«Ата мұра - асыл қазына!» фоторепортаж байқауының
18.11.2013 10:39
5101
ЕРЕЖЕСІ
Байқау туралы: «El.kz» әлеуметтік желісі Ұлттық өнерді насихаттау арқылы, қолөнершілердің арасынан талантыларды іздеу үшін «Ата мұра – асыл қазына!» фоторепортаж байқауын жариялайды.
Мақсаты:
- Қазақстан Республикасының позитивтік имиджін бекіту;
- Қазақстан Республикасының тарихи жәдігерлері мен бай мәдениетін жастарға таныту.
Шарттары:
- Байқау жұмыстары 2013 жылдың 15 қараша мен 17 желтоқсан аралығында мына электронды мекен-жайға жіберілуі тиіс:
elimaikz2013@gmail.com
- Байқауға 16 жастан асқан барлық ниет білдірушілер қатыса алады.
- Байқауға қатысушылар өз жұмыстарымен қатар аты-жөнін толық, мекен-жайын, жасын, сондай-ақ, электронды және ұялы байланыстарын көрсетуі тиіс.
- Байқауға түскен фоторепортаждардағы фотолар саны 5-6-дан кем болмауы, тақырыпқа сай болуы тиіс, стилі мен фотолардың сапасына баса назар аударылады.
- Бір автор тек бір репортаж жіберуге құқылы.
- Үздік жұмыстар конкурстың қазылар алқасының дауыc беруі арқылы анықталады.
- Байқау жеңімпаздары арнайы дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.
- Фоторепортаждағы қолөнер заттары түсірілген фотоларда міндетті түрде қатысушы болуы керек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Видеоконкурс «Талант бар ма?» («Біз таланттарды іздейміз!»)
Келесі жаңалық
Танымал актер Жахан Отарғалиев белгісіз арумен көзге түсті