Жаңалықтар

І БӨЛІМ

       Дүкенші еді. Дүкенші болып істей бастағанына да талай жыл болыпты-ау. Көп жыл артта қалыпты. Жұрт "тіс қаққан кісі" атап жүр қазір. Рас сөз. Солайы солай-ау, әйткенмен кейбір пасықтар ойлағандай, адамгершіліктен жұрдай кісіңіз бұл емес. Үлкенге де кішіге де иіліп сәлем береді. Келгендерді ізетпен қарсы алып, құрметпен шығарып салады. Мұнан басқа не тілейді олар. Ал енді ішкі есебі... өзі үшін. Ешкім біреудің арқасында күн көрмек емес. Ол былай тұрсын, қазіргі заманда әркім өз керегін өзі іздеп табуы керек қой. Е, ендеше жұрттың не шаруасы бар мұнда. Тірлікте әркімнен-ақ өз есебі болғаны абзал емес пе. Міне, соның арқасында он-он бес жылдан бері сатушы. Ауылдағы шағын дүкенді бір өзі-ақ дөңгелентіп отыр. Оқығаны да шамалы. Әйтсе де есепке жүйрік-ақ. Бұл оған құдайдың берген бағы. Бұл кісінің жасы... Қырсыққанда осыны әлі күнге ойламапты. Қай жылы еді, бір қырыққа толғаны есінде. Жо-жоқ, есептеуге қиналып отырған жоқ қой, керек болса қазір-ақ шығара салады. Бірақ соған бола алтын уақытты өлтіріп отыру деген... ақымақшылық қой... Келген, кеткен заттарды есептеуі керек, бұл ауадай қажет, сосын күндік табыс алақанда болмаса, тексеріс деген бәле тағы бар. Осымен-ақ уақыты өтіп жатыр. Ара-тұра кейбір заттарды мерзімі өткен деп қағаз толтырып, акті жасап, есептеп шығарып, ақшасын қалтасына басады. Бұған да бас керек екені өзінен езі белгілі... Дүкенәлі бүгін дүкенін кеш жапты. Көптен бері күнделікті сауданы ғана есептеп, езгеге мойны жар бермей жүруші еді. Кешкісін ерінбей отырып, түгел шотқа салды. Артығын бір бөлек алды, қалғанын тағы бір белек... Ал, енді тексерушілер келе қалса, жігін тауып көрсінші. Асылы, Дүкеңе тән қасиет - өмірі ақша кем шыққан емес, ылғи асып түседі. Және сол артығын ешкімге сездірмейді. Өзі қалтаға басып қалады. Басқаға кеткенше, неге өзінде қалмайды... Ол осыны ойлағанда еріксіз жымияды. "Көп жылғы өмір-тәжірибе ғой бәрі де..." Көңілі шалқып үйге қарай баяу аяңдаған Дүкең енді қиял жетегіне ере берді. "Осы менің әкемнің бір көрегендігі бар болу керек," деді ішінен. -  Әйтпесе менің дүкенші болатынымды қайдан біліп, атымды Дүкенәлі қойған десейші.  Дүкенші болғанда қандай дүкенші. Анау-мынау емес, ішкі есебі түгел... Ешкімге есе жібермейтін... Көрінгенге алдыра қоймайтын... " Масаттанып кетті. Оның бетіне әл кіріп, жүзіне күлкі ойнайтын кездері де аса сирек. Үнемі қабағы түюлі жүреді. Ашулы екенін сезу де қиын емес, бет терісі жиырылып, ерінін жымқырып алса болды, ашуланғаны дей беріңіз. Әудем жер адымдап барып, кенет көңілін су сепкендей басты да, қайтадан ежелгі қалпына ауысты. Әлгіндегі әсерлі сәт бірден келмеске кетті. Енді көңілсіз ой сонарына түсті. Оның бұл ауылда ең жек көретін, сонымен қабат жасыратыны жоқ, қорқатын, екі-ақ адамы бар. Есіне солардың түсіп кеткені... Жә, бірақ қазір олар ауылда емес: бірі - ауданда тұрады, екіншісі одан да алыста... Алғашқысы аудандық санэпидстансада істейді. Не жұмыс атқаратынын да білмейді бұл. Әйтеуір дүкен, балабақша секілді жерлердің тазалығын тексеруге рұқсат қағазы бар. Ауылға келсе болды, алдымен осында кіреді. Сонан соң: - Ақ халатың - неге жоқ, қоғамдық орында тазалық ұстау керек, - деп тиісер еді бұған.    - Еден неге лас, төбеде өрмекшінің ұясы неге тұр, - деп тағы да Дүкенәлінің    зәресін   ала   түсер  еді. Ол келді дегенше Дүкенәлінің мазасы кетер еді. Кеткен­ше асығады. Әрине, содан келген жауды көріп-ақ алар еді, әйтсе де мұның ойлағаны "сақтықта қорлық жоқ", "тек жүрген тоқ жүредінің" кері. Ауданда да таныстары жоқ емес қой мұның. Керек десе көп нәрсені соларға сүйеніп істейді. Өйтіп-бүйтіп алдайды. - Інішек, жаман ағаңды қайтесің қажап, тазалықты ұстауға тырысып-ақ жатырмыз. Сонда да болмай жатқаны ғой... деп сөйлеп тұрады да, соның арасында Қапанның дәу қара портфеліне бір-екі бөтелкені ытқытып жібереді. Сонымен бәрі де біткені. Екі жақ та бірін-бірі түсініскендей, әңгіме де сап тиылады. Дүкең іштен тынып қала береді... Ал, екіншісі онан да қауіптірек. Ол - облыстық газеттің тілшісі, ауылдағы Анарбек шалдың баласы. Ауылға көп келе бермейді... Ал егер келе қалса, Дүкеңнің дегбірі кетеді. Оның анау-мынаумен ісі жоқ. Өткен жылы бір келгенінде мұның үстінен газетке бір фельетон жазып кеткені бар. Құдай сақтағанда жоғары жаққа жазбады, аудандық газетке жариялады да қойды. Соның өзі бұған едәуір соққы болды. Тілшілер де бір бәле екен. Жаза қолданылсын деп таңдайлары тақ-тақ етеді. Аудандағы таныстарына айтып жүріп, бітірді-ау әйтеуір. Жұрт болса бір шулап қалды. Бәрі жау бұған. Неге өйтеді екен-ай, осы!.. Жесе, бес-онтиын жеген шығар. Оған нелері кетеді екен. Дүкенәлі кенет ой құшағынан серпіліп, асыға адымдады. Енді қиялдың да біткені. Бұдан әрі ойлағысы да келмейді, ойлаған күнде де шегі осы-ақ. Жүріп бара жатып артына жалтақ-жалтақ қарады. Онысы - біреу-міреу келе жатқан жоқ па екен дегені. Үйде өзге заттар тұрмаса да, арақ бар, темекі бар. Күнде түнделетіп келетін адамдардың саны да белгілі. Бес-алтыдан келіп, арақ-шарап алады, темекі сұрайды. Үйден сатқанның бір жақсысы- тиын-тебен қайтару жоқ. Оны сұрамайды да. Түнделетіп келгендерге майдалап емес үш сом алпыс екі тиынның арағы төрт сом, төрт сом он екі тиынның арағы бес сомға өсіп сатыла береді. Неге олай? Мұндай сауалды ешкім де қоя алмайды. Себебі ол жұмыс уақытынан тыс сатып отыр. Сонымен қабат дүкенде емес, үйде. Алғысы келгендер алсын, алмаса қоя қойсын, керек десе төрт сомға емес бес омға, бес сомға емес алты сомға сатар. Одан да жоғарылатар... Сонда қайтеді? Ылажсыз келіп тұрған кісі бәрібір алады... Үйге кіріп, жуынып, тамаққа отырғаны да сол еді. Біртіндеп кешкі "сауда жасаушылар" келе бастады
19.11.2013 04:26 2574

       Дүкенші еді. Дүкенші болып істей бастағанына да талай жыл болыпты-ау. Көп жыл артта қалыпты. Жұрт "тіс қаққан кісі" атап жүр қазір. Рас сөз. Солайы солай-ау, әйткенмен кейбір пасықтар ойлағандай, адамгершіліктен жұрдай кісіңіз бұл емес. Үлкенге де кішіге де иіліп сәлем береді. Келгендерді ізетпен қарсы алып, құрметпен шығарып салады. Мұнан басқа не тілейді олар. Ал енді ішкі есебі... өзі үшін. Ешкім біреудің арқасында күн көрмек емес. Ол былай тұрсын, қазіргі заманда әркім өз керегін өзі іздеп табуы керек қой. Е, ендеше жұрттың не шаруасы бар мұнда. Тірлікте әркімнен-ақ өз есебі болғаны абзал емес пе. Міне, соның арқасында он-он бес жылдан бері сатушы. Ауылдағы шағын дүкенді бір өзі-ақ дөңгелентіп отыр. Оқығаны да шамалы. Әйтсе де есепке жүйрік-ақ. Бұл оған құдайдың берген бағы.

Бұл кісінің жасы... Қырсыққанда осыны әлі күнге ойламапты. Қай жылы еді, бір қырыққа толғаны есінде. Жо-жоқ, есептеуге қиналып отырған жоқ қой, керек болса қазір-ақ шығара салады. Бірақ соған бола алтын уақытты өлтіріп отыру деген... ақымақшылық қой... Келген, кеткен заттарды есептеуі керек, бұл ауадай қажет, сосын күндік табыс алақанда болмаса, тексеріс деген бәле тағы бар. Осымен-ақ уақыты өтіп жатыр. Ара-тұра кейбір заттарды мерзімі өткен деп қағаз толтырып, акті жасап, есептеп шығарып, ақшасын қалтасына басады. Бұған да бас керек екені өзінен езі белгілі...

Дүкенәлі бүгін дүкенін кеш жапты. Көптен бері күнделікті сауданы ғана есептеп, езгеге мойны жар бермей жүруші еді. Кешкісін ерінбей отырып, түгел шотқа салды. Артығын бір бөлек алды, қалғанын тағы бір белек... Ал, енді тексерушілер келе қалса, жігін тауып көрсінші. Асылы, Дүкеңе тән қасиет - өмірі ақша кем шыққан емес, ылғи асып түседі. Және сол артығын ешкімге сездірмейді. Өзі қалтаға басып қалады. Басқаға кеткенше, неге өзінде қалмайды... Ол осыны ойлағанда еріксіз жымияды. "Көп жылғы өмір-тәжірибе ғой бәрі де..."

Көңілі шалқып үйге қарай баяу аяңдаған Дүкең енді қиял жетегіне ере берді. "Осы менің әкемнің бір көрегендігі бар болу керек," деді ішінен. -  Әйтпесе менің дүкенші болатынымды қайдан біліп, атымды Дүкенәлі қойған десейші.  Дүкенші болғанда қандай дүкенші. Анау-мынау емес, ішкі есебі түгел... Ешкімге есе жібермейтін... Көрінгенге алдыра қоймайтын... " Масаттанып кетті. Оның бетіне әл кіріп, жүзіне күлкі ойнайтын кездері де аса сирек. Үнемі қабағы түюлі жүреді. Ашулы екенін сезу де қиын емес, бет терісі жиырылып, ерінін жымқырып алса болды, ашуланғаны дей беріңіз.

Әудем жер адымдап барып, кенет көңілін су сепкендей басты да, қайтадан ежелгі қалпына ауысты. Әлгіндегі әсерлі сәт бірден келмеске кетті. Енді көңілсіз ой сонарына түсті. Оның бұл ауылда ең жек көретін, сонымен қабат жасыратыны жоқ, қорқатын, екі-ақ адамы бар. Есіне солардың түсіп кеткені... Жә, бірақ қазір олар ауылда емес: бірі - ауданда тұрады, екіншісі одан да алыста...

Алғашқысы аудандық санэпидстансада істейді. Не жұмыс атқаратынын да білмейді бұл. Әйтеуір дүкен, балабақша секілді жерлердің тазалығын тексеруге рұқсат қағазы бар. Ауылға келсе болды, алдымен осында кіреді. Сонан соң:

- Ақ халатың - неге жоқ, қоғамдық орында тазалық ұстау керек, - деп тиісер еді бұған.

   - Еден неге лас, төбеде өрмекшінің ұясы неге тұр, - деп тағы да Дүкенәлінің    зәресін   ала   түсер  еді. Ол келді дегенше Дүкенәлінің мазасы кетер еді. Кеткен­ше асығады. Әрине, содан келген жауды көріп-ақ алар еді, әйтсе де мұның ойлағаны "сақтықта қорлық жоқ", "тек жүрген тоқ жүредінің" кері. Ауданда да таныстары жоқ емес қой мұның. Керек десе көп нәрсені соларға сүйеніп істейді.

Өйтіп-бүйтіп алдайды.

- Інішек, жаман ағаңды қайтесің қажап, тазалықты ұстауға тырысып-ақ жатырмыз. Сонда да болмай жатқаны ғой... деп сөйлеп тұрады да, соның арасында Қапанның дәу қара портфеліне бір-екі бөтелкені ытқытып жібереді. Сонымен бәрі де біткені. Екі жақ та бірін-бірі түсініскендей, әңгіме де сап тиылады. Дүкең іштен тынып қала береді...

Ал, екіншісі онан да қауіптірек. Ол - облыстық газеттің тілшісі, ауылдағы Анарбек шалдың баласы. Ауылға көп келе бермейді... Ал егер келе қалса, Дүкеңнің дегбірі кетеді. Оның анау-мынаумен ісі жоқ. Өткен жылы бір келгенінде мұның үстінен газетке бір фельетон жазып кеткені бар. Құдай сақтағанда жоғары жаққа жазбады, аудандық газетке жариялады да қойды. Соның өзі бұған едәуір соққы болды. Тілшілер де бір бәле екен. Жаза қолданылсын деп таңдайлары тақ-тақ етеді. Аудандағы таныстарына айтып жүріп, бітірді-ау әйтеуір. Жұрт болса бір шулап қалды. Бәрі жау бұған.

Неге өйтеді екен-ай, осы!.. Жесе, бес-онтиын жеген шығар. Оған нелері кетеді екен.

Дүкенәлі кенет ой құшағынан серпіліп, асыға адымдады. Енді қиялдың да біткені. Бұдан әрі ойлағысы да келмейді, ойлаған күнде де шегі осы-ақ. Жүріп бара жатып артына жалтақ-жалтақ қарады. Онысы - біреу-міреу келе жатқан жоқ па екен дегені. Үйде өзге заттар тұрмаса да, арақ бар, темекі бар. Күнде түнделетіп келетін адамдардың саны да белгілі. Бес-алтыдан келіп, арақ-шарап алады, темекі сұрайды. Үйден сатқанның бір жақсысы- тиын-тебен қайтару жоқ. Оны сұрамайды да. Түнделетіп келгендерге майдалап емес үш сом алпыс екі тиынның арағы төрт сом, төрт сом он екі тиынның арағы бес сомға өсіп сатыла береді. Неге олай? Мұндай сауалды ешкім де қоя алмайды. Себебі ол жұмыс уақытынан тыс сатып отыр. Сонымен қабат дүкенде емес, үйде. Алғысы келгендер алсын, алмаса қоя қойсын, керек десе төрт сомға емес бес омға, бес сомға емес алты сомға сатар. Одан да жоғарылатар... Сонда қайтеді? Ылажсыз келіп тұрған кісі бәрібір алады...

Үйге кіріп, жуынып, тамаққа отырғаны да сол еді. Біртіндеп кешкі "сауда жасаушылар" келе бастады

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға