Жаңалықтар

І БӨЛІМ

Аудандық партия комитетінің бірінші секретары асығыс жиналып жатты. Енді бір сағаттан соң " Жеңіс" совхозындағы болатын жиналысқа бармақшы.    Есіктен орта бойлы, көзінің төңірегін көгерте бояп алған, шашын қысқа кескен хатшы қыз көрінді.             -Сізге бір бала кіремін деп бой бермей отыр.             -Қайдан екен?             -Қарақыстақтан.             -Кірсін...             Шашын тықырлап алдырып тастаған он бес-он алтылардағы жасөспірім есікті имене ашты.Сәлемдескендей ернін жыбырлатты да жағалай қойылған орындықтардың жанында тұра берді.             -Қарағым, бері мұнда кел, отыра ғой. Бала жанарын көтере жалт қарады, бірақ отырмады.             -Иә, шаруаңды айта ғой?             -Аға, бізді ешкім тыңдамайды... Үй ауыстырайық деп едік, бәріне бардық, ешкім тыңдамайды...             Бірінші секретардың қабылдауында болатындардың көбі осы пәтер мәселесі, үй алып беру жөніндегі өтінішпен келеді. Құрылыс қарқынды жүріп-ақ жатыр, бірақ жастар ер жетіп, үйге үй қосылып дегендей, бәріне бірдей қалай жеткізерсің? Әйтеуір пәтер алу үшін кейбіреулер қарт әке-шешесін, не ауру әйелін жұмсап, қалай қолымыз жетеді деп үміттеніп жүргені. Ал, бұл іспен аудандық атқару комитеті айналысатынын біле тұра, тура өзіне келеді де сылтау айтып, аспаннан қара бұлт төндіріп тұрып алады-ау дерсің. Міне, енді қаршадай баланы жіберіпті...             -Атың кім қарағым?             -Сәрсен.             -Әкең қайда істейді?             -Совхозда сиыр бағады.             - "Әкең неге келмеді онда?" деп сұрауға оқталды да, ол райынан тез қайтты.             -Өз үйлерің бар көрінеді, оны неге ауыстырғыларың келеді?             -От жағып, су тасып үлгірмейміз, аға.             -Шешең қайда?             -Шешем... қайтыс болған... - Баланың мұрны пысылдап, көзіне жас үйіріле қалды. Бірінші секретарь қалың қабағын кіржитті, баланың ең жанды жеріне тиіп алғанын ұқты.             -Айтпақшы, әкеңнің аты кім?             -Жүректай...             -Қай класта оқисың?             -Тоғызыншы. Сабақтан ылғи қала береміз, аға. Үш кішкентай бауырым бар, аға. Соларды күту керек, от жағу керек, тамақ істеу керек. Әкем жұмыста. Совхоз директоры жеке меншік үйі барға үй бермейді дейді, аға.             Бірінші секретарь дереу идеология бөлімінің меңгерушісін шақыртып, мына мәселемен шұғыл айналысып, қорытындысын тіке өзіне хабарлауын тапсырды. Баланы ауылына дейін ала кетпекші еді, ол басқа шаруасы да бар екенін айтып, көнбеді. Есіктен шығып бара жатқанда бұған тағы бір бұрылып қараған, күдік көлеңкесі перделеп тұрған жанары сол бәз қалпы. Тез киініп далаға шықты. Таң асырған сәйгүліктей әппақ "Волгаға" аяғы тие суырылып алды да кетті. Аудан орталығынан шығатын көкпеңбек асфальт жол Майтөбе, Суықтөбе тауларының етегін ала қоныстанған ағаш көмкерген ауылдарды бір-бірімен жалғап, айнадай жарқырап созылып жатыр.             Бірінші секретарь көзін жұмды, көз алдына манағы шашын тақырлап алған бала келе қалды. Бәрі-бәрі есіне оралды. Бұл оның әкесін жақсы танитын, күні кеше бірге өспеді ме әуелі... Жанындағы шофері бұл мызғып алсыншы деген оймен әдемі ән айтып келе жатқан радиоланың даусын бәсеңдетті. Бірінші  секретарь қалың ой құшағына күмп шомып, балалық шағын есіне алды. Иә, жаңағы бала есіне түсіргені ше, бәрін... Бәрі күні кеше сияқты-ау...  Әдеби әлем
18.11.2013 04:59 2805

Аудандық партия комитетінің бірінші секретары асығыс жиналып жатты. Енді бір сағаттан соң " Жеңіс" совхозындағы болатын жиналысқа бармақшы. 

  Есіктен орта бойлы, көзінің төңірегін көгерте бояп алған, шашын қысқа кескен хатшы қыз көрінді.

            -Сізге бір бала кіремін деп бой бермей отыр.

            -Қайдан екен?

            -Қарақыстақтан.

            -Кірсін...

            Шашын тықырлап алдырып тастаған он бес-он алтылардағы жасөспірім есікті имене ашты.Сәлемдескендей ернін жыбырлатты да жағалай қойылған орындықтардың жанында тұра берді.

            -Қарағым, бері мұнда кел, отыра ғой.

Бала жанарын көтере жалт қарады, бірақ отырмады.

            -Иә, шаруаңды айта ғой?

            -Аға, бізді ешкім тыңдамайды... Үй ауыстырайық деп едік, бәріне бардық, ешкім тыңдамайды...

            Бірінші секретардың қабылдауында болатындардың көбі осы пәтер мәселесі, үй алып беру жөніндегі өтінішпен келеді. Құрылыс қарқынды жүріп-ақ жатыр, бірақ жастар ер жетіп, үйге үй қосылып дегендей, бәріне бірдей қалай жеткізерсің? Әйтеуір пәтер алу үшін кейбіреулер қарт әке-шешесін, не ауру әйелін жұмсап, қалай қолымыз жетеді деп үміттеніп жүргені. Ал, бұл іспен аудандық атқару комитеті айналысатынын біле тұра, тура өзіне келеді де сылтау айтып, аспаннан қара бұлт төндіріп тұрып алады-ау дерсің. Міне, енді қаршадай баланы жіберіпті...

            -Атың кім қарағым?

            -Сәрсен.

            -Әкең қайда істейді?

            -Совхозда сиыр бағады.

            - "Әкең неге келмеді онда?" деп сұрауға оқталды да, ол райынан тез қайтты.

            -Өз үйлерің бар көрінеді, оны неге ауыстырғыларың келеді?

            -От жағып, су тасып үлгірмейміз, аға.

            -Шешең қайда?

            -Шешем... қайтыс болған... - Баланың мұрны пысылдап, көзіне жас үйіріле қалды. Бірінші секретарь қалың қабағын кіржитті, баланың ең жанды жеріне тиіп алғанын ұқты.

            -Айтпақшы, әкеңнің аты кім?

            -Жүректай...

            -Қай класта оқисың?

            -Тоғызыншы. Сабақтан ылғи қала береміз, аға. Үш кішкентай бауырым бар, аға. Соларды күту керек, от жағу керек, тамақ істеу керек. Әкем жұмыста. Совхоз директоры жеке меншік үйі барға үй бермейді дейді, аға.

            Бірінші секретарь дереу идеология бөлімінің меңгерушісін

шақыртып, мына мәселемен шұғыл айналысып, қорытындысын тіке өзіне хабарлауын тапсырды. Баланы ауылына дейін ала кетпекші еді, ол басқа шаруасы да бар екенін айтып, көнбеді. Есіктен шығып бара жатқанда бұған тағы бір бұрылып қараған, күдік көлеңкесі перделеп тұрған жанары сол бәз қалпы.

Тез киініп далаға шықты. Таң асырған сәйгүліктей әппақ "Волгаға" аяғы тие суырылып алды да кетті. Аудан орталығынан шығатын көкпеңбек асфальт жол Майтөбе, Суықтөбе тауларының етегін ала қоныстанған ағаш көмкерген ауылдарды бір-бірімен жалғап, айнадай жарқырап созылып жатыр.

            Бірінші секретарь көзін жұмды, көз алдына манағы шашын тақырлап алған бала келе қалды. Бәрі-бәрі есіне оралды. Бұл оның әкесін жақсы танитын, күні кеше бірге өспеді ме әуелі...

Жанындағы шофері бұл мызғып алсыншы деген оймен әдемі ән айтып келе жатқан радиоланың даусын бәсеңдетті.

Бірінші  секретарь қалың ой құшағына күмп шомып, балалық шағын есіне алды. Иә, жаңағы бала есіне түсіргені ше, бәрін... Бәрі күні кеше сияқты-ау...

 Әдеби әлем

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға