Жаңалықтар

І БӨЛІМ

- Мына жаныңыздағы орын бос па?.. - Бос болуы керек. - Онда мен отырайын. - Еркіңіз білсін. - Жоқ, жаратпай отырсаңыз, басқа орынға кетейін. - О не дегеніңіз, сізді жақтырмайтындай... маған не істедіңіз? Бірінші рет көріп тұрмын ғой. - Кім біледі! Кейбіреулер болады, өмірі адам баласын ұната бермейді. Әйтеуір бір жерінен кемшілік тауып... - Мен ондай кісі емеспін. Қорықпай-ақ қойыңыз. - Сұрап жатқаным да. Алдын алып дегендей... - Сіз... өзіңіз сондай кісі емессіз бе! Келмей жатып жағадан алдыңыз... - Бұл - әдетім. Қай кезде де әңгіменің басы ашық болғаны дұрыс. - Е-е, түсіндім. - Онда отырайын. - Отырыңыз... Қабаш қасына отыра кеткен көршісіне көз қиығын салып, бірнеше рет қиықтана қарап, «өзі қызық кісі» дегендей, бірауық сол ойдан ажырай алмай отырған. Анау жайғасуға еш асықпады. Әуелі костюмін шешті, оны жоғарыға ілді. Сосын көйлегінің жең түймесін ағытты, оны шынтаққа дейін түрді. Сосын қалтасынан тарақ алып, шашын тарады. Ұзақ тарады. Бурыл тартқан шашы майлы екен, тараған сайын жата қалады, тікірейіп тұрған бір тал да жоқ. Қабаш өз шашын ойлады. Ылғи да тікірейіп, тікенектеніп тұрады. Қанша сулап жатса да, сол қалпы. Кірпінің үстіндей. - Ал, енді таныс болайық көрші. Менің атым - Танаш. - Қабаш. - Міне, керемет! Атымыз да ұқсас екен. Жас шамамыз-з... - Бір жылдан соң елуге толамын. - Мәссаған! Мен де солай... Бұл өзі не деген ұқсастық. Атымыз да, жасымыз да... - Ондай бола береді ғой. - Жоқ, бола бермейді. Бұл - сәттілік. Сирек кездесетін сәттілік. Демек, жолымыз болады екен. Осы кезде үлкен лайнер де көгілдір аспанға көтеріліп бара жатты. - Сіз... Алматыға бара жатсыз ба? - Алматыға. Одан әрі Талдықорғанға... - Әні, айттым ғой. Бұл өзі сәттіліктің сәттілігі. Мен де солай. Талдықорғанға барам... Іссапар. Жұмыс бабымен... Сіз де солай шығарсыз. - Жоқ, мен тойға бара жатырмын. Досымның баласы үйленіп жатыр. - Е, осы жерде сәл ғана алшақтық бар екен. Сіз тойға, ал мен... Оқа емес. Онда тұрған дәнеңе жоқ. Ең бастысы - бағытымыз бір. Тіпті осы самолеттен түсе салысымен бірге тартып кетсек те болады екен. Оны көре жатармыз... Танаш танаурап сөйлеп, әңгімесін әзер ауыздықтап болып, кішкене креслоға шалқайды. Қабаш та қолына кезекті газет нөмірін алып, оқи бастады. Сол-ақ екен Танаш басын шұғыл көтеріп алып: - Мына оқып отырғаның «Время» ма? - деді. - Иә, сол газет. - Әй, осы бар ғой, мен осы газетке риза емеспін, - деді Танаш. - Қайдағы жоқты теріп жазады. Анаған да тиіседі, мынаған да... - Тиіскені қалай? - деп Қабаш оған таңдана қарады. - Әртүрлі пікірлер жарияласа, онда тұрған не бар?.. - Жоқ, олай емес. Бұлар әдейі дау-дамайлы тақырыпты іздейді. Сөйтіп, ел назарын өзіне аударғысы келеді. Жұрт газетті емес, жаңағыдай скандальный материалдарды көп іздейді, соған әуес қой. Міне, сөйтіп бедел жинағысы келеді. Бұл - арзан бедел. Қабаш ананың сөзін тыңдай отырып, ойланып қалды. - Сіз... журналиссіз бе? - деп сұраған. - Қайдағы журналист! - деп Танаш ыршып түсті. - Атын атамашы солардың! Жазатындары өтірік, іздейтіндері өсек... - Журналистердің барлығы да ондай емес шығар... - Бәрі емес. Бірақ көбісі сондай. Оған бола дауласпай-ақ қой менімен. Айтпақшы-ы... сіз өзіңіз журналист шығарсыз? - Мен де басқа мамандық иесімін. Бірақ газет-журналға әуеспін. Көп оқимын. Іздеп жүріп оқитын журналистерім де бар. - Ха-ха! - деп күлді Танаш. - ...іздеп жүріп оқитындай ол қандай ғұлама! Ондайлар осы күні жоқ. Бәрі де саясаттың сойыл соғары. Белгілі бір топтың сөзін сөйлеушілер... - Бәрі емес. - Көбісі сондай. Әйтпесе айта қойшы, осы күні жарқырап көрініп жүрген, қара қылды қақ жаратын қандай журналист бар, а! Бәрі де саясат шылауында кетіп барады. Жалпы мен айтар едім, осы күні тек журналистер ғана емес, барша саясаткерлер де өз құлқыны, өз жағдайы, өз креслосы айналасынан ұзап шыға алмайтындар. Қабаш енді газетті екі бүктеп, папкісіне сала қойды. Әңгіме қыза түскен сияқты. - Сіздің ойыңызша... осы күнгі партия, қозғалыс басқарып жүргендер де өз құлқынын ойлағандар ма? - Солай. Бәрі де солай. Біреуі - өзінің биік орынтағынан айрылып қалып, соған ренжіген адам; екіншісі - үлкен қызметке жете алмай, шаршаған кісі, үшіншісі - бүгінгі басшыларды жек көретіндер, соларды қайтсем сүріндірем деушілер... - Партия, қозғалыс құрғандардың бәрінің де ойы сондай десек, ол үлкен қателік емес пе! Олардың арасында елді, халықты, болашақты ойлап жүргендер де бар шығар... - Бар болса, бар болар. Көпке күш шаша алмаймын. Алайда, өзіңіз - ақ ойлаңызшы, ел қамын ойлаған адам неге партия, қозғалыс құруы керек? Неге ол бүгінгі билікті айқайлап, үркітіп, масқаралап көрсетуі керек? Шын жүрегі таза адам -өзінің ішіндегі ойын олай жеткізбегені абзал. Айқай-ұйқайға ұласқан әділеттілік айтысы түбі жақсылыққа апармайды. Қабаш оны тағы да сөйлете түсті. - Сонда... сіздің ойыңызша кез-келген адам айқайлауға, дауыс көтеруге, әділеттілік сұрап ұрандатуға бармауы керек пе! Бара қалса, онда қателескені ме? - Тағы да айтам. Атам қазақ «шағыммен - шаттық орнамайды» деген. Демек, нені де ақылдаса, ойласа отырып шешу мақұл. Мен бүгінгі басшыны аспанға көтере мадақтау, мақтау керек демеймін. Алайда, бір-ақ күнде бар істеген ісін жоққа шығарам деушілерге қарсымын. Ел басқару - оңай іс емес. Мұндай шаруада қателік те болмай қалмайды. Кез-келген елдің басшысы өз кезінде жақсы ісімен қабат кемшілік те жіберуі әбден мүмкін. Ал, бірақ сол кемшігін ғана айтып, соны айбарақ етіп, ел-жұртқа масқаралаймын деушілер - қателеседі. Ол жеме-жемге келгенде өзімізге өзіміз күлгеніміз. - Өзіне-өзі күле білген ел - ақылды ел демеуші ме еді... - Ендеше былай дейін. Бұл - өзімізді-өзіміз масқаралауымыз. Өз ақымақтығымызды өзіміз әшкерелеуіміз. - Неге біз бүгінгі басшыны сынға алсақ, өз-өзімізді масқаралаған боламыз? Басшы жіберген кемшілікті көріп тұрып үндемеуге бола ма? - Көре тұрып үндемеуге болмайды. Егер кемшілік расында да елге, халыққа зор нұқсан әкелетін болса, оған қарсы тұрмау ақымақтық қой. Алайда медальдің екінші жағы тағы бар. Бізде «кемшілікті әшкерелеу» деген сылтаумен басшының басқан ізін аңдып, әйтеуір бірнеңе табуды мақсат тұтатындар да бар. Бұлар ше? Бұларға не дейсіз? - Ондайларды арызқой дейді. Біздің әңгімеміз олар туралы емес. - Сол кіші арызқойлық пен үлкен саясаткерлік екеуінің арасы мүлдем жақын нәрсе. Әрі тартсаң анаған, бері тартсаң мынаған кете бермей ме. - Олай емес болар. Саясаткер басқа, арызқой басқа дегендей... Танаш бұл жолы әбден қызынып алды да, Қабашқа қарсы сауалды боратты. - Әуелі арызқой адам деген кім? Осыны анықтап алайықшы. - Арызқой, арыз жазатын адам дейік. Ал, ол неге арыз жазады? - Арызқой болған соң... - Жоқ, оның да себебі бар. Кез-келген есі дұрыс кісі, мен ауру, біреуді көре алмайтын, қызғаншақ, ішітар кісі туралы айтып тұрғам жоқ, біреуді жамандауға ұмтылмайды. Өйткені таяқтың екі ұшы бар екенін ол әбден біледі. Бірақ амалсыз қолына қалам алатыны - белгілі бір себептен. Айталық, өзінен лауазымы жоғары кісінің қысымы, болмаса жұмыс бабындағы әділетсіздік, әйтпесе өзіне тиесілі нәрсені өзі ала алмауы, тағы сондай-сондайлар жүйкесін жұқартады. Содан кейін барып... - О-о, - деді Қабаш күле сөйлеп, - ... сіздің сөзіңізді тыңдап отырсақ, жер бетіндегі бүкіл арызқойларды ақтап алуға да болады екен-ау... - Мен арызқойларды, әсіресе іштар, қызғаншақ, көре алмайтын арызқойларды ақтаудан аулақпын. Тіпті арыз жазу деген сөздің өзі ақтаудан гөрі даттауға бейімірек. Дей тұрсақ та... бұл тірлікте әр зат өз атымен аталуы керек. Мен арыз жазушыларды екі топқа бөлем: бірі - жаңағы қызғаншақтар мен іштарлар; екіншісі - жаны күйіп, амалы таусылып барып қолға қалам алатындар. - Бұны түсіндік делік. Ал, енді арыз жазатын адам мен саясаткердің қандай байланысы бар? Осыны түсіне алмай отырмын... - Ә-ә, бұл енді жаңағыдан да тереңірек мәселе. Арыз жазатын адам екі топқа бөлінеді дедік. Алғашқысы - өз атын өзі айбарақ етіп, өзі жазатындар. Ол - бір. Енді арызды өзі жазбайтын, бірақ екінші, тіпті сол екінші арқылы үшінші біреуді айдап салып, сол арқылы шағым түсіретіндер де бар. Олар түлкіден де қу, айлалы. Ешқашан ұстатпайды. Ұстап тұрсаң да мойнына алмайды. Бар ма сондайлар? - Иә, бар ондайлар. - Бар болса, соларды кім дейміз? - Білмедім. Айлакерлер, зымияндар,  қушыкештер... Тағы кім деуге болады. - Міне, осылар саясаткерлер. Олар кез-келген жағдайда тонын да, түрін де өзгертіп кете береді. Ең бастысы - жеңіске жетсе болды. - Жеңіс? Қандай жеңіс... Кімді жеңеді?.. - Бір топ екінші топты. Ана топ мына топты... Қысқасы, қоғам ішіндегі айтыс-таластан туындап жатады бұның бәрі де. Біреуі біреуін жеңу үшін тек шағым ғана ұйымдастырып қоймайды олар, топтаса отырып, партия құрады, қозғалыс құрады... - Еһе, сіз әңгімені қай жаққа бұрып барасыз? Сонда осы күнгі партиялар, қозғалыстар... - Дәл солай. Олар жайдан-жай құрылған жоқ. Ол - саяси мұқтаждық. Белгілі бір топ үшін керек... Осы кезде Танаштың қалта телефоны шырылдады. Әңгіме үзіліп кетті... Ол әлдекімдермен ұзақ-қ сөйлесті...
19.11.2013 05:12 4156

- Мына жаныңыздағы орын бос па?..

- Бос болуы керек.

- Онда мен отырайын.

- Еркіңіз білсін.

- Жоқ, жаратпай отырсаңыз, басқа орынға кетейін.

- О не дегеніңіз, сізді жақтырмайтындай... маған не істедіңіз? Бірінші рет көріп тұрмын ғой.

- Кім біледі! Кейбіреулер болады, өмірі адам баласын ұната бермейді. Әйтеуір бір жерінен кемшілік тауып...

- Мен ондай кісі емеспін. Қорықпай-ақ қойыңыз.

- Сұрап жатқаным да. Алдын алып дегендей...

- Сіз... өзіңіз сондай кісі емессіз бе! Келмей жатып жағадан алдыңыз...

- Бұл - әдетім. Қай кезде де әңгіменің басы ашық болғаны дұрыс.

- Е-е, түсіндім.

- Онда отырайын.

- Отырыңыз...

Қабаш қасына отыра кеткен көршісіне көз қиығын салып, бірнеше рет қиықтана қарап, «өзі қызық кісі» дегендей, бірауық сол ойдан ажырай алмай отырған. Анау жайғасуға еш асықпады. Әуелі костюмін шешті, оны жоғарыға ілді. Сосын көйлегінің жең түймесін ағытты, оны шынтаққа дейін түрді. Сосын қалтасынан тарақ алып, шашын тарады. Ұзақ тарады. Бурыл тартқан шашы майлы екен, тараған сайын жата қалады, тікірейіп тұрған бір тал да жоқ. Қабаш өз шашын ойлады. Ылғи да тікірейіп, тікенектеніп тұрады. Қанша сулап жатса да, сол қалпы. Кірпінің үстіндей.

- Ал, енді таныс болайық көрші. Менің атым - Танаш.

- Қабаш.

- Міне, керемет! Атымыз да ұқсас екен. Жас шамамыз-з...

- Бір жылдан соң елуге толамын.

- Мәссаған! Мен де солай... Бұл өзі не деген ұқсастық. Атымыз да, жасымыз да...

- Ондай бола береді ғой.

- Жоқ, бола бермейді. Бұл - сәттілік. Сирек кездесетін сәттілік. Демек, жолымыз болады екен.

Осы кезде үлкен лайнер де көгілдір аспанға көтеріліп бара жатты.

- Сіз... Алматыға бара жатсыз ба?

- Алматыға. Одан әрі Талдықорғанға...

- Әні, айттым ғой. Бұл өзі сәттіліктің сәттілігі. Мен де солай. Талдықорғанға барам... Іссапар. Жұмыс бабымен... Сіз де солай шығарсыз.

- Жоқ, мен тойға бара жатырмын. Досымның баласы үйленіп жатыр.

- Е, осы жерде сәл ғана алшақтық бар екен. Сіз тойға, ал мен... Оқа емес. Онда тұрған дәнеңе жоқ. Ең бастысы - бағытымыз бір. Тіпті осы самолеттен түсе салысымен бірге тартып кетсек те болады екен. Оны көре жатармыз...

Танаш танаурап сөйлеп, әңгімесін әзер ауыздықтап болып, кішкене креслоға шалқайды. Қабаш та қолына кезекті газет нөмірін алып, оқи бастады. Сол-ақ екен Танаш басын шұғыл көтеріп алып:

- Мына оқып отырғаның «Время» ма? - деді.

- Иә, сол газет.

- Әй, осы бар ғой, мен осы газетке риза емеспін, - деді Танаш. - Қайдағы жоқты теріп жазады. Анаған да тиіседі, мынаған да...

- Тиіскені қалай? - деп Қабаш оған таңдана қарады. - Әртүрлі пікірлер жарияласа, онда тұрған не бар?..

- Жоқ, олай емес. Бұлар әдейі дау-дамайлы тақырыпты іздейді. Сөйтіп, ел назарын өзіне аударғысы келеді. Жұрт газетті емес, жаңағыдай скандальный материалдарды көп іздейді, соған әуес қой. Міне, сөйтіп бедел жинағысы келеді. Бұл - арзан бедел.

Қабаш ананың сөзін тыңдай отырып, ойланып қалды.

- Сіз... журналиссіз бе? - деп сұраған.

- Қайдағы журналист! - деп Танаш ыршып түсті. - Атын атамашы солардың! Жазатындары өтірік, іздейтіндері өсек...

- Журналистердің барлығы да ондай емес шығар...

- Бәрі емес. Бірақ көбісі сондай. Оған бола дауласпай-ақ қой менімен. Айтпақшы-ы... сіз өзіңіз журналист шығарсыз?

- Мен де басқа мамандық иесімін. Бірақ газет-журналға әуеспін. Көп оқимын. Іздеп жүріп оқитын журналистерім де бар.

- Ха-ха! - деп күлді Танаш. - ...іздеп жүріп оқитындай ол қандай ғұлама! Ондайлар осы күні жоқ. Бәрі де саясаттың сойыл соғары. Белгілі бір топтың сөзін сөйлеушілер...

- Бәрі емес.

- Көбісі сондай. Әйтпесе айта қойшы, осы күні жарқырап көрініп жүрген, қара қылды қақ жаратын қандай журналист бар, а! Бәрі де саясат шылауында кетіп барады. Жалпы мен айтар едім, осы күні тек журналистер ғана емес, барша саясаткерлер де өз құлқыны, өз жағдайы, өз креслосы айналасынан ұзап шыға алмайтындар.

Қабаш енді газетті екі бүктеп, папкісіне сала қойды. Әңгіме қыза түскен сияқты.

- Сіздің ойыңызша... осы күнгі партия, қозғалыс басқарып жүргендер де өз құлқынын ойлағандар ма?

- Солай. Бәрі де солай. Біреуі - өзінің биік орынтағынан айрылып қалып, соған ренжіген адам; екіншісі - үлкен қызметке жете алмай, шаршаған кісі, үшіншісі - бүгінгі басшыларды жек көретіндер, соларды қайтсем сүріндірем деушілер...

- Партия, қозғалыс құрғандардың бәрінің де ойы сондай десек, ол үлкен қателік емес пе! Олардың арасында елді, халықты, болашақты ойлап жүргендер де бар шығар...

- Бар болса, бар болар. Көпке күш шаша алмаймын. Алайда, өзіңіз - ақ ойлаңызшы, ел қамын ойлаған адам неге партия, қозғалыс құруы керек? Неге ол бүгінгі билікті айқайлап, үркітіп, масқаралап көрсетуі керек? Шын жүрегі таза адам -өзінің ішіндегі ойын олай жеткізбегені абзал. Айқай-ұйқайға ұласқан әділеттілік айтысы түбі жақсылыққа апармайды.

Қабаш оны тағы да сөйлете түсті.

- Сонда... сіздің ойыңызша кез-келген адам айқайлауға, дауыс көтеруге, әділеттілік сұрап ұрандатуға бармауы керек пе! Бара қалса, онда қателескені ме?

- Тағы да айтам. Атам қазақ «шағыммен - шаттық орнамайды» деген. Демек, нені де ақылдаса, ойласа отырып шешу мақұл. Мен бүгінгі басшыны аспанға көтере мадақтау, мақтау керек демеймін. Алайда, бір-ақ күнде бар істеген ісін жоққа шығарам деушілерге қарсымын. Ел басқару - оңай іс емес. Мұндай шаруада қателік те болмай қалмайды. Кез-келген елдің басшысы өз кезінде жақсы ісімен қабат кемшілік те жіберуі әбден мүмкін. Ал, бірақ сол кемшігін ғана айтып, соны айбарақ етіп, ел-жұртқа масқаралаймын деушілер - қателеседі. Ол жеме-жемге келгенде өзімізге өзіміз күлгеніміз.

- Өзіне-өзі күле білген ел - ақылды ел демеуші ме еді...

- Ендеше былай дейін. Бұл - өзімізді-өзіміз масқаралауымыз. Өз ақымақтығымызды өзіміз әшкерелеуіміз.

- Неге біз бүгінгі басшыны сынға алсақ, өз-өзімізді масқаралаған боламыз? Басшы жіберген кемшілікті көріп тұрып үндемеуге бола ма?

- Көре тұрып үндемеуге болмайды. Егер кемшілік расында да елге, халыққа зор нұқсан әкелетін болса, оған қарсы тұрмау ақымақтық қой. Алайда медальдің екінші жағы тағы бар. Бізде «кемшілікті әшкерелеу» деген сылтаумен басшының басқан ізін аңдып, әйтеуір бірнеңе табуды мақсат тұтатындар да бар. Бұлар ше? Бұларға не дейсіз?

- Ондайларды арызқой дейді. Біздің әңгімеміз олар туралы емес.

- Сол кіші арызқойлық пен үлкен саясаткерлік екеуінің арасы мүлдем жақын нәрсе. Әрі тартсаң анаған, бері тартсаң мынаған кете бермей ме.

- Олай емес болар. Саясаткер басқа, арызқой басқа дегендей...

Танаш бұл жолы әбден қызынып алды да, Қабашқа қарсы сауалды боратты.

- Әуелі арызқой адам деген кім? Осыны анықтап алайықшы.

- Арызқой, арыз жазатын адам дейік. Ал, ол неге арыз жазады?

- Арызқой болған соң...

- Жоқ, оның да себебі бар. Кез-келген есі дұрыс кісі, мен ауру, біреуді көре алмайтын, қызғаншақ, ішітар кісі туралы айтып тұрғам жоқ, біреуді жамандауға ұмтылмайды. Өйткені таяқтың екі ұшы бар екенін ол әбден біледі. Бірақ амалсыз қолына қалам алатыны - белгілі бір себептен. Айталық, өзінен лауазымы жоғары кісінің қысымы, болмаса жұмыс бабындағы әділетсіздік, әйтпесе өзіне тиесілі нәрсені өзі ала алмауы, тағы сондай-сондайлар жүйкесін жұқартады. Содан кейін барып...

- О-о, - деді Қабаш күле сөйлеп, - ... сіздің сөзіңізді тыңдап отырсақ, жер бетіндегі бүкіл арызқойларды ақтап алуға да болады екен-ау...

- Мен арызқойларды, әсіресе іштар, қызғаншақ, көре алмайтын арызқойларды ақтаудан аулақпын. Тіпті арыз жазу деген сөздің өзі ақтаудан гөрі даттауға бейімірек. Дей тұрсақ та... бұл тірлікте әр зат өз атымен аталуы керек. Мен арыз жазушыларды екі топқа бөлем: бірі - жаңағы қызғаншақтар мен іштарлар; екіншісі - жаны күйіп, амалы таусылып барып қолға қалам алатындар.

- Бұны түсіндік делік. Ал, енді арыз жазатын адам мен саясаткердің қандай байланысы бар? Осыны түсіне алмай отырмын...

- Ә-ә, бұл енді жаңағыдан да тереңірек мәселе. Арыз жазатын адам екі топқа бөлінеді дедік. Алғашқысы - өз атын өзі айбарақ етіп, өзі жазатындар. Ол - бір. Енді арызды өзі жазбайтын, бірақ екінші, тіпті сол екінші арқылы үшінші біреуді айдап салып, сол арқылы шағым түсіретіндер де бар. Олар түлкіден де қу, айлалы. Ешқашан ұстатпайды. Ұстап тұрсаң да мойнына алмайды. Бар ма сондайлар?

- Иә, бар ондайлар.

- Бар болса, соларды кім дейміз?

- Білмедім. Айлакерлер, зымияндар,  қушыкештер... Тағы кім деуге болады.

- Міне, осылар саясаткерлер. Олар кез-келген жағдайда тонын да, түрін де өзгертіп кете береді. Ең бастысы - жеңіске жетсе болды.

- Жеңіс? Қандай жеңіс... Кімді жеңеді?..

- Бір топ екінші топты. Ана топ мына топты... Қысқасы, қоғам ішіндегі айтыс-таластан туындап жатады бұның бәрі де. Біреуі біреуін жеңу үшін тек шағым ғана ұйымдастырып қоймайды олар, топтаса отырып, партия құрады, қозғалыс құрады...

- Еһе, сіз әңгімені қай жаққа бұрып барасыз? Сонда осы күнгі партиялар, қозғалыстар...

- Дәл солай. Олар жайдан-жай құрылған жоқ. Ол - саяси мұқтаждық. Белгілі бір топ үшін керек...

Осы кезде Танаштың қалта телефоны шырылдады. Әңгіме үзіліп кетті...

Ол әлдекімдермен ұзақ-қ сөйлесті...

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға