Жаңалықтар

ІІІ БӨЛІМ

Нұрсұлу - жалғыз басты келiншек. Күйеуi Әлекей осы  Қаһармандарға қарасты жiгiт едi. Соғысқа аттанды да, содан қайтып оралмады. Өзi де жоқ, өлдi деген хабары тағы да жоқ. Әйел болып, пұшпағы қанамағанның бiрi - осы Нұрсұлу. Қайтып ерге шығуды осы күнге дейiн ойламапты. Бәлкiм, оған басты себеп - сол күйеуiнен хабар болмай, көп уақыт әрi-сәрi күй кешкенi де болар... Бала көтермеген соң ба, оның дене бiтiмi де, бет-пiшiнi де жап-жақсы сақталыпты. Оқта-текте айна алдына келгенде, Нұрсұлу өз сұлулығына өзi де тамсанып-тамсанып алатын. Жұп-жұмыр ақ балтырларын жалтыратып көшемен кетiп бара жатқанда ауылдың еркек кiндiгi түгел мойнын ерiксiз бұрып қараушы едi. Ол соған ләззаттанатын...          Ауыл-үй ағайын араға түсiп, әрi жақын, әрi жастау бiр қайнағасына қоса салмақшы болған әне бiр  жылы, бұл ат тонын ала қашты. Туғаннан бiр бет болып өскен едi, сол мiнезiн тағы да көрсеттi. "Өз бетiмше отырамын, егер оған ерiк бермесеңдер, төркiнiме қайтамынң дедi. Ел iшi үнсiз тына қалды. "Келiнiн елге сыйғызбай, қуып жiбердi"  деген өсекке таңылармыз деп қорықты ақсақалдар жағы.         Сөйтiп, ол ерке келiн атанып, көп жылдан берi өзiмен-өзi өмiр кешiп жатқан жесiр келiншек.        Қаһарман шалдың соңғы кездегi қылығын ол да байқаған. Сосын әдейi далаға шыққанда, ең қысқа шыт көйлегiн үстiне киетiн. "Адам қартайса да, көңiл шiркiн қартаймайды"  деген рас екен-ау. Сұлулыққа сұқтану  жас-кәрi демей - бәрiне де бiрдей болғаны да... Мен неге өз көңiлiмдi өзiм пәсейте беремiн. Әлi елуге де тола қойғам жоқ. Ендеше... көңiл қалауын тым қымтай бермейiн, сезiмге де сәуле қалдырайын. Кiм бiледi, әлi-ақ... елуден асып, алпысқа иек артқан шағымда көңiл қалауын тауып, күйеуге де шығып кетермiн..."         Бұл - Нұрсұлудың ойы.                                            * * *          Нұрсұлу үйге тағы келдi.         - Сұлу келiн-ау! - дей бергенде, шалдың сөзiн бөлiп, арғы жағынан Айымтай айқайлады.        - Келiн, мұнда келшi, сандықты көтерiсiп жiбершi...        - Қазiр, апа! - дедi Нұрсұлу. Сонан соң қайнағасына жақындай түсiп, байқаусызда ағытылып кеткен түймесiнiң арғы жағынан ақ балтырын жарқыратып:        - Мына қайшы бәрiбiр өтпедi, қайрағыңыздан ба, әлде қайратыңыздан ба?.. - деп едi. Қарияның кеудесiн кенет суық сөз қарып өттi. Көңiлдегi тәттi сезiм әп-сәтте ада болып, ескi қайшыға қарай ұмтыла түстi де, өз етегiн өзi басып қалып, омақаса құлады.      - Мүмкiн емес, олай болуы тiптен де мүмкiн емес, - дей бердi бар болғаны. Шал тұңғыш рет өзi қайраған заттың керi қайтқанын көрiп тұр. "Қайратым тайды ма, кәрiлiк жеңдi ме менi... Заман шiркiн, дәурен шiркiн, төбемнен қош деп ұшқаны шығар бұл. Бар өмiр, қысқа ғана жалғыз жалған... осымен аяқталуға тақағаны ма, уай, дүние-ай!.. Iстеген iсiңнен ши шыға бастаса, бiтпегенде несi қалды оның? Аһ-һ!.."         Ескi қобдиды жанына алды. Қайшыны сол қолына ұстап, оң қолына қайрақ алған қария тап қазiр аса қапалы едi.        - Кемпiр, а кемпiр! - деп үйдi басына көтердi. - Кесеге су құйып әкел, мына қайрақ әбден қурап кетiптi ғой...        Сонан соң алаңсыз отырып алып, кешке дейiн бар ынта-зейiнiн қайшыға  аударды. Бiр уақытта бойынан қуат кетiп, қолы қалтырағанын сездi. "Кәрiлiк!.. Кәрiлiк келдi..." деп ойлады iшiнен. "Әйтпесе бұған дейiн қандай едiм. Жас жiгiттей қылшылдап тұрған күндер көздiң алдында бұлдырайсың-ау ендi..." Түнде ұйқысы қашсын. Таң атқанша кiрпiгi айқасқан жоқ: өткен мен кеткендi, тiрiлер мен өлiлердi еске алып, ұзын сонар қиял жетегiне ерсiн. Әлсiн-әлсiн шошып оянған кемпiрi байғұс:          - Ұйқы бермей, делебеңдi қоздырып жатқан әлгi Сұлу келiнiңнiң жұмыр балтыры ма?.. - деп талмаусырай үн қатады.          - Жоға, кемпiр, қаусаған шағымда балтырды қайтейiн. Белiмнiң ескi құяңы сыздап жатқаны, уқалашы, - деп терiс аунап түседi де, қайтадан сырлы ойды сабақтайды.         "Рас-ау, жетпiстiң жағасына жармасып тұрып, менiң бұл неғылғаным. Сұлулыққа сұқтанудың жөнi осы ма. Қой, кемпiрдi де азапқа сала бермейiн. Алжыған шалдың әрекетiне ұқсап барады ғой өзi. Атам қазақ келiнiне көз тiкпедi емес, көз тiккен. Бiрақ бәрiн де жолымен, iзiмен жасады. Әмеңгерлiк дедi оны. Менiкi не! Елуге жетпеген жiгiт сықылданып, өз кеудеме өзiм сыймай барамын ғой, түге! Тәйт! Жетер ендi!.. "         Қақаң өз көңiлiне өзi қатты үкiм жасады.           Арада бiршама уақыт өттi. Бiр күнi колхоздың бастығы Қаныш есiк қағып:        - Ақсақал, кiруге рұқсат па екен? - деп дауыстаған.        - Е, неге рұқсат болмасын. Кел, кiр, - деп, Қақаң есiк ашты. Қаныш тiзе бүккен жоқ. "Асығыс едiм"  дедi. Сосынғы айтқаны мынау болды.        - Колхозымыз биылғы қой қырқымды жақсы аяқтады. Ауданда алдыңғы орынның бiрiне шықтық. Бұл жетiстiгiмiзде сiздiң де үлесiңiз зор. Өз аузыммен рахметiмдi жеткiзгелi келдiм. Жүз жасаңыз. Қайратыңыз кемiмесiн. Келiндерiңiз iнiлерiңiзге сiздiң  қайрат-жiгерiңiзге үлгi ете сөйлесiн... Сосын қоштасып, шығып бара жатты. Шал iштей масайрап қалды. "Келiндерiңiз қайрат-жiгерiңiздi үлгi етсiн дедi, ә!.. Әнi, солай... Неге ғана кәрiлiкке оп-оңай мойынсұнамын... Жо-жоқ, мен қартайған жоқпын. Әлi-ақ..." Шалдың тәттi қиялын кемпiрi кiлт үзiп жiбердi.          - Ойбай, шал-ау, естiдiң бе?.. Әлгi Нұрсұлу келiн... - деп, тұтықты. Қақаң селк ете қалды.          - Немене!.. Жайшылық па?.. - деп, асығыс-үсiгiс сұрады.         Ойына әрнәрсе келдi.  Келiнге бiрнәрсе болып қалды ма екен деп... Сөйткенше болған жоқ, кемпiрi:          - ...Тұрмысқа шығатын болып жатыр. Жарамды бiр еркектiң етегiнен ұстапты дейдi. Әй, өзi де... соңғы кезде бөксесiн ойнатып, тым сәнқой болып алып едi...         Айымтай тұтыға сөйлесе де, ойындағының бәрiн айтып шықты. Шалдың тұла бойы мұздап қоя бергендей болды. Мына хабарға не қуанғаны, не ренжiгенi белгiсiз:         - Е-е-е... - дедi қарлығыңқы даусын ұзақ соза түсiп. Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы
19.11.2013 04:24 2645

Нұрсұлу - жалғыз басты келiншек. Күйеуi Әлекей осы  Қаһармандарға қарасты жiгiт едi. Соғысқа аттанды да, содан қайтып оралмады. Өзi де жоқ, өлдi деген хабары тағы да жоқ. Әйел болып, пұшпағы қанамағанның бiрi - осы Нұрсұлу. Қайтып ерге шығуды осы күнге дейiн ойламапты. Бәлкiм, оған басты себеп - сол күйеуiнен хабар болмай, көп уақыт әрi-сәрi күй кешкенi де болар... Бала көтермеген соң ба, оның дене бiтiмi де, бет-пiшiнi де жап-жақсы сақталыпты. Оқта-текте айна алдына келгенде, Нұрсұлу өз сұлулығына өзi де тамсанып-тамсанып алатын. Жұп-жұмыр ақ балтырларын жалтыратып көшемен кетiп бара жатқанда ауылдың еркек кiндiгi түгел мойнын ерiксiз бұрып қараушы едi. Ол соған ләззаттанатын...

         Ауыл-үй ағайын араға түсiп, әрi жақын, әрi жастау бiр қайнағасына қоса салмақшы болған әне бiр  жылы, бұл ат тонын ала қашты. Туғаннан бiр бет болып өскен едi, сол мiнезiн тағы да көрсеттi. "Өз бетiмше отырамын, егер оған ерiк бермесеңдер, төркiнiме қайтамынң дедi. Ел iшi үнсiз тына қалды. "Келiнiн елге сыйғызбай, қуып жiбердi"  деген өсекке таңылармыз деп қорықты ақсақалдар жағы.

        Сөйтiп, ол ерке келiн атанып, көп жылдан берi өзiмен-өзi өмiр кешiп жатқан жесiр келiншек.

       Қаһарман шалдың соңғы кездегi қылығын ол да байқаған. Сосын әдейi далаға шыққанда, ең қысқа шыт көйлегiн үстiне киетiн. "Адам қартайса да, көңiл шiркiн қартаймайды"  деген рас екен-ау. Сұлулыққа сұқтану  жас-кәрi демей - бәрiне де бiрдей болғаны да... Мен неге өз көңiлiмдi өзiм пәсейте беремiн. Әлi елуге де тола қойғам жоқ. Ендеше... көңiл қалауын тым қымтай бермейiн, сезiмге де сәуле қалдырайын. Кiм бiледi, әлi-ақ... елуден асып, алпысқа иек артқан шағымда көңiл қалауын тауып, күйеуге де шығып кетермiн..."

        Бұл - Нұрсұлудың ойы.

                                           * * *

         Нұрсұлу үйге тағы келдi.

        - Сұлу келiн-ау! - дей бергенде, шалдың сөзiн бөлiп, арғы жағынан Айымтай айқайлады.

       - Келiн, мұнда келшi, сандықты көтерiсiп жiбершi...

       - Қазiр, апа! - дедi Нұрсұлу. Сонан соң қайнағасына жақындай түсiп, байқаусызда ағытылып кеткен түймесiнiң арғы жағынан ақ балтырын жарқыратып:

       - Мына қайшы бәрiбiр өтпедi, қайрағыңыздан ба, әлде қайратыңыздан ба?.. - деп едi. Қарияның кеудесiн кенет суық сөз қарып өттi. Көңiлдегi тәттi сезiм әп-сәтте ада болып, ескi қайшыға қарай ұмтыла түстi де, өз етегiн өзi басып қалып, омақаса құлады.

     - Мүмкiн емес, олай болуы тiптен де мүмкiн емес, - дей бердi бар болғаны.

Шал тұңғыш рет өзi қайраған заттың керi қайтқанын көрiп тұр. "Қайратым тайды ма, кәрiлiк жеңдi ме менi... Заман шiркiн, дәурен шiркiн, төбемнен қош деп ұшқаны шығар бұл. Бар өмiр, қысқа ғана жалғыз жалған... осымен аяқталуға тақағаны ма, уай, дүние-ай!.. Iстеген iсiңнен ши шыға бастаса, бiтпегенде несi қалды оның? Аһ-һ!.."

        Ескi қобдиды жанына алды. Қайшыны сол қолына ұстап, оң қолына қайрақ алған қария тап қазiр аса қапалы едi.

       - Кемпiр, а кемпiр! - деп үйдi басына көтердi. - Кесеге су құйып әкел, мына қайрақ әбден қурап кетiптi ғой...

       Сонан соң алаңсыз отырып алып, кешке дейiн бар ынта-зейiнiн қайшыға  аударды. Бiр уақытта бойынан қуат кетiп, қолы қалтырағанын сездi. "Кәрiлiк!.. Кәрiлiк келдi..." деп ойлады iшiнен. "Әйтпесе бұған дейiн қандай едiм. Жас жiгiттей қылшылдап тұрған күндер көздiң алдында бұлдырайсың-ау ендi..."

Түнде ұйқысы қашсын. Таң атқанша кiрпiгi айқасқан жоқ: өткен мен кеткендi, тiрiлер мен өлiлердi еске алып, ұзын сонар қиял жетегiне ерсiн. Әлсiн-әлсiн шошып оянған кемпiрi байғұс:

         - Ұйқы бермей, делебеңдi қоздырып жатқан әлгi Сұлу келiнiңнiң жұмыр балтыры ма?.. - деп талмаусырай үн қатады.

         - Жоға, кемпiр, қаусаған шағымда балтырды қайтейiн. Белiмнiң ескi құяңы сыздап жатқаны, уқалашы, - деп терiс аунап түседi де, қайтадан сырлы ойды сабақтайды.

        "Рас-ау, жетпiстiң жағасына жармасып тұрып, менiң бұл неғылғаным. Сұлулыққа сұқтанудың жөнi осы ма. Қой, кемпiрдi де азапқа сала бермейiн. Алжыған шалдың әрекетiне ұқсап барады ғой өзi. Атам қазақ келiнiне көз тiкпедi емес, көз тiккен. Бiрақ бәрiн де жолымен, iзiмен жасады. Әмеңгерлiк

дедi оны. Менiкi не! Елуге жетпеген жiгiт сықылданып, өз кеудеме өзiм сыймай барамын ғой, түге! Тәйт! Жетер ендi!.. "

        Қақаң өз көңiлiне өзi қатты үкiм жасады.

 

        Арада бiршама уақыт өттi. Бiр күнi колхоздың бастығы Қаныш есiк қағып:

       - Ақсақал, кiруге рұқсат па екен? - деп дауыстаған.

       - Е, неге рұқсат болмасын. Кел, кiр, - деп, Қақаң есiк ашты. Қаныш тiзе бүккен жоқ. "Асығыс едiм"  дедi. Сосынғы айтқаны мынау болды.

       - Колхозымыз биылғы қой қырқымды жақсы аяқтады. Ауданда алдыңғы орынның бiрiне шықтық. Бұл жетiстiгiмiзде сiздiң де үлесiңiз зор. Өз аузыммен рахметiмдi жеткiзгелi келдiм. Жүз жасаңыз. Қайратыңыз кемiмесiн. Келiндерiңiз iнiлерiңiзге сiздiң  қайрат-жiгерiңiзге үлгi ете сөйлесiн...

Сосын қоштасып, шығып бара жатты. Шал iштей масайрап қалды. "Келiндерiңiз қайрат-жiгерiңiздi үлгi етсiн дедi, ә!.. Әнi, солай... Неге ғана кәрiлiкке оп-оңай мойынсұнамын... Жо-жоқ, мен қартайған жоқпын. Әлi-ақ..."

Шалдың тәттi қиялын кемпiрi кiлт үзiп жiбердi.

         - Ойбай, шал-ау, естiдiң бе?.. Әлгi Нұрсұлу келiн... - деп, тұтықты. Қақаң селк ете қалды.

         - Немене!.. Жайшылық па?.. - деп, асығыс-үсiгiс сұрады.

        Ойына әрнәрсе келдi.  Келiнге бiрнәрсе болып қалды ма екен деп... Сөйткенше болған жоқ, кемпiрi:

         - ...Тұрмысқа шығатын болып жатыр. Жарамды бiр еркектiң етегiнен ұстапты дейдi. Әй, өзi де... соңғы кезде бөксесiн ойнатып, тым сәнқой болып алып едi...

        Айымтай тұтыға сөйлесе де, ойындағының бәрiн айтып шықты.

Шалдың тұла бойы мұздап қоя бергендей болды. Мына хабарға не қуанғаны, не ренжiгенi белгiсiз:

        - Е-е-е... - дедi қарлығыңқы даусын ұзақ соза түсiп.

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға