Жаңалықтар

І БӨЛІМ

        -...Осы ауылдың шалдарын шетiнен жын қағып кеткен. Түймедей нәрсенi түйедей етiп, аққа қараны жаға салады. Адам қартайған соң, барлығы әлгi "сәби"  қайнағадай болса ғой...        Есiк алдындағы аядай жердiң жоңышқасын орып жатып, Нұрсұлу келiннiң даусын естiгенде, Қақаң кедiмгiдей-ақ масайрап қалды. "Өзi менi терiс көрмейдi, қай жерiм ұнап қалды екен, ә? "  - деп iштей күбiрлеп алып, шалғы орағын құшырлана сiлтедi.        Қаһарман шалды ауылдың бар келiнi "герой қайнаға"  деп атаушы едi. Жалғыз ғана Нұрсұлу елден ерек "сәби қайнағаң деген әп-әдемi атты тауып алыпты. Ақсақал күн ұзаққа "менi неге сәбиге балайды екен, ендi қартайғанда бiзге балалық қайда? "  деп ойланумен болады. Бiр ауық кемпiрi Айымтайды жанына шақырып алып, iштегi түйiндi ойды аша сөйлеп:        - Ай, осы сенiң не бiлгенiң бар, әлгi Сұлу келiнiм менi неге "сәби қайнаға"  дейдi, а? - деп сауал қояды. Айымтай оның"сұлу"  деп сызыла сөйлеп, қайдағыны сұрағанына iшi күйе ме:       - Мен қайдан бiлейiн? Iшiңдi күйдiрiп бара жатса келiнiңдi шақырып ал, сосын сырын бiл. Өл дей ме маған, түге! - деп бұрқыраған күйi қайтадан үйге кiрiп кетедi. Бұл - қызғанғандағы түрi. Бiраздан берi шалының бет құбылысынан байқап жүр, үйге Нұрсұлу келiн келсе жүзi нұрланып, құйрығы жер сипамай кететiн. Көбелек секiлдi ұшып-қонып, өзi-ақ шай қайната салады. Әншейiнде ғой, керiлiп-созылып... бiр бүйiрлей беретiнi...      - Кемпiр, шайың қашан қайнайды? - деп кежегесi кейiн тартып, жоқтан өзгеге қабақ шытып, ұрыс iздеп тұратыны... Пәлен жыл отасып, түтiн түтетiп, "Айымжан, Айымжан"  болып келiп едi, ендi қартайған шағында көңiлi шынымен-ақ өзгеге ауғалы жүр ме, шiркiннiң!..       Кемпiрiнiң кеудеге күдiк алатындай себебi бар. Соңғы он жылдан берi кәрiлiкке мойын ұсынып, ендi тек ауылдағы пышақ, қайшы бiткендi қайрап берiп, елден алғыс алып жүрген шалы соңғы күндерi өзiнше мiнез шығарды. Бұрын күнұзаққа есiк алдындағы көлеңкеден бiр ұзамайтын, бар тас қайрағын жиып алып, шидей мойны төмен салбырап, әлдененi түрткiлеумен күн өткiзетiн. Ендi олай емес, қолы қалт етсе, бойын түзеп, шоқша сақалын оңды-солды бұлғаңдатып, көршi үйдiң алдын бағумен болады. Сықырлауық ескi есiк  әндете ашылып, арғы жағынан Нұрсұлу келiн шықты дегенше, қашан көзден таса болғанша, көз алмай қадала қалады. Байқаусыз бiр сәтте әппақ мойнын керенау бұрып, шалға жанарын тiктей қалса, Қаһарман апыл-ғұпыл айналасын сипалап, әлденесiн жоғалтқан жан бола салатын-ды. Осындай көрiнiстiң үстiнен түскен Айымтайдың iшiн жалын жалаған: қызғаныштан күйiп кете жаздаған. Дереу жетiп барып, өзiнен екi-үш мүшел кiшi келiнi болса да "сирағыңды сидаңдатып, бұтыңды көрсетпей, ұзын көйлек кимеймiсiң, көргенсiз"  деп, ұрыспақшы да болып едi, артынша өзiн әрең тежедi. "Менде не жұмысың бар, жайыңа жүр, қақпас! "  деп бетiнен алып тастаса, өмiрi өзiнен кiшiден ауыр сөз естiп көрмеген кемпiр сол жерде қара жерге кiрiп кетпей ме!         Кәрi кеуде кемпiр қызғанышын анық аңғарса да, сезiмге тежеу бола алмады. Көзiнiң алдын көлбеңдеген түп-түзу, жұп-жұмыр жас балтыр делебесiн қоздырумен болды.
19.11.2013 04:22 2812

        -...Осы ауылдың шалдарын шетiнен жын қағып кеткен. Түймедей нәрсенi түйедей етiп, аққа қараны жаға салады. Адам қартайған соң, барлығы әлгi "сәби"  қайнағадай болса ғой...

       Есiк алдындағы аядай жердiң жоңышқасын орып жатып, Нұрсұлу келiннiң даусын естiгенде, Қақаң кедiмгiдей-ақ масайрап қалды. "Өзi менi терiс көрмейдi, қай жерiм ұнап қалды екен, ә? "  - деп iштей күбiрлеп алып, шалғы орағын құшырлана сiлтедi.

       Қаһарман шалды ауылдың бар келiнi "герой қайнаға"  деп атаушы едi. Жалғыз ғана Нұрсұлу елден ерек "сәби қайнағаң деген әп-әдемi атты тауып алыпты. Ақсақал күн ұзаққа "менi неге сәбиге балайды екен, ендi қартайғанда бiзге балалық қайда? "  деп ойланумен болады. Бiр ауық кемпiрi Айымтайды жанына шақырып алып, iштегi түйiндi ойды аша сөйлеп:

       - Ай, осы сенiң не бiлгенiң бар, әлгi Сұлу келiнiм менi неге "сәби қайнаға"  дейдi, а? - деп сауал қояды. Айымтай оның"сұлу"  деп сызыла сөйлеп, қайдағыны сұрағанына iшi күйе ме:

      - Мен қайдан бiлейiн? Iшiңдi күйдiрiп бара жатса келiнiңдi шақырып ал, сосын сырын бiл. Өл дей ме маған, түге! - деп бұрқыраған күйi қайтадан үйге кiрiп кетедi. Бұл - қызғанғандағы түрi. Бiраздан берi шалының бет құбылысынан байқап жүр, үйге Нұрсұлу келiн келсе жүзi нұрланып, құйрығы жер сипамай кететiн. Көбелек секiлдi ұшып-қонып, өзi-ақ шай қайната салады. Әншейiнде ғой, керiлiп-созылып... бiр бүйiрлей беретiнi...

     - Кемпiр, шайың қашан қайнайды? - деп кежегесi кейiн тартып, жоқтан өзгеге қабақ шытып, ұрыс iздеп тұратыны... Пәлен жыл отасып, түтiн түтетiп, "Айымжан, Айымжан"  болып келiп едi, ендi қартайған шағында көңiлi шынымен-ақ өзгеге ауғалы жүр ме, шiркiннiң!..

      Кемпiрiнiң кеудеге күдiк алатындай себебi бар.

Соңғы он жылдан берi кәрiлiкке мойын ұсынып, ендi тек ауылдағы пышақ, қайшы бiткендi қайрап берiп, елден алғыс алып жүрген шалы соңғы күндерi өзiнше мiнез шығарды. Бұрын күнұзаққа есiк алдындағы көлеңкеден бiр ұзамайтын, бар тас қайрағын жиып алып, шидей мойны төмен салбырап, әлдененi түрткiлеумен күн өткiзетiн. Ендi олай емес, қолы қалт етсе, бойын түзеп, шоқша сақалын оңды-солды бұлғаңдатып, көршi үйдiң алдын бағумен болады. Сықырлауық ескi есiк  әндете ашылып, арғы жағынан Нұрсұлу келiн шықты дегенше, қашан көзден таса болғанша, көз алмай қадала қалады. Байқаусыз бiр сәтте әппақ мойнын керенау бұрып, шалға жанарын тiктей қалса, Қаһарман апыл-ғұпыл айналасын сипалап, әлденесiн жоғалтқан жан бола салатын-ды. Осындай көрiнiстiң үстiнен түскен Айымтайдың iшiн жалын жалаған: қызғаныштан күйiп кете жаздаған. Дереу жетiп барып, өзiнен екi-үш мүшел кiшi келiнi болса да "сирағыңды сидаңдатып, бұтыңды көрсетпей, ұзын көйлек кимеймiсiң, көргенсiз"  деп, ұрыспақшы да болып едi, артынша өзiн әрең тежедi. "Менде не жұмысың бар, жайыңа жүр, қақпас! "  деп бетiнен алып тастаса, өмiрi өзiнен кiшiден ауыр сөз естiп көрмеген кемпiр сол жерде қара жерге кiрiп кетпей ме!

        Кәрi кеуде кемпiр қызғанышын анық аңғарса да, сезiмге тежеу бола алмады. Көзiнiң алдын көлбеңдеген түп-түзу, жұп-жұмыр жас балтыр делебесiн қоздырумен болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға