өте шығамыз... - Қалайша! Әр адам өз өмірінде, мейлі ол қысқа болсын не ұзақ болсын, белгілі бір із қалдырмай ма? - Қандай із? - Енді-і... іс бітіреді. Ғылыммен айналысады, жаңалықтар табады. Тіпті ең болмағанда артында өз ұрпағын қалдырады. - Е, оның бәрі де жай нәрсе ғой. Ғылым бізге дейін әбден зерттеліп біткен. Ұрпақтың келуі мен кетуі де жаңалық емес. Қысқасы, адам өмірі жәй ғана қас-қағым сәттік құбылыс. Бірақ сөйте тұра пенделер айтысады, таласады, тартысады. Өйткені, олар өмір мәніне үңілмейді. Егер шынымен-ақ үңілер болса, бәрі түк те емес. Билік те, лауазым да, атақ та... Бәрі жай нәрсе. - Бұған қосыла алмаймын. Билік пен лауазым расымен-ақ уақытылы нәрсе болар, ал бірақ атақ-даңқ олай емес қой. Кісінің атағы ұрпақтан ұрпаққа кетпей ме. Мысалы, жазушы кітап жазса, оны 100 жыл, 200 жылдан соң да оқитындар табылмай ма! Бұл деген мәңгілік бастауы емес пе! - Атақ-даңқ деген ол да адамдар ойлап тапқан зат, - деді Танаш. - Мәселен, ХVІІІ ғасырдағы атақ-даңқ осы күні кімге керек? Тіпті күні кешегі Кеңес дәуіріндегі Лениндік сыйлық ше? Соны қазір кім алады? Кімге беріп жатыр? - Атақты қоя тұралық. Адамдар ше! Атағы онсыз да жер жарған кісілер ше! - Ол да жәй нәрсе. Жаңағы Лениндік сыйлық осы күні жоқ дедік. Тіпті оны айтасыз, ана қолдан жасалған қайраткер Ленин де қазір шын бет-пердесін ашып жатқан жоқ па! Осы күні Ленин кім? Көптің бірі. Көп саясаткерлердің бірі ғана. Күн көсем де емес, пролетариат данышпаны да емес. Жай ғана саясатшы... Тіпті ол өзі белгілі бір топтың қолшоқпары болды деушілер де табылып жатыр. - Түсінбедім. Сонда қалай, біз осы бетімізбен барша зиялыларымызды жоққа шығарып бітеміз бе? - Жоққа шығармау керек. Ақты ақ, қараны қара деу керек. Әсіресе, қолдан жасалған көсемдерді елге айту парыз. Өтірік бәрібір өзін-өзі әшкерелейді. Ерте ме, кеш пе бәрібір... Қабаш енді шын шатасайын деді. Тыңдағанынан таңданысы көбейіп барады. - Саясаттың бәрінің астарынан ондай жымысқы ой іздей беру жөн бе! Бұл өзі кісіні шатастырып жіберетін нәрсе ғой. - Міне, саясатшыларға да керегі сол. Елдің шатасқаны, миы айналғаны... Сонда олар үгітке тез көнеді. Айтқанға тез ереді. Ал, арғы жағы белгілі... - Белгілі болғанда, аяғы қайда бастайды? - Аяғы ма? Аяғы - белгілі бір топтың билік басына жетуімен аяқталады. Сосын қайтадан басталады. Баяғы елге бақытты заман тудырам дейтін саясаткерлер де өз бас қамына кірісіп кетеді. Уақыт өте келе тағы бір топ бас қылтитады. Тағы да саяси ойын... тағы да саяси қақтығыс... талас-тартыс... Алдау, арбау... - Сенің сөзіңе сенсек, тіпті өмір сүріп керек емес. - Өмір сүру керек. Бірақ өз ойыңмен... - Менің ойым кімге керек! - Ешкімге де. Ол өзіңе ғана керек. - Атақ-даңққа да ұмтылма демексіз бе? - Ұмтылмаған абзал. Атақ іздеген адам қайтсе де саясатқа ұрынады. Саясатшылар торына қалай түскенін білмей қалады. Саяси тордың өз жолы бар... - Сіз өзіңіз... бір партияға мүшесіз бе? ­-Жоқ. Мен өзім бір партиямын. - Газет-журнал оқисыз ба? Ұнататын газетіңіз... -Қазір оқымаймын. - Неге? - Өйткені бүгінгі баспасөз де саяси торға түскен баспасөз. Демек, не жазатыны да белгілі. Жаңа «Время» туралы айтқаным да содан. Сіз көңіліңізге алмаңыз. Мүмкін сіз сол газетті ұнататын боларсыз. Ол енді өз шаруаңыз. Ал, менің өз ойым бар... - Әрине! Түсінем-м...
19.11.2013 05:13 2812

Қабаш әрі ойланды, бері ойланды. Қасындағы көршісінің әңгімесі еріксіз ойландыратындай.

«Арыз... Шағым... Саяси ойын... Саясатшы... Түсінсем бұйырмасын! Сонда бұл қоғамда кімге сенуге болады?..»

- Уа, көрші! Не ойлап отырсың?..

Танаш жымия күліп, бұның иығынан қақты.

- Жәй, мына терезеден жерге қарап... - деп, Қабаш аузына келген сөзді қиюластырған болды.

- Жер! - деді Танаш. - Қара жер жарықтық мәңгілік қой! Тек өткінші ұрпақ - бізбіз. Бізге дейін де талайлар өлген, бізден соң да келеді. Келу мен кету! Ешнәрсенің байыбына жете алмай өте шығамыз...

- Қалайша! Әр адам өз өмірінде, мейлі ол қысқа болсын не ұзақ болсын, белгілі бір із қалдырмай ма?

- Қандай із?

- Енді-і... іс бітіреді. Ғылыммен айналысады, жаңалықтар табады. Тіпті ең болмағанда артында өз ұрпағын қалдырады.

- Е, оның бәрі де жай нәрсе ғой. Ғылым бізге дейін әбден зерттеліп біткен. Ұрпақтың келуі мен кетуі де жаңалық емес. Қысқасы, адам өмірі жәй ғана қас-қағым сәттік құбылыс. Бірақ сөйте тұра пенделер айтысады, таласады, тартысады. Өйткені, олар өмір мәніне үңілмейді. Егер шынымен-ақ үңілер болса, бәрі түк те емес. Билік те, лауазым да, атақ та... Бәрі жай нәрсе.

- Бұған қосыла алмаймын. Билік пен лауазым расымен-ақ уақытылы нәрсе болар, ал бірақ атақ-даңқ олай емес қой. Кісінің атағы ұрпақтан ұрпаққа кетпей ме. Мысалы, жазушы кітап жазса, оны 100 жыл, 200 жылдан соң да оқитындар табылмай ма! Бұл деген мәңгілік бастауы емес пе!

- Атақ-даңқ деген ол да адамдар ойлап тапқан зат, - деді Танаш. - Мәселен, ХVІІІ ғасырдағы атақ-даңқ осы күні кімге керек? Тіпті күні кешегі Кеңес дәуіріндегі Лениндік сыйлық ше? Соны қазір кім алады? Кімге беріп жатыр?

- Атақты қоя тұралық. Адамдар ше! Атағы онсыз да жер жарған кісілер ше!

- Ол да жәй нәрсе. Жаңағы Лениндік сыйлық осы күні жоқ дедік. Тіпті оны айтасыз, ана қолдан жасалған қайраткер Ленин де қазір шын бет-пердесін ашып жатқан жоқ па! Осы күні Ленин кім? Көптің бірі. Көп саясаткерлердің бірі ғана. Күн көсем де емес, пролетариат данышпаны да емес. Жай ғана саясатшы... Тіпті ол өзі белгілі бір топтың қолшоқпары болды деушілер де табылып жатыр.

- Түсінбедім. Сонда қалай, біз осы бетімізбен барша зиялыларымызды жоққа шығарып бітеміз бе?

- Жоққа шығармау керек. Ақты ақ, қараны қара деу керек. Әсіресе, қолдан жасалған көсемдерді елге айту парыз. Өтірік бәрібір өзін-өзі әшкерелейді. Ерте ме, кеш пе бәрібір...

Қабаш енді шын шатасайын деді. Тыңдағанынан таңданысы көбейіп барады.

- Саясаттың бәрінің астарынан ондай жымысқы ой іздей беру жөн бе! Бұл өзі кісіні шатастырып жіберетін нәрсе ғой.

- Міне, саясатшыларға да керегі сол. Елдің шатасқаны, миы айналғаны... Сонда олар үгітке тез көнеді. Айтқанға тез ереді. Ал, арғы жағы белгілі...

- Белгілі болғанда, аяғы қайда бастайды?

- Аяғы ма? Аяғы - белгілі бір топтың билік басына жетуімен аяқталады. Сосын қайтадан басталады. Баяғы елге бақытты заман тудырам дейтін саясаткерлер де өз бас қамына кірісіп кетеді. Уақыт өте келе тағы бір топ бас қылтитады. Тағы да саяси ойын... тағы да саяси қақтығыс... талас-тартыс... Алдау, арбау...

- Сенің сөзіңе сенсек, тіпті өмір сүріп керек емес.

- Өмір сүру керек. Бірақ өз ойыңмен...

- Менің ойым кімге керек!

- Ешкімге де. Ол өзіңе ғана керек.

- Атақ-даңққа да ұмтылма демексіз бе?

- Ұмтылмаған абзал. Атақ іздеген адам қайтсе де саясатқа ұрынады. Саясатшылар торына қалай түскенін білмей қалады. Саяси тордың өз жолы бар...

- Сіз өзіңіз... бір партияға мүшесіз бе?

­-Жоқ. Мен өзім бір партиямын.

- Газет-журнал оқисыз ба? Ұнататын газетіңіз...

-Қазір оқымаймын.

- Неге?

- Өйткені бүгінгі баспасөз де саяси торға түскен баспасөз. Демек, не жазатыны да белгілі. Жаңа «Время» туралы айтқаным да содан. Сіз көңіліңізге алмаңыз. Мүмкін сіз сол газетті ұнататын боларсыз. Ол енді өз шаруаңыз. Ал, менің өз ойым бар...

- Әрине! Түсінем-м...

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға