Жаңалықтар

ІІ БӨЛІМ

Ұлы ғасырдың (XX ғасыр солай емес пе!) отыз үшінші жылы алыстағы Қызылмақташы ауылын жұт болып, жоқшылық болып аттады. Ауа райын түсіну қиын, құбылмалы қалып, бірде асып кетеді, бірде дауыл тұрады; егін шықпады, шыға қалса, піспей жатып, күйіп кетті; мал басы көбеймеді, қайта бұрын-соңды болмаған жұқпалы ауру шығып, қырылып қалды. Әзірейілдей ең-сені басқан ашаршылық ел ішін ақырын аралап келе жатыр еді... Сыр бойын сағалап отырған оншақты үйлі ауыл жоқшылықтың, аштылықтың кесірінен, біріне-бірі қарамай, пана іздеп, бет-бетімен тарап кетті. Қаншайымның жолдасы Қараман бетің бар, жүзің бар демейтін, турашыл, бір бет, өткір адам еді. Айтпайтын, айтса айтқанынан қайтпайтын. "Сыр бойынан ешқайда кетпейміз, балық аулап жесек те, бір күнімізді көреміз" деп ескі жұртта отырып қалды. Қараманның қайратына сенетін Қаншайым да пәлен деп дау айтқан жоқ, "отырсақ отыра берейік" деді. Екі балаға талшық етер бір нәрсе табылса, бөтен жерге қаңғырып, қайтпек? Жылы орнын суытпай, осында қалғаны мың есе артық... Қожайын тірі болғанда, кім біледі, Қаншайымның тағдыры бүйтіп астан-кестең күйге түсер ме еді. Ілгеріректе ақ сақалды қариялар басыңа түскенде жеңілдеткені ме, "пешенеге жазғанды көресің, қарағым, жазмыштан озмыш жоқ" деп, тәубеге шақырып отырушы еді-ау. Сол рас-ақ екен... Қараманды дария жағасында балық аулап отырғанда төтеннен келген қарғын су алып кетіпті. Денесін іздер қауқар бар ма онда. Қаншайым үш жасар ұлымен, бір жасқа тола қоймаған қызымен кімді іздегендей еді. Үш-төрт күн үйдегі бар тамақты қорек етті. Бір күн барып, дарияға қармақ салды, түске дейін сілесі қатқанша сілейіп отырып, бір түйір шабақ та ұстай алған жоқ. Қайта қасына ере барған ұлы суға құлап кете жаздап, әзер ұстап қалды. Бесінші күн дегенде ол белін шарт буынды. Тау жақ беткейде төркінің жұрты бар. "Не де болса ел ішіне жетіп жығылайын ең болмаса, өлсек, арам қалмаспыз, сүйегімізді жасырар" деп ұлын жетелеп, қызын арқалап алып, үлкен жолға түскен. Ана түске дейін шаршағанын сезген жоқ. Үш жасар бала да бұған дейін өз бетінше еріп отырып еді, енді қыңқылдай бастады. Қайтсін, аяғы талған ғой, оның үстіне жей қоятын тамақ та таусылған. Түс ауа Қаншайым қатты сасайын деді, Балаларым шаршады деп дем алайын десе, күн кешкіріп барады. Әлі жолдың жартысын да жүріп біткен жоқ. "Е арғы елде жоқ, е бергі елде жоқ, айдалада қасқырларға жем болар ма екенбіз" деп, кеудесіне үрей кіре бастады. Әлде бір үміт іздегендей ұзын жолды қуалап, сүзіле қарайды. Қасақана қыбыр еткен жан көрінсейші. Екеуін бірдей арқалап, таудағы елге жету азаптың  үлкені болды. Күн болса сәт сайын төмен құлдырап ба­рады. Қас қарайды дегенше жолдан адасуы да оп-оңай. "Қу құдай-ай, саған не жазып едім! Күйеуімді қарғын су жұтты, енді бізді көрер көзге түз тағыларына жем етпекшімісің? Қиналған пақырларды демеп, жебеп жүретін періштелерің  қайда кеткен, қайда сол жарлылардың жақсы досы?.." Ол осылай күбірлеп келе жатты. Еріндері де кезеріп, шөл қыса бастады. Қызы жылап-жылап, ішегі қатты білем, ақырында ұйықтап кетіпті. Әлі кете бастаған сон, жол жиегіндегі жусанның үстіне жалп етіп отыра қалды да, қызын жерге жатқызып, маздайынан аққан ащы терді алақанымен ысырып тастады. "Бір көзсіз тәуекел қажет болып тұрғаны..." Қаншайым өз ойынан өзі шошып кетіп, отырған орнынан ұшып түрегелді. Әлгі бір үрейлі ойдың әсері ме, саусақтары дір-дір етіп, икемге келер емес, икемге келмек тұрмақ, өз бойын өзіне билетпей барады. Жүрегі құрғыр, бірақ, бәрін де сезіп тұр. Екі баламен қосақталып жүріп, таудағы ауылға күн батқанша жете алмасын, сөйтіп үшеуі бірдей опат боларын, оның сөзсіз екендігін, дәл қазір іштей мойындағандай еді. Ананың анық тұйыққа тірелген сәті болды бұл: "Егер, - дейді ішкі үн сыздықтата сыр ашып, - жеткен жерге тоқтап, от жағып түнеп шықса қайтер еді. Оған от жаға қоярлық сіріңке кәні, отын кәні, бұл бір ме!  Оның үстіне үшеуі де әбден ашықты, нені қорек ете қоймақ, аштан аш жатып, ертеңгісін жолға жүруге жарар ма? (Егер түннен аман шықса, әрине...) " "Бір тәуекел керек болып тұрғаны..." Ана сылқ түсіп отыра кетті де, көзінің жасын сығып-сығып алды. Әбден амалы құрып, айласы таусылғанда пенде қалай көз жасына ерік бергенін байқамай қалады білем. Ондайда көзден аққан тамшының  кермек дәмін де ұмытасың, дөңес мұрынды қуалап келіп, езуіңе құйылып жатқанын да елемейсің. Елемегені сол, дәрменсіздік жасының дәмінен кәдімгідей қуат алғандай, өмір-бақи осылай адам баласына қуат беріп тұрғандай күй кешер ме едің, қайтер едің, уа, тіршілік иесі!.. Оның жанарынан жас сауласа да, үнін шығармады, қызынын, оянбағанын тіледі, ұлының қосыла еңірейтінінен қорықты. Дәрменсіз күйде баласының басынан ақырын сипап қойды. -  Апа су... су ішем... "Бір тәуекел қажет... ойбай-ай, суы несі тағы...". - Су... су... Бала кебірсіген еріндерін тілінің ұшымен қайта-қайта жалап, енді бірде қыңқылға басты. Аңқасы кепкен Бұлдіршін шыдамның шырқау шынына жеткендей екен, бұдан әрі сөзге де, алдартқан әңгімеге де құлақ асар болмады. Көзінің жасын көлдетті дейсің. Бала жанарынан ытқып шыққан жастың бірер түйір моншақтары ана алақанына домалап түсті. Ана мелшиіп ұзақ отырды. Жылаған үн оның санасында әлденеше рет қайта жаңғырып, енді бірде түсініксіздеу күйге ауысып, сосын күрсініске ұласып, миына мыңсан ұшқын ба екен, сәуле ме екен шашырағандай... Ызық-ызық, у-шу әлем бір сәт сілтідей тына қалып, бар данғаза тек қана оның ми қатпарына қоныстанып қалғандай. Сілкініп алды. Кенет қатайды. Бойына әлдеқандай қуат келгендей қайрат пайда болғандай. Орнынан ытқып тұрды да, қызын шоқ жусанның өкпек желден ықтасындау жағындағы жыраға апарып жатқызды. Сонсоң басындағы жаулығын дереу сыпырып алды, бір шетін дар еткізіп жыртты да, жусанға байлады. Онысы - қайта оралғанда тез тауып алудың айласы еді. Сонсоң сәл саябырлады. Еміс-еміс есінде. Осы жолдың оң қапталындағы қия бұрылыста ескі жұрт болушы еді, ілгеріректе атағы жер жарған бір бай қыстаған екен. Бір жолы Қараман екеуі төркініне бара жатқанда, жолай соғып, ескі құдықтан су ішкен, аздап кермек дәмі бар­ды. Оңға да бұрылды, сол қапталды да бетке ұстады, еске түсірді. "Иә, алла, тез табыла көр..." Қаншайым ұлын арқасына салып алып, әуелі адымдады да, бара-бара қадамын ұзарта түсті. Енді бірде су іздеген ол жорға жүріске түсті. Ол сол жүргеннен ұзақ жүрді, әудем жерді шарлады. Онға да бұрылды, сол қапталды да бетке ұстады. Қияға да беттеді, еңіске де құлдилады. Әйтеуір оңайлықпен құдық суынан күдер үзе қоймады. Онсыз да дегбірін алып, қышқылы күшейе түскен бала оған тоқтап ойлануға мұрсат бермеді. Жылай-жылай даусы қарлығып, бір уақытта сап тиыла қалып еді, қараса қалғып кеткен екен. Екі көзі қып-қызыл болып ісіпті. Ал, еріндері шілденің аптап ыстығында алаңсыз су көрмей, қақ-қақ айрылған үлкен арықтың табаны секілденіп, қабыршақ-қабыршақ болып ырсиып түр. Ана жүрек езіліп кетті. Алақанына үш рет түкіріп барып, әзер дегенде ылғал баланын, ерніне жақты. Сөйтсе, өзі де шөлден қаталай бастапты, тамағы қурап қалғанын аңғармапты. Есіне қызы - Гүлжаны түсті. Көзінің алды буалдыр тартып, елес-бейнелер бірсін-бірсін көбейіп,  олар қызды келемеж етіп, әр жақтан түрткілесе, енді бірде ғайыптан пайда бола қалған азулы жыртқыш нәрестеге төніп келе жатқандай үзік-үзік суреттер... тұрып алсын. Сонда аңғарды, құдық іздеймін деп жүріп, қызынан талай жерге ұзап кетіпті. "Не жаманшылық болса да бірге көрейік, қызыма тезірек жетейін" деп түйген Қаншайым қайтадан кері бұрылды да, май топырақты жолға түсіп алып, бөкен желіске басты... Жусан тұр. Байланған өз орамалы тұр, бірақ Гүлжан жоқ. Елес пе деп, кезін қайта-қайта сүртіп қарайды, Тағы да сол көрініс, сол қалып. Қыз жоқ. Ішкі әлемі от қарығандай болып, шымырлап қоя берді. Дел-сал күйде теңселіп барып, оңды-солды шайқатылып тұрып, құлауға шақ қалды. Құлап түсіп, жер сабалап жылар ма еді, жусанды жұлып, қарш-қарш шайнар ма еді, қайтер еді, егер арқасында соңғы сүйеніші - ұлы алаңсыз ұйықтап жатпаса... Тас болып түйілді. Жыламады. Өзіне ерік бермей, еріксіз саулай жөнелген бірер тамшы ащы жасты елемеуге тырысты, "жыламауға тиіспін" деп қатайып алды. Гүлжаны қалған аумақты үш рет айналып шықты, көзіне ешнәрсе ілінбеді. Анық жоғалғанына көңілі сенбесе де, көзі сенді. Сосынғы бір сәтте іштей күбірлей бастады: "Әзірге қош бола тұр, балапаным, көрер жарығың болса, күн сатып, қас қарайғанша қайта оралармыз, тірі болсаң табармыз осы арадан..." Ана қара жолға түсіп алып, бөкен желіспен таудағы ауылға қарай асыға зытып бара жатты. Оқта-текте жүгіріп-жүгіріп те алады. Тәуекел дүниесіне кеме салған Қаншайым дәл қазір өзге дүниені алаңсыз естен шығарып еді. Қарны ашқаны, шөлдегені бір демде естен шығып, тіршілік тәлкегімен бетпе-бет келген Ана бірте-бірте қанаттанып, қара жермен емес, ауада қалқып келе жатқандай күй кешті. Екі қыр асқан соң-ақ, құлағына әлдеқайдан ызыңдап, бір әуен жетті. Мұң ба, зар ма - ол қандай әуен, оны тоқтап тыңдар қауқар қалған жоқты. Ана ауылға асықты, соған жылдам жетуге асықты. Құлақ түбінде шыңылдап тұрып алған, ызыңдап тұрып алған сәби үніне көңіл еркін беріп, үгітілмеуге тырысты...
19.11.2013 04:50 2741

Ұлы ғасырдың (XX ғасыр солай емес пе!) отыз үшінші жылы алыстағы Қызылмақташы ауылын жұт болып, жоқшылық болып аттады. Ауа райын түсіну қиын, құбылмалы қалып, бірде асып кетеді, бірде дауыл тұрады; егін шықпады, шыға қалса, піспей жатып, күйіп кетті; мал басы көбеймеді, қайта бұрын-соңды болмаған жұқпалы ауру шығып, қырылып қалды. Әзірейілдей ең-сені басқан ашаршылық ел ішін ақырын аралап келе жатыр еді...

Сыр бойын сағалап отырған оншақты үйлі ауыл жоқшылықтың, аштылықтың кесірінен, біріне-бірі қарамай, пана іздеп, бет-бетімен тарап кетті. Қаншайымның жолдасы Қараман бетің бар, жүзің бар демейтін, турашыл, бір бет, өткір адам еді. Айтпайтын, айтса айтқанынан қайтпайтын. "Сыр бойынан ешқайда кетпейміз, балық аулап жесек те, бір күнімізді көреміз" деп ескі жұртта отырып қалды. Қараманның қайратына сенетін Қаншайым да пәлен деп дау айтқан жоқ, "отырсақ отыра берейік" деді. Екі балаға талшық етер бір нәрсе табылса, бөтен жерге қаңғырып, қайтпек? Жылы орнын суытпай, осында қалғаны мың есе артық...

Қожайын тірі болғанда, кім біледі, Қаншайымның тағдыры бүйтіп астан-кестең күйге түсер ме еді. Ілгеріректе ақ сақалды қариялар басыңа түскенде жеңілдеткені ме, "пешенеге жазғанды көресің, қарағым, жазмыштан озмыш жоқ" деп, тәубеге шақырып отырушы еді-ау. Сол рас-ақ екен...

Қараманды дария жағасында балық аулап отырғанда төтеннен келген қарғын су алып кетіпті. Денесін іздер қауқар бар ма онда. Қаншайым үш жасар ұлымен, бір жасқа тола қоймаған қызымен кімді іздегендей еді. Үш-төрт күн үйдегі бар тамақты қорек етті. Бір күн барып, дарияға қармақ салды, түске дейін сілесі қатқанша сілейіп отырып, бір түйір шабақ та ұстай алған жоқ. Қайта қасына ере барған ұлы суға құлап кете жаздап, әзер ұстап қалды. Бесінші күн дегенде ол белін шарт буынды. Тау жақ беткейде төркінің жұрты бар. "Не де болса ел ішіне жетіп жығылайын ең болмаса, өлсек, арам қалмаспыз, сүйегімізді жасырар" деп ұлын жетелеп, қызын арқалап алып, үлкен жолға түскен.

Ана түске дейін шаршағанын сезген жоқ. Үш жасар бала да бұған дейін өз бетінше еріп отырып еді, енді қыңқылдай бастады. Қайтсін, аяғы талған ғой, оның үстіне жей қоятын тамақ та таусылған. Түс ауа Қаншайым қатты сасайын деді, Балаларым шаршады деп дем алайын десе, күн кешкіріп барады. Әлі жолдың жартысын да жүріп біткен жоқ. "Е арғы елде жоқ, е бергі елде жоқ, айдалада қасқырларға жем болар ма екенбіз" деп, кеудесіне үрей кіре бастады. Әлде бір үміт іздегендей ұзын жолды қуалап, сүзіле қарайды. Қасақана қыбыр еткен жан көрінсейші.

Екеуін бірдей арқалап, таудағы елге жету азаптың  үлкені болды. Күн болса сәт сайын төмен құлдырап ба­рады. Қас қарайды дегенше жолдан адасуы да оп-оңай. "Қу құдай-ай, саған не жазып едім! Күйеуімді қарғын су жұтты, енді бізді көрер көзге түз тағыларына жем етпекшімісің? Қиналған пақырларды демеп, жебеп жүретін періштелерің  қайда кеткен, қайда сол жарлылардың жақсы досы?.."

Ол осылай күбірлеп келе жатты. Еріндері де кезеріп, шөл қыса бастады. Қызы жылап-жылап, ішегі қатты білем, ақырында ұйықтап кетіпті. Әлі кете бастаған сон, жол жиегіндегі жусанның үстіне жалп етіп отыра қалды да, қызын жерге жатқызып, маздайынан аққан ащы терді алақанымен ысырып тастады.

"Бір көзсіз тәуекел қажет болып тұрғаны..." Қаншайым өз ойынан өзі шошып кетіп, отырған орнынан ұшып түрегелді. Әлгі бір үрейлі ойдың әсері ме, саусақтары дір-дір етіп, икемге келер емес, икемге келмек тұрмақ, өз бойын өзіне билетпей барады. Жүрегі құрғыр, бірақ, бәрін де сезіп тұр. Екі баламен қосақталып жүріп, таудағы ауылға күн батқанша жете алмасын, сөйтіп үшеуі бірдей опат боларын, оның сөзсіз екендігін, дәл қазір іштей мойындағандай еді. Ананың анық тұйыққа тірелген сәті болды бұл: "Егер, - дейді ішкі үн сыздықтата сыр ашып, - жеткен жерге тоқтап, от жағып түнеп шықса қайтер еді. Оған от жаға қоярлық сіріңке кәні, отын кәні, бұл бір ме!  Оның үстіне үшеуі де әбден ашықты, нені қорек ете қоймақ, аштан аш жатып, ертеңгісін жолға жүруге жарар ма? (Егер түннен аман шықса, әрине...) "

"Бір тәуекел керек болып тұрғаны..."

Ана сылқ түсіп отыра кетті де, көзінің жасын сығып-сығып алды. Әбден амалы құрып, айласы таусылғанда пенде қалай көз жасына ерік бергенін байқамай қалады білем. Ондайда көзден аққан тамшының  кермек дәмін де ұмытасың, дөңес мұрынды қуалап келіп, езуіңе құйылып жатқанын да елемейсің. Елемегені сол, дәрменсіздік жасының дәмінен кәдімгідей қуат алғандай, өмір-бақи осылай адам баласына қуат беріп тұрғандай күй кешер ме едің, қайтер едің, уа, тіршілік иесі!..

Оның жанарынан жас сауласа да, үнін шығармады, қызынын, оянбағанын тіледі, ұлының қосыла еңірейтінінен қорықты.

Дәрменсіз күйде баласының басынан ақырын сипап қойды.

-  Апа су... су ішем...

"Бір тәуекел қажет... ойбай-ай, суы несі тағы...". - Су... су...

Бала кебірсіген еріндерін тілінің ұшымен қайта-қайта жалап, енді бірде қыңқылға басты. Аңқасы кепкен Бұлдіршін шыдамның шырқау шынына жеткендей екен, бұдан әрі сөзге де, алдартқан әңгімеге де құлақ асар болмады. Көзінің жасын көлдетті дейсің. Бала жанарынан ытқып шыққан жастың бірер түйір моншақтары ана алақанына домалап түсті.

Ана мелшиіп ұзақ отырды. Жылаған үн оның санасында әлденеше рет қайта жаңғырып, енді бірде түсініксіздеу күйге ауысып, сосын күрсініске ұласып, миына мыңсан ұшқын ба екен, сәуле ме екен шашырағандай...

Ызық-ызық, у-шу әлем бір сәт сілтідей тына қалып, бар данғаза тек қана оның ми қатпарына қоныстанып қалғандай.

Сілкініп алды. Кенет қатайды. Бойына әлдеқандай қуат келгендей қайрат пайда болғандай. Орнынан ытқып тұрды да, қызын шоқ жусанның өкпек желден ықтасындау жағындағы жыраға апарып жатқызды. Сонсоң басындағы жаулығын дереу сыпырып алды, бір шетін дар еткізіп жыртты да, жусанға байлады. Онысы - қайта оралғанда тез тауып алудың айласы еді. Сонсоң сәл саябырлады. Еміс-еміс есінде. Осы жолдың оң қапталындағы қия бұрылыста ескі жұрт болушы еді, ілгеріректе атағы жер жарған бір бай қыстаған екен. Бір жолы Қараман екеуі төркініне бара жатқанда, жолай соғып, ескі құдықтан су ішкен, аздап кермек дәмі бар­ды. Оңға да бұрылды, сол қапталды да бетке ұстады, еске түсірді.

"Иә, алла, тез табыла көр..."

Қаншайым ұлын арқасына салып алып, әуелі адымдады да, бара-бара қадамын ұзарта түсті. Енді бірде су іздеген ол жорға жүріске түсті.

Ол сол жүргеннен ұзақ жүрді, әудем жерді шарлады. Онға да бұрылды, сол қапталды да бетке ұстады. Қияға да беттеді, еңіске де құлдилады. Әйтеуір оңайлықпен құдық суынан күдер үзе қоймады. Онсыз да дегбірін алып, қышқылы күшейе түскен бала оған тоқтап ойлануға мұрсат бермеді. Жылай-жылай даусы қарлығып, бір уақытта сап тиыла қалып еді, қараса қалғып кеткен екен. Екі көзі қып-қызыл болып ісіпті. Ал, еріндері шілденің аптап ыстығында алаңсыз су көрмей, қақ-қақ айрылған үлкен арықтың табаны секілденіп, қабыршақ-қабыршақ болып ырсиып түр. Ана жүрек езіліп кетті. Алақанына үш рет түкіріп барып, әзер дегенде ылғал баланын, ерніне жақты. Сөйтсе, өзі де шөлден қаталай бастапты, тамағы қурап қалғанын аңғармапты. Есіне қызы - Гүлжаны түсті. Көзінің алды буалдыр тартып, елес-бейнелер бірсін-бірсін көбейіп,  олар қызды келемеж етіп, әр жақтан түрткілесе, енді бірде ғайыптан пайда бола қалған азулы жыртқыш нәрестеге төніп келе жатқандай үзік-үзік суреттер... тұрып алсын. Сонда аңғарды, құдық іздеймін деп жүріп, қызынан талай жерге ұзап кетіпті.

"Не жаманшылық болса да бірге көрейік, қызыма тезірек жетейін" деп түйген Қаншайым қайтадан кері бұрылды да, май топырақты жолға түсіп алып, бөкен желіске басты...

Жусан тұр. Байланған өз орамалы тұр, бірақ Гүлжан жоқ. Елес пе деп, кезін қайта-қайта сүртіп қарайды, Тағы да сол көрініс, сол қалып. Қыз жоқ. Ішкі әлемі от қарығандай болып, шымырлап қоя берді. Дел-сал күйде теңселіп барып, оңды-солды шайқатылып тұрып, құлауға шақ қалды. Құлап түсіп, жер сабалап жылар ма еді, жусанды жұлып, қарш-қарш шайнар ма еді, қайтер еді, егер арқасында соңғы сүйеніші - ұлы алаңсыз ұйықтап жатпаса...

Тас болып түйілді. Жыламады. Өзіне ерік бермей, еріксіз саулай жөнелген бірер тамшы ащы жасты елемеуге тырысты, "жыламауға тиіспін" деп қатайып алды.

Гүлжаны қалған аумақты үш рет айналып шықты, көзіне ешнәрсе ілінбеді. Анық жоғалғанына көңілі сенбесе де, көзі сенді. Сосынғы бір сәтте іштей күбірлей бастады: "Әзірге қош бола тұр, балапаным, көрер жарығың болса, күн сатып, қас қарайғанша қайта оралармыз, тірі болсаң табармыз осы арадан..."

Ана қара жолға түсіп алып, бөкен желіспен таудағы ауылға қарай асыға зытып бара жатты. Оқта-текте жүгіріп-жүгіріп те алады. Тәуекел дүниесіне кеме салған Қаншайым дәл қазір өзге дүниені алаңсыз естен шығарып еді. Қарны ашқаны, шөлдегені бір демде естен шығып, тіршілік тәлкегімен бетпе-бет келген Ана бірте-бірте қанаттанып, қара жермен емес, ауада қалқып келе жатқандай күй кешті.

Екі қыр асқан соң-ақ, құлағына әлдеқайдан ызыңдап, бір әуен жетті. Мұң ба, зар ма - ол қандай әуен, оны тоқтап тыңдар қауқар қалған жоқты. Ана ауылға асықты, соған жылдам жетуге асықты. Құлақ түбінде шыңылдап тұрып алған, ызыңдап тұрып алған сәби үніне көңіл еркін беріп, үгітілмеуге тырысты...

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға