Жаңалықтар

І БӨЛІМ

      Осы күні кіммен сөйлессең де, қай тақырыпта сөйлессең де көп сөздің тоқ етер түйіні ылғи да дүниеге, ақшаға, байлыққа тіреле береді. Оны айтпайын-ақ деп отырып та қыза-қыза келе бәрібір соған ауысып, кім қалай өмір сүріп жатыр, кімде қандай марқалы  автомашина бар, кімде неше ќабатты коттедж бар - бәрі де тізбектеліп-термелене бастайтын. Бұны Жасхан өз өмірінде, әсіресе соңғы жылдары  күн сайын кездестіріп келе жатқаны рас. Сонда ойлайтын: "Әй, осы пендені пенде ететін де осы дүние, адамдықтан кенде ететін де осы дүние, әгәрки осы дүние әңгімесі бір күні түгесілер болса, пенде үлкен әріппен жазылатын Адам болып шыға келер ме еді..." Сосын ойлайтын: "Әй, шамасы пендені сол дүниесі құрғырдан бөліп алуға болмайтын-ақ шығар, өйткені пенде мен дүние - бір ұғым..." Жұмыстан, айтыс-тартыс, дау-дамайдан қолы қалт ете қалған кездерде ол әлдебір ой сарынына ере түсіп, осынау жарық жалғанда дүниеге, байлыққа қызықпаған да кісілер болды ма екен деп сыр саумалдайтын. Жауабы күңгірт. Есіне Ахмед Жасауи түсетін. Сопы ақын 63 жасқа келгенде жер астына түсіп, бұ дүниенің бар қызығын тәрк еткенін ойлайтын. Қылуетте жатып, шәкірт оқытып, хикметтер жазып күн кешкен Ахмед... Оның өзі де пайғамбар жасына жеткен кезде ойланған. Ал, оған дейін... "Е-е" деп ойлайтын ішінен. "Бұ жарық жалғанда шірік дүниеге, байлыққа көз тікпегендер болмаған шығар, болмайтын да шығар..." Бір күндері сүйгені жолығып, сөз байласып, үйленді. Отбасылы болды. Жас келіншегі өз көңілінен шығады-ақ. Сүйгені де, сенері де сол. Соған бар бейілін береді. Олар апалы-сіңлілі үш қыз екен. Соның ең үлкені -  үлкен қалада тұрады. Күйеуі ғалым дейді. Әйелінің апайы бұлар үйленгенде тойға келген, ал ғалым бажасын тойда көре алмаған. Бірақ, оның да сәті түсті. Арада біршама уақыт өткенде Жасханды зайыбымен қосып ғалым бажасы үйіне қонаққа шақырды. Зайыбы қуанып, тезірек сол күн болса екен деп, лыпылдап жүр. Жасхан бажасының мына кішіпейіл көңіліне іштей дән риза. Жас демей, елеп, қонаққа шақырып жатқанына көңілі қуанулы. "Әрине, - деп ойлайды ішінен, -  ақылды кісі болмаса қалада тұра ма, ғалым атана ма, ақыл-парасаты зор болған соң да..." Сөйтіп, шақырылған күн жақындағанда зайыбы екеуі дереу билет алып, поезға отырды. Қалаға, бажасының үйіне қыдыруға шықты. -  Жездем үлкен ғалым, оны жұмысында бәрі де сыйлайды, талай рет өз көзіммен көргем, -  деп, әйелі Балсұлу ылғи да айта беретін. -  Өзі сондай белгілі адам бола тұра тіптен қарапайым тұрады, үйінде көп дүние де жоқ. Тіпті сол дүние туралы айта бастасаң жақтырмай қалатыны да бар, -  дейтін Балсұлу. Осы сөздерді тыңдай жүріп, Жасхан да бажа бейнесін өзінше көз алдына әкелуге тырысатын. Бажа бейнесі... қандай болуы мүмкін? Оны бірде тым қатаң, көрінгенмен сөйлесе бермейтін, сөйлессе де қысқа жауаптасып, арғы ойын ішінде қалдырып отыратын тұйықтау жан ретінде елестетсе, енді бірде... оны өте ойшыл, ғылымға берілген, ақша-дүниеге тіптен қызықпайтын зиялы жан ретінде елестетуге тырысатын. Әйтеуір не керек, ішінен бажасын ертерек көруді де армандап қоятын. Енді, міне, соның сәті де түсті. Бажасы әйелі айтса айтқандай-ақ екен. Бұның талай күн ойланғаны, көз алдына өзінше елестеткені - бос, далбаса болды. Мына бажа тіпті басқа, бөлек бейне, бөлек адам. Тіпті... ойлағанынан он есе, уа тіпті жүз есе жоғары. Қанша ойланса да оның шын бейнесі бұның миына кірмепті де. Міне, жаратылыс... Бұлар келгелі құрақ ұшып, жағдай жасап, жылы қабақ танытып, Жасханды өзіне қарай әбден баурап та алды. -  Бажеке, көп мәселе мына екеумізде емес, ана екі қызда, -  деп бар бейіл - ықыласымен күледі. - Бажалардың бұл дүниеде тату болатыны - әйелдерінің ауызбіршілікте болуынан... -  Бұ дүниедегі ең үлкен байлық, - дейді сосын, -  ...адамның тату-тәтті өмір сүруі. Ол жоқ жерде шірік дүниеңнің құны көк тиын... -  Сосын ғой ана орыс жазушысы Толстойдың айтатыны, - деп тағы да бір ойға жетелейді, - "отбасында бақытты адам - ең бақытты адам" деп... Ептеп жүз грамм көретіні бар екен. Жасхан екеуі бірде көрсетіп, бірде жасырып тартып жүріп, оның да жоспарын орындап тастады. Қысқасы не керек, сол жолы Жасхан бажасы Беқасылды шын ұнатып қайтты. Өзі шынымен-ақ ғылымға берілген кісі. Дүние, ақша дегенге тіпті де қызықпайтынына таңданды. Үйі кәдімгі үй. Басы артық дүние де жоқ. Қымбат мебель, түрлі-түсті теледидар... сықап тұратын кейбір шенеуніктердің үйі сияқты емес. Бәрі де қарапайым. Әлде... айлығы тым аз ба? Неге-е!.. Ғалым көлденең табыс табамын,  дүние жиям десе, не тұрады. Алам десе алып, жиям десе жияды ғой. Тек... бұл өзінің дүниеге қызықпауынан. Жасхан осылай деп ой топшылады. "Шіркін-н!" деді ішінен. "Мына жер бетінде осындай, менің бажамдай кісілер көп болса ғой... Онда мына жарық дүние баяғыда-а жайнап-ақ кетер ме еді..."                                             * * * Жасхан Бекасыл бажасымен бұнан кейін де талай рет кездесті. Барлығында да оның ойы бір бағыттан - тазалық, адалдық бағытынан ауытқыған емес. -  Дүние - әзәзіл, ол қайтсе де адамды бұзады. Әсіресе, арам ақша ардың тазалығынан айырады. Осыдан сақ болғайсың... -  дейді. Ақыл айтқандай ғып емес, жәй әңгіме айтып отырғандай ғып айтады. Сонысы-ақ тартымды. Кәдімгі екеуара сөз, екеуара ой бөлісу сияқты... -  Тойымсыздық, ашкөздіктің екінші аты - дүниеқоңыздық... Дүниеқоңыз адам - қандай адам? Оны мен айтпасам да білесің, - деп тағы да бір түйіп қояды.. -  Артық дүние басқалардың бәсекелестігіне бастау болады... -  Көптен бөлектене бастасаң, көңіліңнен тыныш кетеді... Жасхан Беқасылмен жолығып, сөйлескен сайын үйіне едәуір жеңілейіп, тазарып оралғандай болатын. Өйткені оның адал көңілі, таза ниеті, шын сөзі Жасханды қанаттандырып жіберетін. "Барлық адам менің бажам Бекасылдай болса ғой..."
19.11.2013 04:40 2778

      Осы күні кіммен сөйлессең де, қай тақырыпта сөйлессең де көп сөздің тоқ етер түйіні ылғи да дүниеге, ақшаға, байлыққа тіреле береді. Оны айтпайын-ақ деп отырып та қыза-қыза келе бәрібір соған ауысып, кім қалай өмір сүріп жатыр, кімде қандай марқалы  автомашина бар, кімде неше ќабатты коттедж бар - бәрі де тізбектеліп-термелене бастайтын. Бұны Жасхан өз өмірінде, әсіресе соңғы жылдары  күн сайын кездестіріп келе жатқаны рас. Сонда ойлайтын: "Әй, осы пендені пенде ететін де осы дүние, адамдықтан кенде ететін де осы дүние, әгәрки осы дүние әңгімесі бір күні түгесілер болса, пенде үлкен әріппен жазылатын Адам болып шыға келер ме еді..." Сосын ойлайтын: "Әй, шамасы пендені сол дүниесі құрғырдан бөліп алуға болмайтын-ақ шығар, өйткені пенде мен дүние - бір ұғым..."

Жұмыстан, айтыс-тартыс, дау-дамайдан қолы қалт ете қалған кездерде ол әлдебір ой сарынына ере түсіп, осынау жарық жалғанда дүниеге, байлыққа қызықпаған да кісілер болды ма екен деп сыр саумалдайтын. Жауабы күңгірт. Есіне Ахмед Жасауи түсетін. Сопы ақын 63 жасқа келгенде жер астына түсіп, бұ дүниенің бар қызығын тәрк еткенін ойлайтын. Қылуетте жатып, шәкірт оқытып, хикметтер жазып күн кешкен Ахмед... Оның өзі де пайғамбар жасына жеткен кезде ойланған. Ал, оған дейін... "Е-е" деп ойлайтын ішінен. "Бұ жарық жалғанда шірік дүниеге, байлыққа көз тікпегендер болмаған шығар, болмайтын да шығар..."

Бір күндері сүйгені жолығып, сөз байласып, үйленді.

Отбасылы болды.

Жас келіншегі өз көңілінен шығады-ақ. Сүйгені де, сенері де сол. Соған бар бейілін береді. Олар апалы-сіңлілі үш қыз екен. Соның ең үлкені -  үлкен қалада тұрады. Күйеуі ғалым дейді. Әйелінің апайы бұлар үйленгенде тойға келген, ал ғалым бажасын тойда көре алмаған. Бірақ, оның да сәті түсті. Арада біршама уақыт өткенде Жасханды зайыбымен қосып ғалым бажасы үйіне қонаққа шақырды. Зайыбы қуанып, тезірек сол күн болса екен деп, лыпылдап жүр. Жасхан бажасының мына кішіпейіл көңіліне іштей дән риза. Жас демей, елеп, қонаққа шақырып жатқанына көңілі қуанулы. "Әрине, - деп ойлайды ішінен, -  ақылды кісі болмаса қалада тұра ма, ғалым атана ма, ақыл-парасаты зор болған соң да..."

Сөйтіп, шақырылған күн жақындағанда зайыбы екеуі дереу билет алып, поезға отырды. Қалаға, бажасының үйіне қыдыруға шықты.

-  Жездем үлкен ғалым, оны жұмысында бәрі де сыйлайды, талай рет өз көзіммен көргем, -  деп, әйелі Балсұлу ылғи да айта беретін.

-  Өзі сондай белгілі адам бола тұра тіптен қарапайым тұрады, үйінде көп дүние де жоқ. Тіпті сол дүние туралы айта бастасаң жақтырмай қалатыны да бар, -  дейтін Балсұлу.

Осы сөздерді тыңдай жүріп, Жасхан да бажа бейнесін өзінше көз алдына әкелуге тырысатын. Бажа бейнесі... қандай болуы мүмкін? Оны бірде тым қатаң, көрінгенмен сөйлесе бермейтін, сөйлессе де қысқа жауаптасып, арғы ойын ішінде қалдырып отыратын тұйықтау жан ретінде елестетсе, енді бірде... оны өте ойшыл, ғылымға берілген, ақша-дүниеге тіптен қызықпайтын зиялы жан ретінде елестетуге тырысатын. Әйтеуір не керек, ішінен бажасын ертерек көруді де армандап қоятын. Енді, міне, соның сәті де түсті.

Бажасы әйелі айтса айтқандай-ақ екен. Бұның талай күн ойланғаны, көз алдына өзінше елестеткені - бос, далбаса болды. Мына бажа тіпті басқа, бөлек бейне, бөлек адам. Тіпті... ойлағанынан он есе, уа тіпті жүз есе жоғары. Қанша ойланса да оның шын бейнесі бұның миына кірмепті де. Міне, жаратылыс...

Бұлар келгелі құрақ ұшып, жағдай жасап, жылы қабақ танытып, Жасханды өзіне қарай әбден баурап та алды.

-  Бажеке, көп мәселе мына екеумізде емес, ана екі қызда, -  деп бар бейіл - ықыласымен күледі. - Бажалардың бұл дүниеде тату болатыны - әйелдерінің ауызбіршілікте болуынан...

-  Бұ дүниедегі ең үлкен байлық, - дейді сосын, -  ...адамның тату-тәтті өмір сүруі. Ол жоқ жерде шірік дүниеңнің құны көк тиын...

-  Сосын ғой ана орыс жазушысы Толстойдың айтатыны, - деп тағы да бір ойға жетелейді, - "отбасында бақытты адам - ең бақытты адам" деп...

Ептеп жүз грамм көретіні бар екен. Жасхан екеуі бірде көрсетіп, бірде жасырып тартып жүріп, оның да жоспарын орындап тастады.

Қысқасы не керек, сол жолы Жасхан бажасы Беқасылды шын ұнатып қайтты. Өзі шынымен-ақ ғылымға берілген кісі. Дүние, ақша дегенге тіпті де қызықпайтынына таңданды. Үйі кәдімгі үй. Басы артық дүние де жоқ. Қымбат мебель, түрлі-түсті теледидар... сықап тұратын кейбір шенеуніктердің үйі сияқты емес. Бәрі де қарапайым. Әлде... айлығы тым аз ба? Неге-е!.. Ғалым көлденең табыс табамын,  дүние жиям десе, не тұрады. Алам десе алып, жиям десе жияды ғой. Тек... бұл өзінің дүниеге қызықпауынан. Жасхан осылай деп ой топшылады.

"Шіркін-н!" деді ішінен. "Мына жер бетінде осындай, менің бажамдай кісілер көп болса ғой... Онда мына жарық дүние баяғыда-а жайнап-ақ кетер ме еді..."

                                            * * *

Жасхан Бекасыл бажасымен бұнан кейін де талай рет кездесті. Барлығында да оның ойы бір бағыттан - тазалық, адалдық бағытынан ауытқыған емес.

-  Дүние - әзәзіл, ол қайтсе де адамды бұзады. Әсіресе, арам ақша ардың тазалығынан айырады. Осыдан сақ болғайсың... -  дейді. Ақыл айтқандай ғып емес, жәй әңгіме айтып отырғандай ғып айтады. Сонысы-ақ тартымды. Кәдімгі екеуара сөз, екеуара ой бөлісу сияқты...

-  Тойымсыздық, ашкөздіктің екінші аты - дүниеқоңыздық... Дүниеқоңыз адам - қандай адам? Оны мен айтпасам да білесің, - деп тағы да бір түйіп қояды..

-  Артық дүние басқалардың бәсекелестігіне бастау болады...

-  Көптен бөлектене бастасаң, көңіліңнен тыныш кетеді...

Жасхан Беқасылмен жолығып, сөйлескен сайын үйіне едәуір жеңілейіп, тазарып оралғандай болатын. Өйткені оның адал көңілі, таза ниеті, шын сөзі Жасханды қанаттандырып жіберетін.

"Барлық адам менің бажам Бекасылдай болса ғой..."

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға