Жаңалықтар

ІІ БӨЛІМ

Қаһарман қайрақшы десе қайрақшы едi, оның қолынан өткен кез-келген бұйым көпке дейiн майырылмайтын. Ауыл үй әрдайым күнделiктi тұтынатын балта, пышағын осы кiсiге әкеп тастайтын да, шал қайрақпұл сұрамайтын. Қайта кейбiр  ұяты бар келiн-кепшiк азын-аулақ теңге қалдырмақшы болғанда, мұны ашуландырып алып, бiраз сөз естидi.        Бiр жолы колхоз бастық үйге келiп, шалдың көңiл күйiн сұрап, бiразға дейiн бұйымтайын айта қоймады.        - Сiз ғой, колхозға еңбегiңiз сiңген азаматсыз. Абыройлы ақсақалсыз. Бүгiнгi ұрпақ сiздердi айтып мақтана алады, оның бер жағында... - Шал оның сөзiн кесiп тастады.        - Қаныш шырақ, мен мақтау сөздi о баста ұнатпаушы едiм, келген жұмысыңның тоқ етерiн айт, сол оңды болар.         Қаныш аяқ астынан қипақтап қалды. Сонан соң "болары болды ғой"  дегендей, төтесiне көштi.        - Қысқасы, көмегiңiз қажет! - Ендi ғана басшы кейпiне ауысты. - Елуге тарта қой қырқатын қайшымыз бар едi. Қойманың төбесi тесiлiп, үстiне тамшы тамыпты. Қоймашы да үстiнен бөзi түскен бiреу... Ең болмаса жаңбыр жауған соң, бiр рет бас сұғып, жағдайды көруге болмас па. Ай баға ма осы, түсiнбеймiн... - Қақаң оның сөзiн тағы да бөлiп жiбердi.        - Соны қайрап, өткiрлеу керек қой, шамасы?..        - Үстiнен түстiңiз. Ертең жоқ, арғы күнi қой қырқым басталмақшы. Тiптi қиналып тұрмыз... Колхоздың электрмен iстейтiн шарығы бұзылып жатыр.        Ақсақал басын әрлi-берлi бұлғаңдатты. Әлденеге келiсiм берер кезде осылай жасаушы едi, содан кейiн ғана:        Жарайды, болсын!  дейтiн. Бұл жолы да сөйттi. Көмектеспекке келiстi. Қаныш күлiм-күлiм етiп, шалмен қос қолдап қоштасты.                                           * * *          Өмiрi екi сөйлеудi бiлмейтiн қария уәдесiнде тұрды. Екi күнi бойы басын көтерместен, жан-жағына қарамастан жұмыс iстедi, тiптi әдеттегiдей ара-тұра бел де жазбады. Керек десеңiз осы күндерi Нұрсұлу келiннiң есiгiнiң алдын көзбен торуылдаған да жоқ. Сәт сайын шалының қабағын бақылап отыратын Айымтай көңiлiн бiр демдеп, масайрап қалды. "Ендi тәубесiне келдi. Бәсе-ау, есi жоқ емес едi, ұстамды едi, сол үшiн де... тұрмысқа шықпадым ба мен. Әлгi не деушi едi, мә-хаб-бат болдық қой..."        Ертеңiне күн кешкiре барлық қой қырқатын қайшыны қайрап бiттi...                                               * * *        Бөксесiн бұлғаңдата қаз-қаз басып Нұрсұлу табалдырықтан аттады. Шал көйлек-дамбалшаң отыр едi. Қипақтап, шалбарын iздедi.       - Ай, кемпiр, қайда әлгi?.. - деп айқай салды. Ол не зат екенiн атаған жоқ. Келiнiнiң көзiнше "шалбар қайда, кемпiр?"  деуге аузы барар емес. Сонда да сырт киiмiн күтпестен орнынан ұшып тұрып, оған төрден орын ұсынды. Жиюлы тұрған жүктiң арасынан көрпеше аламын деп жүрiп, барлығын құлатып тынды.          Айымтай қайтадан қисая қалды.          - Осы сен шалға не жоқ, келiн бiр жұмыспен маған келген шығар, отырмайсың ба жайыңа! Сақалың шошаң-шошаң етiп... қутың-қутың етiп... - Кемпiр сампылдап сөйлей жөнелдi. Бiрақ оны сап тиған Нұрсұлудың үнi болды.         - Жоқ, мен атаға келдiм.        Айымтай аузын ашқан күйi сөзiнiң соңын айта алмай, аз-кем уақыт аңыра қарап қалды. "Не дейдi мына шайтан! Ендi қартайғанда өз шалымды өзiмнен бөлiп әкетпекшi ме, сайқал!.. "      - Жай ма, қарағым, жай ма?! - Қақаң елп ете түстi.      - Мына қайшымды қайрап бересiз бе?      - Е-е, сол ма, мен бiр нәрсе болып қалған екен десем... Тастап кете ғой, қайрап бере қояйын...     "Қалқам"  деген сөздi тiлiнiң ұшында ұстап қалды. Кемпiрдiң көзiнше айтса, оңашада миының құрт етiн жейдi. Әйтпесе айтып-ақ жiберер ме едi... Жанарымен жеп қоя жаздап, есiктен әзер шығарып салды.
19.11.2013 04:23 3010

Қаһарман қайрақшы десе қайрақшы едi, оның қолынан өткен кез-келген бұйым көпке дейiн майырылмайтын. Ауыл үй әрдайым күнделiктi тұтынатын балта, пышағын осы кiсiге әкеп тастайтын да, шал қайрақпұл сұрамайтын. Қайта кейбiр  ұяты бар келiн-кепшiк азын-аулақ теңге қалдырмақшы болғанда, мұны ашуландырып алып, бiраз сөз естидi.

       Бiр жолы колхоз бастық үйге келiп, шалдың көңiл күйiн сұрап, бiразға дейiн бұйымтайын айта қоймады.

       - Сiз ғой, колхозға еңбегiңiз сiңген азаматсыз. Абыройлы ақсақалсыз. Бүгiнгi ұрпақ сiздердi айтып мақтана алады, оның бер жағында... - Шал оның сөзiн кесiп тастады.

       - Қаныш шырақ, мен мақтау сөздi о баста ұнатпаушы едiм, келген жұмысыңның тоқ етерiн айт, сол оңды болар.

        Қаныш аяқ астынан қипақтап қалды. Сонан соң "болары болды ғой"  дегендей, төтесiне көштi.

       - Қысқасы, көмегiңiз қажет! - Ендi ғана басшы кейпiне ауысты. - Елуге тарта қой қырқатын қайшымыз бар едi. Қойманың төбесi тесiлiп, үстiне тамшы тамыпты. Қоймашы да үстiнен бөзi түскен бiреу... Ең болмаса жаңбыр жауған соң, бiр рет бас сұғып, жағдайды көруге болмас па. Ай баға ма осы, түсiнбеймiн... - Қақаң оның сөзiн тағы да бөлiп жiбердi.

       - Соны қайрап, өткiрлеу керек қой, шамасы?..

       - Үстiнен түстiңiз. Ертең жоқ, арғы күнi қой қырқым басталмақшы. Тiптi қиналып тұрмыз... Колхоздың электрмен iстейтiн шарығы бұзылып жатыр.

       Ақсақал басын әрлi-берлi бұлғаңдатты. Әлденеге келiсiм берер кезде осылай жасаушы едi, содан кейiн ғана:

       Жарайды, болсын!  дейтiн. Бұл жолы да сөйттi. Көмектеспекке келiстi. Қаныш күлiм-күлiм етiп, шалмен қос қолдап қоштасты.

                                          * * *

         Өмiрi екi сөйлеудi бiлмейтiн қария уәдесiнде тұрды. Екi күнi бойы басын көтерместен, жан-жағына қарамастан жұмыс iстедi, тiптi әдеттегiдей ара-тұра бел де жазбады. Керек десеңiз осы күндерi Нұрсұлу келiннiң есiгiнiң алдын көзбен торуылдаған да жоқ. Сәт сайын шалының қабағын бақылап отыратын Айымтай көңiлiн бiр демдеп, масайрап қалды. "Ендi тәубесiне келдi. Бәсе-ау, есi жоқ емес едi, ұстамды едi, сол үшiн де... тұрмысқа шықпадым ба мен. Әлгi не деушi едi, мә-хаб-бат болдық қой..."

       Ертеңiне күн кешкiре барлық қой қырқатын қайшыны қайрап бiттi...

                                              * * *

       Бөксесiн бұлғаңдата қаз-қаз басып Нұрсұлу табалдырықтан аттады. Шал көйлек-дамбалшаң отыр едi. Қипақтап, шалбарын iздедi.

      - Ай, кемпiр, қайда әлгi?.. - деп айқай салды. Ол не зат екенiн атаған жоқ. Келiнiнiң көзiнше "шалбар қайда, кемпiр?"  деуге аузы барар емес. Сонда да сырт киiмiн күтпестен орнынан ұшып тұрып, оған төрден орын ұсынды. Жиюлы тұрған жүктiң арасынан көрпеше аламын деп жүрiп, барлығын құлатып тынды.

         Айымтай қайтадан қисая қалды.

         - Осы сен шалға не жоқ, келiн бiр жұмыспен маған келген шығар, отырмайсың ба жайыңа! Сақалың шошаң-шошаң етiп... қутың-қутың етiп... - Кемпiр сампылдап сөйлей жөнелдi. Бiрақ оны сап тиған Нұрсұлудың үнi болды.

        - Жоқ, мен атаға келдiм.

       Айымтай аузын ашқан күйi сөзiнiң соңын айта алмай, аз-кем уақыт аңыра қарап қалды. "Не дейдi мына шайтан! Ендi қартайғанда өз шалымды өзiмнен бөлiп әкетпекшi ме, сайқал!.. "

     - Жай ма, қарағым, жай ма?! - Қақаң елп ете түстi.

     - Мына қайшымды қайрап бересiз бе?

     - Е-е, сол ма, мен бiр нәрсе болып қалған екен десем... Тастап кете ғой, қайрап бере қояйын...

    "Қалқам"  деген сөздi тiлiнiң ұшында ұстап қалды. Кемпiрдiң көзiнше айтса, оңашада миының құрт етiн жейдi. Әйтпесе айтып-ақ жiберер ме едi... Жанарымен жеп қоя жаздап, есiктен әзер шығарып салды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға