«Талант бар ма?» («Біз таланттарды іздейміз!») байқауының
18.11.2013 10:45
9303
ЕРЕЖЕСІ
Тақырыбы: «Талант бар ма?» («Қайдасыңдар, таланттар?»). Байқаудың мақсаты: кино, өнер, спорт саласында жүрген жас таланттыларды насихаттау.
Байқаудың мақсат-мүддесі:
-Жастар арасында патриоттық сезімді жандандыру;
-Жастарды шығармашылыққа баулу, өзіндік шеберлігін көрсете білуіне көмек беру;
-Қазақстан Республикасының талантты жастарын таныту.
Байқаудың шарты:
Байқау жұмыстары 2013 жылдың 15 қараша мен 17 желтоқсан аралығында мына электронды мекен-жайға жіберілуі тиіс:
elimaikz2013@gmail.com
- Байқауға кез келген 16 жастан асқан барлық ниет білдірушілер қатыса алады.
- Байқауға қатысушылар өз шығармаларымен қатар, аты-жөні, мекен-жайы, жасы, электронды және ұялы байланыс құралы көрсетілген анкета толтырып жіберуі тиіс;
- Байқауға түскен әрбір шығармаға қойылатын талап: тақырыпқа сай болуы тиіс.
- Шығарма автордікі болуы және байқаудың мақсат мүддесіне сай болуы керек.
- Бір автор тек бір ғана шығарма жібере алады.
- Ең үздік шығарма арнайы құрылған төрешілер арқылы анықталады.
- Байқау жеңімпаздары арнайы дипломмен қатар бағалы сыйлықтарға ие болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Античные источники
Келесі жаңалық
Танымал актер Жахан Отарғалиев белгісіз арумен көзге түсті