Жаңалықтар

ІІ БӨЛІМ

- Жаңылсай, бүгін кешке далаға шықсаң қайтеді, а?. - Не істейміз? - Бір нәрсе айтайын деп едім... - Қазір-ақ айта берсеңші. -  Апаң  келсе, ертең шығасың ба?           - Қазір-ақ айта бер деймін! - Жаңылсай бұл жолы даусын көтеріп айтты. Молықбайдың құлағы ауырлау дегенді елден естігені барды. - Кешті несіне күтеміз-з... Молықбайдың мұрнының ұшында шырт кетпе ашу тұрды. - Керең емеспіз, жайырақ айтсақ да болады. - Сені керең деген кім бар! - Сен... сен кісіні мазақ етпе. Ойнаудың да орны бар. Білдің бе...      * * * Қант алуға келген қызбен әңгіме жараспады. Махаббат та сонымен тәмам болды. Жоқ-қ, бәрі де осымен бітті деп отырған жоқпыз, қызық кейінірек басталды. Ол кезде Молықбай моторшы емес-ті. Арманы - қалаға бару, оқуға түсу болатын. Бір жыл ферманың жұмысын істеп, жиған-терген ақшасын қалтаға басты да, қалаға оқуға жүрді. Мектепте жаман оқыған жоқ әсіресе әдебиет, тарих, биология секілді сабақтардан үнемі"бестік" алатын. Қабырға газетінің редқоллегия мүшесі болғанда, аздап өлең шығарумен де әуестенді. Әттең аудандық газеттің  әнебір қызметкері сынап, "өлеңдерің жарамсыз" деп хат жазбағанда бұл күнге шейін бір кітап жазып бітірер ме еді. Қаладағы педагогиқалық институттың филология факультетіне құжат тапсырды. Осы Қыратта туып-өскен, үлкен ғалым болған Көкетай деген кісі медициналық қағазын жөндеп берді. Әйтпесе құлағы ауыр адамды оқу орнына қабылдамайды екен. Жазбаша емтиханнан құламай өтіп еді, қасақана ауызшасында бір білмейтін сұрағы келер ме. "Шоқан Уәлиханов - әдебиетші" деген сұрақ Молықбайға салғаннан ұнаған жоқ. Абай немесе Махамбет, болмаса Ақан сері келсе ғой, тіпті өлеңдерін жатқа айтып берер еді. Шоқан сөз жоқ, үлкен ғалым, ұлы саяхатшы, жақсы журналист десе де Молықбай қарсыласпайды. Иә, Шоқанның жазған мақалаларын айтып берді, бірақ емтихан қабылдап отырған әйел дінектеп болар емес. Даусы да гүрілдеген, еркек мінезді кісі болар шамасы, онысы Молықбайға жақсы болды. Әгәрки, сылбыр сөйлейтін адам болса, кейбір сөздерді естімей қалуы да ықтимал ғой. Дікектегенде былай: "Сіз маған мынаны айтыңыз ? Шоқан поэзия туралы не деген ? Оны неше түрге бөледі?" Құдай ұрайын десе, қос қолдап ұрады демекші, дәл осыны Молықбай есіне түсіре алмай-ақ қойды. Кейін үйге келген соң оқулықты ашып жіберсе, ой, түк те емес. Тек талай рет оқығанда көңіл аудармай өте шыққан болды. Оқудан құлауын құлады, алайда елге қайтуға асықпады. Қаланы жақсылап араламақшы. Сөйтіп жүріп автобуста сүйкімді қара қызбен танысты. Пединституттың филология факультетіне қабылданыпты. Бірге абитуриент болса да, бір факультетке тапсырса да, осы күнге шейін бірін-бірі көрмепті. Қыздың мінезі өте биязы еді, ойша Жаңылсаймен салыстырды. Айырма - аспан мен жердей. Танысты, атын сұрады. Лиза! Ал, енді өзінің қалай құлағанын, қандай сұрақ келгенін айтқанда, Лиза сарнап қоя берді. "Ең оңай сұрақ қой" дейді. Жауабын бес-алты сөзбен беруге болады екен. "Нағыз студент болатын абитуриент осылай болуы керек" деп ойлады Молықбай. Алғаш рет Лизаға шынын айтты. "Құлағым аздап ауыр, кей сөздеріңді дұрыс естімей қалсам, айып етпе" деді. Лиза мазақтаған жоқ, "дәрігерге көрінбейсіз бе", деп жанашыр кейіп танытты.. "Емдетем" деді бұл. Шындығында, дәрігерлердің шамасы келмейтінін баяғыда-ақ білген. Ауылға қайтты. Лизаны ұнатып қалғаны жайлы жан баласына тіс жармады. Тіпті Лизаның өзіне де ешнәрсе деген жоқ қой. "Ол болса студент, мені менсінбейтін шығар" деп те ойлады. "Әуелі оқуға түсу керек, сосын барып сүйетінімді айтамын". Аудан орталығынан шалғай жатқан Қыратқа әлі жоғары вольтті электр жарығы жете қоймаған. Ескі гаражда "С-100" тракторының моторы тұратын, бұл қаладан оралса, моторшы Абалақ елден көшіп кетіпті. Соңғы бір аптадан бері моторға ие болатын адам таппай, ауыл жарықсыз отыр екен. "Мен болайын" деді Молықбай. Халық көнді. Содан ол моторшы Молықбай атанды. Әуелгі кездері жұмысқа өте құлықты еді. Темір кереуеттің астында бөтелке емес, құшақ-құшақ кітаптар шашылып жататын. Ойы - келер жаз сәзсіз оқуға түсу болды. Балаң арман Лизаға деген құштар көңіл - барлығы жиылып, Молықбайды бір минутқа тағат таптырмауға айналған. Алайда сол жылдың қысында мұның құлағы бұрынғысынан бетер нашарлап кетті. Енді жұрт тек қана айқайлап сөйлесетін. Бұл Молықбайға өте ауыр соққы болды. Оқуға бару туралы үміті енді үзілуге айналды. Ауылдастарымен ендігі жерде болмашы нәрсеге айқайласып, болмашы нәрседен ұрыс шығаратын болып, ішкілікке көп үйір болып алды.
19.11.2013 05:05 2880

- Жаңылсай, бүгін кешке далаға шықсаң қайтеді, а?.

- Не істейміз?

- Бір нәрсе айтайын деп едім...

- Қазір-ақ айта берсеңші.

-  Апаң  келсе, ертең шығасың ба?

          - Қазір-ақ айта бер деймін! - Жаңылсай бұл жолы даусын көтеріп айтты. Молықбайдың құлағы ауырлау дегенді елден естігені барды. - Кешті несіне күтеміз-з...

Молықбайдың мұрнының ұшында шырт кетпе ашу тұрды.

- Керең емеспіз, жайырақ айтсақ да болады.

- Сені керең деген кім бар!

- Сен... сен кісіні мазақ етпе. Ойнаудың да орны бар. Білдің бе...

     * * *

Қант алуға келген қызбен әңгіме жараспады. Махаббат та сонымен тәмам болды. Жоқ-қ, бәрі де осымен бітті деп отырған жоқпыз, қызық кейінірек басталды.

Ол кезде Молықбай моторшы емес-ті. Арманы - қалаға бару, оқуға түсу болатын. Бір жыл ферманың жұмысын істеп, жиған-терген ақшасын қалтаға басты да, қалаға оқуға жүрді. Мектепте жаман оқыған жоқ әсіресе әдебиет, тарих, биология секілді сабақтардан үнемі"бестік" алатын. Қабырға газетінің редқоллегия мүшесі болғанда, аздап өлең шығарумен де әуестенді. Әттең аудандық газеттің  әнебір қызметкері сынап, "өлеңдерің жарамсыз" деп хат жазбағанда бұл күнге шейін бір кітап жазып бітірер ме еді.

Қаладағы педагогиқалық институттың филология факультетіне құжат тапсырды. Осы Қыратта туып-өскен, үлкен ғалым болған Көкетай деген кісі медициналық қағазын жөндеп берді. Әйтпесе құлағы ауыр адамды оқу орнына қабылдамайды екен.

Жазбаша емтиханнан құламай өтіп еді, қасақана ауызшасында бір білмейтін сұрағы келер ме. "Шоқан Уәлиханов - әдебиетші" деген сұрақ Молықбайға салғаннан ұнаған жоқ. Абай немесе Махамбет, болмаса Ақан сері келсе ғой, тіпті өлеңдерін жатқа айтып берер еді. Шоқан сөз жоқ, үлкен ғалым, ұлы саяхатшы, жақсы журналист десе де Молықбай қарсыласпайды. Иә, Шоқанның жазған мақалаларын айтып берді, бірақ емтихан қабылдап отырған әйел дінектеп болар емес. Даусы да гүрілдеген, еркек мінезді кісі болар шамасы, онысы Молықбайға жақсы болды. Әгәрки, сылбыр сөйлейтін адам болса, кейбір сөздерді естімей қалуы да ықтимал ғой.

Дікектегенде былай: "Сіз маған мынаны айтыңыз ? Шоқан поэзия туралы не деген ? Оны неше түрге бөледі?"

Құдай ұрайын десе, қос қолдап ұрады демекші, дәл осыны Молықбай есіне түсіре алмай-ақ қойды. Кейін үйге келген соң оқулықты ашып жіберсе, ой, түк те емес. Тек талай рет оқығанда көңіл аудармай өте шыққан болды. Оқудан құлауын құлады, алайда елге қайтуға асықпады. Қаланы жақсылап араламақшы. Сөйтіп жүріп автобуста сүйкімді қара қызбен танысты. Пединституттың филология факультетіне қабылданыпты. Бірге абитуриент болса да, бір факультетке тапсырса да, осы күнге шейін бірін-бірі көрмепті. Қыздың мінезі өте биязы еді, ойша Жаңылсаймен салыстырды. Айырма - аспан мен жердей. Танысты, атын сұрады. Лиза! Ал, енді өзінің қалай құлағанын, қандай сұрақ келгенін айтқанда, Лиза сарнап қоя берді. "Ең оңай сұрақ қой" дейді. Жауабын бес-алты сөзбен беруге болады екен. "Нағыз студент болатын абитуриент осылай болуы керек" деп ойлады Молықбай. Алғаш рет Лизаға шынын айтты. "Құлағым аздап ауыр, кей сөздеріңді дұрыс естімей қалсам, айып етпе" деді. Лиза мазақтаған жоқ, "дәрігерге көрінбейсіз бе", деп жанашыр кейіп танытты.. "Емдетем" деді бұл. Шындығында, дәрігерлердің шамасы келмейтінін баяғыда-ақ білген.

Ауылға қайтты. Лизаны ұнатып қалғаны жайлы жан баласына тіс жармады. Тіпті Лизаның өзіне де ешнәрсе деген жоқ қой. "Ол болса студент, мені менсінбейтін шығар" деп те ойлады. "Әуелі оқуға түсу керек, сосын барып сүйетінімді айтамын".

Аудан орталығынан шалғай жатқан Қыратқа әлі жоғары вольтті электр жарығы жете қоймаған. Ескі гаражда "С-100" тракторының моторы тұратын, бұл қаладан оралса, моторшы Абалақ елден көшіп кетіпті. Соңғы бір аптадан бері моторға ие болатын адам таппай, ауыл жарықсыз отыр екен. "Мен болайын" деді Молықбай. Халық көнді. Содан ол моторшы Молықбай атанды. Әуелгі кездері жұмысқа өте құлықты еді. Темір кереуеттің астында бөтелке емес, құшақ-құшақ кітаптар шашылып жататын. Ойы - келер жаз сәзсіз оқуға түсу болды. Балаң арман Лизаға деген құштар көңіл - барлығы жиылып, Молықбайды бір минутқа тағат таптырмауға айналған. Алайда сол жылдың қысында мұның құлағы бұрынғысынан бетер нашарлап кетті. Енді жұрт тек қана айқайлап сөйлесетін.

Бұл Молықбайға өте ауыр соққы болды. Оқуға бару туралы үміті енді үзілуге айналды. Ауылдастарымен ендігі жерде болмашы нәрсеге айқайласып, болмашы нәрседен ұрыс шығаратын болып, ішкілікке көп үйір болып алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға