Жаңалықтар

IV БӨЛІМ

- Валентин, сен жас шағыңда бір мамандық жайлы армандадың ба? - Әрине, құрылысшы болу мектеп қабырғасында жүргенде- ақ санамнан берік орын тепкенді. Арманымды алақаныма салып тұрып, айрылып қалдым ғой. - Неге өйттің, не себеп болды?.. Қазіргі жүрісіңе де ризасың ба? - ?!. - Валентин, сен өміріңде бір қызға ғашық болдың ба? Сүйіп көрдің бе? - Ондай... бастан өтті ғой. Қайран, Наташа, менің махаббатымды ғана солдырған жоқ, бар арманымды қиды емес пе. Мені студент достарымның бәріне таба етіп, өзге біреумен тайып отырды. "Махаббат, сүйдім, күйдім" бәрі де далада қалды. Ех, Наташа! Махаббатым, менің, азабым менің! Сенің күйігіңнен оқуды да тастадым, ішкілікке де салындым... Мұндайың бар, о бастан неге жүрегіме от тастадың?!                                                      * * * Молықбай соңғы кездері Лизаны қатты сағынатын болып алды; тіпті түсінде де жиі көреді, ылғи бірге жүреді, сүйіседі... Ұйқысынан оянып кетсе, еріксіз көзіне жас үйіріледі. Өзін-өзі қор санап, түнімен дөңбекшитін кездері де аз емес. Оның үстіне төркініне барып келгелі бері шешесі де мазасын кетіріп болды. - Бәленшенің қызы қайыңдай бұратылып бойжетіпті. Маған келін болуға жарайды, әдіре қалғыр. Соған құда түсемін, жарығым. Өзің барып көріп қайтшы, құдай біледі, саған да ұнайды... Құлағыңның тынышы кеткен соң бір жолы ешкімге айтпастан қалаға тайып отырды. Қаладан пединституттың оқу корпусын қиналмай тапты. Залды бойлай жүріп келе жатыр еді, қарсы алдынан әдемі киінген үш-төрт қыз шыға келді. Лизаны бірден таныды. Сол сәтте құлағының бұрынғыдан да ауырлағанын ойлап, әңгімелесе қалса масқара болатындай, дереу кері бұрылды. Сосын ширақ адымдап, өзі іздеп келген адамынан өзі қашып, қашан құтылғанша асықты. Лиза да бұны бірден таныған екен. Әуелі "Молықбай" деп екі рет айқайлағанын бұл естіген жоқ, жетіп келіп қолтығынан ұстай алғанда, жан алғыш әзірейілдің уысына түскеннен бетер абдырады. Қолына шәпкісін алып: - Сәлеметсіз, сәлеметсіз!. . - деп, қайталай берді. - Қалай жағдайыңыз? Тағы да оқуға түсуге келдіңіз бе?- деп сұрады Лиза. Молықбай шала-шұрпы естіді, үндемей қалуға арланып: - Иә, - деді. Қыздың жүзі бал-бұл жанып:  - О-о, құлағыңыз жақсы еститін болыпты ғой, тамаша болған екен, - деп, жымиып қойды. Молықбай да еріксіз езу тартты, алайда сол сәт екі беті қып-қызыл болып жанып тұрған. Лиза сағатына қарады.  - Кешіріңіз, мен сабаққа кіруім керек еді, әлі кездесеміз ғой...  Сосын қолын ұсынды. Молықбай қоштасқалы тұрғанын сонда ұғып, қыздың қолын қысты. Неге екені белгісіз, бар тапқаны басын изей берді. Лиза кет­кен соң дереу институттан шықты да, вокзалға жеткенше асықты. Неге бұлай еткенін езі де түсіне алмады. Қыратқа түнделетіп жетті. Үйге кірсе, шешесі тағат таппай, мұны асыға күтіп отыр екен. - Қайда жоғалып кеттің, құлыным-ау! Зәремді ұшырдың ғой, ең болмаса айтып кетпейсің бе! -   Кәрі ана ұлын құшақтап тұрып, біраз көз жасына ерік берді. - Ана Қаракөкіректің қыздары сені қалаға кетті деп келді. Сосын менде ес қалмады. Құлағың да ауыр, қалада мәшинелердің астына түсіп қалар ма екен деп... Ананың ақ жүрегінен шыққан әрбір қамқор сөзі баланы толқытып жіберді. Молықбай одан әрі шыдай алмасын сезіп, тысқа шықты. Осылай қарай екі кісі суыт жүріп келеді екен. Бірі есепші Есенбек қасындағысы ферманың тракторшысы Жалбыз екенін айнытпай таныды. - Қарағым-ай, бар екенсің ғой. Жағдай қиын болып тұр, Иманбайдың кемпірі қайтыс болды. Осы әлгінде үзілді. Қазаның жолы ауыр ғой, жарықсыз болатын емес! - Еденбек асығыс-үсігіс сөйледі. - Мен ... қазір. Үстіне жаман күпәйкесін киіп, гаражға қарай бет түзеді. Ойланып келеді: "Марқұм жақсы кісі еді. Ауылдың балаларына үнемі құдайы күлше пісіретін. Баласы болмаған соң ба, кішкентайларды өте жақсы көріп, жақын тартатын еді-ау бейбақ... Әлі есінде, бір жолы, Молықбайға күлше жетпей қалды. Марқұм Жақсыгүл өздеріне пісірген ыстық наннан бір үзім әкеп беріп, "ренжи көрме, айналайын, келесі жолы бірінші күлшені өзіңе берем" дегені бар. Жақсы кісіні бала да жақсы көреді екен ғой. Ауылдың бар баласы Жақсыгүлдің есігінің алдында ойнайтын. Жақсы адамдар өстіп-өстіп сирей бермекші ғой..." Ол өз ойынан өзі шошып кетті. "Неге? Неге сирей береді? Әр кездің өз жақсылары, өз мықтылары болмас па. Бірақ... бірін-бірі қайталамақ емес. Әркім өзінше мықты... Осы ғана даусыз ақиқат..." Мотор от алысымен, қою қарақғылыққа оранған шағын ауыл жап-жарық болып кетті Түн тыныштығы бұзылды, ауыл үй дүр көтеріліп, Иманбайға көрісуге асықты. Гараждың жанынан өтіп бара жатқан кемпірлердің "моторшы балаға мың да бір рахмет", - деген дауыстарын естімесе де, Молықбай жүрегімен сезді. Бір сәт өзінің Қыратқа ауадай қажет екенін ойлағанда, көмейін қуаныш қытықтады. "Осы мен арманды алыстан іздеп жүрдің  білем. Ана жолғы ферма бастықтың "жақсы моторшы болсаң, әлі-ақ орден де, сыйлық та сенікі" дегені рас-ау. Мына тірлікте әлін білмей әлекке түсіп жүргендер қаншама. Әйтпесе жұмыстың үлкен-кішісі жоқ болса керекті. "Не бәрі моторшы ма" деушілер де табылар әлі. Дей берсін. Түн баласына бір ауылдың әжетіне жарасам, одан артық атақ, даңқ керек пе, а? Ал, енді оқу дегенің... менің қолым емес білем. Лизаға үміттенгенім де... Жо-жоқ. Сүйіспеншіліктіқ жолы бөлек. Оған оқу да, жер шалғайлығы да бөгет бола алмақ емес. Біз әлі-ақ табысып... сөйлесіп... сыр бөлісіп...". Темір кереуеттің үстінде жағын таянып ұзақ отырды. Лизаның күлімсіреген мейірімді көздері, жұп-жұқа еріндері көз алдынан кетер емес. Тар-тар еткен мотор даусы да осы жолы оның қиялын бөле алған жоқ.  Кенет... Бұрыш жақта бірнәрсе қыбырлағандай болып еді, қараса Иманбайдың кәрі есегі екен. Бүрісіп, бүк түсіп жатыр. Екі көзінен жас ағып, ірің қатыпты. Әуелі далаға қуып тастағысы келді де, кәрі есекті аяп кетті. "Мотор тұрған жаман үйді пана көрсең жата бер" деді іштей. Сосын Молықбай екі көзін тарс жұмды да, қиялмен қалықтап, болашаққа қарай бет түзеді. Ауыл үстінде азалы үн ызыңдап тұрды. Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы
19.11.2013 05:07 2747

- Валентин, сен жас шағыңда бір мамандық жайлы армандадың ба?

- Әрине, құрылысшы болу мектеп қабырғасында жүргенде- ақ санамнан берік орын тепкенді. Арманымды алақаныма салып тұрып, айрылып қалдым ғой.

- Неге өйттің, не себеп болды?.. Қазіргі жүрісіңе де ризасың ба?

- ?!.

- Валентин, сен өміріңде бір қызға ғашық болдың ба? Сүйіп көрдің бе?

- Ондай... бастан өтті ғой. Қайран, Наташа, менің махаббатымды ғана солдырған жоқ, бар арманымды қиды емес пе. Мені студент достарымның бәріне таба етіп, өзге біреумен тайып отырды. "Махаббат, сүйдім, күйдім" бәрі де далада қалды. Ех, Наташа! Махаббатым, менің, азабым менің! Сенің күйігіңнен оқуды да тастадым, ішкілікке де салындым... Мұндайың бар, о бастан неге жүрегіме от тастадың?!

                                                     * * *

Молықбай соңғы кездері Лизаны қатты сағынатын болып алды; тіпті түсінде де жиі көреді, ылғи бірге жүреді, сүйіседі... Ұйқысынан оянып кетсе, еріксіз көзіне жас үйіріледі. Өзін-өзі қор санап, түнімен дөңбекшитін кездері де аз емес. Оның үстіне төркініне барып келгелі бері шешесі де мазасын кетіріп болды.

- Бәленшенің қызы қайыңдай бұратылып бойжетіпті. Маған келін болуға жарайды, әдіре қалғыр. Соған құда түсемін, жарығым. Өзің барып көріп қайтшы, құдай біледі, саған да ұнайды...

Құлағыңның тынышы кеткен соң бір жолы ешкімге айтпастан қалаға тайып отырды. Қаладан пединституттың оқу корпусын қиналмай тапты. Залды бойлай жүріп келе жатыр еді, қарсы алдынан әдемі киінген үш-төрт қыз шыға келді. Лизаны бірден таныды. Сол сәтте құлағының бұрынғыдан да ауырлағанын ойлап, әңгімелесе қалса масқара болатындай, дереу кері бұрылды. Сосын ширақ адымдап, өзі іздеп келген адамынан өзі қашып, қашан құтылғанша асықты. Лиза да бұны бірден таныған екен. Әуелі "Молықбай" деп екі рет айқайлағанын бұл естіген жоқ, жетіп келіп қолтығынан ұстай алғанда, жан алғыш әзірейілдің уысына түскеннен бетер абдырады. Қолына шәпкісін алып:

- Сәлеметсіз, сәлеметсіз!. . - деп, қайталай берді.

- Қалай жағдайыңыз? Тағы да оқуға түсуге келдіңіз бе?- деп сұрады Лиза. Молықбай шала-шұрпы естіді, үндемей қалуға арланып:

- Иә, - деді. Қыздың жүзі бал-бұл жанып:

 - О-о, құлағыңыз жақсы еститін болыпты ғой, тамаша болған екен, - деп, жымиып қойды. Молықбай да еріксіз езу тартты, алайда сол сәт екі беті қып-қызыл болып жанып тұрған. Лиза сағатына қарады.

 - Кешіріңіз, мен сабаққа кіруім керек еді, әлі кездесеміз ғой...  Сосын қолын ұсынды. Молықбай қоштасқалы тұрғанын сонда ұғып, қыздың қолын қысты. Неге екені белгісіз, бар тапқаны басын изей берді. Лиза кет­кен соң дереу институттан шықты да, вокзалға жеткенше асықты. Неге бұлай еткенін езі де түсіне алмады.

Қыратқа түнделетіп жетті. Үйге кірсе, шешесі тағат таппай, мұны асыға күтіп отыр екен.

- Қайда жоғалып кеттің, құлыным-ау! Зәремді ұшырдың ғой, ең болмаса айтып кетпейсің бе! -   Кәрі ана ұлын құшақтап тұрып, біраз көз жасына ерік берді. - Ана Қаракөкіректің қыздары сені қалаға кетті деп келді. Сосын менде ес қалмады. Құлағың да ауыр, қалада мәшинелердің астына түсіп қалар ма екен деп...

Ананың ақ жүрегінен шыққан әрбір қамқор сөзі баланы толқытып жіберді. Молықбай одан әрі шыдай алмасын сезіп, тысқа шықты. Осылай қарай екі кісі суыт жүріп келеді екен. Бірі есепші Есенбек қасындағысы ферманың тракторшысы Жалбыз екенін айнытпай таныды.

- Қарағым-ай, бар екенсің ғой. Жағдай қиын болып тұр, Иманбайдың кемпірі қайтыс болды. Осы әлгінде үзілді. Қазаның жолы ауыр ғой, жарықсыз болатын емес! - Еденбек асығыс-үсігіс сөйледі.

- Мен ... қазір.

Үстіне жаман күпәйкесін киіп, гаражға қарай бет түзеді. Ойланып келеді: "Марқұм жақсы кісі еді. Ауылдың балаларына үнемі құдайы күлше пісіретін. Баласы болмаған соң ба, кішкентайларды өте жақсы көріп, жақын тартатын еді-ау бейбақ... Әлі есінде, бір жолы, Молықбайға күлше жетпей қалды. Марқұм Жақсыгүл өздеріне пісірген ыстық наннан бір үзім әкеп беріп, "ренжи көрме, айналайын, келесі жолы бірінші күлшені өзіңе берем" дегені бар. Жақсы кісіні бала да жақсы көреді екен ғой. Ауылдың бар баласы Жақсыгүлдің есігінің алдында ойнайтын. Жақсы адамдар өстіп-өстіп сирей бермекші ғой..."

Ол өз ойынан өзі шошып кетті. "Неге? Неге сирей береді? Әр кездің өз жақсылары, өз мықтылары болмас па. Бірақ... бірін-бірі қайталамақ емес. Әркім өзінше мықты... Осы ғана даусыз ақиқат..."

Мотор от алысымен, қою қарақғылыққа оранған шағын ауыл жап-жарық болып кетті Түн тыныштығы бұзылды, ауыл үй дүр көтеріліп, Иманбайға көрісуге асықты. Гараждың жанынан өтіп бара жатқан кемпірлердің "моторшы балаға мың да бір рахмет", - деген дауыстарын естімесе де, Молықбай жүрегімен сезді. Бір сәт өзінің Қыратқа ауадай қажет екенін ойлағанда, көмейін қуаныш қытықтады.

"Осы мен арманды алыстан іздеп жүрдің  білем. Ана жолғы ферма бастықтың "жақсы моторшы болсаң, әлі-ақ орден де, сыйлық та сенікі" дегені рас-ау. Мына тірлікте әлін білмей әлекке түсіп жүргендер қаншама. Әйтпесе жұмыстың үлкен-кішісі жоқ болса керекті. "Не бәрі моторшы ма" деушілер де табылар әлі. Дей берсін. Түн баласына бір ауылдың әжетіне жарасам, одан артық атақ, даңқ керек пе, а? Ал, енді оқу дегенің... менің қолым емес білем. Лизаға үміттенгенім де... Жо-жоқ. Сүйіспеншіліктіқ жолы бөлек. Оған оқу да, жер шалғайлығы да бөгет бола алмақ емес. Біз әлі-ақ табысып... сөйлесіп... сыр бөлісіп...".

Темір кереуеттің үстінде жағын таянып ұзақ отырды. Лизаның күлімсіреген мейірімді көздері, жұп-жұқа еріндері көз алдынан кетер емес. Тар-тар еткен мотор даусы да осы жолы оның қиялын бөле алған жоқ.  Кенет... Бұрыш жақта бірнәрсе қыбырлағандай болып еді, қараса Иманбайдың кәрі есегі екен. Бүрісіп, бүк түсіп жатыр. Екі көзінен жас ағып, ірің қатыпты. Әуелі далаға қуып тастағысы келді де, кәрі есекті аяп кетті. "Мотор тұрған жаман үйді пана көрсең жата бер" деді іштей. Сосын Молықбай екі көзін тарс жұмды да, қиялмен қалықтап, болашаққа қарай бет түзеді.

Ауыл үстінде азалы үн ызыңдап тұрды.

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға