Жаңалықтар

В.Г.Белинскийдің әдебиеттегі орны мен ролі

В.Г.Белинскийдің әдебиеттегі орны мен ролі, тарихи мәні туралы талай жылдарға созылған айтыс-таластар тарихына шолу жасасақ, біз оның даттаушыларға қарсы, жақтаушыларының да көп болғанын және оны жақтаушы, қолдаушыларының жауларынан әрдайым палуан түсіп отырғандығын көреміз.             Жалпы орыс әдебиетін, оның идеясы мен көркемдік мәнін халыққа пропагандалау туралы ұлы сыншының қалай еңбек сіңіргендігін, Пушкин туралы жазған Белинскийдің мақалаларын оқып шыққаннан кейін Л.Н.Толстойдың: «Ғажап! Мен Пушкинді енді ғана түсіндім» деп күнделігіне жазған осы аз сөз, үлкен таңдануының өзі-ақ көп нәрсені аңғартады десек, Н.Г.Чернышевский: «...Мыңдаған адам соның, Белинскийдің, арқасында адам болды. Ол бүкіл бір ұрпақты тәрбиеледі...» - деді. Орыстың классик жазушылары И.А.Гончаров, М.Е.Салтыков-Щедрин, И.С.Тургенев, ақын А.В.Кольцов, тағы басқалардың тамаша құнды және мейлінше үлкен бағалайтын сөздеріне тоқталмай-ақ, солардың жиынтығы тәрізді Н.А.Добролюбовтың: «Орыс әдебиеті қандай халге жетсе де, қалай шарықтап дамыса да, Белинский әрқашан оның мақтанышы, оның даңқы, оның сәулеті болады...» (Добролюбов, ІІ т., 1935, 476) деген сөздерінің өзі де жеткілікті.             В.Г.Белинскийдің мұрасы үшін күресуші социал-демократ партиясының алғашқы өкілдерінің бірі В.Г.Плеханов та:             «... В.Г.Белинский - ең жоғарғы сатыдағы игі адам, ұлы сыншы, сезімтал публицист болумен қатар, біздің қоғамымыздың ең күрделі, ең маңызды мәселелерін қоя білуде таңғаларлық өзінің көрегендігін танытты...» - деді.             Кемеңгеріміз В.И.Лениннің өзінің «Вехи» туралы деген және басқа мақалаларында В.Г.Белинскийді үлкен бағалайтыны өз алдына, «Россиядағы жұмысшы баспасөзінің өткен дәуірінен» атты мақаласында Белинскийдің «Гогольге хатының» өте маңызды еңбек екендігін көрсетті.             «...Белинскийдің әдебиеттегі істеріне қорытынды жасаған «Гогольге хат» деген атақты хаты цензурасыз демократиялық баспасөздің осы уақытқа дейін де өзінің орасан зор күнделікті маңызын жоймаған ең жақсы шығармаларының бірі болды» деді В.И.Ленин (20 т., қазақша, 247-б.).             Қорыта айтқанда, ұлы сыншы В.Г.Белинскийдің еңбектері - революцияшыл-демократтық идеясы жағынан болсын, патриоттық тәрбие беру жағынан болсын, әдебиет тарихын, теориясын білу, эстетикалық талғамымызды өрістету, көркем әдебиетке талдаудың методын үйрену жағынан болсын, күні бүгінге шейін көрнекті құрал, тамаша үлгі. Оқылық та, үйренелік те ұлы сыншыдан! 1961ж.   Әдеби әлем
18.11.2013 05:35 6449

В.Г.Белинскийдің әдебиеттегі орны мен ролі, тарихи мәні туралы талай жылдарға созылған айтыс-таластар тарихына шолу жасасақ, біз оның даттаушыларға қарсы, жақтаушыларының да көп болғанын және оны жақтаушы, қолдаушыларының жауларынан әрдайым палуан түсіп отырғандығын көреміз.

            Жалпы орыс әдебиетін, оның идеясы мен көркемдік мәнін халыққа пропагандалау туралы ұлы сыншының қалай еңбек сіңіргендігін, Пушкин туралы жазған Белинскийдің мақалаларын оқып шыққаннан кейін Л.Н.Толстойдың: «Ғажап! Мен Пушкинді енді ғана түсіндім» деп күнделігіне жазған осы аз сөз, үлкен таңдануының өзі-ақ көп нәрсені аңғартады десек, Н.Г.Чернышевский: «...Мыңдаған адам соның, Белинскийдің, арқасында адам болды. Ол бүкіл бір ұрпақты тәрбиеледі...» - деді. Орыстың классик жазушылары И.А.Гончаров, М.Е.Салтыков-Щедрин, И.С.Тургенев, ақын А.В.Кольцов, тағы басқалардың тамаша құнды және мейлінше үлкен бағалайтын сөздеріне тоқталмай-ақ, солардың жиынтығы тәрізді Н.А.Добролюбовтың: «Орыс әдебиеті қандай халге жетсе де, қалай шарықтап дамыса да, Белинский әрқашан оның мақтанышы, оның даңқы, оның сәулеті болады...» (Добролюбов, ІІ т., 1935, 476) деген сөздерінің өзі де жеткілікті.

            В.Г.Белинскийдің мұрасы үшін күресуші социал-демократ партиясының алғашқы өкілдерінің бірі В.Г.Плеханов та:

            «... В.Г.Белинский - ең жоғарғы сатыдағы игі адам, ұлы сыншы, сезімтал публицист болумен қатар, біздің қоғамымыздың ең күрделі, ең маңызды мәселелерін қоя білуде таңғаларлық өзінің көрегендігін танытты...» - деді.

            Кемеңгеріміз В.И.Лениннің өзінің «Вехи» туралы деген және басқа мақалаларында В.Г.Белинскийді үлкен бағалайтыны өз алдына, «Россиядағы жұмысшы баспасөзінің өткен дәуірінен» атты мақаласында Белинскийдің «Гогольге хатының» өте маңызды еңбек екендігін көрсетті.

            «...Белинскийдің әдебиеттегі істеріне қорытынды жасаған «Гогольге хат» деген атақты хаты цензурасыз демократиялық баспасөздің осы уақытқа дейін де өзінің орасан зор күнделікті маңызын жоймаған ең жақсы шығармаларының бірі болды» деді В.И.Ленин (20 т., қазақша, 247-б.).

            Қорыта айтқанда, ұлы сыншы В.Г.Белинскийдің еңбектері - революцияшыл-демократтық идеясы жағынан болсын, патриоттық тәрбие беру жағынан болсын, әдебиет тарихын, теориясын білу, эстетикалық талғамымызды өрістету, көркем әдебиетке талдаудың методын үйрену жағынан болсын, күні бүгінге шейін көрнекті құрал, тамаша үлгі. Оқылық та, үйренелік те ұлы сыншыдан!

1961ж.

 

Әдеби әлем

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға