Жаңалықтар

Сәби мен сұр жылан

- Сендер жыландар тірлігі жайлы аз білесіңдер ғой, - деп Қалекең тағы бірде қызық әңгіме бастаған. - Оларды ұру үшін, білу үшін табиғатқа өте жақын жүру керек. Ал, сендер болсаңдар жан-жануарлар, өсімдіктер әлемінен мүлде бейхабарсыңдар... Қарсы тұрып, дау айтар қауқарым болса да Қалабек ақсақалдың сөзін бөлгім келмеді. Егер арара бетен әңгіме араласып кетсе, әлгі бір қызық хикаядан қол үзіп қалам ба дегенім... - Халық аузында "Жыланның басына аққұйып қайтарар болар" деген сөз бар. Бұл тегіннен-тегін айтыла салмаған, қарағым. Оны өз көзіммен көрмесем, мен де сенбеген болар едім. Көрген соң айтамын да. Қалекең  әдеттегі қалпынша кішкене тыныстап алып, әрі қарай көсіле сейлеп кетті: - Соғыс кезі. Әлгі фәшист итіңнің  біздің жерге баса көктеп кіріп келетін соғысын айтамын. Елде тігерге тұяқ қалмаған дегендей, жұмысқа жарамды ер-азаматты түгел майданға жөнелткен. Қалғандары - кемпір-шал, қатын-қалаш, буыны бекімеген сәбилер... Мен де сол кезде қырықтың қырқасына шыққан едім. Жасым асып кетті ме, болмаса бір аяғымды сылтып басатыным сылтау болды ма - әйтеуір соғысқа алынбағам. Бәріміздің ойымыз да, тілегіміз де біреу-ақ тезірек ұрыс бітсе; ер-азаматтарымызыз елге оралса екен; жер бетінде тыныштық орнаса екен. Таңды ерте атырып, күнді кеш батырамыз. Күні бойы ауыл жанындағы егістік жерде жұмыс істейміз. Бидай ектік. Ол шіркіннің жұмысы таусылған ба. Ерте көктемнен қара күзге дейін сол бидайдың қас-қабағымен өмір сүреміз. Өйткені, аш-жалаңаш елдің бар сенгені де, үміті де сонда. Егістікте жүрген адамдардың бірлі-жарымы болмаса, басым көпшілігі жаулықтылар. Сопайып шыққан сүйкімсіз сұңғыладай болып, әр-әр жерден серең-серең етіп бой көрсетеміз. Тіпті, жараспайды-ақ екен. Қайтерсің бірақ... Бір күні мынадай қызық оқиғаға тап болдық. Күйеуі соғысқа аттанарда екіқабат болып, құрсақ көтерген Әпикүл деген келіншек бес-алты ай бұрын аман-есен босанғанды. Туды екен деп оны қолпаштап, бабын жасап отыратын күн қайда! Екі күн үйінде бол­ды, ал үшінші күні бригадир баласын арқасына таңдырып, егіске айдап шықты. Сол Әпикүл кішкене нәрестесін орылған бидай сабанынан төсек жасап, жанына ұйықтатып, қоятын. Өзі бидай орады. Ара-тұра келіп, емізіп кетеді. Бригадирдің қаталдығы соншалық, тым көп емізе бастаса, "енді мынауың жалқаулық" деп басына әңгіртаяқ ойнатады. Сақалы беліне түсетін Сүйірбек деген ақсақалымыз болушы еді. Өзінде көп қауқар болмаса да, басқаларға дем беріп, сөзімен жігерлендіріп жүретін. Сол кісі, әшейінде келіндеріне тіктеп қарамайтын еді, бүгін жаңағы Әпикүлдің  соңынан қуып келіп: - Келін шырағым, мына ыдысқа кішкене сүт сауып бере қойшы, - деп, темір қалбырды ұсынған. Әпикүл "бұл не, әзілі ме, болмаса мені мұқатқысы келгені ме" деп әуелгіде қызарақтап қалып еді, алайда ақсақалдың жүзіндегі әлденеге абыржулы кейіпті байқап, дереу өзін-өзі тежеген. Сосын анадай жерге барып, үйілген сабанды көлейгелеп, кеудесін ашып жіберді де, тырсиып тұрған емшекті қос қолдап қысып-қысып жібергенде, ақ сүт саулап кетті. Көбіміз мына көрініске таң-тамашамыз. Ауызы бейпілдеу кей қатындар: - Бетім-ау, мына қақпас алжиын деген екен, енді аштан елетіндей келінінің кеудесіндегі сәбидің несібесіне ортақтасқаны несі, әй? Көр де тұрыңдар, бұл сол сүтті әлі шәйға құйып ішеді, -  десіп, гу-гу өсек айтыса бастаған.  Сүйірбек олардың бір сөзін де елең қылмады. Қалбырды алды да, бағанағы кішкене сәби ұйықтап жатқан сабан төсекке беттеді. Бақсақ, нағыз сұмдық осында. Алаңсыз пыс-пыс етіп ұйқыны соққан бейкүнә баланың жалаңаш төсінде қарасұр жылан оратылып жатыр. Бағанағы бейпіл әңгіме, даңғаза өсек енді жайына қалды. Бәріміз де демімізді ішімізден аламыз. Қаттырақ дем шығарсақ бітті, жылан сәбиді шағып алатындай. Әпикүл мұны көріп, көкірегі қарс айырылып, тұра жүгірмекші болды. Оны әзер тоқтаттық. "Сабыр, сабыр" дейміз тіліміздің ұшымен ғана. Ендігі бар үмітіміз - Сүйірбек ақсақалда. Не дегенмен өмір көрген кісі ғой. Бір айласын қылар. Сүкең қалбырын ұстап, жыланның жанына барды. Сол сәтте жып-жылы сәби құшағында маужырап ұйықтап жатқан сұр жылан да басын кәтергендей болды. Енді атай қалбырды сәл бір шетіне қисайтып, әлгінің төбесіне ақ сүттен бір-екі рет тамызды. Жылан онан бетер мойнын соза түсті. Бұдан соң атай сүтті төменірек, жерге қарай тамшылата бастап еді, анау да денесін көтеріп, солай қарай икемделді. Сүкең бірер аттап, ілгері жүрді. Сүт сызаттап ағып келеді. Сұр жылан созыла түсіп оның артынан ерді. Ұп-ұзын айыр тілімен ақ сүттен жалағандай болады. Біз тегін кино кергендей таң-тамашамыз. Өстіп Сүкең жаңағы қара сұр жыланды сәбидің жанынан әудем жерге оп-оңай алып шықты. Осыған дейін бір өліп, бір тірілген анасы байғұс сәбиіне жетіп келіп, құшарына қысып алып, ағыл-тегіл жылады дейсің. Бір-екі қатын қолдарындағы айыр-күректерін көтеріп, жыланды мылжалап тастауға лап қойған. Атай оларды тез тоқтатып тастады. - Бұл жылан екеш жылан да адам сүтінен ауыз тиді ғой. Ана сүті - ең қасиетті нәрсе. Өлсе, өз ажалынан өлсін. Сендер қолдарыңды былғамай-ақ қойыңдар, қарақтарым! - деп, қарасұр жыланды үркітіп жіберіп еді, ол ирелеңдеп, әні-міні дегенше зым-зия болды. Сөйтіп, ақ сүттің арқасында сәби сұр жыланнан аман қалғаны бар, балам! Әні, "жыланның басына ақ құйып қайтарар болар" деген сөздің астары осында... Қалекең сөзін аяқтап, орнынан тұрды. Менің көз алдымнан әлгіндегі елес сурет кетер емес.
19.11.2013 04:37 7424

- Сендер жыландар тірлігі жайлы аз білесіңдер ғой, - деп Қалекең тағы бірде қызық әңгіме бастаған. - Оларды ұру үшін, білу үшін табиғатқа өте жақын жүру керек. Ал, сендер болсаңдар жан-жануарлар, өсімдіктер әлемінен мүлде бейхабарсыңдар...

Қарсы тұрып, дау айтар қауқарым болса да Қалабек ақсақалдың сөзін бөлгім келмеді. Егер арара бетен әңгіме араласып кетсе, әлгі бір қызық хикаядан қол үзіп қалам ба дегенім...

- Халық аузында "Жыланның басына аққұйып қайтарар болар" деген сөз бар. Бұл тегіннен-тегін айтыла салмаған, қарағым. Оны өз көзіммен көрмесем, мен де сенбеген болар едім. Көрген соң айтамын да.

Қалекең  әдеттегі қалпынша кішкене тыныстап алып, әрі қарай көсіле сейлеп кетті:

- Соғыс кезі. Әлгі фәшист итіңнің  біздің жерге баса көктеп кіріп келетін соғысын айтамын. Елде тігерге тұяқ қалмаған дегендей, жұмысқа жарамды ер-азаматты түгел майданға жөнелткен. Қалғандары - кемпір-шал, қатын-қалаш, буыны бекімеген сәбилер... Мен де сол кезде қырықтың қырқасына шыққан едім. Жасым асып кетті ме, болмаса бір аяғымды сылтып басатыным сылтау болды ма - әйтеуір соғысқа алынбағам.

Бәріміздің ойымыз да, тілегіміз де біреу-ақ тезірек ұрыс бітсе; ер-азаматтарымызыз елге оралса екен; жер бетінде тыныштық орнаса екен.

Таңды ерте атырып, күнді кеш батырамыз. Күні бойы ауыл жанындағы егістік жерде жұмыс істейміз. Бидай ектік. Ол шіркіннің жұмысы таусылған ба. Ерте көктемнен қара күзге дейін сол бидайдың қас-қабағымен өмір сүреміз. Өйткені, аш-жалаңаш елдің бар сенгені де, үміті де сонда.

Егістікте жүрген адамдардың бірлі-жарымы болмаса, басым көпшілігі жаулықтылар. Сопайып шыққан сүйкімсіз сұңғыладай болып, әр-әр жерден серең-серең етіп бой көрсетеміз. Тіпті, жараспайды-ақ екен. Қайтерсің бірақ... Бір күні мынадай қызық оқиғаға тап болдық.

Күйеуі соғысқа аттанарда екіқабат болып, құрсақ көтерген Әпикүл деген келіншек бес-алты ай бұрын аман-есен босанғанды. Туды екен деп оны қолпаштап, бабын жасап отыратын күн қайда! Екі күн үйінде бол­ды, ал үшінші күні бригадир баласын арқасына таңдырып, егіске айдап шықты.

Сол Әпикүл кішкене нәрестесін орылған бидай сабанынан төсек жасап, жанына ұйықтатып, қоятын. Өзі бидай орады. Ара-тұра келіп, емізіп кетеді.

Бригадирдің қаталдығы соншалық, тым көп емізе бастаса, "енді мынауың жалқаулық" деп басына әңгіртаяқ ойнатады.

Сақалы беліне түсетін Сүйірбек деген ақсақалымыз болушы еді. Өзінде көп қауқар болмаса да, басқаларға дем беріп, сөзімен жігерлендіріп жүретін.

Сол кісі, әшейінде келіндеріне тіктеп қарамайтын еді, бүгін жаңағы Әпикүлдің  соңынан қуып келіп:

- Келін шырағым, мына ыдысқа кішкене сүт сауып бере қойшы, - деп, темір қалбырды ұсынған. Әпикүл "бұл не, әзілі ме, болмаса мені мұқатқысы келгені ме" деп әуелгіде қызарақтап қалып еді, алайда ақсақалдың жүзіндегі әлденеге абыржулы кейіпті байқап, дереу өзін-өзі тежеген. Сосын анадай жерге барып, үйілген сабанды көлейгелеп, кеудесін ашып жіберді де, тырсиып тұрған емшекті қос қолдап қысып-қысып жібергенде, ақ сүт саулап кетті. Көбіміз мына көрініске таң-тамашамыз. Ауызы бейпілдеу кей қатындар:

- Бетім-ау, мына қақпас алжиын деген екен, енді аштан елетіндей келінінің кеудесіндегі сәбидің несібесіне ортақтасқаны несі, әй? Көр де тұрыңдар, бұл сол сүтті әлі шәйға құйып ішеді, -  десіп, гу-гу өсек айтыса бастаған.

 Сүйірбек олардың бір сөзін де елең қылмады. Қалбырды алды да, бағанағы кішкене сәби ұйықтап жатқан сабан төсекке беттеді.

Бақсақ, нағыз сұмдық осында. Алаңсыз пыс-пыс етіп ұйқыны соққан бейкүнә баланың жалаңаш төсінде қарасұр жылан оратылып жатыр. Бағанағы бейпіл әңгіме, даңғаза өсек енді жайына қалды. Бәріміз де демімізді ішімізден аламыз. Қаттырақ дем шығарсақ бітті, жылан сәбиді шағып алатындай.

Әпикүл мұны көріп, көкірегі қарс айырылып, тұра жүгірмекші болды. Оны әзер тоқтаттық. "Сабыр, сабыр" дейміз тіліміздің ұшымен ғана. Ендігі бар үмітіміз - Сүйірбек ақсақалда. Не дегенмен өмір көрген кісі ғой. Бір айласын қылар.

Сүкең қалбырын ұстап, жыланның жанына барды. Сол сәтте жып-жылы сәби құшағында маужырап ұйықтап жатқан сұр жылан да басын кәтергендей болды. Енді атай қалбырды сәл бір шетіне қисайтып, әлгінің төбесіне ақ сүттен бір-екі рет тамызды. Жылан онан бетер мойнын соза түсті. Бұдан соң атай сүтті төменірек, жерге қарай тамшылата бастап еді, анау да денесін көтеріп, солай қарай икемделді. Сүкең бірер аттап, ілгері жүрді. Сүт сызаттап ағып келеді. Сұр жылан созыла түсіп оның артынан ерді. Ұп-ұзын айыр тілімен ақ сүттен жалағандай болады.

Біз тегін кино кергендей таң-тамашамыз. Өстіп Сүкең жаңағы қара сұр жыланды сәбидің жанынан әудем жерге оп-оңай алып шықты. Осыған дейін бір өліп, бір тірілген анасы байғұс сәбиіне жетіп келіп, құшарына қысып алып, ағыл-тегіл жылады дейсің.

Бір-екі қатын қолдарындағы айыр-күректерін көтеріп, жыланды мылжалап тастауға лап қойған. Атай оларды тез тоқтатып тастады.

- Бұл жылан екеш жылан да адам сүтінен ауыз тиді ғой. Ана сүті - ең қасиетті нәрсе. Өлсе, өз ажалынан өлсін. Сендер қолдарыңды былғамай-ақ қойыңдар, қарақтарым! - деп, қарасұр жыланды үркітіп жіберіп еді, ол ирелеңдеп, әні-міні дегенше зым-зия болды.

Сөйтіп, ақ сүттің арқасында сәби сұр жыланнан аман қалғаны бар, балам! Әні, "жыланның басына ақ құйып қайтарар болар" деген сөздің астары осында...

Қалекең сөзін аяқтап, орнынан тұрды.

Менің көз алдымнан әлгіндегі елес сурет кетер емес.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға