Жаңалықтар

Белинскийдің мақалалары

1834 жыл мен 1842 жылдар арасындағы «Әдебиеттік армандар», «Орыс әңгімесі және Гоголь әңгімелері туралы», «М.Лермонтов өлеңдері», «Искусствоның идеясы», «Поэзияны тегі мен түріне қарай бөлу», «Әдебиет деген сөздің жалпы мәні», «Гоголь поэмасы туралы біраз сөз», «Сын туралы әңгіме», т.б., 1843 ж. мен 1848 ж. арасындағы «Державин шығармалары», «Крылов, Пушкин шығармалары туралы» мақалалары, «1846 жылғы орыс әдебиетіне көзқарас» (шолу), «1847 жылғы орыс әдебиетіне көзқарас» (шолу), т.б. сандаған мақалалар жазды. Олардың кейбіреулері орыс әдебиеті тарихының желісіне өзек болса, кейбіреулері сол әдебиет тарихының жеке тарауы тәрізді. Крылов, Пушкин, Гоголь, Лермонтов, тағы басқалар туралы оның зерттеулері орыс әдебиеті тарихын жасаудағы ең керекті, құнды монографиялық еңбектер болды. Әйтсе де, Белинскийдің айрықша бір мәні зор еңбегі орыс әдебиетінің тарихын дәуірлегенде ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиеті, не Пушкинге шейінгі және Пушкин, Гоголь дәуірі деп екіге бөліп, сол екі дәуір әдебиетінің ара байланысының заңдылығын, соңғы дәуір орыс әдебиетінің ең шарықтаған, искусстволық дәрежеге көтерілген кезі екендігін дәлелдеп беруі.             Пушкинге дейінгі Ломоносов, Крылов, Державин, Дмитриев, Карамзин, тағы басқаларын айта келіп, олардың тарихи рольдерін аша отырып, «... Пушкин - ең алдымен, ақын, суретші; ол орыс поэзиясының тілін жаңаша құрып, оны көркемдіктің ең жоғарғы сатысына жеткізді, орыс әдебиетінде бірінші рет искусствоның искусстволық дәрежеге жетіп, кемеліне келуі Пушкинмен байланысты. Пушкин өзінен бұрынғы орыстың көркем әдебиетін бойына толық сіңірді, әдебиетте өзінің беті бар сөз шебері, ұлы ақын ақындық дәрежеге ие болғанға шейін ол өзінен бұрынғы ақындардың жолын қуушы шәкірті болды, олардың барлық табыс, жетістіктерін толық меңгеріп, өзіндік етті, өзінен бұрынғылардың қолынан келмеген көркемдіктер Пушкиннің қолынан келе алды, олардың кемшіліктерін Пушкин қайталамады. Сондықтан Ломоносов пен Пушкиннің араларында үзілмей келе жатқан желі бар. Бұлардың бірі -  себебі, екіншісі соның салдары. Демек, орыс әдебиетінің дамуы жолындағы осындай үзілмей келе жатқан өзек, байланыстың болушылығы оның «Әдебиет» деп аталуына право береді...» деді (Белинский, І том, 1559ж., 562-б.). Пушкиннің кейінгі ақын-жазушыларға еткен ықпалы жайлы Белинский: «Пушкин Гогольге үлкен әсер тигізгенде, еліктерлік үлгі ретінде емес, искусствоны мейлінше ілгерілетуші және өзі үшін ғана емес, басқа суреткерлер үшін де искусство айналасынан жаңа жолдар ашушы суретші ретінде әсер етті. Пушкиннің Гогольге тигізген негізгі әсері - (шығарманың) халықтылығында...» - деді.             Әдебиеттің халықтылығын ең алғашқы мақаласы «Әдебиеттік армандарда» көтерді. Үстем тап әдебиетін халықпен, оның мүддесімен байланыссыз деп қатты сынады. Әдебиеттің халыққа қарым-қатысы, байланысы, оның тарихи-әдебиеттік концепциясын белгіледі. Әдебиетте, сында, публицистикада өзінің жолын қуушы Некрасов, Салтыков-Щедрин, Чернышевский, Добролюбовтерді туғызды.             Орыс әдебиетінің тарихы жөніндегі В.Г.Белинскийдің ролі мен мәні жайлы Н.Г.Чернышевскийдің «... Белинскийге шейін бізде сын болды, бірақ әдебиет тарихы болған жоқ. Әдебиет тарихы туралы дәл және дұрыс түсінікке ие болғандығымыз үшін біз Белинскийге міндеттіміз» деген сөзінің өзі-ақ ұлы сыншының орыс әдебиеті тарихын жасаудағы еңбегінің қандай екендігін толық дәлелдейді.             В.Г.Белинскийдің еңбектерінің бір алуан саласы әдебиет теориясының мәселелерімен байланысты. Әдебиеттің халықтығы, әдебиеттің тегі, түрі, классицизм, романтизм, реализм, стиль, стилистика, өлең, оның құрылысы, көркем әдебиеттің тілі, тағы басқа теориялық күрделі мәселелер ұлы сыншының даналық туындыларынан өздерінің ғылымдық шешімдерін тапты.             Көркем әдебиетті эпос, лирика, драма деп үш текке бөліп, олардың әрқайсысына дәл, фактілерге негізделген нақтылы тапсырмалар берумен қатар, олардың әр алуан түрлерін де жіктеп, кейде бір-бірінен айыру өте қиын эпос, лирика түрлерінің жігін ашып, ғылыми тұрғыдан ерекшеліктерін дәлелдеп көрсетуші алғашқы теоретик те В.Г.Белинский болды.             Эпостық текке жататын әдеби нұсқаларында объект, өмір, оқиға, адамдардың арасындағы қарым-қатыстар бірінші орын алса, лирикалық текке жататын шығармаларда бірінші орынды субъект - ақын, оның көзқарасы, сезім түйсіктері алатындығын, драма осы екі тектің (жанрдың) қосындысынан құралатын, алдыңғы екеуінен гөрі қиынырақ, жеке бір жанр екендігін көрсеткен теориялық анықтаулары күні бүгінге шейін әдебиетте сол қалпында басшылық ретінде қолданылады. Өйткені әр пәннің тууы, дамуы белгілі бір заңдылыққа негізделінетіндігіне шәк келтірместей, оны ғылыми қағида десек, әр ғалымның өз пәні айналасында ашқан жаңалығы басқаларға бұрын белгісіз жаңа бір заңдылықты ашу, оның ғылым үшін теориялық, өмір үшін практикалық мәндерін белгілеу ғой. Әрине ол кездейсоқ, күтпеген жерден табыла салатын нәрсе емес, өзіне шейінгілердің сол проблема туралы еңбектерін білу, оларды аудара қарап, ақтара тексеру, өз пәнін, оның белгілі бір проблемасын төтенше бақылап, айрықша зерттеу нәтижесінде ғана мүмкін. Сол тәрізді В.Г.Белинскийдің «Поэзияны тегіне және түріне қарай бөлуі» немесе басқа тақырыпқа жазған теориялық мақалалары сонау ескі грек замандарынан бергі искусство, әдебиет, оның тектері, эстетика туралы дүниежүзі білімпаздарының еңбектерін терең білуге, оның терісінен айырып, олардағы өсе алмаған дәнді ұрықтарды өсіру, дамытуға және өз кезіндегі көркем әдебиетті үздіксіз бақылап, мұқият зерттеу арқылы әдебиеттің өзіне тән табиғи жайттарды тапжылдырмай тани білді. Өзіне шейінгі искусство, әдебиет тарихы, теориясы жөніндегі көзқарас, теорияларды толық меңгеріп, оларға сын көзімен қарап, қайта қорытты, искусство, әдебиет туралы жаңаша принциптер ұсынды. Әдеби әлем
18.11.2013 05:28 9400

1834 жыл мен 1842 жылдар арасындағы «Әдебиеттік армандар», «Орыс әңгімесі және Гоголь әңгімелері туралы», «М.Лермонтов өлеңдері», «Искусствоның идеясы», «Поэзияны тегі мен түріне қарай бөлу», «Әдебиет деген сөздің жалпы мәні», «Гоголь поэмасы туралы біраз сөз», «Сын туралы әңгіме», т.б., 1843 ж. мен 1848 ж. арасындағы «Державин шығармалары», «Крылов, Пушкин шығармалары туралы» мақалалары, «1846 жылғы орыс әдебиетіне көзқарас» (шолу), «1847 жылғы орыс әдебиетіне көзқарас» (шолу), т.б. сандаған мақалалар жазды. Олардың кейбіреулері орыс әдебиеті тарихының желісіне өзек болса, кейбіреулері сол әдебиет тарихының жеке тарауы тәрізді. Крылов, Пушкин, Гоголь, Лермонтов, тағы басқалар туралы оның зерттеулері орыс әдебиеті тарихын жасаудағы ең керекті, құнды монографиялық еңбектер болды. Әйтсе де, Белинскийдің айрықша бір мәні зор еңбегі орыс әдебиетінің тарихын дәуірлегенде ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиеті, не Пушкинге шейінгі және Пушкин, Гоголь дәуірі деп екіге бөліп, сол екі дәуір әдебиетінің ара байланысының заңдылығын, соңғы дәуір орыс әдебиетінің ең шарықтаған, искусстволық дәрежеге көтерілген кезі екендігін дәлелдеп беруі.

            Пушкинге дейінгі Ломоносов, Крылов, Державин, Дмитриев, Карамзин, тағы басқаларын айта келіп, олардың тарихи рольдерін аша отырып, «... Пушкин - ең алдымен, ақын, суретші; ол орыс поэзиясының тілін жаңаша құрып, оны көркемдіктің ең жоғарғы сатысына жеткізді, орыс әдебиетінде бірінші рет искусствоның искусстволық дәрежеге жетіп, кемеліне келуі Пушкинмен байланысты. Пушкин өзінен бұрынғы орыстың көркем әдебиетін бойына толық сіңірді, әдебиетте өзінің беті бар сөз шебері, ұлы ақын ақындық дәрежеге ие болғанға шейін ол өзінен бұрынғы ақындардың жолын қуушы шәкірті болды, олардың барлық табыс, жетістіктерін толық меңгеріп, өзіндік етті, өзінен бұрынғылардың қолынан келмеген көркемдіктер Пушкиннің қолынан келе алды, олардың кемшіліктерін Пушкин қайталамады. Сондықтан Ломоносов пен Пушкиннің араларында үзілмей келе жатқан желі бар. Бұлардың бірі -  себебі, екіншісі соның салдары. Демек, орыс әдебиетінің дамуы жолындағы осындай үзілмей келе жатқан өзек, байланыстың болушылығы оның «Әдебиет» деп аталуына право береді...» деді (Белинский, І том, 1559ж., 562-б.).

Пушкиннің кейінгі ақын-жазушыларға еткен ықпалы жайлы Белинский: «Пушкин Гогольге үлкен әсер тигізгенде, еліктерлік үлгі ретінде емес, искусствоны мейлінше ілгерілетуші және өзі үшін ғана емес, басқа суреткерлер үшін де искусство айналасынан жаңа жолдар ашушы суретші ретінде әсер етті. Пушкиннің Гогольге тигізген негізгі әсері - (шығарманың) халықтылығында...» - деді.

            Әдебиеттің халықтылығын ең алғашқы мақаласы «Әдебиеттік армандарда» көтерді. Үстем тап әдебиетін халықпен, оның мүддесімен байланыссыз деп қатты сынады. Әдебиеттің халыққа қарым-қатысы, байланысы, оның тарихи-әдебиеттік концепциясын белгіледі. Әдебиетте, сында, публицистикада өзінің жолын қуушы Некрасов, Салтыков-Щедрин, Чернышевский, Добролюбовтерді туғызды.

            Орыс әдебиетінің тарихы жөніндегі В.Г.Белинскийдің ролі мен мәні жайлы Н.Г.Чернышевскийдің «... Белинскийге шейін бізде сын болды, бірақ әдебиет тарихы болған жоқ. Әдебиет тарихы туралы дәл және дұрыс түсінікке ие болғандығымыз үшін біз Белинскийге міндеттіміз» деген сөзінің өзі-ақ ұлы сыншының орыс әдебиеті тарихын жасаудағы еңбегінің қандай екендігін толық дәлелдейді.

            В.Г.Белинскийдің еңбектерінің бір алуан саласы әдебиет теориясының мәселелерімен байланысты. Әдебиеттің халықтығы, әдебиеттің тегі, түрі, классицизм, романтизм, реализм, стиль, стилистика, өлең, оның құрылысы, көркем әдебиеттің тілі, тағы басқа теориялық күрделі мәселелер ұлы сыншының даналық туындыларынан өздерінің ғылымдық шешімдерін тапты.

            Көркем әдебиетті эпос, лирика, драма деп үш текке бөліп, олардың әрқайсысына дәл, фактілерге негізделген нақтылы тапсырмалар берумен қатар, олардың әр алуан түрлерін де жіктеп, кейде бір-бірінен айыру өте қиын эпос, лирика түрлерінің жігін ашып, ғылыми тұрғыдан ерекшеліктерін дәлелдеп көрсетуші алғашқы теоретик те В.Г.Белинский болды.

            Эпостық текке жататын әдеби нұсқаларында объект, өмір, оқиға, адамдардың арасындағы қарым-қатыстар бірінші орын алса, лирикалық текке жататын шығармаларда бірінші орынды субъект - ақын, оның көзқарасы, сезім түйсіктері алатындығын, драма осы екі тектің (жанрдың) қосындысынан құралатын, алдыңғы екеуінен гөрі қиынырақ, жеке бір жанр екендігін көрсеткен теориялық анықтаулары күні бүгінге шейін әдебиетте сол қалпында басшылық ретінде қолданылады. Өйткені әр пәннің тууы, дамуы белгілі бір заңдылыққа негізделінетіндігіне шәк келтірместей, оны ғылыми қағида десек, әр ғалымның өз пәні айналасында ашқан жаңалығы басқаларға бұрын белгісіз жаңа бір заңдылықты ашу, оның ғылым үшін теориялық, өмір үшін практикалық мәндерін белгілеу ғой. Әрине ол кездейсоқ, күтпеген жерден табыла салатын нәрсе емес, өзіне шейінгілердің сол проблема туралы еңбектерін білу, оларды аудара қарап, ақтара тексеру, өз пәнін, оның белгілі бір проблемасын төтенше бақылап, айрықша зерттеу нәтижесінде ғана мүмкін. Сол тәрізді В.Г.Белинскийдің «Поэзияны тегіне және түріне қарай бөлуі» немесе басқа тақырыпқа жазған теориялық мақалалары сонау ескі грек замандарынан бергі искусство, әдебиет, оның тектері, эстетика туралы дүниежүзі білімпаздарының еңбектерін терең білуге, оның терісінен айырып, олардағы өсе алмаған дәнді ұрықтарды өсіру, дамытуға және өз кезіндегі көркем әдебиетті үздіксіз бақылап, мұқият зерттеу арқылы әдебиеттің өзіне тән табиғи жайттарды тапжылдырмай тани білді. Өзіне шейінгі искусство, әдебиет тарихы, теориясы жөніндегі көзқарас, теорияларды толық меңгеріп, оларға сын көзімен қарап, қайта қорытты, искусство, әдебиет туралы жаңаша принциптер ұсынды.

Әдеби әлем

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға