Жаңалықтар

Ұлы ойлардың ұшқыны

Әдебиеттану ғылымының даму жолына көз салсақ, ХІХ ғасырда бұл ғылымның барлық саласын бірдей қамтып, олардың қайсысы туралы болсын кең шолып, терең толғап, ұрпақ үшін өлмес мұра, өшпес өнеге, «ұшқыннан өрт» тудырарлық ой қалдырған - ұлы сыншы Белинский.             Батыс Европада сын, жалпы әдебиеттану ғылымының ең дәуірлеген кезі - ХҮІІІ ғасыр. Ағартушылық бағытындағы сындардың өрістеп дамуы, ескі классицизмдегі сан алуан шарттылықтарға (үш бірлік, т.б.) қарсы күрес ашып, өмір құбылысын өз тұрғысында, тіпті болғаннан гөрі, болу мүмкіндіктерін жырлауды, әдеби, искусстволық туындыларды белгілі құрсау, шеңберден босатуды ұсынды. Олардың белді өкілдері энциклопедист Дидро, Лессинг болды. Дидро өзіне шейінгі әдебиеттану ғылымында трагедия мен комедиядан жігі ашылмай келе жатқан драманың жігін ашып, ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, оның өзіне тән ерекшеліктері бар драмалық жанрдың айрықша бір түрі екендігін дәлелдеді. Лессинг неміс әдебиетінде классицизмнің ескірген торын быт-шыт қылып, романтизмнің өрнекті үлгісі үшін күресушілерінің бірі болды. Олардың искусство-әдебиет саласындағы бұл игілікті істері тек өз елдерінің шеңберінде қалып қоймай, мәдениетке ержете бастаған елдердің де әдеби процесінің дәуіріне сай дамуына белгілі дәрежеде әсер еткендігі сөзсіз. Бірақ бұлар да өздерінің құнды әдеби еңбектерінде әдебиеттану ғылымының барлық саласын түгел қамти алған жоқ, кейбір жеке мәселелерін шешті де, сол мәселелердің дұрыс жолмен өрістеулеріне нысаналар белгіледі.             Батыс Европаның ХІХ ғасырдағы әдебиеттану ғылымы ХҮІІІ ғасырдағы ағартушылық бағытын қолдаған сындардың дәрежесіне де көтеріле алмады. Әдебиет, сын, эстетика мәселелерінде кейбіреулері: Берне, Брандестер буржуазиялық реализм шеңберінде ғана тұрақтап қалса, көпшілігі психологизм, импрессионизм, не таза эстеттікке бой ұрып, кері кетті. Тап осындай кезде орыс емес, дүниежүзі әдебиетінің әлемінде Виссарион Григорьевич Белинскийдің ұлы таланты жарқ ете түсті.             В.Г.Белинский 1811 жылдың бірінші июнінде туып, 1848 жылы қайтыс болды. Оның «Әдебиеттік армандар» атты бірінші сын мақаласы 1834 жылы баспа жүзін көрді. Демек, әдебиеттану ғылымының үш саласын бірдей қамтитын әлденеше томдық ұлы еңбектері мен эстетика мәселелерін терең толғап шешкен мәңгі өлместік құнды мақалаларын ұлы сыншы не барлығы 14-15 жылдың ішінде жазған.             Журналистік, сыншылдықты өзінің мамандығы санаған В.Г.Белинскийге тек орыс фольклорын, орыс әдебиет тарихын ғана емес, ескі грек, рим, жалпы батыс Европа әдебиетін, олардың тарихын, философиясын, искусствосын зерттеп білуге тура келді. Қандай іске болсын бар ынта, бар жігер, бар күшін салып, түгел беріле қимылдайтын Виссарион Григорьевич, университетте оқуына мүмкіндік берілмесе де, өз бетімен оқып, сол кездегі мәдениетті халықтардың гуманитарлық ғылым табыстарымен мол қаруланып, олардың ішіндегі құнды нәрлерін өз бойына толық сіңірді. Мүшесі кем, мүсіні қисық ғаріптерді жұтып жіберіп, қайта құсқанда айтарлықтай ақылды, сұқтанарлық сұлу етіп шығаратын ертектердегі Самұрық құс тәрізді, Белинский де өзіне бұрынғы және өз кезіндегі тарих, әдебиет, теория, философиялық ғылымдарды өз саласынан өткізіп, басқаша мазмұн, басқаша түрде қайта жасап шығарды. Әрине жас Белинскийге Гегель тәрізді идеалист-философтардың кейбіреулері әсерін де тигізбей қойған жоқ. Бірақ асқан ақыл, үздік талант, терең ой, сынампаз мінез иесі ұлы адамды олар өз ықпалына түгел көндіріп, ықтатып кете алмады. Үздіксіз оқу, жалықпай іздену, өмірге де, өмір тартысының сәулесі әдебиетке, не басқа пәндерге де сын көзімен қарап, сырын ашуды машық еткен кемеңгер сыншы 1840 жылдардан бастап, идеалистік философияны біржола жоққа шығарып, материалистік көзқарасқа келді. Қоғам өмірінің даму жолдарының объективтік, диалектикалық заңдарын сұғына қолдану идеясы күні өтіп, тозығы жеткен, қоғамның келешектегі даму жолына бөгет боларлық өмір құбылыстарына қарсы шығу, күрес идеясымен ұштасты. Осы тұрғыдан ол Россияның патшалық-крепостнойлық құрылысына қарсы шығып, бұл құрылыстағы жан түршігерлік сұм-сұрқиялықтарды әшкереледі. Өз жауы да, ел жауы да патша, оның құрылысы, дін-шіркеу деп ұқты да, сол құрылыстың нәтижесінен туып отырған сан алуан зымиян іс-әрекеттердің бетін ашты. 1840ж. Боткинге жазған хатының бір жерінде: «... Барлық адамгершілік, ақылдылық, мейірбандық, қабілеттілік тұншықтырылуға ұйғарылған, ой еркіндігіне үн шығармастай тыйым салынып, цензурасы соғыстан қашқан солдатты жазалайтын әскери уставқа ұқсап отырған; Пушкин қайыршылық өмір сүріп, зұлымдық құрбаны болған, ал жасырын шағым, арыздардың арқасында мәз-мейрам дәурен сүрушы Гречи мен Булгарин барлық әдебиетті басқарып отырған... Россиядағы бұл тәрізді жексұрындық жайттармен еш келісімге келуге болмайды... Жоқ. Осылардың бәрін ақтамақшы болып тіл қатушылардың үні өшсін!..» деді Белинский (ХІ том, 576-577-б.). Өз кезіндегі Россиядағы өмір құбылыстарын терең болжаушылықтан туған бұл түсініктер оның бұдан былайғы көзқарасын айқындады. Патшаға, оның үкіметі мен қолдаушыларына деген сөнбес өшпенділік ұлы сыншының барлық еңбектеріне өзек болды. Ол езілуші халықтың бақыты, бостандығы үшін күресуді өзінің адамдық ары, азаматтық борышы деп білді. Қоғамның даму жолындағы негізгі нысана да, негізгі мақсат та социализм идеясы, басқа идея, басқа жолдар үшін тартыс құр жел сөз деген қорытындыға келді де, «идеялардың идеясы» осы деп түйіндеді. Әдеби әлем
18.11.2013 05:26 4286

Әдебиеттану ғылымының даму жолына көз салсақ, ХІХ ғасырда бұл ғылымның барлық саласын бірдей қамтып, олардың қайсысы туралы болсын кең шолып, терең толғап, ұрпақ үшін өлмес мұра, өшпес өнеге, «ұшқыннан өрт» тудырарлық ой қалдырған - ұлы сыншы Белинский.

            Батыс Европада сын, жалпы әдебиеттану ғылымының ең дәуірлеген кезі - ХҮІІІ ғасыр. Ағартушылық бағытындағы сындардың өрістеп дамуы, ескі классицизмдегі сан алуан шарттылықтарға (үш бірлік, т.б.) қарсы күрес ашып, өмір құбылысын өз тұрғысында, тіпті болғаннан гөрі, болу мүмкіндіктерін жырлауды, әдеби, искусстволық туындыларды белгілі құрсау, шеңберден босатуды ұсынды. Олардың белді өкілдері энциклопедист Дидро, Лессинг болды. Дидро өзіне шейінгі әдебиеттану ғылымында трагедия мен комедиядан жігі ашылмай келе жатқан драманың жігін ашып, ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, оның өзіне тән ерекшеліктері бар драмалық жанрдың айрықша бір түрі екендігін дәлелдеді. Лессинг неміс әдебиетінде классицизмнің ескірген торын быт-шыт қылып, романтизмнің өрнекті үлгісі үшін күресушілерінің бірі болды. Олардың искусство-әдебиет саласындағы бұл игілікті істері тек өз елдерінің шеңберінде қалып қоймай, мәдениетке ержете бастаған елдердің де әдеби процесінің дәуіріне сай дамуына белгілі дәрежеде әсер еткендігі сөзсіз. Бірақ бұлар да өздерінің құнды әдеби еңбектерінде әдебиеттану ғылымының барлық саласын түгел қамти алған жоқ, кейбір жеке мәселелерін шешті де, сол мәселелердің дұрыс жолмен өрістеулеріне нысаналар белгіледі.

            Батыс Европаның ХІХ ғасырдағы әдебиеттану ғылымы ХҮІІІ ғасырдағы ағартушылық бағытын қолдаған сындардың дәрежесіне де көтеріле алмады. Әдебиет, сын, эстетика мәселелерінде кейбіреулері: Берне, Брандестер буржуазиялық реализм шеңберінде ғана тұрақтап қалса, көпшілігі психологизм, импрессионизм, не таза эстеттікке бой ұрып, кері кетті. Тап осындай кезде орыс емес, дүниежүзі әдебиетінің әлемінде Виссарион Григорьевич Белинскийдің ұлы таланты жарқ ете түсті.

            В.Г.Белинский 1811 жылдың бірінші июнінде туып, 1848 жылы қайтыс болды. Оның «Әдебиеттік армандар» атты бірінші сын мақаласы 1834 жылы баспа жүзін көрді. Демек, әдебиеттану ғылымының үш саласын бірдей қамтитын әлденеше томдық ұлы еңбектері мен эстетика мәселелерін терең толғап шешкен мәңгі өлместік құнды мақалаларын ұлы сыншы не барлығы 14-15 жылдың ішінде жазған.

            Журналистік, сыншылдықты өзінің мамандығы санаған В.Г.Белинскийге тек орыс фольклорын, орыс әдебиет тарихын ғана емес, ескі грек, рим, жалпы батыс Европа әдебиетін, олардың тарихын, философиясын, искусствосын зерттеп білуге тура келді. Қандай іске болсын бар ынта, бар жігер, бар күшін салып, түгел беріле қимылдайтын Виссарион Григорьевич, университетте оқуына мүмкіндік берілмесе де, өз бетімен оқып, сол кездегі мәдениетті халықтардың гуманитарлық ғылым табыстарымен мол қаруланып, олардың ішіндегі құнды нәрлерін өз бойына толық сіңірді. Мүшесі кем, мүсіні қисық ғаріптерді жұтып жіберіп, қайта құсқанда айтарлықтай ақылды, сұқтанарлық сұлу етіп шығаратын ертектердегі Самұрық құс тәрізді, Белинский де өзіне бұрынғы және өз кезіндегі тарих, әдебиет, теория, философиялық ғылымдарды өз саласынан өткізіп, басқаша мазмұн, басқаша түрде қайта жасап шығарды. Әрине жас Белинскийге Гегель тәрізді идеалист-философтардың кейбіреулері әсерін де тигізбей қойған жоқ. Бірақ асқан ақыл, үздік талант, терең ой, сынампаз мінез иесі ұлы адамды олар өз ықпалына түгел көндіріп, ықтатып кете алмады. Үздіксіз оқу, жалықпай іздену, өмірге де, өмір тартысының сәулесі әдебиетке, не басқа пәндерге де сын көзімен қарап, сырын ашуды машық еткен кемеңгер сыншы 1840 жылдардан бастап, идеалистік философияны біржола жоққа шығарып, материалистік көзқарасқа келді. Қоғам өмірінің даму жолдарының объективтік, диалектикалық заңдарын сұғына қолдану идеясы күні өтіп, тозығы жеткен, қоғамның келешектегі даму жолына бөгет боларлық өмір құбылыстарына қарсы шығу, күрес идеясымен ұштасты. Осы тұрғыдан ол Россияның патшалық-крепостнойлық құрылысына қарсы шығып, бұл құрылыстағы жан түршігерлік сұм-сұрқиялықтарды әшкереледі. Өз жауы да, ел жауы да патша, оның құрылысы, дін-шіркеу деп ұқты да, сол құрылыстың нәтижесінен туып отырған сан алуан зымиян іс-әрекеттердің бетін ашты. 1840ж. Боткинге жазған хатының бір жерінде: «... Барлық адамгершілік, ақылдылық, мейірбандық, қабілеттілік тұншықтырылуға ұйғарылған, ой еркіндігіне үн шығармастай тыйым салынып, цензурасы соғыстан қашқан солдатты жазалайтын әскери уставқа ұқсап отырған; Пушкин қайыршылық өмір сүріп, зұлымдық құрбаны болған, ал жасырын шағым, арыздардың арқасында мәз-мейрам дәурен сүрушы Гречи мен Булгарин барлық әдебиетті басқарып отырған... Россиядағы бұл тәрізді жексұрындық жайттармен еш келісімге келуге болмайды... Жоқ. Осылардың бәрін ақтамақшы болып тіл қатушылардың үні өшсін!..» деді Белинский (ХІ том, 576-577-б.). Өз кезіндегі Россиядағы өмір құбылыстарын терең болжаушылықтан туған бұл түсініктер оның бұдан былайғы көзқарасын айқындады. Патшаға, оның үкіметі мен қолдаушыларына деген сөнбес өшпенділік ұлы сыншының барлық еңбектеріне өзек болды. Ол езілуші халықтың бақыты, бостандығы үшін күресуді өзінің адамдық ары, азаматтық борышы деп білді. Қоғамның даму жолындағы негізгі нысана да, негізгі мақсат та социализм идеясы, басқа идея, басқа жолдар үшін тартыс құр жел сөз деген қорытындыға келді де, «идеялардың идеясы» осы деп түйіндеді.

Әдеби әлем

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға