Жаңалықтар

Қатыгездік

Әдетте бұл ауылдағылар мінездері екі түрлі кісілер туралы сөз еткісі келсе, әңгімелерінің әу басын "Қалекең мен Әлекеңдей" деп бастар еді. Сол жұрт аузында жүрген Қалекең мен Әлекеңді бір жанұяның баласы десе кейбір тосын кісілер "япыр-ай, ә!" деп таңдай қағатын. Расында да, олар ағайынды, бір туған кісілер. Алайда, тағдыр екеуіне екі түрлі мінез  беріпті. Сәл еңкейінкіреп жүретін, екі кісі еркін сиярдай кен иықты, бет-жүзін әжім басқан, әйтсе де жүрісі тым ширақ Қалекең туралы сырын білмейтін сырт көз әр түрлі ойлауы мүмкін. Өзгесін қайдам, әйтеуір, "қос алақанын көкпар-салыммен тоздырған әйгілі шабондоз ба екен", не болмаса "қоян ұрып, құс атқан, қақпан құрып, түлкі-қарсақ ұстаған кәнігі аңшы ма екен" деген ой кімге де болса келері анық. Расында да солай өзі. Қалыбай ат құйрығын шарт түйіп ата кәсіп етіп, үлкен додаға түспесе де, қатарластарынан қалыспай, үзеңгі қағыстырғаны да, қақпанмен арқар ұстап, ауыл-үйді қарқ етпесе де, қоян-қарсағыңа есесін жібере қоймаған, аңшылық кәсіптен кәдімгідей хабары бар кісі. Сонын, үзілмей келе жатқан ізі болар, қазір де тауық пен үйрек мысық пен күшік асырап, солардың қас-кабағымен қуанып, солардың қас-қабағына қарап қиналуға құмар-ақ. Ал, Әлібай - Қалекеңе тіпті үйлеспейтін жан. Ол кісі аңшылық, көкпар-салым дегенді ұнатпайтыны былай тұрсын, тіпті атын да естігісі келмейді. Мысық, үйрек  тауығыңа онан бетер қырғи қабақ. Кей-кейде сауын сиырдың алдындағы астауға салынған жемге жабылып жатқан Қалекеңнің тауықтарын көріп, шықпырта қуып, артынша көпке дейін күңкілдеумен жүргені. Сондағысы: - Осы тауық деген пәлені құртса қайтеді. Сирақтарын серейтіп, сән көре ме екен? - дейді. Қалекеңнің мұрынның астынан міңгірлеп айтылған әңгімелермен шаруасы шамалы. Міне, бүгін де малсалды ерте жайғастырып болып, есіктін алдындағы жиде ағашқа қонақтаған тауықтарын түгендеуге келді. Екі қоразы бар: бірі - бала қораз, екіншісі- ата қораз. Сонсоң сегіз мекиен тауық. Көзбен санады, түгел қонақтаған екен. Ол енді кері бұрылып үйге беттеді. Сол мезет кезі есік алдындағы кір жаятын жіп керу үшін қадаған ағаштың ұшар басына ілінген темір қақпанға түсе кеткені. Шал сәл езу тартты. Есіне өткен қыстағы мәлінді қалай ұстағаны түсті. ...Сол күні көңіл-күйі болмай, жатуға ерте қамданды. Малды жайғастырып болысымен, тауықтар кіріп жатқан қос кетектің аузына екі диірмен тасты тұрғызып, сүйей салды. Дөңгелек ауыр тасты әлдене аша алады-ау деп ойласа бұйырмасын. Сөйтсе, ертеніне бір қызыққа тап болды. Бір кетектің аузы ашық. Ішіне үңіліп қарап еді, шашылған жүндер, тауықтың сирақтары мен қауырсындары көрінеді. Келген аңның  ізін еш нәрсеге ұқсата алмады. Мысықтың ізі дейін десе, оған келмейді, үлкенірек із. Ал түлкі, қарсаққа тағы ұқсамайды. Алақанына салып, мәпелеп отырған тауықтарының түр-түсіне дейін көкейінде сайрап тұрушы еді, енді ішкі дүниесі алай-дүлей болып кетті. Кешке байқаса, белгісіз мақұлық екеуін өлтіріп кетіпті. Қалғандарын қайта кіргізіп қамады да, аузын тағы да диірмен таспен бекітті. Сонан соң екі тауық желінген кетектің дәл аузына ескі қақпанды құрып тастады. Дәніккен қу бүгін тағы келері сөзсіз. Таңертең ерте тұрып, асыға басып жеткенде, есінен танып түсе жаздады. Аң тағы да келген, бірақ қақпан құрылған кетекті әрі-бері айналған да, екінші кетекке барып, диірмен тастың астынан қуыс жасап, тары да екі-үш тауықтың мойнын қиып, қызыл қанға бөктіріп кетіпті. Мойны қиылғанның ішінде үлкен ата қораз да бар. Қалекең өкінді дейсін, бір, не істерін білмей басын шайқай берді, шайқай берді. "...Бұл сонда нендей аң болды? Неткен қу! Әсте мәлін деген жабайы мысық болады деуші еді. Сол емес пе екен?.. Дәу де болса сол-ау!.. Бір кездерде небір айлалы түлкілерді қақпанмен-ақ ұстаушы ем, маған не көрінген десейші!?..." Күні бойы өкінумен, бас шайқаумен жүрді. Бар бітіргені - кепенің  қуысында біраз жылдан бері ұсталмай жатқан қасқыр қақпанды алып, соған киіз ойып салды. Бүгін кешке кетектің аузына құрмақшы. Ақылдасар кісі таппай, Әлібайға шет жағасын сездіріп еді, "Мәлін деген не пәле? Мысық шығар оның!.." - деді де қойды. Қалыбай да онан әрі үндеген жоқ. Кешкісін барлық тауықты бір жерге қамады да, қасқыр қақпан мен онан сәл кішілеуін қатарластырғыш құрып тастады. Сонан соң айналасындағы ізді түгел жасырып ақ ұлпа қармен бүркемелеп тастады. Көпке дейін көз іле алмады. Бір кезде кірпігі айқасып кеткен екен, таңсыз бере шошып оянып, басын көтерді. Қақпан есіне түсті де, дереу шапанын жамылып, аяғына керзі етігін қоңылтаяқ сұғып, тысқа шықты. "Бүгін қақпанға бір нәрсе түседі" деп мазасызданып жатып, ұйықтап кеткен Арабай да тысырды сезіп, көзін уқалаған күйі көкесінің соңынан ерген. Айтқанындай бүгін сәті түсіпті. Қасқыр қақпан орнында жоқ, әлдене сүйретіп әкеткен, ал кішкентай қақпанда дәу ала мысық мияулап жатыр. Арабай оны бас салып, тепкілемекші болған. - Қой, шырағым! Бұл бейшара қаңғып жүріп шоқ басқан мүсәпір ғой, - деп Қалекең ала мысықты қақпаннан босатып жіберді. Ала мысық "енді бұл жерді желкемнін, шұқыры көрсін", дегендей ақсаңдай басып, алды-артына қарамастан зытып бара жатты. - Жүр, бар қызық ана жақта, - деп Қалекең ұлын ертіп, ізге тісті. Мақұлык көпке ұзай алмапты, ауылдың сыртындағы қарғын су ағатын жыраға жетіп жығылыпты. Қасқыр қақпан оң жақ қолтықтан сығымдай ұстаған екен. Арабай жақындауға бата алмай тұр. - Несіне үрейленіп тұрсың, өліп қалыпты, - деді Қалекең оның жанына тақап келіп. Мәліннің үсті-басы қызыл ала қан. Ажалы қақпаннан емес, басқадан болғанға ұқсайды. Айнала шолып өтті, айтқандай осы тұста не көп, айқыш-ұйқыш із көп-ақ. Қария бір ауық ойланып тұрып қалды. - Көке, а, көке? Қақпан аяқты ауырта ма, ол содан өлді ме? - деді Арабай бәрін білгенше асығып. - Мәлін деген, естуімше, өте шымыр келеді, -  деді Қалекең. - Көрмеймісің қасқырға арналған қақпанды ауыртасымен осы жерге дейін сүйретіп әкеліпті. Мұның ажалы басқадан. Меніңше былай: күнде жас тауық етін әкеліп жүргенде, оны басқалары қуана қарсы алып жүрген; бүгін мынадай ап-ауыр пәлекетті сүйретіп жеткен соң, тірідей тастап кетуге қимай, алқымынан өткір тырнақтарымен бауыздауға мәжбүр болған. Әні, олар сондай, тас бауыр. Тұз тағысы балаларын кішкентайынан солай баулиды. Адамдардың тағы андардан айырмашылығы - бауырмалдылығында. Бір-бірін ешқашан далаға тастап кетпейтіндігінде... Бала осы сөздерді тындап тұрып, қанға бөгіп жатқан мәлінді аяп кетті. "Өз бауырын өздері қалай өлімге қияды екен? Бауыздауға асыққанша, неге темір шынжырды үзуге әрекет жасамаған, қалай да құтқаруға керек еді ғой... Әкесі, шешесі, болмаса, баласы жоқ па? Темір қақпанға түсіп, қиналып жатқанда, ешкімнің жаны ашымағаны қандай қиын!.." - Көке, енді қақпан құрмай-ақ қойшы, - деді Арабай, үйге қайтып келе жатып. Қалекең үндемеді. Бала жанын іштей ұқты. Қызыл қанға боялып жатқан жабайы жыртқыштың бейнесі көпке дейін есінен кетпейтінін ойына алып еді...  Содан бері қарай қара қақпанға қол тигізген емес... Аз-кем ой құшағына беріліп кеткен екен. Енді қайта серпіліп, үйге қарай қаттырақ жүрді. Шай ішуге де мұрсат берместен Әлібайдың Алматайы мен Нұрбайы, өзінің Арабайы ортаға алады. -  Біздің көкеміз ертек айта алмайды. Сіз айтып беріңізші, - дейді Алматай мен Нұрбай.  - Ертек айтшы, көке! - деп, Арабай қиылады. Қалекең әңгіменің тиегін арытады. Әңгімесі - көргені мен білгені, әркімдерден естігені. Бір кездерде барып, балалар шаршаған соң ғана, ба­сы жастыққа тиеді. ...Шалқалай жатып, "ертең аңға шығып, бой жазып қайтпасам болмас" деп, ішінен күбірлеп қойды...
19.11.2013 04:34 5996

Әдетте бұл ауылдағылар мінездері екі түрлі кісілер туралы сөз еткісі келсе, әңгімелерінің әу басын "Қалекең мен Әлекеңдей" деп бастар еді. Сол жұрт аузында жүрген Қалекең мен Әлекеңді бір жанұяның баласы десе кейбір тосын кісілер "япыр-ай, ә!" деп таңдай қағатын. Расында да, олар ағайынды, бір туған кісілер. Алайда, тағдыр екеуіне екі түрлі мінез  беріпті.

Сәл еңкейінкіреп жүретін, екі кісі еркін сиярдай кен иықты, бет-жүзін әжім басқан, әйтсе де жүрісі тым ширақ Қалекең туралы сырын білмейтін сырт көз әр түрлі ойлауы мүмкін. Өзгесін қайдам, әйтеуір, "қос алақанын көкпар-салыммен тоздырған әйгілі шабондоз ба екен", не болмаса "қоян ұрып, құс атқан, қақпан құрып, түлкі-қарсақ ұстаған кәнігі аңшы ма екен" деген ой кімге де болса келері анық.

Расында да солай өзі.

Қалыбай ат құйрығын шарт түйіп ата кәсіп етіп, үлкен додаға түспесе де, қатарластарынан қалыспай, үзеңгі қағыстырғаны да, қақпанмен арқар ұстап, ауыл-үйді қарқ етпесе де, қоян-қарсағыңа есесін жібере қоймаған, аңшылық кәсіптен кәдімгідей хабары бар кісі. Сонын, үзілмей келе жатқан ізі болар, қазір де тауық пен үйрек мысық пен күшік асырап, солардың қас-кабағымен қуанып, солардың қас-қабағына қарап қиналуға құмар-ақ.

Ал, Әлібай - Қалекеңе тіпті үйлеспейтін жан. Ол кісі аңшылық, көкпар-салым дегенді ұнатпайтыны былай тұрсын, тіпті атын да естігісі келмейді. Мысық, үйрек  тауығыңа онан бетер қырғи қабақ. Кей-кейде сауын сиырдың алдындағы астауға салынған жемге жабылып жатқан Қалекеңнің тауықтарын көріп, шықпырта қуып, артынша көпке дейін күңкілдеумен жүргені. Сондағысы:

- Осы тауық деген пәлені құртса қайтеді. Сирақтарын серейтіп, сән көре ме екен? - дейді.

Қалекеңнің мұрынның астынан міңгірлеп айтылған әңгімелермен шаруасы шамалы.

Міне, бүгін де малсалды ерте жайғастырып болып, есіктін алдындағы жиде ағашқа қонақтаған тауықтарын түгендеуге келді. Екі қоразы бар: бірі - бала қораз, екіншісі- ата қораз. Сонсоң сегіз мекиен тауық. Көзбен санады, түгел қонақтаған екен. Ол енді кері бұрылып үйге беттеді. Сол мезет кезі есік алдындағы кір жаятын жіп керу үшін қадаған ағаштың ұшар басына ілінген темір қақпанға түсе кеткені. Шал сәл езу тартты. Есіне өткен қыстағы мәлінді қалай ұстағаны түсті.

...Сол күні көңіл-күйі болмай, жатуға ерте қамданды. Малды жайғастырып болысымен, тауықтар кіріп жатқан қос кетектің аузына екі диірмен тасты тұрғызып, сүйей салды. Дөңгелек ауыр тасты әлдене аша алады-ау деп ойласа бұйырмасын. Сөйтсе, ертеніне бір қызыққа тап болды. Бір кетектің аузы ашық. Ішіне үңіліп қарап еді, шашылған жүндер, тауықтың сирақтары мен қауырсындары көрінеді.

Келген аңның  ізін еш нәрсеге ұқсата алмады. Мысықтың ізі дейін десе, оған келмейді, үлкенірек із. Ал түлкі, қарсаққа тағы ұқсамайды. Алақанына салып, мәпелеп отырған тауықтарының түр-түсіне дейін көкейінде сайрап тұрушы еді, енді ішкі дүниесі алай-дүлей болып кетті.

Кешке байқаса, белгісіз мақұлық екеуін өлтіріп кетіпті. Қалғандарын қайта кіргізіп қамады да, аузын тағы да диірмен таспен бекітті. Сонан соң екі тауық желінген кетектің дәл аузына ескі қақпанды құрып тастады. Дәніккен қу бүгін тағы келері сөзсіз. Таңертең ерте тұрып, асыға басып жеткенде, есінен танып түсе жаздады. Аң тағы да келген, бірақ қақпан құрылған кетекті әрі-бері айналған да, екінші кетекке барып, диірмен тастың астынан қуыс жасап, тары да екі-үш тауықтың мойнын қиып, қызыл қанға бөктіріп кетіпті. Мойны қиылғанның ішінде үлкен ата қораз да бар.

Қалекең өкінді дейсін, бір, не істерін білмей басын шайқай берді, шайқай берді.

"...Бұл сонда нендей аң болды? Неткен қу! Әсте мәлін деген жабайы мысық болады деуші еді. Сол емес пе екен?.. Дәу де болса сол-ау!.. Бір кездерде небір айлалы түлкілерді қақпанмен-ақ ұстаушы ем, маған не көрінген десейші!?..."

Күні бойы өкінумен, бас шайқаумен жүрді. Бар бітіргені - кепенің  қуысында біраз жылдан бері ұсталмай жатқан қасқыр қақпанды алып, соған киіз ойып салды. Бүгін кешке кетектің аузына құрмақшы.

Ақылдасар кісі таппай, Әлібайға шет жағасын сездіріп еді, "Мәлін деген не пәле? Мысық шығар оның!.." - деді де қойды. Қалыбай да онан әрі үндеген жоқ.

Кешкісін барлық тауықты бір жерге қамады да, қасқыр қақпан мен онан сәл кішілеуін қатарластырғыш құрып тастады. Сонан соң айналасындағы ізді түгел жасырып ақ ұлпа қармен бүркемелеп тастады. Көпке дейін көз іле алмады. Бір кезде кірпігі айқасып кеткен екен, таңсыз бере шошып оянып, басын көтерді. Қақпан есіне түсті де, дереу шапанын жамылып, аяғына керзі етігін қоңылтаяқ сұғып, тысқа шықты. "Бүгін қақпанға бір нәрсе түседі" деп мазасызданып жатып, ұйықтап кеткен Арабай да тысырды сезіп, көзін уқалаған күйі көкесінің соңынан ерген.

Айтқанындай бүгін сәті түсіпті. Қасқыр қақпан орнында жоқ, әлдене сүйретіп әкеткен, ал кішкентай қақпанда дәу ала мысық мияулап жатыр. Арабай оны бас салып, тепкілемекші болған.

- Қой, шырағым! Бұл бейшара қаңғып жүріп шоқ басқан мүсәпір ғой, - деп Қалекең ала мысықты қақпаннан босатып жіберді. Ала мысық "енді бұл жерді желкемнін, шұқыры көрсін", дегендей ақсаңдай басып, алды-артына қарамастан зытып бара жатты.

- Жүр, бар қызық ана жақта, - деп Қалекең ұлын ертіп, ізге тісті. Мақұлык көпке ұзай алмапты, ауылдың сыртындағы қарғын су ағатын жыраға жетіп жығылыпты. Қасқыр қақпан оң жақ қолтықтан сығымдай ұстаған екен. Арабай жақындауға бата алмай тұр.

- Несіне үрейленіп тұрсың, өліп қалыпты, - деді Қалекең оның жанына тақап келіп. Мәліннің үсті-басы қызыл ала қан. Ажалы қақпаннан емес, басқадан болғанға ұқсайды. Айнала шолып өтті, айтқандай осы тұста не көп, айқыш-ұйқыш із көп-ақ. Қария бір ауық ойланып тұрып қалды.

- Көке, а, көке? Қақпан аяқты ауырта ма, ол содан өлді ме? - деді Арабай бәрін білгенше асығып.

- Мәлін деген, естуімше, өте шымыр келеді, -  деді Қалекең. - Көрмеймісің қасқырға арналған қақпанды ауыртасымен осы жерге дейін сүйретіп әкеліпті. Мұның ажалы басқадан. Меніңше былай: күнде жас тауық етін әкеліп жүргенде, оны басқалары қуана қарсы алып жүрген; бүгін мынадай ап-ауыр пәлекетті сүйретіп жеткен соң, тірідей тастап кетуге қимай, алқымынан өткір тырнақтарымен бауыздауға мәжбүр болған. Әні, олар сондай, тас бауыр. Тұз тағысы балаларын кішкентайынан солай баулиды. Адамдардың тағы андардан айырмашылығы - бауырмалдылығында. Бір-бірін ешқашан далаға тастап кетпейтіндігінде...

Бала осы сөздерді тындап тұрып, қанға бөгіп жатқан мәлінді аяп кетті. "Өз бауырын өздері қалай өлімге қияды екен? Бауыздауға асыққанша, неге темір шынжырды үзуге әрекет жасамаған, қалай да құтқаруға керек еді ғой... Әкесі, шешесі, болмаса, баласы жоқ па? Темір қақпанға түсіп, қиналып жатқанда, ешкімнің жаны ашымағаны қандай қиын!.."

- Көке, енді қақпан құрмай-ақ қойшы, - деді Арабай, үйге қайтып келе жатып.

Қалекең үндемеді. Бала жанын іштей ұқты. Қызыл қанға боялып жатқан жабайы жыртқыштың бейнесі көпке дейін есінен кетпейтінін ойына алып еді...

 Содан бері қарай қара қақпанға қол тигізген емес...

Аз-кем ой құшағына беріліп кеткен екен. Енді қайта серпіліп, үйге қарай қаттырақ жүрді.

Шай ішуге де мұрсат берместен Әлібайдың Алматайы мен Нұрбайы, өзінің Арабайы ортаға алады.

-  Біздің көкеміз ертек айта алмайды. Сіз айтып беріңізші, - дейді Алматай мен Нұрбай.

 - Ертек айтшы, көке! - деп, Арабай қиылады. Қалекең әңгіменің тиегін арытады. Әңгімесі - көргені мен білгені, әркімдерден естігені.

Бір кездерде барып, балалар шаршаған соң ғана, ба­сы жастыққа тиеді.

...Шалқалай жатып, "ертең аңға шығып, бой жазып қайтпасам болмас" деп, ішінен күбірлеп қойды...

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға