Жаңалықтар

Ұлан Қонысбаев

Бүгінгі таңдағы қазақ футболшыларының арасындағы еңтанымал ойыншылардың бірі, 2011 жылғы Қазақстанның еңүздік футболшысы – Ұлан Қонысбаев Ұлан Қонысбаев 1989 жылы, 28 мамырда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әкесі Әбүйірбек Ұлан ауданында қызмет істеп жүргенде дүние есігін ашқан баласына осы ауданның атауын береді. Кейіннен бұл отбасы Жамбыл облысына қоныс аударады. Ұлан спорттағы қадамын футболдан емес, шахматтан бастаған. Ағасы Думанмен бірге 32 тасты серік етеді. Тіпті ағайынды Қонысбаевтар шахматтан көптеген облыстық,республикалық турнирлерде жеңістің тәті дәмін талай рет татқан. Бірақ, ағасы Думан республикалық жарыста топ жарып, спорт шебері атағына қол жеткізгеннен соң, қатты науқастанады.Дәрігерлер ағасына шахмат ойнауға тыйым салады. Мұны естіген Ұлан жалғыз өзіүйірмеге барғысы келмей, тастап кетеді. Ал футболға қызығушылығы үш жолақты елде өткен 1998 жылғы әлем чемпионатын тамашалағаннан кейін басталған. Роналдо, Зидан, Ривалдо бастаған серкелердің ойынын көрген ағайынды қос жігіт Тараздағы футбол мектептерінің біріне жазылады. Әулиеата өзіндік футбол мектебіқалыптасқан, таланттарымен мақтана алатын өлке. Сондықтан жас футболшылардың бақыттарына орай білікті мамандар жолығады. СерікӨмірбеков есімді бапкер арық әрі әлсіз баланы дұрыс жолға бағыттай білді. Ал Малик Кургулин деген бапкер оны Қырғыстанда өткен жарысқа ерте барады. Ала тақиялы көршілеріміздің жерінде өткен додада әдемі ойын көрсеткен Ұлан бірте-бірте жаттықтырушылардың сеніміне ие бола бастайды. Ата-анасы негізі Ұланнан емес, Думаннан футболшы шығады деп  ойлаған екен. Кіші ұлдарының доп қуалауы уақытша құбылыс деп жорамалдаған. Бірақ, бәрі керсінше болды. Думанға қарағанда Ұлан халыққа тез танылды.   Көзге түсе бастаған жас футболшыны жергілікті «Тараз» командасыныңбапкерлері  фарм-клубқа шақырады. Он алты жасында қосалқы құрамныңфутболшыларымен бірге өнер көрсетті. Екі жылдан соң, негізгі құраммен бірге жаттыға бастайды. Ол кезде «Тараз» Бірінші лигаға түсіп қалған еді. Дебюттік кездесуін Оралдың «Ақжайығына» қарсы өткізді. Ұлан өзініңалғашқы матчында гол соғып, бапкерлердің сенімін ақтайды.  Сол жылғы маусымда жеті гол соқты. Ал келесі жылы «Тараз» Премьер-лигаға оралды. Қапталда өнер көрсететін Қонысбаевты бапкерлер басында бірнеше позицияларда сынап көрді. Шабуылда, сол қапталдағықорғаушы, жартылай қорғаушы секілді міндеттердің барлығын атқарып жүрді. Жоғары лигада сол жылдары еліміздегі ең теңдесіз команда «Ақтөбенің» қақпасын гол соғып, елдің назарын өзіне аудара бастайды. Бала күнінен өзінің футболдағы үлгі тұтар кумиры Самат Сымақовқақарсы өнер көрсетіп, әрі кездесуді нәтижелі аяқтағанда оның қуанышында шек болмады... Осыдан соң, Ұланды жастар құрамасына шақыра бастады. Баласыныңқұрамаға шақырылып, елдің намысын қорғайды дегенді естіген ата-анасықой сойып, құдайы жасайды. Ырымшыл халықпыз ғой. «Баласы атқа шапса, анасы тақым қысатыны анық. Ұланның әрбір қадамына ең біріншіқуанатында әке-шешесі.  Ол кезде жеткіншіктерімізді неміс Бернд Шторк жаттықтыратын. Таңат Нөсербаев, Жамбыл Көкеев, Марат Шахметов, Сабырхан Ыбыраев, Талғат Сабалақов бастаған талантты жастармен бірге ойнады. Алғашқы клубы «Тараз» сапында 2008-2010 жылдар аралығында 82 рет алаңға шығып, 14 голды өз атына жазған. Ұланның Республикаға танымал болуы Локомотив» сапына ауысымен байланысты. Елордалық клуб 2011 жылы 21 жастағы футболшыны 32 жастағы ардагер Роман Похалюкке ауыстырды. Сол жылы ақпанда Беларусь құрамасына қарсы жолдастық кездесуде өзінің ұлттыққұрамадағы дебюттік матчын өткізді. Бас бапкер Хольгер Фах Таңат пенҰланды алаңға алма-кезек шығарып жүрді. Бұған көңілі тола қоймағанҚонысбаев жазғы трансферлік үзіліс кезінде «Шахтердің» ұсынысынқабылдап, Қарағанды командасына ауысады. «Локомотив» басшылары жас футболшыны «кеншілерге» маусым соңына дейін жалға берді. Бұл шешім оның карьерасына оң өзгеріс әкелді. Футболдағы әрі өмірдегі досы Жамбыл Көкеевпен тізе қосып өрнекті ойын өрнегін көрсете білді.Қазақтың қос дарынды футболшысы Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде «Коперді» қапы қалдырды. Словенияның командасының қақпасына соғылған үш допта Ұлан мен  Жамбылдың еншісінде.ҚыркүйектеҚонысбаев Ыстамұлда Түркия құрамасының қақпашысы Волкан Демирелдің осал тұсын тапты. Бұл біздің түрік қақпасына соққан алғашқыәрә әзірге жалғыз голымыз. Осы голдан кейін оның атағы тіптен алысқа тарады. Олардың соққан 14 добына әзірге осы бір доппен ғана жауап беріп тұрған жайымыз бар. Ол үшін жақсылыққа толы болған 2011 жыл мұнымен де шектеліпқалмады. Алдымен «Шахтер» өзінің тарихында тұңғыш рет ел чемпионы атанды. Сондай-ақ, ҚФФ-сы Ұланды «жылдың үздік футболшысы» деп таныды. Бір жылдың ішінде осындай зор құрметтер көрсетілді. 22 жасында Қазақстанның үздік ойыншысы атанған футболшылар некен-саяқ. Маусым аяқталып, ел біріншілігі мәресіне жеткеннен кейін үздік футболшы «Астанаға» қайтып барды. Басында «Шахтермен» бір жылға келсім жасасып қалады деген футболшы аяқ астынан қайтадан елордалықболып шыға келді. Бұл жағы әзірге жабық күйінде қалуда. Қазіргі кезде Ұлан «Астананың» футболшысы. Жетінші номерлі ойыншының арманы асқақ, алар биігі әлі алда деп ойлаймыз.   Жетістіктері: Қазақстан чемпионы: 2011 жылы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2013 жылы Қазақстан кубогының иегері: 2012 жылы Қазақстан суперкубогының иегері: 2011 жылы 2011 жылғы Қазақстанның ең үздік футболшысы.   Бек Төлеуов «Sport»  
18.11.2013 04:55 7023

Бүгінгі таңдағы қазақ футболшыларының арасындағы еңтанымал ойыншылардың бірі, 2011 жылғы Қазақстанның еңүздік футболшысы – Ұлан Қонысбаев

Ұлан Қонысбаев 1989 жылы, 28 мамырда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әкесі Әбүйірбек Ұлан ауданында қызмет істеп жүргенде дүние есігін ашқан баласына осы ауданның атауын береді. Кейіннен бұл отбасы Жамбыл облысына қоныс аударады. Ұлан спорттағы қадамын футболдан емес, шахматтан бастаған. Ағасы Думанмен бірге 32 тасты серік етеді. Тіпті ағайынды Қонысбаевтар шахматтан көптеген облыстық,республикалық турнирлерде жеңістің тәті дәмін талай рет татқан. Бірақ, ағасы Думан республикалық жарыста топ жарып, спорт шебері атағына қол жеткізгеннен соң, қатты науқастанады.Дәрігерлер ағасына шахмат ойнауға тыйым салады. Мұны естіген Ұлан жалғыз өзіүйірмеге барғысы келмей, тастап кетеді.

Ал футболға қызығушылығы үш жолақты елде өткен 1998 жылғы әлем чемпионатын тамашалағаннан кейін басталған. Роналдо, Зидан, Ривалдо бастаған серкелердің ойынын көрген ағайынды қос жігіт Тараздағы футбол мектептерінің біріне жазылады. Әулиеата өзіндік футбол мектебіқалыптасқан, таланттарымен мақтана алатын өлке. Сондықтан жас футболшылардың бақыттарына орай білікті мамандар жолығады. СерікӨмірбеков есімді бапкер арық әрі әлсіз баланы дұрыс жолға бағыттай білді. Ал Малик Кургулин деген бапкер оны Қырғыстанда өткен жарысқа ерте барады. Ала тақиялы көршілеріміздің жерінде өткен додада әдемі ойын көрсеткен Ұлан бірте-бірте жаттықтырушылардың сеніміне ие бола бастайды.

Ата-анасы негізі Ұланнан емес, Думаннан футболшы шығады деп  ойлаған екен. Кіші ұлдарының доп қуалауы уақытша құбылыс деп жорамалдаған. Бірақ, бәрі керсінше болды. Думанға қарағанда Ұлан халыққа тез танылды.  

Көзге түсе бастаған жас футболшыны жергілікті «Тараз» командасыныңбапкерлері  фарм-клубқа шақырады. Он алты жасында қосалқы құрамныңфутболшыларымен бірге өнер көрсетті. Екі жылдан соң, негізгі құраммен бірге жаттыға бастайды. Ол кезде «Тараз» Бірінші лигаға түсіп қалған еді. Дебюттік кездесуін Оралдың «Ақжайығына» қарсы өткізді. Ұлан өзініңалғашқы матчында гол соғып, бапкерлердің сенімін ақтайды.  Сол жылғы маусымда жеті гол соқты. Ал келесі жылы «Тараз» Премьер-лигаға оралды. Қапталда өнер көрсететін Қонысбаевты бапкерлер басында бірнеше позицияларда сынап көрді. Шабуылда, сол қапталдағықорғаушы, жартылай қорғаушы секілді міндеттердің барлығын атқарып жүрді. Жоғары лигада сол жылдары еліміздегі ең теңдесіз команда «Ақтөбенің» қақпасын гол соғып, елдің назарын өзіне аудара бастайды. Бала күнінен өзінің футболдағы үлгі тұтар кумиры Самат Сымақовқақарсы өнер көрсетіп, әрі кездесуді нәтижелі аяқтағанда оның қуанышында шек болмады...

Осыдан соң, Ұланды жастар құрамасына шақыра бастады. Баласыныңқұрамаға шақырылып, елдің намысын қорғайды дегенді естіген ата-анасықой сойып, құдайы жасайды. Ырымшыл халықпыз ғой. «Баласы атқа шапса, анасы тақым қысатыны анық. Ұланның әрбір қадамына ең біріншіқуанатында әке-шешесі.

 Ол кезде жеткіншіктерімізді неміс Бернд Шторк жаттықтыратын. Таңат Нөсербаев, Жамбыл Көкеев, Марат Шахметов, Сабырхан Ыбыраев, Талғат Сабалақов бастаған талантты жастармен бірге ойнады.

Алғашқы клубы «Тараз» сапында 2008-2010 жылдар аралығында 82 рет алаңға шығып, 14 голды өз атына жазған.

Ұланның Республикаға танымал болуы Локомотив» сапына ауысымен байланысты. Елордалық клуб 2011 жылы 21 жастағы футболшыны 32 жастағы ардагер Роман Похалюкке ауыстырды. Сол жылы ақпанда Беларусь құрамасына қарсы жолдастық кездесуде өзінің ұлттыққұрамадағы дебюттік матчын өткізді. Бас бапкер Хольгер Фах Таңат пенҰланды алаңға алма-кезек шығарып жүрді. Бұған көңілі тола қоймағанҚонысбаев жазғы трансферлік үзіліс кезінде «Шахтердің» ұсынысынқабылдап, Қарағанды командасына ауысады. «Локомотив» басшылары жас футболшыны «кеншілерге» маусым соңына дейін жалға берді. Бұл шешім оның карьерасына оң өзгеріс әкелді. Футболдағы әрі өмірдегі досы Жамбыл Көкеевпен тізе қосып өрнекті ойын өрнегін көрсете білді.Қазақтың қос дарынды футболшысы Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде «Коперді» қапы қалдырды. Словенияның командасының қақпасына соғылған үш допта Ұлан мен  Жамбылдың еншісінде.ҚыркүйектеҚонысбаев Ыстамұлда Түркия құрамасының қақпашысы Волкан Демирелдің осал тұсын тапты. Бұл біздің түрік қақпасына соққан алғашқыәрә әзірге жалғыз голымыз. Осы голдан кейін оның атағы тіптен алысқа тарады. Олардың соққан 14 добына әзірге осы бір доппен ғана жауап беріп тұрған жайымыз бар.

Ол үшін жақсылыққа толы болған 2011 жыл мұнымен де шектеліпқалмады. Алдымен «Шахтер» өзінің тарихында тұңғыш рет ел чемпионы атанды. Сондай-ақ, ҚФФ-сы Ұланды «жылдың үздік футболшысы» деп таныды. Бір жылдың ішінде осындай зор құрметтер көрсетілді. 22 жасында Қазақстанның үздік ойыншысы атанған футболшылар некен-саяқ.

Маусым аяқталып, ел біріншілігі мәресіне жеткеннен кейін үздік футболшы «Астанаға» қайтып барды. Басында «Шахтермен» бір жылға келсім жасасып қалады деген футболшы аяқ астынан қайтадан елордалықболып шыға келді. Бұл жағы әзірге жабық күйінде қалуда.

Қазіргі кезде Ұлан «Астананың» футболшысы. Жетінші номерлі ойыншының арманы асқақ, алар биігі әлі алда деп ойлаймыз.

  Жетістіктері:

Қазақстан чемпионы: 2011 жылы

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2013 жылы

Қазақстан кубогының иегері: 2012 жылы

Қазақстан суперкубогының иегері: 2011 жылы

2011 жылғы Қазақстанның ең үздік футболшысы.

 

Бек Төлеуов «Sport»

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға