Жаңалықтар

ІІ БӨЛІМ

Арада алты ай өткенде Елтаныстың қызметi жоғарылады. Алматыдағы бiр министрлiкке бөлiм бастығы болып бекiтiлдi. Министрлiктiң жұмысы ауыр-ақ. Ерте келiп, кеш қайтады. Күнұзақ қағаздан бас көтере алмайды. Сондай күндердiң бiрiнде алдындағы қызыл телефон шырылдаған. Көтердi. "Әлө"  дедi. Ал, арғы жағынан үнi нәп-нәзiк бiр келiншек: - Маған Елтаныс Естайұлы керек едi, - деп сұраған. - Мен. Тыңдап тұрмын. Әйелдiң дыбысы шықпай қалды. - Әлө, Елтаныс тыңдап тұр сiздi. Әлө! - Шынымен... Елтаныссыз ба? - деп, әлден уақытта әзер жауап қайтарды арғы жағынан. - Иә, Елтаныспын. Кешiрерсiз, өзiңiз кiмсiз?.. - Жайдаркүл деген қарындасыңызбын. өмытып қалған боларсыз... - Жайдаркүл!.. - Елтаныс ойланып қалды. Таныс есiм. Бiрақ, қашан, қайда көрдi. Қапелiмде есiне түсе қойса кәнiки. Сонда да сыр бергiсi келмей: - Әрине, таныдым, - дедi. - өмытыңқырап қалыпсыз. Дауысыңыздан сезiп тұрмын. Сенiмсiздеу сөйлейсiз, - дедi арғы жағындағы келiншек. - ҚазПИ, екiншi жатақхана, 43 бөлме... Елтаныстың жүрегi аузына тығылғандай болды. Сол. Сол екен ғой. Баяғы Жайдаркүл... Елiктiң лағындай ерке қыз... Өлең жазатын ақын қыз... Құрбым, сен де кел, таныс, Бұның аты - Елтаныс... Ол осылай деушi едi. Өстiп өлеңдететiн. Еркелейтiн бұған. Жансұлумен аралары суысып кеткен соң, осы Жайдаркүлдi тапты емес пе. Қайран, Жайдаркүл... Сенiң де сыңғырлаған үнiңдi еститiн күн бар екен-ау... - Қайдан телефон соғып тұрсың? Қолың бос болса кездеспеймiз бе?.. - Бiлмеймiн. Сiз бiздi ендi менсiнбейтiн шығарсыз, - деп, қылымси  күлдi келiншек. - Үлкен министрлiкте iстейсiз. - Әзiлдi қой. Шаруаға көшелiк те. - Кездесуге уақыт бола қойса... Екi-үш күнге iссапарға келiп едiм. Солтүстiк жаққа кетiп едiм ғой. Сол жақта тұрмысқа шығып, балалы-шағалы болдық дегендей... - Тап қазiр қай жерден телефон соғып тұрсың?.. - Бiлiм министрлiгiнiң жатақханасынан. Бiрақ, уақытым тығыз. Ертең ертемен елге ұшамын. Жәй, осында екенiңдi бiлiп, ең болмаса дауысыңды естiгiм келгенi... - Жо-жоқ, болмайды. Ең болмаса жүзiмiздi көрелiк. Сағат алтыдан жиырма минөт өткенде «Есiк» мейрамханасының алдында күтейiн. Келесiң бе? - Қайдам-м... - Қайдам емес, уәдеңдi бер. - Жарайды... Елтаныс кешкiсiн Жайдаркүлдi тағатсыздана күттi. Ол қашан келгенше дегбiрi қашып, тыпыршумен болды. Кенет... анадай жерден баяғы өзiнiң Жайдаркүлi жалт ете қалғаны. Қарасаң көз тоймайтын нағыз сұлу келiншекке айналыпты. Аздап қана толысқаны болмаса, денесi тiп-тiк, осы тұрысында отыз жасқа әзер қиғандайсың. Елтаныс қолын ұсынып жатып, оның бетiнен сүймекке ниет қылып едi, келiншек тартыншақтады. Сосын бұл да дереу бойын жиып алды. "Аңқасы кепкен еркектей, мұным не? "  деп ойлады iшiнен. Екеуi мейрамхананың түкпiрiндегi оңаша үстелге отырды. Өткен күндерден әңгiме қозғалды. Сөзiнен, қимыл-қозғалысынан сезiлiп тұрды, Жайдаркүл бұны әлi күнге қимайтындай. - Екеумiздiң болмашы нәрседен арамыз ажырап кеттi, ә? - деп жiгiт әңгiме тақырыбын өткен жылдарға ойыстырған. - Бәрi менен болды. - Жоқ, оған кiнәлi өзiммiн, - дедi келiншек. - Қызғаншақ мiнезiмнен. Сол жолғы ақымақшылығымды осы күнге дейiн кешiре алмаймын. Бiр өсекшi құрбым сенi паркте басқа қызбен қолтықтасып бара жатқанын көрдiм дедi. Соның ақ-қарасына жетпестен, шарт сындым. Ол есiңде ме?.. - Емiс-емiс... Одан берi де қаншама жылдар өттi... - Иә... уақыт деген заулап барады... Ең болмаса бүгiн көзiмдi жеткiзейiн. Басқа бiреумен паркте қыдырғаның рас па, айтшы?! - Ол ендi... есте де қалмапты. Кiм бiледi, курстас қыздар болуы да ықтимал... - Жоқ, ең бастысы сол кезде менен өзге қызға көңiлiң аумады ма?! - О не сөзiң! Менi кiм деп отырсың? Келiншек төмен қарап үнсiз қалды. Жүзiне ризалық сезiм пайда болғандай. "Әлi күнге дейiн iшкi құштар сезiмiн сақтай алыпты-ау"  деп ойлады жiгiт. "Шын махаббат неткен құдiреттi! Әсiресе, әйелдiң махаббаты деген... түпсiз тұңғиық қой... Оның түбiне жету еш мүмкiн емес..." Елтаныс пен келiншек мейрамханадан шыққан соң да, ажыраса алмай, көшеде ұзақ қыдырды. - Балаларың нешеу? - деп сұрады сөз арасында Жайдаркүл. - Үшеу ғой... - Жарайсың, мықты әке екенсiң. Бiз екеуден асыра алмадық. Сол түнi Алматыға қар жауды. Бұлар қарды да елейтiн емес. Түн ортасына таман келiншек бойы тоңазығанын айтып, кетуге ыңғайланды. Биiк үйдiң түбiне келгенде екеуi де тоқтады. Осы сәтте Жайдаркүл өзiнше батылданып, Елтанысты өзiне қарай тарта түстi де, бетiнен өбiп алды. Сөйттi де: - Қашанда бақытты болуыңа тiлектеспiн, - дедi. Сосын ақырын басып кетiп бара жатты. өзай бере, қайта бұрылып: - Саған деген сезiмiм сол баяғы қалпында, Елтаныс! - дедi... Елтаныс тұрған орнында қаққан қазықтай қалшиды да қалды. Жүрегiн әлдене тiлгiлеп өтiп жатқандай. Баяғы кез, баяғы жалаң аяқ жас кез есiне түстi. Сол уақытта айтылмай қалған жүрек лебiзiн ендi естiдi. "Жайдаркүлiм!.. Сенi мен де сүйетiн едiм. Қайтейiн бiрақ... Бәрi өттi де кеттi ғой. Өмiр деген осылай..." Өстiп iшiнен күбiрлеп алып, аяңдай берген. Жол үстiнде Жансұлуды есiне түсiрдi. Қалай өзгерiп кеткен, ә! Тiптi кiсi танымастай өзгерген. Жайдаркүл ше!.. Сол қалпы... Сол пәк қалпы... Әлi күнге сүйедi екен. Махаббат шiркiн... Иә, шын махаббат мәңгiлiк деген рас болар тегi... Рас екен ғой... Бiз екен ғой сенбей жүргенң... Адымдай түстi де, кенет жүрегi қайтадан су-у ете қалғаны. Баяғыда Жайдаркүлдi әлденеше рет алдап едi. Сол "пысықтығының"  арқасында ақыры аралары суысып тынып едi...  Жаңа... арада жиырма жыл өткенде тағы да жалған сөз айтты оның алдында. Паркте қыдырған қызды неге ұмыта қойсын. О, шiркiн де  жүзiктiң көзiнен өткендей сұлу болатын. Шоқ тастап едi бұның жүрегiне... Сол сұлулыққа арбалып, әлденеше рет айлы түн астында сырласқаны ше!.. Бiр жүректi қайда қиярын бiлмей қиналған кездерi ше!.. Тағы да... Жайдаркүлдiң алдында шын сөйлей алмады. Ағынан жарылмады. Ол болса, сендi. Сенiммен қоштасты. Көңiлiнде кiр қалдырмады. Ал, бұл болса... "Неткен сорлы едiм! - деп қамықты ендi. - Махаббатты, шын сүйiспеншiлiктi қадiрлей бiлмейтiн нағыз маубас мен шығармын. Солай. Дәл солай!  Маубаспын!.. " Ол осы түнi  өзiн-өзi тұңғыш рет өлердей жек көрдi. Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы
19.11.2013 04:44 3408

Арада алты ай өткенде Елтаныстың қызметi жоғарылады. Алматыдағы бiр министрлiкке бөлiм бастығы болып бекiтiлдi. Министрлiктiң жұмысы ауыр-ақ. Ерте келiп, кеш қайтады. Күнұзақ қағаздан бас көтере алмайды.

Сондай күндердiң бiрiнде алдындағы қызыл телефон шырылдаған. Көтердi. "Әлө"  дедi. Ал, арғы жағынан үнi нәп-нәзiк бiр келiншек:

- Маған Елтаныс Естайұлы керек едi, - деп сұраған.

- Мен. Тыңдап тұрмын.

Әйелдiң дыбысы шықпай қалды.

- Әлө, Елтаныс тыңдап тұр сiздi. Әлө!

- Шынымен... Елтаныссыз ба? - деп, әлден уақытта әзер жауап қайтарды арғы жағынан.

- Иә, Елтаныспын. Кешiрерсiз, өзiңiз кiмсiз?..

- Жайдаркүл деген қарындасыңызбын. өмытып қалған боларсыз...

- Жайдаркүл!.. - Елтаныс ойланып қалды. Таныс есiм. Бiрақ, қашан, қайда көрдi. Қапелiмде есiне түсе қойса кәнiки. Сонда да сыр бергiсi келмей:

- Әрине, таныдым, - дедi.

- өмытыңқырап қалыпсыз. Дауысыңыздан сезiп тұрмын. Сенiмсiздеу сөйлейсiз, - дедi арғы жағындағы келiншек. - ҚазПИ, екiншi жатақхана, 43 бөлме...

Елтаныстың жүрегi аузына тығылғандай болды. Сол. Сол екен ғой. Баяғы Жайдаркүл... Елiктiң лағындай ерке қыз... Өлең жазатын ақын қыз...

Құрбым, сен де кел, таныс,

Бұның аты - Елтаныс...

Ол осылай деушi едi. Өстiп өлеңдететiн. Еркелейтiн бұған. Жансұлумен аралары суысып кеткен соң, осы Жайдаркүлдi тапты емес пе. Қайран, Жайдаркүл... Сенiң де сыңғырлаған үнiңдi еститiн күн бар екен-ау...

- Қайдан телефон соғып тұрсың? Қолың бос болса кездеспеймiз бе?..

- Бiлмеймiн. Сiз бiздi ендi менсiнбейтiн шығарсыз, - деп, қылымси  күлдi келiншек. - Үлкен министрлiкте iстейсiз.

- Әзiлдi қой. Шаруаға көшелiк те.

- Кездесуге уақыт бола қойса... Екi-үш күнге iссапарға келiп едiм. Солтүстiк жаққа кетiп едiм ғой. Сол жақта тұрмысқа шығып, балалы-шағалы болдық дегендей...

- Тап қазiр қай жерден телефон соғып тұрсың?..

- Бiлiм министрлiгiнiң жатақханасынан. Бiрақ, уақытым тығыз. Ертең ертемен елге ұшамын. Жәй, осында екенiңдi бiлiп, ең болмаса дауысыңды естiгiм келгенi...

- Жо-жоқ, болмайды. Ең болмаса жүзiмiздi көрелiк. Сағат алтыдан жиырма минөт өткенде «Есiк» мейрамханасының алдында күтейiн. Келесiң бе?

- Қайдам-м...

- Қайдам емес, уәдеңдi бер.

- Жарайды...

Елтаныс кешкiсiн Жайдаркүлдi тағатсыздана күттi. Ол қашан келгенше дегбiрi қашып, тыпыршумен болды.

Кенет... анадай жерден баяғы өзiнiң Жайдаркүлi жалт ете қалғаны. Қарасаң көз тоймайтын нағыз сұлу келiншекке айналыпты. Аздап қана толысқаны болмаса, денесi тiп-тiк, осы тұрысында отыз жасқа әзер қиғандайсың. Елтаныс қолын ұсынып жатып, оның бетiнен сүймекке ниет қылып едi, келiншек тартыншақтады. Сосын бұл да дереу бойын жиып алды. "Аңқасы кепкен еркектей, мұным не? "  деп ойлады iшiнен. Екеуi мейрамхананың түкпiрiндегi оңаша үстелге отырды. Өткен күндерден әңгiме қозғалды. Сөзiнен, қимыл-қозғалысынан сезiлiп тұрды, Жайдаркүл бұны әлi күнге қимайтындай.

- Екеумiздiң болмашы нәрседен арамыз ажырап кеттi, ә? - деп жiгiт әңгiме тақырыбын өткен жылдарға ойыстырған. - Бәрi менен болды.

- Жоқ, оған кiнәлi өзiммiн, - дедi келiншек. - Қызғаншақ мiнезiмнен. Сол жолғы ақымақшылығымды осы күнге дейiн кешiре алмаймын. Бiр өсекшi құрбым сенi паркте басқа қызбен қолтықтасып бара жатқанын көрдiм дедi. Соның ақ-қарасына жетпестен, шарт сындым. Ол есiңде ме?..

- Емiс-емiс... Одан берi де қаншама жылдар өттi...

- Иә... уақыт деген заулап барады... Ең болмаса бүгiн көзiмдi жеткiзейiн. Басқа бiреумен паркте қыдырғаның рас па, айтшы?!

- Ол ендi... есте де қалмапты. Кiм бiледi, курстас қыздар болуы да ықтимал...

- Жоқ, ең бастысы сол кезде менен өзге қызға көңiлiң аумады ма?!

- О не сөзiң! Менi кiм деп отырсың?

Келiншек төмен қарап үнсiз қалды. Жүзiне ризалық сезiм пайда болғандай. "Әлi күнге дейiн iшкi құштар сезiмiн сақтай алыпты-ау"  деп ойлады жiгiт. "Шын махаббат неткен құдiреттi! Әсiресе, әйелдiң махаббаты деген... түпсiз тұңғиық қой... Оның түбiне жету еш мүмкiн емес..."

Елтаныс пен келiншек мейрамханадан шыққан соң да, ажыраса алмай, көшеде ұзақ қыдырды.

- Балаларың нешеу? - деп сұрады сөз арасында Жайдаркүл.

- Үшеу ғой...

- Жарайсың, мықты әке екенсiң. Бiз екеуден асыра алмадық.

Сол түнi Алматыға қар жауды. Бұлар қарды да елейтiн емес. Түн ортасына таман келiншек бойы тоңазығанын айтып, кетуге ыңғайланды. Биiк үйдiң түбiне келгенде екеуi де тоқтады. Осы сәтте Жайдаркүл өзiнше батылданып, Елтанысты өзiне қарай тарта түстi де, бетiнен өбiп алды. Сөйттi де:

- Қашанда бақытты болуыңа тiлектеспiн, - дедi. Сосын ақырын басып кетiп бара жатты. өзай бере, қайта бұрылып:

- Саған деген сезiмiм сол баяғы қалпында, Елтаныс! - дедi...

Елтаныс тұрған орнында қаққан қазықтай қалшиды да қалды. Жүрегiн әлдене тiлгiлеп өтiп жатқандай. Баяғы кез, баяғы жалаң аяқ жас кез есiне түстi. Сол уақытта айтылмай қалған жүрек лебiзiн ендi естiдi.

"Жайдаркүлiм!.. Сенi мен де сүйетiн едiм. Қайтейiн бiрақ... Бәрi өттi де кеттi ғой. Өмiр деген осылай..."

Өстiп iшiнен күбiрлеп алып, аяңдай берген. Жол үстiнде Жансұлуды есiне түсiрдi. Қалай өзгерiп кеткен, ә! Тiптi кiсi танымастай өзгерген. Жайдаркүл ше!.. Сол қалпы... Сол пәк қалпы... Әлi күнге сүйедi екен. Махаббат шiркiн... Иә, шын махаббат мәңгiлiк деген рас болар тегi... Рас екен ғой... Бiз екен ғой сенбей жүргенң...

Адымдай түстi де, кенет жүрегi қайтадан су-у ете қалғаны. Баяғыда Жайдаркүлдi әлденеше рет алдап едi. Сол "пысықтығының"  арқасында ақыры аралары суысып тынып едi...  Жаңа... арада жиырма жыл өткенде тағы да жалған сөз айтты оның алдында. Паркте қыдырған қызды неге ұмыта қойсын. О, шiркiн де  жүзiктiң көзiнен өткендей сұлу болатын. Шоқ тастап едi бұның жүрегiне... Сол сұлулыққа арбалып, әлденеше рет айлы түн астында сырласқаны ше!.. Бiр жүректi қайда қиярын бiлмей қиналған кездерi ше!.. Тағы да... Жайдаркүлдiң алдында шын сөйлей алмады. Ағынан жарылмады. Ол болса, сендi. Сенiммен қоштасты. Көңiлiнде кiр қалдырмады. Ал, бұл болса...

"Неткен сорлы едiм! - деп қамықты ендi. - Махаббатты, шын сүйiспеншiлiктi қадiрлей бiлмейтiн нағыз маубас мен шығармын. Солай. Дәл солай!  Маубаспын!.. "

Ол осы түнi  өзiн-өзi тұңғыш рет өлердей жек көрдi.

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға