Жаңалықтар

Сынның анықтамасын

В.Г.Белинский 1836 жылғы жазған мақаласының өзінде-ақ сынның анықтамасын тамаша дұрыс берген болатын. «Сын деген не? Сын - көркем шығармаға берілетін баға, теорияны тәжірибеге қодана білушілік немесе нақтылы фактілерден теория жасауға тырысушылық. Кейде алдыңғысы, кейде соңғысы, көбіне соның екеуі де...».             Теорияны тәжірибеде пайдалана білудің көрнекті үлгісін біз ұлы сыншының барлық еңбектерінен айқын көреміз. Ең алдымен, жоғарыда айтылып өткен әдебиеттанудың үш саласын (әдебиет тарихы, теориясы, сыны) мейлінше терең білушілік көркем шығармаларды терең талдауда оған керекті құрал болса, көркем шығарма оның сүйенер тірегі, қиялын шырқатып, ой жүгіртерлік майданы болды. Білім мен фактіні толық меңгерушілік зор талантқа душар келсе, ондай құдіретті қаламнан дүниежүзі мәдениетінің шаршы төрінен орын аларлық өлместік мұра қалатындықтың көрнекті үлгілерінің бірі В.Г.Белинский еңбектері екендігін көреміз.             Бірақ біз ұлы сыншының әдебиет, искусство, сын туралы еңбектерінің тереңдік сырларын тек қана әдебиеттану ғылымының шеңберінде деп түсінсек, шындықтан шет кеткен және авторға үлкен қиянат жасаған болар едік. Сондықтан біз жоғарыда «ең алдымен» деп әдейі ескерттік.             В.Г.Белинскийдің еңбектерін оқығанда, «Осыншама ақылдың Герценге керегі не болды екен?» деп сыншының өзі айтқандай, соншама білудің оған не керегі болды екен және соншама білім бір басқа қалай сыя берді екен деп таңданбасқа болмайды.             Оның шығармаларынан ең ескі заманғы атышулы грек эпосы «Илиада мен Одиссея» авторы Гомерден бастап, орыс әдебиетін айтпағанда, батыстың, шығыстың әдебиеті, оның көрнекті өкілдері мол түрде орын алуы, сонау Платон, Аристотельден бастап, біздің заманымыздағы, әсіресе ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы философ, әдебиет теоретиктерінің, искусствоведтердің көп кездесулерімен қатар, Герадот, Плутархтардан бастап тарихшы, этнографтар да, архитектура, скульптура, живопись, музыка, оларды туғызушылары да, кейбір аты әлемге әйгілі искусстволық ескерткіштер жайлы аңыз-ертегілер де, мифтік және тарихи геройлар да жиі кездеседі. Кездескенде тек жай кездесу емес, әрқайсысы кезі мен келешегіне келтірген пайда, зиянына қарай бағаланып, дәуіріне, әлеуметтік жағдайларымен байланысты талданып, бағаланған заңды түрде кездесу. Сыншы өз көзқарасын дәлелдеу үшін оларды әр алуан жағдаймен байланысты атайды.             В.Г.Белинскийдің кемеңгерлік сыншы дәрежесіне көтерілуінің бір алуан себептері осы айтылғандар тәрізді мейлінше көп білу болса, негізгі себебі - крепостнойлық правоға қарсылық. Ол ес біліп, өмір таныған кез патша үкіметі, помещиктер қоғамының бұқара халыққа көрсеткен қысымшылықтары әбден шегінен асқан кез болатын. Сондықтан бұқара халық басыбайлы шаруалардың помещиктерге деген наразылық, жаулық өшпенділіктері де күшті еді. Езушілердің ауыр азабы, қиын халі, қайғысы мен мұңы келешектегі ұлы сыншының жасынан-ақ жанына жара салып, жазылмас дертке айналды. Ол өзінің он тоғыз, жиырма жастарында жазған «Дмитрий Калинин» атты пьесасында-ақ адам баласының бір тобы өзіндей адамдарды езіп, жаншып отырғанын жаны күйініп, әділетсіздіктің арсыз тұрғысын өлтіре әшкерелеп, өкілдерін жыртқыш жолбарыс, қорқау қасқыр кескінінде бейнеледі. Өз кезіндегі өмір шындығын ол жанының жалыны, жүрегінің қанымен жазып, әлемге әйгілесе, өсе келе, сол езілушілердің өмірін жақсарту, бақытқа қолдарын жеткізуді ұлы арманы етіп, өз өмірін сол жолда күресуге бағыштады. Бұл жағдай оның сын, әдеби еңбектерінің идеялық-мазмұнына айналды. Сүйтіп оның сын мақалалар мен жалпы туындыларының кемеңгерлік дәрежеге жетуі жоғарғы айтылған әртүрлі фактілердің жиынтығы еді.             Айқындалған мақсат, асқан талант, ағыл-тегіл біліммен әбден қаруланған сыншы әдебиеттің қандай қиын мәселесін сөз етсін, қандай ұлы жазушының шығармаларын талдасын, бәрін де ұршықша үйірілтті. Олардан сыншы әріп қатесін іздеген жоқ, идеялық нәр, эстетикалық шешімдер іздеп, оларды тапжылдырмай танып, әлеуметтік мәнін, әдебиеттік құнын айқындады. В.Г.Белинскийдің сын, зерттеулерінде ақиқат (истина) - идеалы, әділдік - өлшеуіші, халық тілегі - туы болды. Қандай жазушы, қандай көркем шығарманы болсын ол осы үшеуінің тұрғысынан бағалады. Кімде-кім ақиқат, ел тілегі, халық мұңына қайшы келсе, оның улы тіл, өлімге сілтей жазатын өткір сынына ұшырады. Өзінің атышулы «Гогольге хатында», шығармаларының шындығы, халықтығы үшін жер-көкке тұрғызбай мақтаған Гогольдің, сол өзі жырлаған халықтық идея, ақиқатқа қайшы келген күні Белинский оның аяғын аспаннан келтірді. «...Бұл арада менің я сіздің қара басыңыз ғана сөз болып отырған жоқ, мен түгіл сізден де әлдеқайда жоғары мәселе қозғалып отыр; бұл арада сөз ақиқат туралы, орыс қоғамы, Ресей туралы болып отыр» деді (Белинский, қазақша, 214-б.). Мақтаса да, даттаса да ондаған факті, жүздеген логикалық дәлелдер келтіріп, жеріне жеткізе жазатын сындары достарын қуантса, қастарын құрыққа тұрғызды. Бірақ ол досына да, дұшпанына да әділ болды. Кімнен болсын айылын жимай, шынды айтып, ақиқаттың жаршысы болды. «Мен жартылап сөйлеудің, қулықтың ебін білмеймін, оның бәрі менде жоқ мінез» деп өзі жайлы ол өте әділ айтқан.             В.Г.Белинский сындарының және бір ерекшелігі - әдебиетті ғашығындай сүюшілік. Өлең, жырларын перзенті санайтын, сөздің жақсы ұғымында өз шығармасына ең қызғаншақтықпен қарайтын ақын да шығармасын тап Белинскийдей жақсы көре алмаған шығар. Әдебиет табысы, тіпті жеке бір үздік, жаңа образдардың өзі оны қатты қуантса, кемістік соншама қайғыртып, жанын жаралады. Лермонтов, Достоевский, Некрасов, Кольцов, Гоголь туралы оның қуаныштары мен Гоголь, Достоевский жөніндегі қайғырыстары бұған дәлел.             Ұлы сыншының сынау әдістеріндегі осы айтылғандар тәрізді кейбір ерекшеліктері - кезінде де, қазір де үлгі.             Зор талант, мол білім, темір логика, эстетикалық нәзік талғаммен В.Г.Белинский әдебиет майданында жарқ ете қалғанда, ескі әлем, орыстың ақсүйек-дворян әдебиетінің өкілдері селк ете қалды. Жас таланттың жалынды жаңа сөзі, жай оғындай жалт еткен жаңа пікірі, тыңнан тартқан жаңа жолы, оған шейінгі әдебиеттану ғылымын баурап алғандарға төбелерінен түскен жасыл тәрізденді. Олар жайратар жауын тез танып, тез ауыздықтауға атой салып қарсы шықты. Булгарин, А.Л.Волынский, М.П.Погодин, тағы-тағылар тұс-тұсынан шабуыл жасады. В.И.Панаев («Современниктің» редакторы емес, ол И.И.Панаев) «Мұндай жазғышсымақты томағалаудың, шынжырлап қазыққа отырғызудың орнына, оның сөздерін басады. Не болмақ әдебиеттің күні?» деп, тілінен зәр шашып, қолынан келсе, құртып жібергісі келді. Бұл В.И.Панаевтың өз басы ғана емес, өзі сықылды азған ой, шіріген сезім, қаңсыған идеяны қолдаушылардың барлығының түсінігі еді. Бірақ «Мың қарға зиян қылмас бір сұңқарға» дегендей, бәрі жабылып, оның мұртын қисайта алмады.             Ұлы сыншының сандаған жауларымен жалғыз шайқасуы эпос жырларында жау ортасында қалған алып батырлардың «оң келгенін оң атып, сол келгенін сол атып, солақай тартса құлатып», жанын жайпап, алдын жапыра қоршауды бұзатындарына ұқсайды. Айырмасы: олар ертегі, қиял, арман жемісі болса, Белинскийдің іс-амалдары - тарихи шындық. Булгарин арқылы ізін аңдыған полицияның бөлімі де, қаулаған өсек, шіп-шикі өтірік те қайсар ердің қарсы біткен жүрегін селт еткізе алмады. Қайта жауларына деген өшпенділігін өршітіп, қаламын өткірлей, тілін уланта түсті.             Ұлы адам өзінің игілік үшін басқан адымының тек алғашқы кезінде ғана жалғыз болмақ. Өйткені ол жаңалық ұсынады. Ғасыр бойы қалыптасқан ой-пікірлердің негізіне шабуыл жасайды. Бұл кенет кездескен жаңалық ескілік қожаларын бүйі тигендей бүлінтсе, көпшілікті, оның саналы тобын әуелі ойлантады да, көп кешікпей-ақ олардың өздерін жаңалықты жақтаушы, қолдаушы етеді. Өйткені ұлы адам ұсынған жаңа идея өмір талабынан туады да, көпшіліктің, оның тілек-мүдделерін іштей аңсаушы, бірақ әр алуан себептермен сыртқа шығара алмай, не батыл түрде майданға шыға алмай жүргендердің көкірегіне қона кетеді. Сөйтіп ұлы адам жауымен қатар, жақтаушыларын, достарын да, өз идеясын жақтап, жолын қуушыларды да тарих сахнасына ала шығады. Әдеби әлем
18.11.2013 05:34 4612

В.Г.Белинский 1836 жылғы жазған мақаласының өзінде-ақ сынның анықтамасын тамаша дұрыс берген болатын. «Сын деген не? Сын - көркем шығармаға берілетін баға, теорияны тәжірибеге қодана білушілік немесе нақтылы фактілерден теория жасауға тырысушылық. Кейде алдыңғысы, кейде соңғысы, көбіне соның екеуі де...».

            Теорияны тәжірибеде пайдалана білудің көрнекті үлгісін біз ұлы сыншының барлық еңбектерінен айқын көреміз. Ең алдымен, жоғарыда айтылып өткен әдебиеттанудың үш саласын (әдебиет тарихы, теориясы, сыны) мейлінше терең білушілік көркем шығармаларды терең талдауда оған керекті құрал болса, көркем шығарма оның сүйенер тірегі, қиялын шырқатып, ой жүгіртерлік майданы болды. Білім мен фактіні толық меңгерушілік зор талантқа душар келсе, ондай құдіретті қаламнан дүниежүзі мәдениетінің шаршы төрінен орын аларлық өлместік мұра қалатындықтың көрнекті үлгілерінің бірі В.Г.Белинский еңбектері екендігін көреміз.

            Бірақ біз ұлы сыншының әдебиет, искусство, сын туралы еңбектерінің тереңдік сырларын тек қана әдебиеттану ғылымының шеңберінде деп түсінсек, шындықтан шет кеткен және авторға үлкен қиянат жасаған болар едік. Сондықтан біз жоғарыда «ең алдымен» деп әдейі ескерттік.

            В.Г.Белинскийдің еңбектерін оқығанда, «Осыншама ақылдың Герценге керегі не болды екен?» деп сыншының өзі айтқандай, соншама білудің оған не керегі болды екен және соншама білім бір басқа қалай сыя берді екен деп таңданбасқа болмайды.

            Оның шығармаларынан ең ескі заманғы атышулы грек эпосы «Илиада мен Одиссея» авторы Гомерден бастап, орыс әдебиетін айтпағанда, батыстың, шығыстың әдебиеті, оның көрнекті өкілдері мол түрде орын алуы, сонау Платон, Аристотельден бастап, біздің заманымыздағы, әсіресе ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы философ, әдебиет теоретиктерінің, искусствоведтердің көп кездесулерімен қатар, Герадот, Плутархтардан бастап тарихшы, этнографтар да, архитектура, скульптура, живопись, музыка, оларды туғызушылары да, кейбір аты әлемге әйгілі искусстволық ескерткіштер жайлы аңыз-ертегілер де, мифтік және тарихи геройлар да жиі кездеседі. Кездескенде тек жай кездесу емес, әрқайсысы кезі мен келешегіне келтірген пайда, зиянына қарай бағаланып, дәуіріне, әлеуметтік жағдайларымен байланысты талданып, бағаланған заңды түрде кездесу. Сыншы өз көзқарасын дәлелдеу үшін оларды әр алуан жағдаймен байланысты атайды.

            В.Г.Белинскийдің кемеңгерлік сыншы дәрежесіне көтерілуінің бір алуан себептері осы айтылғандар тәрізді мейлінше көп білу болса, негізгі себебі - крепостнойлық правоға қарсылық. Ол ес біліп, өмір таныған кез патша үкіметі, помещиктер қоғамының бұқара халыққа көрсеткен қысымшылықтары әбден шегінен асқан кез болатын. Сондықтан бұқара халық басыбайлы шаруалардың помещиктерге деген наразылық, жаулық өшпенділіктері де күшті еді. Езушілердің ауыр азабы, қиын халі, қайғысы мен мұңы келешектегі ұлы сыншының жасынан-ақ жанына жара салып, жазылмас дертке айналды. Ол өзінің он тоғыз, жиырма жастарында жазған «Дмитрий Калинин» атты пьесасында-ақ адам баласының бір тобы өзіндей адамдарды езіп, жаншып отырғанын жаны күйініп, әділетсіздіктің арсыз тұрғысын өлтіре әшкерелеп, өкілдерін жыртқыш жолбарыс, қорқау қасқыр кескінінде бейнеледі. Өз кезіндегі өмір шындығын ол жанының жалыны, жүрегінің қанымен жазып, әлемге әйгілесе, өсе келе, сол езілушілердің өмірін жақсарту, бақытқа қолдарын жеткізуді ұлы арманы етіп, өз өмірін сол жолда күресуге бағыштады. Бұл жағдай оның сын, әдеби еңбектерінің идеялық-мазмұнына айналды. Сүйтіп оның сын мақалалар мен жалпы туындыларының кемеңгерлік дәрежеге жетуі жоғарғы айтылған әртүрлі фактілердің жиынтығы еді.

            Айқындалған мақсат, асқан талант, ағыл-тегіл біліммен әбден қаруланған сыншы әдебиеттің қандай қиын мәселесін сөз етсін, қандай ұлы жазушының шығармаларын талдасын, бәрін де ұршықша үйірілтті. Олардан сыншы әріп қатесін іздеген жоқ, идеялық нәр, эстетикалық шешімдер іздеп, оларды тапжылдырмай танып, әлеуметтік мәнін, әдебиеттік құнын айқындады. В.Г.Белинскийдің сын, зерттеулерінде ақиқат (истина) - идеалы, әділдік - өлшеуіші, халық тілегі - туы болды. Қандай жазушы, қандай көркем шығарманы болсын ол осы үшеуінің тұрғысынан бағалады. Кімде-кім ақиқат, ел тілегі, халық мұңына қайшы келсе, оның улы тіл, өлімге сілтей жазатын өткір сынына ұшырады. Өзінің атышулы «Гогольге хатында», шығармаларының шындығы, халықтығы үшін жер-көкке тұрғызбай мақтаған Гогольдің, сол өзі жырлаған халықтық идея, ақиқатқа қайшы келген күні Белинский оның аяғын аспаннан келтірді. «...Бұл арада менің я сіздің қара басыңыз ғана сөз болып отырған жоқ, мен түгіл сізден де әлдеқайда жоғары мәселе қозғалып отыр; бұл арада сөз ақиқат туралы, орыс қоғамы, Ресей туралы болып отыр» деді (Белинский, қазақша, 214-б.). Мақтаса да, даттаса да ондаған факті, жүздеген логикалық дәлелдер келтіріп, жеріне жеткізе жазатын сындары достарын қуантса, қастарын құрыққа тұрғызды. Бірақ ол досына да, дұшпанына да әділ болды. Кімнен болсын айылын жимай, шынды айтып, ақиқаттың жаршысы болды. «Мен жартылап сөйлеудің, қулықтың ебін білмеймін, оның бәрі менде жоқ мінез» деп өзі жайлы ол өте әділ айтқан.

            В.Г.Белинский сындарының және бір ерекшелігі - әдебиетті ғашығындай сүюшілік. Өлең, жырларын перзенті санайтын, сөздің жақсы ұғымында өз шығармасына ең қызғаншақтықпен қарайтын ақын да шығармасын тап Белинскийдей жақсы көре алмаған шығар. Әдебиет табысы, тіпті жеке бір үздік, жаңа образдардың өзі оны қатты қуантса, кемістік соншама қайғыртып, жанын жаралады. Лермонтов, Достоевский, Некрасов, Кольцов, Гоголь туралы оның қуаныштары мен Гоголь, Достоевский жөніндегі қайғырыстары бұған дәлел.

            Ұлы сыншының сынау әдістеріндегі осы айтылғандар тәрізді кейбір ерекшеліктері - кезінде де, қазір де үлгі.

            Зор талант, мол білім, темір логика, эстетикалық нәзік талғаммен В.Г.Белинский әдебиет майданында жарқ ете қалғанда, ескі әлем, орыстың ақсүйек-дворян әдебиетінің өкілдері селк ете қалды. Жас таланттың жалынды жаңа сөзі, жай оғындай жалт еткен жаңа пікірі, тыңнан тартқан жаңа жолы, оған шейінгі әдебиеттану ғылымын баурап алғандарға төбелерінен түскен жасыл тәрізденді. Олар жайратар жауын тез танып, тез ауыздықтауға атой салып қарсы шықты. Булгарин, А.Л.Волынский, М.П.Погодин, тағы-тағылар тұс-тұсынан шабуыл жасады. В.И.Панаев («Современниктің» редакторы емес, ол И.И.Панаев) «Мұндай жазғышсымақты томағалаудың, шынжырлап қазыққа отырғызудың орнына, оның сөздерін басады. Не болмақ әдебиеттің күні?» деп, тілінен зәр шашып, қолынан келсе, құртып жібергісі келді. Бұл В.И.Панаевтың өз басы ғана емес, өзі сықылды азған ой, шіріген сезім, қаңсыған идеяны қолдаушылардың барлығының түсінігі еді. Бірақ «Мың қарға зиян қылмас бір сұңқарға» дегендей, бәрі жабылып, оның мұртын қисайта алмады.

            Ұлы сыншының сандаған жауларымен жалғыз шайқасуы эпос жырларында жау ортасында қалған алып батырлардың «оң келгенін оң атып, сол келгенін сол атып, солақай тартса құлатып», жанын жайпап, алдын жапыра қоршауды бұзатындарына ұқсайды. Айырмасы: олар ертегі, қиял, арман жемісі болса, Белинскийдің іс-амалдары - тарихи шындық. Булгарин арқылы ізін аңдыған полицияның бөлімі де, қаулаған өсек, шіп-шикі өтірік те қайсар ердің қарсы біткен жүрегін селт еткізе алмады. Қайта жауларына деген өшпенділігін өршітіп, қаламын өткірлей, тілін уланта түсті.

            Ұлы адам өзінің игілік үшін басқан адымының тек алғашқы кезінде ғана жалғыз болмақ. Өйткені ол жаңалық ұсынады. Ғасыр бойы қалыптасқан ой-пікірлердің негізіне шабуыл жасайды. Бұл кенет кездескен жаңалық ескілік қожаларын бүйі тигендей бүлінтсе, көпшілікті, оның саналы тобын әуелі ойлантады да, көп кешікпей-ақ олардың өздерін жаңалықты жақтаушы, қолдаушы етеді. Өйткені ұлы адам ұсынған жаңа идея өмір талабынан туады да, көпшіліктің, оның тілек-мүдделерін іштей аңсаушы, бірақ әр алуан себептермен сыртқа шығара алмай, не батыл түрде майданға шыға алмай жүргендердің көкірегіне қона кетеді. Сөйтіп ұлы адам жауымен қатар, жақтаушыларын, достарын да, өз идеясын жақтап, жолын қуушыларды да тарих сахнасына ала шығады.

Әдеби әлем

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға