Жаңалықтар

ІІІ БӨЛІМ

- Молықбайжан, бүгін біздің үйдегі қарындасыңды құтты орнына қондырмақпыз. Енді... сол... түнгі екі-үшке дейін моторды өшірмей-ақ қойсаң деп... - Немене, менің жаным жоқ па! Моторды иесіз тастап етуге болмайды. Түн жарымына дейін осында отыруым керек пе сонда... - Орныңа басқа біреуді ауыстырып дегендей... Өзіңде тойға кел. - Жоқ, ағасы. Мен ешкімге сенбеймін. Олар мотор­ды құртады. Халық қарғысын алатын Молықбай...    - Айналайын-ау, енді сені жақын інім деп... Мынау әзірше тойдан сыбаға. Үлкен сыбағаң ертең болады ғой. - Есепші Еденбек ала келген былғары сөмкені кереуеттің астына ысыра салды. Басы ауырып отырған Молықбай сонда барып жібіді. - Жарайды, жарайды ағасы. Тырысайық, - деп, мотордың әр жерін түрткілеп кетті. -  Рахмет, інім. Мың да бір рахмет.                                                           * * * ... Ескі кереуеттің үстінде шалқасынан жатып, төбеге қарады. Сылағы түсе бастаған, биіктігі кісінің бойьшан сәл-ақ жоғары ескі кепенің төбесіне өрмекші ұя салыпты. Өрмекшінің атасы болар тегі, ұясы кішігірім табақтай бар. Жаңа ғана торға тұтылған көк шыбын дыз-дыз етіп, өмір мен өлім арасындағы жанталас үстінде. "Сені құтқарып жіберу мен үшін түк те емес, әзірге сенің құдайың менмін. Ал біздің адамдардың құдайы, қысылып-қиналған кезде қол ұшын беруге жарайтын керемет - ол кім болды екен?!". Ән айтқысы келді де, артынша айныды. Еш нәрсеге зауқы соғатын емес. Бүгінгі ауа райы секілді Молықбайдың да көңіл көгінде найзағай ойнай ма-ау, күн күркірей ме-ау - әйтеуір бей-жай кейіпте. Тағы да жаңбыр шелектеп құя жөнелді. "Жуық арада басылмайтын болды, бүгін моторды от алдырмай-ақ қояйын. Қайта кейбір кем-кетігін түрткілеп жөндегенім дұрыс болар. Ел де қызық қой, жарық болмай қалса мотор кінәлі емес, моторшы Молықбайда не тұр, темірі құрғыр кейде бермей кетеді ғой...." Ойлауын ойлады, бірақ бәрібір темір керуеттен ырғып тұрып кету оңай болмады. Күні бойы ауыр жұмыс істеп, қалжырап келіп құлаған кісіден бетер денесі алдыратын емес. Қозғалуға тіпті де бейілі байқалмайды. Осылай жатып ұйықтап кетуді де ойлайды: бәрібір үйде ешкім жоқ. Шешесі күні кеше төркіндеп қыдырып кеткен. Сол жақтан Молықбайға қыз қарай келмекші... Оның көз алдында денесі шып-шымыр, қою қара шашын әдемілеп қиған, мұрнының үстінде  кішкентай меңі бар, сүйкімді сұлу келе қалды. Қара қызға қара мең жараспайды деуші еді, ал Лизаға қандай жарасып тұр десеңізші. Бәлки, Молықбайға солай көрінді  ме екен. Бір сағаттай бірге болған сол бір сәт енді сағыныш болып көңіл көкжиегінде көлбеңдейді. Осы күнге шейін махаббат бар дегенге соншалық құлақ аспаушы еді, енді Лизаны ойлағалы бері "махаббат, махаббат деген осы болар" деп мойындауға айналған. Себебі оны ойласа болды, тұла бойы ысып бойын әлдебір мазасыздық билеп, көпке дейін өзіне-өзі келе алмайды...  - Привет, фронтовик!.. Тосыннан шыққан дауыс Молықбайды селк еткізді. Үш-төрт жылдан бері осы Қыратты мекендеп, жеке үйлерді салысып, күн көріп жүрген Валентин жайлы "өзі түрмеден қашып жүрген адам емес пе" деп күдік келтірсе де, Молықбай олай ойлаған емес. Айтқан әңгімелерінен түйіндегені - өмірде жолы болмай, соның күйгімен ішкілікке салынып кеткен. Бары сол. Адамдар әрқилы ғой, біреу қайғыға шыдамды келеді, өміріндегі сәтсіздіктерге соншалық күйінбейді, ал екінші бірулер керісінше...       - Привет, привет!- деді Молықбай да оның келгеніне қуанып кетіп. - Тебя последние время не видать? Где  пропадаешься? Онымен шала-пұла орысша сөйлесіп, тілін сындыратын. - Ай-й, жұмыс қой! - Валентин қазақша сөйлейді. Қазақша судай болып алған. - Настроение қалай, Мәке? Не важно! Бүгінгі ауа райы сияқты, ылбыр-сылбыр. - Оны түзетуге болады, мынадан жүз елу грамнан тастап  жіберейік. - Қолдан жасалған кішкентай үстелдің үстіне жартылықты топ еткізіп қоя салды. Сөйтіп, оң қалтасынан бір уыс кәмпит алды. Молықбай қырлы екі стақанды шығарып: - Құйсаң, құйшы - деп бөтелкеге тақап қойды. Екеуі жүз елу грамды тыжырынбай тартты. Мен бүгін бір тамаша кітап тауып алдым, - деді Валентин арақтың уыты ауыздан кеткен соң. - Приключение... Достоевский деген жазушының "Преступление и наказание" деген кітабы. Демін енді ғана әзер деп алған Молықбай қандай автор екенін естімесе де "приключение" деген соң ойы кетіп :       - Қайда, ол кітап?.. - деді жұлып алғандай. Валентиннің қойнында екен. - Әкелші көрейін. - Жоқ, бере алмаймын. Екеуі кітапқа бола алыса кеттіде, Молықбай жылдамдық жасап, қойнынан әлгіні суырып ала қоймақшы болып еді, кітап емес, бір парағын жұлып ала шықты. Валентин бұған шынымен ренжіп қалды. " Бір кісіден сұрап алып едім, жыртып қойғаның не?" деп кітапты үстелдің үстіне атып ұрды. Молықбай сонда аңғарды, орыс жазушысы Достоевскийдің "Қылмыс пен жаза" деген кітабы. Сосын  қарқылдап күліп жіберді. Неге күлесің ? - Валентин аң-таң. -  Кітапқа, кітапқа... - деп, Молықбай күлкіге көмілді. - Бұл... бұл приключение емес, философиялық роман. Раскольников деген студент қарт кемпірдің басын шауып алады. Әрі қарай ар соты, жас адамның ішкі күйзелісі... тағы-тағылар. - Раскольников... басын шабады... Мәссаған... Одан артық қандай приключение керек, бауырым-ау. Оқимын, оқып шығам. -  Е-е, өзің білші ендеше.
19.11.2013 05:06 3071

- Молықбайжан, бүгін біздің үйдегі қарындасыңды құтты орнына қондырмақпыз. Енді... сол... түнгі екі-үшке дейін моторды өшірмей-ақ қойсаң деп...

- Немене, менің жаным жоқ па! Моторды иесіз тастап етуге болмайды. Түн жарымына дейін осында отыруым керек пе сонда...

- Орныңа басқа біреуді ауыстырып дегендей... Өзіңде тойға кел.

- Жоқ, ағасы. Мен ешкімге сенбеймін. Олар мотор­ды құртады. Халық қарғысын алатын Молықбай...

   - Айналайын-ау, енді сені жақын інім деп... Мынау әзірше тойдан сыбаға. Үлкен сыбағаң ертең болады ғой. - Есепші Еденбек ала келген былғары сөмкені кереуеттің астына ысыра салды. Басы ауырып отырған Молықбай сонда барып жібіді.

- Жарайды, жарайды ағасы. Тырысайық, - деп, мотордың әр жерін түрткілеп кетті.

-  Рахмет, інім. Мың да бір рахмет.

                                                          * * *

... Ескі кереуеттің үстінде шалқасынан жатып, төбеге қарады. Сылағы түсе бастаған, биіктігі кісінің бойьшан сәл-ақ жоғары ескі кепенің төбесіне өрмекші ұя салыпты. Өрмекшінің атасы болар тегі, ұясы кішігірім табақтай бар. Жаңа ғана торға тұтылған көк шыбын дыз-дыз етіп, өмір мен өлім арасындағы жанталас үстінде. "Сені құтқарып жіберу мен үшін түк те емес, әзірге сенің құдайың менмін. Ал біздің адамдардың құдайы, қысылып-қиналған кезде қол ұшын беруге жарайтын керемет - ол кім болды екен?!".

Ән айтқысы келді де, артынша айныды. Еш нәрсеге зауқы соғатын емес. Бүгінгі ауа райы секілді Молықбайдың да көңіл көгінде найзағай ойнай ма-ау, күн күркірей ме-ау - әйтеуір бей-жай кейіпте. Тағы да жаңбыр шелектеп құя жөнелді. "Жуық арада басылмайтын болды, бүгін моторды от алдырмай-ақ қояйын. Қайта кейбір кем-кетігін түрткілеп жөндегенім дұрыс болар. Ел де қызық қой, жарық болмай қалса мотор кінәлі емес, моторшы Молықбайда не тұр, темірі құрғыр кейде бермей кетеді ғой...."

Ойлауын ойлады, бірақ бәрібір темір керуеттен ырғып тұрып кету оңай болмады. Күні бойы ауыр жұмыс істеп, қалжырап келіп құлаған кісіден бетер денесі алдыратын емес. Қозғалуға тіпті де бейілі байқалмайды. Осылай жатып ұйықтап кетуді де ойлайды: бәрібір үйде ешкім жоқ. Шешесі күні кеше төркіндеп қыдырып кеткен. Сол жақтан Молықбайға қыз қарай келмекші...

Оның көз алдында денесі шып-шымыр, қою қара шашын әдемілеп қиған, мұрнының үстінде  кішкентай меңі бар, сүйкімді сұлу келе қалды. Қара қызға қара мең жараспайды деуші еді, ал Лизаға қандай жарасып тұр десеңізші. Бәлки, Молықбайға солай көрінді  ме екен. Бір сағаттай бірге болған сол бір сәт енді сағыныш болып көңіл көкжиегінде көлбеңдейді. Осы күнге шейін махаббат бар дегенге соншалық құлақ аспаушы еді, енді Лизаны ойлағалы бері "махаббат, махаббат деген осы болар" деп мойындауға айналған. Себебі оны ойласа болды, тұла бойы ысып бойын әлдебір мазасыздық билеп, көпке дейін өзіне-өзі келе алмайды...

 - Привет, фронтовик!.. Тосыннан шыққан дауыс Молықбайды селк еткізді. Үш-төрт жылдан бері осы Қыратты мекендеп, жеке үйлерді салысып, күн көріп жүрген Валентин жайлы "өзі түрмеден қашып жүрген адам емес пе" деп күдік келтірсе де, Молықбай олай ойлаған емес. Айтқан әңгімелерінен түйіндегені - өмірде жолы болмай, соның күйгімен ішкілікке салынып кеткен. Бары сол. Адамдар әрқилы ғой, біреу қайғыға шыдамды келеді, өміріндегі сәтсіздіктерге соншалық күйінбейді, ал екінші бірулер керісінше...

      - Привет, привет!- деді Молықбай да оның келгеніне қуанып кетіп. - Тебя последние время не видать? Где  пропадаешься?

Онымен шала-пұла орысша сөйлесіп, тілін сындыратын.

- Ай-й, жұмыс қой! - Валентин қазақша сөйлейді. Қазақша судай болып алған. - Настроение қалай, Мәке?

Не важно! Бүгінгі ауа райы сияқты, ылбыр-сылбыр. - Оны түзетуге болады, мынадан жүз елу грамнан тастап  жіберейік. - Қолдан жасалған кішкентай үстелдің үстіне жартылықты топ еткізіп қоя салды. Сөйтіп, оң қалтасынан бір уыс кәмпит алды. Молықбай қырлы екі стақанды шығарып:

- Құйсаң, құйшы - деп бөтелкеге тақап қойды. Екеуі жүз елу грамды тыжырынбай тартты.

Мен бүгін бір тамаша кітап тауып алдым, - деді Валентин арақтың уыты ауыздан кеткен соң. - Приключение... Достоевский деген жазушының "Преступление и наказание" деген кітабы.

Демін енді ғана әзер деп алған Молықбай қандай автор екенін естімесе де "приключение" деген соң ойы кетіп : 

     - Қайда, ол кітап?.. - деді жұлып алғандай. Валентиннің қойнында екен.

- Әкелші көрейін.

- Жоқ, бере алмаймын.

Екеуі кітапқа бола алыса кеттіде, Молықбай жылдамдық жасап, қойнынан әлгіні суырып ала қоймақшы болып еді, кітап емес, бір парағын жұлып ала шықты. Валентин бұған шынымен ренжіп қалды. " Бір кісіден сұрап алып едім, жыртып қойғаның не?" деп кітапты үстелдің үстіне атып ұрды. Молықбай сонда аңғарды, орыс жазушысы Достоевскийдің "Қылмыс пен жаза" деген кітабы. Сосын  қарқылдап күліп жіберді.

Неге күлесің ? - Валентин аң-таң.

-  Кітапқа, кітапқа... - деп, Молықбай күлкіге көмілді.

- Бұл... бұл приключение емес, философиялық роман. Раскольников деген студент қарт кемпірдің басын шауып алады. Әрі қарай ар соты, жас адамның ішкі күйзелісі... тағы-тағылар.

- Раскольников... басын шабады... Мәссаған... Одан артық қандай приключение керек, бауырым-ау. Оқимын, оқып шығам.

-  Е-е, өзің білші ендеше.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға