Жаңалықтар

Жүрекпен ойнауға болмайды

Қабылтай ата-әңгіме айтудан жалықпайтын кісі. Тек тыңдайтын құлақ керек. - Бүгінгінің жастары әңгіме тындауды да қойды, - деп кей-кейде ренжи тіл қатады.- "Алпыстан асқаннан ақыл сұра" деп кеткен аталарымыз. Үлкенді тыңдап өскен, үлкеннің айтқанына құлақ қойып өскен ұл есті азамат болады. Ол әсіресе аңшының өмірі жайлы сөз бастаса бітті, ерекше әсерленіп, бойын сергек ұстап, ұшар құстай қомданып алады. Қайсыбір қызық хикаяны бастар алдында әжімді маңдайын күректей алақанымен ақырын сипалап қойып, кеңкілдеп күліп алатынды. Қазір де солай етті. - О, бәлекет, Шитұмсық-ай! - деді, әлдекімді есіне алып. "Шитұмсығы кім екен" деп ойладым. - Е, бала, мен саған қызық бір жәйтті айтып берейін, -  деді, сонан кейін маған мойын бұрып. - Бұл өзі шынында да кісі таң қаларлық оқиға болды. Кейін көрші-қолаң көпке дейін еске алысып, Шитұмсық құрдасымды мазақ етісетін Ал ол болса көз аларта қарап, "бәрін Бұлдірген сенсің ғой" деп, атарға оғы болмай жүрді... Иә, әлгі Шитұмсық деп отырғаным, құрдас болған соң менің қойған атым ғой, осы қазіргі мектеп күзетшісінін, әкесі - Таңатар еді. О-о, Таңатар марқұм осы аймаққа аты шыкқан белгілі аңшы болатын. Жүйрік жорға аты, бабы келіскен бүркіті, сонсоң үлкендігі кішігірім баспақтай қасқыр алатын иті барды. Қасқыр ала ма, жоқ па - оны көрген ешкім жоқ, бірақ ірі болған соң елдің бәрі соған сенетін. О, мұрныңа болайын, Шитұмсық, жер хабарламағыр құрдасым, мақтанғанда жарылып кете жаздайтын. Жаңағы баспақтай итіне Бөрібасар деп ат қойыпты. Сол бір кезде екеуміз де қолхоздың қойын бағып жүрдік. Ертеңгісін өріске мал айдап шығады да мені көре салысымен: - Е-е, құрдас, біздің Бөрібасардың бүгінгі бір қылығын айтайын, - деп, көбік сөзді көпірте жөнеледі. Бұл асыл тұқымды ит дейді. Анау-мынау тамақты ішпейді дейді. Әттең  қасқырға қосудың реті келмей жүр, әйтпесе кез-келген көкжалыңды бір-ақ тістеп, астына басьгп алар еді. Бұл аймақта бұған тең келер тұқым бар ма өзі?!  - Ондай тұқым қайдан болсын!...  - Жоқ, менің мұны қайдан тапқанымды білесің бе? Оның өзі бір қызық хиқая. Күшік кезінде күлге аунап жатқан жерінен алып келіп асырадым ғой. Көрмейсің бе, текті иттер де кейде осылай көшеде сандалып жүре береді. - Сен күшік кезінен танығансың ғой?... - Енді қалай! Дөп бастым. Құлағы тікірейіп тұр екен. Желкесінен көтерсем, еш қыңсыламады-ау, қыңсыламады. Біздің үйдегі кұрдасың бар ғой, әуелгіде "бұралқы иттің тұқымы шығар, қайтесің әуреге түсіп" деп біраз қиғылық салды. Келіспедім, қасарысып тұрып алдым. Мен иттің тұқымын танитын болсам, осы текті тұқым дедім. Ақыры айтқаным келмеді ме, қарашы!.. Сол маңда біркатар қойшылар отыратынбыз. Кейінірек бірлі-жарым қозыларды тартып кетіп жүрген бір қасқыр туралы сөз бола бастады. Менің отарыма келген емес. Арада бір апта өткен еді, бір жолы Әлмәмбет деген қойшы жаңағы мазаны алған қасқырдың терісін өзгеріп маған жетіп келгені.  - Атаңа нәлет, кеше түнде қойға шапты, тура мылтықтың ұшына іліге қалмасы бар ма, - деп екі езуі екі құлағына жетіп, ырқ-ырқ күлді. -  Басып салып едім, серең ете қалды.           Терісін сипап көрсем, нағыз арланның өзі екен.    Құрдастардың әзілі қалған ба! Маған сол сәтте бір ой сап ете қалғаны.           - Әй, Әлмәмбет! - дедім оған. - Қазір шайланып алып, екеуміз әлгі Шитұмсықтың үйіне соғайық. Оның көкжал алатын итін сынап көрелік. Әлмәмбет келісе кетті. Екеуміз сәлден соң атқа қондық. Біз Шитұмсықтың отарына желе жортып келсек, қойлары ауылдың жанында жусап жатыр екен. Құрдасым жарқылдай күліп, алдымыздан шықты. - Уай, жол болсын! Жайшылық па, әйтеуір?.. - Әлей болсын! Саған келе жатырмыз, - деп аттан түсе бердік. Осы кезде Әлмәмбеттің бөктеріндегі көкжалдың елтірісін көре салып, Шитұмсық аңтарылып қалды. - Пәлі, мынаны қайдан соғып алғансыңдар. Не мылтықтарың, не иттерің жоқ сондарыңда. Мен ғой, ана Бөрібасарды пәлен жылдан бері баулып, әлі күнге бір рет қасқырға сала алмай келемін, - деп ол анадай жерде қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан "текті тұқымды итін" сұқ саусағымен нұсқады. Мен үн-түнсіз ерге қыстырылған теріні алдым да, ақырын басып Бөрібасардың  тұмсығының тұсына аларып, иісін сезеді-ау деген жерге ысырып қоя салдым, Сол-ақ  екен, Бөрібасар бір рет қозғалды да, кенет орнынан ұшып түрегеліп, зыта жөнелді. Алдындағы биік қорадан қалай ырғып кеткенін де сезбей қалдық. Бәріміз қарқылдап тұрып күлдік. Шитұмсык еріксіз жымиды. Бірақ біздің күлкіміз ұзаққа бармады. Қорадан ырғып кеткен төбеттін соңынан іздеп барсақ, міне, қызық! Өліп жатыр. Шитұмсық екі-үш рет "Бөрібасар! Бөрібасар!" деп түртіп көріп еді, қозғалмады. Шынымен-ақ.... өліп кетіпті... Шитұмсықтың көзіне жас үйіріліп қалды. Жылап жіберер ме еді, бізден ұялды-ау деймін. Қайран қалған біз мал дәрігерін шақырттық. Ол итті тексеріп көріп, ақыры "инфарк" деп диагноз қойды. Мәссаған! Көкжал қасқырдың иісінен зәресі ұшқаны соншалық, оның жүрегі жарылып кетіпті. Мал дәрігері құралдарын сөмкесіне салып жатып: -  Жүрекпен ойнауға болмайды, ол өте нәзік келеді,- деді. Дәл сол сәтте қай-қайсымыз да қамығып қалдық. Олай боларын кім білген!.. ...Әне, бала, жүрек деген сол! Онымен ойнау қауіпті. Қабылтай ата әңгімесін күліп бастап, өте ауыр аяқтады. Екеуміз де көпке дейін үндеген жоқпыз...
19.11.2013 04:34 3782

Қабылтай ата-әңгіме айтудан жалықпайтын кісі. Тек тыңдайтын құлақ керек.

- Бүгінгінің жастары әңгіме тындауды да қойды, - деп кей-кейде ренжи тіл қатады.- "Алпыстан асқаннан ақыл сұра" деп кеткен аталарымыз. Үлкенді тыңдап өскен, үлкеннің айтқанына құлақ қойып өскен ұл есті азамат болады.

Ол әсіресе аңшының өмірі жайлы сөз бастаса бітті, ерекше әсерленіп, бойын сергек ұстап, ұшар құстай қомданып алады. Қайсыбір қызық хикаяны бастар алдында әжімді маңдайын күректей алақанымен ақырын сипалап қойып, кеңкілдеп күліп алатынды.

Қазір де солай етті.

- О, бәлекет, Шитұмсық-ай! - деді, әлдекімді есіне алып. "Шитұмсығы кім екен" деп ойладым.

- Е, бала, мен саған қызық бір жәйтті айтып берейін, -  деді, сонан кейін маған мойын бұрып. - Бұл өзі шынында да кісі таң қаларлық оқиға болды. Кейін көрші-қолаң көпке дейін еске алысып, Шитұмсық құрдасымды мазақ етісетін Ал ол болса көз аларта қарап, "бәрін Бұлдірген сенсің ғой" деп, атарға оғы болмай жүрді...

Иә, әлгі Шитұмсық деп отырғаным, құрдас болған соң менің қойған атым ғой, осы қазіргі мектеп күзетшісінін, әкесі - Таңатар еді. О-о, Таңатар марқұм осы аймаққа аты шыкқан белгілі аңшы болатын. Жүйрік жорға аты, бабы келіскен бүркіті, сонсоң үлкендігі кішігірім баспақтай қасқыр алатын иті барды. Қасқыр ала ма, жоқ па - оны көрген ешкім жоқ, бірақ ірі болған соң елдің бәрі соған сенетін. О, мұрныңа болайын, Шитұмсық, жер хабарламағыр құрдасым, мақтанғанда жарылып кете жаздайтын. Жаңағы баспақтай итіне Бөрібасар деп ат қойыпты. Сол бір кезде екеуміз де қолхоздың қойын бағып жүрдік. Ертеңгісін өріске мал айдап шығады да мені көре салысымен:

- Е-е, құрдас, біздің Бөрібасардың бүгінгі бір қылығын айтайын, - деп, көбік сөзді көпірте жөнеледі. Бұл асыл тұқымды ит дейді. Анау-мынау тамақты ішпейді дейді. Әттең  қасқырға қосудың реті келмей жүр, әйтпесе кез-келген көкжалыңды бір-ақ тістеп, астына басьгп алар еді. Бұл аймақта бұған тең келер тұқым бар ма өзі?!

 - Ондай тұқым қайдан болсын!...

 - Жоқ, менің мұны қайдан тапқанымды білесің бе? Оның өзі бір қызық хиқая. Күшік кезінде күлге аунап жатқан жерінен алып келіп асырадым ғой. Көрмейсің бе, текті иттер де кейде осылай көшеде сандалып жүре береді.

- Сен күшік кезінен танығансың ғой?...

- Енді қалай! Дөп бастым. Құлағы тікірейіп тұр екен. Желкесінен көтерсем, еш қыңсыламады-ау, қыңсыламады. Біздің үйдегі кұрдасың бар ғой, әуелгіде "бұралқы иттің тұқымы шығар, қайтесің әуреге түсіп" деп біраз қиғылық салды. Келіспедім, қасарысып тұрып алдым. Мен иттің тұқымын танитын болсам, осы текті тұқым дедім. Ақыры айтқаным келмеді ме, қарашы!..

Сол маңда біркатар қойшылар отыратынбыз. Кейінірек бірлі-жарым қозыларды тартып кетіп жүрген бір қасқыр туралы сөз бола бастады. Менің отарыма келген емес. Арада бір апта өткен еді, бір жолы Әлмәмбет деген қойшы жаңағы мазаны алған қасқырдың терісін өзгеріп маған жетіп келгені.

 - Атаңа нәлет, кеше түнде қойға шапты, тура мылтықтың ұшына іліге қалмасы бар ма, - деп екі езуі екі құлағына жетіп, ырқ-ырқ күлді. -  Басып салып едім, серең ете қалды.           Терісін сипап көрсем, нағыз арланның өзі екен.    Құрдастардың әзілі қалған ба! Маған сол сәтте бір ой сап ете қалғаны.           - Әй, Әлмәмбет! - дедім оған. - Қазір шайланып алып, екеуміз әлгі Шитұмсықтың үйіне соғайық. Оның көкжал алатын итін сынап көрелік.

Әлмәмбет келісе кетті. Екеуміз сәлден соң атқа қондық.

Біз Шитұмсықтың отарына желе жортып келсек, қойлары ауылдың жанында жусап жатыр екен. Құрдасым жарқылдай күліп, алдымыздан шықты.

- Уай, жол болсын! Жайшылық па, әйтеуір?..

- Әлей болсын! Саған келе жатырмыз, - деп аттан түсе бердік. Осы кезде Әлмәмбеттің бөктеріндегі көкжалдың елтірісін көре салып, Шитұмсық аңтарылып қалды.

- Пәлі, мынаны қайдан соғып алғансыңдар. Не мылтықтарың, не иттерің жоқ сондарыңда. Мен ғой, ана Бөрібасарды пәлен жылдан бері баулып, әлі күнге бір рет қасқырға сала алмай келемін, - деп ол анадай жерде қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан "текті тұқымды итін" сұқ саусағымен нұсқады.

Мен үн-түнсіз ерге қыстырылған теріні алдым да, ақырын басып Бөрібасардың  тұмсығының тұсына аларып, иісін сезеді-ау деген жерге ысырып қоя салдым, Сол-ақ  екен, Бөрібасар бір рет қозғалды да, кенет орнынан ұшып түрегеліп, зыта жөнелді. Алдындағы биік қорадан қалай ырғып кеткенін де сезбей қалдық. Бәріміз қарқылдап тұрып күлдік. Шитұмсык еріксіз жымиды. Бірақ біздің күлкіміз ұзаққа бармады. Қорадан ырғып кеткен төбеттін соңынан іздеп барсақ, міне, қызық! Өліп жатыр. Шитұмсық екі-үш рет "Бөрібасар! Бөрібасар!" деп түртіп көріп еді, қозғалмады. Шынымен-ақ.... өліп кетіпті...

Шитұмсықтың көзіне жас үйіріліп қалды. Жылап жіберер ме еді, бізден ұялды-ау деймін.

Қайран қалған біз мал дәрігерін шақырттық. Ол итті тексеріп көріп, ақыры "инфарк" деп диагноз қойды.

Мәссаған! Көкжал қасқырдың иісінен зәресі ұшқаны соншалық, оның жүрегі жарылып кетіпті.

Мал дәрігері құралдарын сөмкесіне салып жатып:

-  Жүрекпен ойнауға болмайды, ол өте нәзік келеді,- деді.

Дәл сол сәтте қай-қайсымыз да қамығып қалдық. Олай боларын кім білген!..

...Әне, бала, жүрек деген сол! Онымен ойнау қауіпті.

Қабылтай ата әңгімесін күліп бастап, өте ауыр аяқтады. Екеуміз де көпке дейін үндеген жоқпыз...

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға